Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ
«ФИЛОСОФИЯ және МӘДЕНИЕТТАНУ» кафедрасы
БАЯНДАМА
Тақырыбы: «Билік саяси феномен ретінде. Саясат субъектілері»
Орындаған: Балатай Ә.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Байзакова А.
Шымкент қ., 2018 ж.
Жоспар:
- Биліктің қызметтері және жіктелуі;
- Саяси билік пен мемлекеттік билік;
- Биліктің түрлері;
- Пайдаланылған әдебиет
Саясаттануда саяси билік теориясы негізгі орын алады. Ол саясатпен тығыз байланысты және саясаттың, саяси институттар мен барлық саясат әлемінің мәнін түсініп - білуге мүмкіндік береді. Саясаттың негізгі мәселесі - билік, ал мазмұны - билік үшін күрес және билікті жүргізу.
Билік адамзат қоғамымен бірге пайда болады және оның даму барысында бола бермек. Ол ең алдымен қоғамдық өндірісті ұйымдастыру үшін керек. Онсыз барлық қатысушы адамдарды біртұтас ерікке бағындыру қиын. Билік адамдар арасындағы қарым - қатынастарды, адамдар, қоғам мен мемлекеттік саяси институттар арасындағы қатынастарды реттеуге міндетті. Ол қоғамның тұтастығы мен бірлігін қолдау үшін керек.
«Билік» деген сөз әр түрлі мағынада қолданылады. Оны ықпал ету бағытына, объектісіне байланысты былай етіп бөледі: ата - аналар билігі, мемлекеттік, экономикалық, саяси, әлеуметтік, құқықтық, әскери, рухани билік және т. б. Бірақ биліктің толық мағынасы мемлекеттік - саяси салада ғана айқындалады. Сондықтан саяси билік биліктің ең басты түріне жатады.
Биліктің басқа түрлерімен салыстырғанда саяси биліктің мынадай ерекшеліктері бар: оның өктемдік сипаты (ол басқа биліктерден жоғары тұрады, оның шешімдерін қалғандары орындайды), оның бүкіл қоғамның атынан билік жүргізуі, басқарумен кәсіби айналысатын адамдардың ерекше тобының болуы, оның көпшілік адамдардың мүддесін қозғауы, басқа мекемелерге қарағанда билік органының тәуелсіздігі, қоғам өмірінің жұмыс тәртібін белгілеуде жеке - дара құқығы, мемлекет шеңберінде ашық күш қолдана алуы және т. б.
Саяси билік әлеуметтік институттар арқылы жұмыс істейді. Ол ұйымдар, мекемелер, техникалық, информациялық, адамдық жайттар, қоғадық қатынастарды ұйымдастыру мен реттеуді қамтамасыз ететін ережелер арқылы іске асады.
Биліктің қайнар көзі, бастауына бедел, күш, байлық, заң, адамның қоғамдағы алатын орны, ұйым, мүдде, білім және хабарлама ақпараттар жатады.
Билікті жүзеге асырғанда құқық, бедел, сендіру, әдет - ғұрып, дәстүр, амал - айла, қулық, күштеу, зорлау, еріксіз көндіру сияқты әдіс - амалдар пайдаланылады. Оны жүзеге асырудың түрлеріне үстемдік жүргізу, басшылық ету, үйлестіру, ұйымдастыру, бақылау жатады
Биліктің қызметтері және жіктелуі
Саяси биліктің өзіндік қызметтері болады. Оған жататындар: қоғамның саяси жүйесін қалыптастыру; оның саяси өмірін ұйымдастыру (ол мемлекет пен қоғам, таптар мен топтар, ассоциациялар, саяси институттар, мемлекеттік басқару органдары мен аппараттары, партиялар, азаматтар және т. б. арасындағы қатынастарды қамтиды) ; әр түрлі деңгейдегі қоғам мен мемлекеттің істерін басқару; өкімет органдары, саяси емес процестерге басшылық жасау; саяси және басқа қатынастарды бақылау және түптеп келгенде, белгілі бір қоғамға сәйкес басқарудың түрін, саяси тәртіпті және мемлекеттік құрылысты (монархиялық, республикалық), ашық не жабық (басқа мемлекеттерден оқшауланып, қоршауланып алған, автаркиялық) қоғамды құру, қоғамдық тәртіп пен тұрақтылықты қолдау; дау - дамай, шиеленістерді ашып, оларға шек қою және дер кезінде шешу; қоғамдық келісімге, мәмілеге келу және т. б.
Қоғамда билік өзара тығыз байланыстағы 3 деңгейде ұйымдастырылып, жұмыс істейді: 1) жоғары орталық саяси институттар, мемлекеттік мекемелер мен ұйымдар, саяси партиялар мен қоғамдық ұйымдарды басқару органдары кіретін өте ірі деңгей; 2) ортабуынды аппараттар мен мекемелерді қамтитын және аймақтық, облыстық, аудандық шеңбердегі жергілікті әкімшілік билік (әр түрлі мекемелер, агенттіктер, комиссиялар, кеңестер, префектуралар және т. б. мекемелер) кіретін орта деңгей; 3) адамдар, кішігірім топтар, ұйымдар, одақтар, өндіріс және басқа ұжымдар арасындағы қоғамдық қатынастардың негізі, арқауы болып табылатын, саяси және қоғамдық өзін - өзі басқару өрісін құрайтын кіші деңгей.
Билік мәселесін қарастырғанда саяси биліктің «субъектісі» және «иелік етуші» деген ұғымдарға назар аударуға тура келеді.
Субъект деп іс - әрекетті жасаушы, объекті өзгертуші жеке адам, әлеуметтік топ, тап, партия, мемлекетті айтады. Саяси билікті жүзеге асыру үшін арнайы ұйымдар мен мекемелер құрылып, субъект оларға өкілдік береді. Олар билікті қолданушы, қорғаушы, «иелік етуші» болып есептеледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект билікті «иелік етушілер» арқылы жүргізеді. Сондықтан мұны түсінбейтін адамдар билікке «иелік етушілерді» биліктің өзімен шатастырады немесе «иелік етушілерді» билік субъектісінен тәуелсіз деп санайды. Мысалы, мұндай адамдар кез келген шенеунікті, ұйым немесе мекеменің, саяси, әкімшілік, шаруашылық бастықтарын билік иесі деп ұғады. Олардың іс - әрекеттері туралы шағым арыз беруге болмайтын сияқты көрінеді. Мұндай түсінік субъекті енжарлыққа, керенаулыққа әкеліп соқтырады, биліктен шеттетіледі. Олар өз тағдырын белсенді түрде өзі шешетін мүмкіншілігіне сенімі азаяды.
Биліктің субъектісіне жеке адам немесе партиялар, ұйымдар және т. б. жатады делік. Бірақ олар бәрі бірдей билік жүргізе алмайды. Сондықтан мұндай құқық адамдардың, ұжымдардың, партиялардың, таптардың, топтардың белгілі бір бөлігіне ғана беріледі. Бұдан келіп билік етуге сенім білдіру мәселесі туады.
Демократиялық саяси жүйе ойдағыдай өз ісін атқаруы үшін, әдетте, мемлекеттік билікті заң шығарушы, атқарушы, сот билігі етіп үш тармаққа бөледі. Оның негізін салушы ағылшын ойшылы Джон Локк (1632 - 1704) пен француз ғалымы Ш. Л. Монтескье (1689 - 1753) болды.
Заң шығарушы билік (парламент) заң шығарумен, оны бекіту, өзгерту немесе жоюмен айналысады. Ол заң қабылдайды, салық салуды анықтайды, үкіметті тағайындайды, бюджетті бекітеді, соғыс ашып және армияны қамтамасыз етеді, сауданы реттейді, сотты ұйымдастырады, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, саясаттың маңызды ішкі және сыртқы бағытын айқындайды. Оның жұмысына конституция атынан ерекше органдар (конституциялық қадағалау, конституциялық сот) бақылау жасайды.
Атқарушы билікке үкімет пен әкімшілік жатады. Оларды заң шығарушы өкілдік органдар қалыптастырады. Атқарушы билік заң шығарушы биліктің бақылауында болып, олардың алдында есеп береді. Оның жұмысы заңға негізделіп, заң шеңберінде іс істеуі керек. Сырттай қарағанда ол заң шығарушы билікке ттәуелді. Бірақ іс жүзінде ол саяси жүйенің маңызды бөлігіне айналған және қоғамдық өмірде зор рөл атқарады. Үкімет саяси шешімдер қабылдайды (бірақ олар конституция шеңберінде болуы және заңға негізделуі керек) . Ал әкімшілік ол шешімдерді жүзеге асырады.
Соттық билік адамдардың құқығын қорғайды, заңды бұрмалаушылықтан сақтайды, парламент не президент қабылдаған заңдардың, конституциялық жарғылардың сәйкестігін анықтайды. Оны халық немесе өкілетті мекемелер қалыптастырады. Ол заң шығарушы немесе атқарушы билікке тәуелсіз. Өз жұмысында тек заңды ғана басшылыққа алады. Егер жоғарғы сот мемлекеттік органның немесе қызмет адамының шешімін конституцияға қарсы десе, ол шешім толығымен күшін жояды. Соттың маңызды принциптеріне жариялылық, айыпкердің өзін қорғауға және сот үкімін бұздыру туралы шағым арыз беруге құқығы жатады.
Саяси билік пен мемлекеттік билік.
Билік саяси және мемлекеттік болып екіге бөлінеді. Бұл мәселенің үлкен астары бар. Себебі, бұрынғы кеңестік дәуірде бұл ұғымдарды теңестіріп, бірыңғайлау саяси жүйенің барлық құрылымын мемлекеттендіруінің тәсілдемелік негізі болды.
Саяси билік таптық, топтық жеке адамның саясатта тұжырымдалған өз еркін жүргізу мүмкіндігін білдіреді. Ал мемлекеттің билікке барлық адамдарға міндетті заңдарды шығаруға жеке - дара құқығы бар заңдар мен ұйымдарды сақтау үшін ерекше күштеу аппаратына сүйенетін саяси биліктің түрі жатады. Бұдан біз саяси биліктің мағынасының мемлекеттік биліктен кең екендігін байқаймыз. Себебі, біріншіден, саяси билік адамзат тарихының барлық кезеңдерінде болған. Мысалы, алғашқы адамдық қауым кезінде ақсақалдар кеңесінің, веченің (Ежелгі Русьтегі азаматтар жиналысының түрі), вече соттарының және т. б. билігі болды. Екіншіден, саяси билік тек мемлекеттік аппарат арқылы ғана емес, сонымен бірге партиялар, кәсіподақтар, халықаралық ұйымдар (БҰҰ, НАТО және т. б. ) сияқты саяси жүйенің басқа элементтері арқылы да билігін жүргізеді. Үшіншіден, мемлекеттік билік, жоғарыда көрсетілгендей, ерекше күштеу аппаратына сүйенеді және оның билігіне қоғамның барлық мүшелері тегіс бағынады. Мемлекеттік билік саяси биліктің ең жоғары, ең толық, ең дамыған түрі, оның өзегі болып табылады.
Биліктің түрлері
Биліктің жүзеге асырылуы тәсіліне және құрылысына қарай басқару түрі және мемлекеттік құрылысы болып бөлінеді.
Басқару түрі жоғары өкімет билігі жеке - дара, бір билеушінің қолында болып, ол әкеден балаға мұра ретінде қалатын түрін айтады. Оны хан, патша, император, король деп атауы мүмкін. (Монарх мемлекет басшысы болған кезде оған сол елдің король, император, ұлы герцог сияқты құрметті атағы бірге беріледі) .
Монархия өз кезегінде абсолюттік (шексіз) және конституциялық болып екіге бөлінеді. Абсолюттік монархия деп жоғарғы өкімет билігі бүтіндей, тұтас, формальды түрде де шектелместен бір адамның (монархтың) қолында тұрған қоғамдық құрылысты айтады. Ертеде басқарудың мұндай түрі кең тараған, соның ішінде Ресейде де (Романовтар династиясы басқарған шақта) болатын. Қазіргі дамыған елдердің ешқайсысында басқарудың мұндай түрі жоқ. Конституциялық монархияда монархтың билігі бегілі дәрежеде заң шығарған билік парламентпен шектеледі. Басқарудың мұндай түрі алғаш рет Англияда пайда болып және қазірдің өзінде ойдағыдай қызмет етуде. Қазір конституциялық монархиялық құрылыс Бельгия, Голландия, Дания, Иордания, Испания, Норвегия, Непал, Люксембург, Морокко, Сауд Аравиясы, Швеция, Жапония және т. б. елдерде сақталған.
Республика деп мемлекеттік биліктің барлық жоғары органдары белгілі бір уақытқа сайланатын немесе өкілдік мекемелер (Парламент) арқылы қалыптасатын мемлекеттік басқарудың түрін айтады.
Республика президенттік, парламенттік және аралас (немесе жартылай президенттік) болып үшке бөлінеді. Президенттік басқаруда, әдетте, мемлекеттің де, үкіметтің де басшысы президент болып саналады. Оны парламент не халық сайлауы мүмкін. Егер президентті парламент немесе соның негізінде құрылған коллегия сайласа, оны «парламенттік президент» дейді. Ол - салтанатты өкілдігі бар символдық қайраткер. Конституция бойынша оған белгілі бір құқықтар беріледі. Бірақ ол құқықтарды жүзеге асыру үшін тиісті құжатқа премьер - министр немесе министрлердің біреуінің қойылған қолы керек. Онсыз күші болмайды. Басқа сөзбен айтқанда, ондай президенттің билігі шамалы болады. Мысалы, Үндістанда, Италияда солай.
Ал егер президентті жалпыға бірдей, тікелей, құпия сайлау арқылы халық сайласа, ондай мемлекетті президенттік республика дейді. Ондай президенттің билігі зор.
Парламенттік тәртіпте елдің жоғарғы басшысы парламентке бағынады. Онда заң шығарушы билік те, атқарушы билік те парламентке тәуелді. Ол салықты белгілейді, бюджетті бекітеді, соттарды құрады, сауданы реттейді, халықаралық келісімшарттарды қабылдайды, соғыс аша алады, әскерді қамтамасызетеді және т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz