Қазіргі заманғы саяси процесс саяси ғылымның зерттеу объектісі ретінде



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
М.ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

ФИЛОСОФИЯ және МӘДЕНИЕТТАНУ кафедрасы

БАЯНДАМА
Тақырыбы: Қазіргі заманғы саяси процесс саяси ғылымның зерттеу объектісі ретінде

Орындаған: Джолмурзаева А.
Тобы: Фи-17-1к1
Қабылдаған: Байзакова А.

Шымкент қ., 2018 ж.
Жоспар:
* Қазіргі заманғы саяси процесс
* Саяси ғылымның зерттеу объектісі
* Пайдаланылған әдебиет

Саяси процесс ұғымы кең және тар мағынасында қолданылады. Кең мағынасында ол қоғамның саяси жүйесінің уақыт пен кеңістікте дамып, жұмыс істеуін білдіреді. Тар мағынасын­да түпкілікті нақты нәтижеге жеткен белгілі бір көлемдегі процесті көрсетеді.
Қоғамдық өмір, оның ішінде саяси сала -- өте күрделі құбылыс. Онда өмір сүріп жатқан топтардың, жіктердің, ұйымдардың мақсат мүдделері кейде қабысып, кейде келіспей, шырмалып жатады. Соған орай күн сайын көптеген өзгерістер болып, бір саяси нұсқаулар дүниеге келіп, екіншілері өз күшін сақтап, үшіншілері өшіп дегендей, өзгеріп жататыны белгілі. Осындай саяси жүйенің бір қалыпты жағдайдан екінші жағдайға келіп, ауысуын, өзгеруін, қозғалысын саяси процесс дейді. Бұл процесс саяси деп аталғандықтан ондағы өзгерістер ең алдымен билікке, оны бөлу және қайта бөлуге, азаматтарды шешім қабылдауға, басқарушылардың қызметін бақылауға және т. с. с. жұмылдыруға, халықтың саяси белсенділігін арттыруға байланысты бо­лады. Сондықтан саяси процестің басты мәселесі, азаматтардың әр түрлі мүдделерін біріктіріп, жинақтайтын саяси шешім қабылдауда және оны іске асыруда.
Саяси ғылымның объектісі - қоғамның саяси саласы және ондағы саяси құбылыстар мен процестер. Дегенмен, қоғамның саяси саласын тек саясаттану ғана зерттемейді. Жоғарыда аталып көрсетілгендей, саясатты философия, әлеуметтану, құқықтану, тарих және басқа ғылымдар да зерттейді. Сондықтан саясат теориясына жататын ғылымдар: тарих - саяси жүйенің өткендегісін зерттейді; философия - табиғат, қоғам және таным дамуының жалпы заңдылықтарын зерттейді; әлеуметтану - қоғамдағы процестерді адамдық өлшем ретінде қарап, әлеуметтік ортаның саяси салаға тигізер әсерін зерттейді.
Саясаттану экономикалық теория және құқықтық ғылымдармен де тығыз байланысты. Саяси экономика саяси процестерді экономикалық тұрғыдан зерттей отырып, осы процестердің негізінде әртүрлі әлеуметтік топтардың мүдделерін анықтаса, құқықтық ғылымдар қоғамдағы саяси қатынастардың тәртібін, қызметін реттейді. Міне, осы аталған ғылымдардың әрқайсысының өзінше ерекше таным салалары мен қырлары бар.
Негізінде саясатты кешенді, толық зерттейтін ғылым - саясаттану. Оның ерекшелігі - саяси құбылыстардың ішкі сырын, логикасын, өмірге қажеттілік заңдылықтарын айқындап беретіндігінде. Саяси құбылыстар мен процестерді зерттеуде саясаттану ғылыми зерттеудің әртүрлі тәсілдерін пайдаланады, ол тәсілдер үш топқа бөлінеді. Бірінші топқа саяси объектіні зерттеудің ерекшеліктеріне бағытталған тәсілдер жатады. Бұл мақсатты іске асырумен әлеуметтік тәсіл айналысады, ол саясат пен қоғамның өзара әсерін есепке алуға байланысты жүргізіледі.
Әлеуметтік тәсіл әлеуметтік факторлардың біріне-бірінің өзара әсер ету жүйесін ашуға мүмкіндік жасайды. Мысалы, экономикалық ұйымдар, әлеуметтік теңсіздіктің түрлері, демографиялық факторлар, психология, т.б. саяси жағдайлар (саяси жүйе ұйымдары, сайлау жүйесі, легитимдік билік т.б.).
Әлеуметтік тәсіл саяси ғылымның зерттеу саласында жетекшілік роль атқарады. Осы топқа жататын функционалдық және системалық тәсілдер саяси құрылымдарды басқа да күрделі жүйенің бір бөлігі ретінде қарап, оны құрайтын элементтердің әлеуметтік өмірдегі орнын, қызметін сыртқы ортамен, басқа құбылыстармен байланысын зерттейді. Осы топтың ішіндегі ерекше маңыздысы - бихевиористік тәсіл. Ол саясатты жеке адамдар мен топтардың мінез-құлқын нақты зерттеу арқылы жүргізуге бағыт береді. Бұндай зерттеу эмпирикалық хабар мен мәліметтерге сүйенеді. Бихевиористік тәсіл төмендегідей негізгі талаптарға сай жүргізіледі:
- саясаттың басты субъектісі адам екендігі;
- саяси мінез-құлықтың негізінде психологиялық себептер жетекші роль атқаруы, сөйтіп ол құбылыстың жеке адамның табиғатының ерекшелігін бейнелеуі;
- саясатта адамдардың мінез-құлқын ескере отырып шешім қабылдау. Өйткені адамдар әртүрлі болғанымен, біріне-бірі ұқсас жағдайларда саяси процеске қатысушылардың мінез-құлқын алдын-ала білуге мүмкіндік береді.
Бихевиористік тәсіл саяси зерттеулерде математикалық санақтарға, статистикалық мәліметтерге, анкеталық және басқа сұрақ-жауаптарға, компьютерлік техникаларды пайдалану мүмкіндіктеріне кең жол ашады. Бірінші топтың тәсілдерінің ішінен сыншыл-диалектикалық тәсілді еркше атауға болады. Бұл әдістің ең басты құндылығы саясатты іс жүзіне асыруға сын көзбен қарау және талдау. Аталмыш тәсілдің тиімділігін қоғамың плюралистік ұйымдарының барлығы және плюралистік демократияны жақтаушылар түгел қолдайды. Өйткені, плюралистік теория қарама- қайшылықтар принципіне, көп салалы идеялар арасындағы күрес, бәсекеге, құндылықтарды бағалау бағдарына, саяси, экономикалық және мәдени институттарға, жеке адамдар мен әлеуметтік топтардың қатынастарына негізделеді.
Саяси ғылымның зерттеу жұмысында екінші топ тәсілдерін қолданбау мүмкін емес. Бұл логикалық тұрғыдан зерттеу әдістері. Оған мынадай тәсілдер жатады: талдау мен синтездеу, индукция мен дедукция, тарихи және логикалық талдауларды ұштастыру, ғылыми эксперимент, модельдер жасау, математикалық, компьютерлік, прогностикалық және тағы басқа тәсілдер.
Тәсілдердің үшінші тобына эмпирикалық зерттеу әдістері жатады. Бұрын аталған тәсілдер сияқты бұл да саясаттанудың жеке иелігіне жатпайды, бірақ оған қызмет етеді. Эмпирикалық тәсілге мыналар жатады: статистика, құжаттарды зерттеу (анкеталық сұрақ-жауап, лабораториялық эксперименттер, саяси ойындар теориясы, нақты бақылау, т.б.).
Сонымен, алуан тәсілді пайдаланудағы негізгі мақсат - түрлі саяси процестер мен олардың дамуы жөнінде ақиқат білім мен объективті мәліметтер алу. Сайып келгенде, саяси білімдер негізінде саяси ғылым немесе саясаттану қалыптасты. Олардың объектісі саясат болуы бүкіл әлемдік саяси ғылымда танылып, мақұлданған мәселе. Ал саясаттану саясат туралы ғылым болса, онда саясат дегеніміз не деген сауалдың ұдайы қойылып отыруының өзін білімдегі өте орынды ізденіс деп атап көрсеткеніміз жөн.
Саясат дегеніміз не деген сұраққа жауап беру ғылыми тұрғыдан оңай емес, ол үшін саясат туралы түсініктердің негіздерін анықтай білу қажет. Саясат ұғымын түсінудің екі негізі бар. Бірінші негізі ежелгі гректің politike ұғымы (мемлекетті басқару өнері) деген мағынаны білдіреді. Саясат деген түсініктің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Саяси халықаралық құрылым мәселелері
Саясат тарихы жайлы мәлімет
Әлеуметтану ғылымы жайлы
Әлеуметтану және әлеуметтік философия
Әлеуметтану пәнінен дәрістер жинағы
Саяси ғылымның пайда болуы
Әлеуметтану обектісі
Әскери педагогика құрылымы
Статистикалық әдіс
Л.С.Выготскийдің оқыту және дамыту жөніндегі тұжырымдары
Пәндер