Отбасы және гендер әлеуметтануы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

М. ӘУЕЗОВ атындағы ОҢТҮСТІК ҚАЗАҚСТАН МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ

«ФИЛОСОФИЯ және МӘДЕНИЕТТАНУ» кафедрасы

БАЯНДАМА

Тақырыбы: «Отбасы және гендер әлеуметтануы. Жастар әлеуметтануы»

Орындаған: Камалова М. .

Тобы: Фи-17-1к1

Қабылдаған: Байзакова А.

Шымкент қ., 2018 ж.

Жоспар:

  • Отбасы және гендер әлеуметтануы;
  • Жастар әлеуметтануы;
  • Пайдаланылған әдебиет

Отбасы - ежелден қалыптасып қана қойған жоқ, сонымен бірге қоғамның әлеуметтік құрылымының негізгі элементтерінің біріне айналды. Отбасы ерлі-зайыптылардың арасындағы, ата-ана мен балалар арасындағы, басқа да туыстық тұрпаттағы қарым-қатынастарды негіздей отырып, өндіргіш күштер мен өндірістік қатынастардың дамуына орай қоғаммен, мемлекетпен тығыз органикалық байланыста болады.

Отбасында пайда болып, тұрақты орныққан әлеуметтік жағдайды сараптау, оның мән-мазмұнын ашу, сонымен бірге сол ортадағы әке мен шешенің, олардың ұрпақтарының алатын орнын, рөлін, отбасының ішкі құрылысын, атқаратын функциясын және т. б. зерттеу әлеуметтану ғылымының алға қояр аса маңызды талаптары.

Отбасы - белгілі бір әлеуметтік нормалар, санкциялар, мінез - құлық (жүріс-тұрыс), құқық және міндеттер үлгілерімен, ерлі-зайыптылар, ата-аналар мен балалар арасындағы қарым-қатынастарды реттеушілікпен сипатталатын әлеуметтік институт болып табылады.

Некенің маңызды принциптері сүйіспеншілік, өзара сыйластық, т. б.

Отбасы әлеуметтануы екі бағытта дамып келеді. Оның бірінші бағыты бойынша отбасының тарихы зерттеледі, оның шығуының әлеуметтік заңдылықтары талданады. Екінші бағыт әлеуметтік институт ретіндегі (отбасы мен қоғамның өзара әрекетін талдау) қазіргі отбасының қалпын және шағын әлеуметтік топ ретіндегі (отбасы ішіндегі қатынастарды зерттеу) жағдайын зерттейді.

Әлеуметтік институт тұрғысынан отбасыны қарастырғанда неке - отбасы қатынастары саласындағы қоғамдық сананың қалыптасуына, әр түрлі жағдайдағы халықтың қайсыбір топтарының отбасылық тәртібіне жалпылама сипаттама беруге, отбасының негізгі міндеттерін жүзеге асыру тиімділігіне және т. б. баса назар аударылады.

Отбасын шағын әлеуметтік топ ретінде зерттегенде қазіргі отбасының даму кезеңдерінің, құрылымдарының және атқаратын қызметтерінің қалыптасу жағдайлары, әке-шеше мен олардың ұрпағының арасындағы өзара қарым-қатынас, отбасындағы міндеттерді әркімге бөлу, ажырасудың себептері мен мотивтері және т. б. осындай мәселелер қарастырылады.

Әлеуметтану отбасының функцияларына, отбасы саласындағы келеңсіз құбылыстарға (ажырасу санының артуы, көптеген отбасыларының дүниеге бір ғана нәресте әкелуге бағыт ұстануы, жалғыз бастылардың санының өсуі, т. б. ) талдау жасауға да үлкен көңіл аударады.

Әлеуметтік тұрғыдан алғанда отбасы белгілі бір вокалдық құрылымы және атқаратын әлеуметтік кызметтерінің ерекшеліктері арқылы сипатталады.

Отбасының құрылымы - бұл оның негізгі элементтерінің тұтастығын қамтамасыз ету тәсілі болып саналады. Отбасының құрылымы мен тәртібі, өмір салты, дәстүрі, өзге отбасыларымен және қоғаммен өзара қарым-қатынастары бір-бірімен тығыз байланысты екені рас.

Отбасылары коғамдық басқа да институттар іспетті белгілі бір функциялар атқарады. Отбасының функциясы дегеніміз оның белгілі бір әлеуметтік салдары бар кызметі. Өзге институттардың атқаратын міндеттерінен мұны жеке-дара бөліп көрсету үшін отбасы қызметін ерекшелікті және ерекшеліксіз деп ажыратады. Отбасының ерекшелікті кызметтері оның отбасылық мәнінен келіп шығады және қоғамдық құбылыс ретінде отбасының ерекшеліктерін бейнелейді, ал ерекшеліксіз кызметтер белгілі бір тарихи жағдайға орай еріксізден немесе бейімделуден туындайтын отбасының міндеттері. Отбасының ерекшелікті қызметтеріне:

- халықтың ұдайы өсіп-өнуі, яғни дүниеге нәресте әкелу;

- балаларды асырап, сақтау (экзистенциалды) ;

- балаларды тәрбиелеу (әлеуметтенді) жатады.

Бұл кызметтер коғамның әр дәуірде өзгерістерге түсуіне қарамастан отбасының ертеден келе жатқан міндеттері болып саналады.

Неке - әйел мен еркек арасындағы табиғи қажеттілік, олардың өзара құқықтары мен міндеттерін белгілейтін формасы. Неке - отбасының заң жүзіндегі негізі, әйел мен еркектің өзара түсінісу, еріктілігі негізінде құрылатын одағы, адамның әлеуметтік-табиғи, сонымен қатар материалдық және рухани өмір қажеттілігі.

Неке дегеніміз - махаббаттың іс жүзінде жүзеге асуы. Отбасының тұрақтылығы да, бақыты да некеге дейінгі жағдайларға байланысты. Жақсы отбасы құрудың елеулі шарттары некенің адамгершілік, құқықтық негіздерін түсіну, отбасын құруға деген психологиялық даярлықтың болуы, үй шаруашылығымен айналысудың белгілі дағдыларын игеру болып табылады.

Некеге тұруға ешкім ықтиярсыз көндірілмейді, бірақ некеге тұрған адам неке заңдарына бағынуға тиіс. Қазақстан Республикасының Ата Заңында: «Заңда белгіленген жасқа толған еркектер мен әйелдердің некелесіп, отбасын құруға құқығы бар. Неке ерлі-зайыптылардың ерікті түрде келісуіне және құқық теңдігіне негізделеді » деп көрсетілген. Отбасының негізін қалайтын неке - ол ерікті де тең болуы керек, күштеп немесе тәуелділіктің салдарынан некелестіруге болмайды. Отбасы әр түрлі жыныстар арасындағы жұбайылық қатынас болғандықтан, табиғи, адалдық-эстетикалық қатынасқа негізделуі керек, жұбайлардың сүйіспеншіліктен қанағат алуы материалдық есепке негізделмеуі тиіс. Отбасының қоғамдық құндылығы тек меншікке, мұрагерлік мүддеге негізделмеуі қажет, ол жеке адамдардың рухани қалыптасу, дамуына байланысты болуы қажет. Сондықтан да қоғам некелік-отбасылық қатынастың нығайуына тікелей ынталы болып, соған қамқорлық жасайды. Отбасы жұбайлардың, ата-аналардың қоғам алдындағы жауапкершілігі нәтижесінде дамып, нығая түсуі керек.

Отбасының өмір сүріп дамуының ерекше жағдайлары да бар. Олар: әлеуметтік, таптық, ұлттық сипаты, өмір сүру ортасы, материалдық жағдайы, отбасы мүшелерінің білім дәрежесі, олар сақтайтын әдет-ғұрыптар.

Отбасының маңызы оның атқаратын қызметі арқылы анықталады. Отбасының қызметі қоғамдық-тарихи жағдайларға, оның мүшелерінің жігерлілігі мен еңбек сүйгіштігіне де тәуелді.

Отбасының бірінші міндеті - ұрпақ жалғастыру қызметі. Бұл барлық тарихи кезеңдерде қоғам үшін де, жеке адам үшін де маңызды қызметі болып келеді. Бірақ жұбайлардың балалы болу тілегі, қоғамның қай кезеңінде болмасын, оны қанағаттандыратын әлеуметтік жағдайларға сәйкес өзгеріп отыраған, қазір де солай. Мысалы, дәстүрлі (патриархалдық) отбасы - шаруашылық-экономикалық қажеттіліктен туындаған. Отбасының қызметі ерлі-зайыптылардың неше баламыз болуы керек деген ерік бостандығына тікелей байланысты емес, оның санына шек қойылуына таң қалуға болмайды. 1936 жылы КСРО-да аборт жасуға тыйым салынды, яғни ерлі-зайыптылардың неше балалы болуымыз керек деген бостандығына тыйым салынды.

Отбасының екінші маңыздық қызметі - материалдық-экономикалық және тұрмыстық-шаруашылықмәселелері. Отбасының бұл қызметі қазіргі уақытта бірінші орынға көтерілді, себебі халықтың әлеуметтік жағдайы төмендеп кетті. Ана ерінің-күйеуінің, туысқандарының көмегінсіз өмір сүре алмайтын дәрежеге түсті. Сонымен отбасы мүшелерінің экономикалық тәуелділігі артты, әсіресе көп балалы отбасында.

Отбасында тұрмыстық мәселелерді шешумен қатар әдет-ғұрыптарды сақтау іске асырылады. Отбасы мүшелерінің, туған-туысқанының туған күні, оқуға бару, оқу бітіру, жұмысқа орналасу т. б. мерекелік күндер өткізіледі, оларды да ортақтасып өткізу қажет.

Отбасының ең маңызды қызметінің бірі- тәрбиелеушілік міндеті; оны қоғамдық тәрбиенің ең тиімді деген жүйесі де алмастыра алмайды. Оның негізгісі - баланы өмірге келтіру ғана емес, сонымен бірге оған әлеуметтік-мәдени ортаның құндылығын қабылдаттыру, үлкен ұрпақтың тәжірибесін жас ұрпаққа жеткізу, бойына сіңірту, яғни балаларын өздерін қоршаған ортаға және қоғамға пайдалы азамат етіп өсіру әке-шешенің ең маңызды міндеті.

Балалардың үздіксіз дамуы, творчестволық қабілетін іске асыруы отбасынан басталады. Бұл іс отбасының естияр мүшелерінің тікелей міндетіне жатады: әке-шеше балаларына жақсы тәрбие беруге қоғам алдында жауапкер.

Отбасының құрамы деп олардың мүшелерінің өзара жиынтығын айтамыз, оған туысқандықтан басқа рухани, азаматтық қатынастар, билік, бедел қатынасы да жатады.

Отбасының туысқандық құрылымы, біріншіден жұбайлар мен балалар, екіншіден балалары мен жұбайлары және әйелдің, болмаса күйеуінің бірге тұратын туыстары, немере-шөберелерден тұрады.

Жұбайлардың өзара билік белесіне сәйкес отбасының екі түрі болады: демократиялық және дәстүрлі немесе авторитарлық.

Бала санына байланысты 4 түрлі отбасы болады: көп балалы(үш бала, оданкөп), орташа(екі балалы), бір баласы бар, баласыз отбасылар.

Отбасының өмір сүру сипатына қарай үш түрі болады: дәстүрліотбасы, бұл ерлі-зайыптылардың, жалпы отбасының құндылығына байланысты. Мұнда бүкіл отбасы мүшелері бос уақытты бірігіп өткізеді, теледидарды бірігіп қарайды, отбасы басшысы формалды болса да ер адам, әйел үй жұмысын істейді, бала тәрбиелейді;

Ер мен әйел қатынасы кәсіби жетістікке, жеке адамның дамуына бағытталады. Негізінен бір бала болады, үй жұмысын бөліп атқарады, мүмкін болғанынша ата-ана көмегі пайдаланылады. Театрға, концертке, киноға, спортқа бірге барады. Басшылық демократиялық сипатта болады; жас отбасы, мұнда бос уақытты бірігіп те, бөлек те өткізеді. Бағыты екі балалы болу. Шаруашылық-тұрмыстық қажеттіліктер тең іске асырылады.

Отбасында қайшылықтардың тууының негізгі екі себебі бар: ішкі және сыртқысебептер. Сыртқы себептерге тұрғын үй, табыс, әдет-ғұрып, ұлттық ерекшеліктер т. б. жатса, ішкі себептерге махаббат, эмоциялық-сезімдік, қамқорлық ауызбірлік, т. б. Себептердің екеуі де жас отбасы үшін дағдарыс жағдайын тудыруы мүмкін.

Отбасының тұрақсыздығы ажырасуға апарады. КСРО бойынша, 1991 жылғы есепке қарағанда, 2, 7-2, 8 млн. неке тіркелген, содан 930-980-ні ажырасқан. Біздің республикамызда 1994-1996 жылдар аралығында, 100 мың тұрғынға шаққанда, ажырасу орта есеппен 40 мың болды, ал 1997 жылы 32, 8 мыңға жеткен.

Ажырасудың негізгі себептері: жұбайлардың мінез-құлқының, көзқарастарының сәйкеспеуі; арақ ішу, әсіресе ерлер тарапынан; үй жағдайының, әсіресе жастарда, қолайсыздығы; жұбайлық опасыздығы; балалы болғысы келмеушілік, т. б.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Демография және әлеуметтану
Әлеуметтік мобильдік теориясы
Шығарма-эссе
Білім беру әлеуметтануы пәнінің оқу әдістемелік кешені
Әлеуметтану ғылымдар жүйесінде
Әлеуметтік мәселелерді айқындау
Әлеуметтану пәнінен дәрістер комплексі
Орта деңгей теориясы
Шығармаларға әлеуметтік талдау
Студентерге қазіргі қоғамның келбетін, әлеуметтік бейнесін, құрылымын түсіндіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz