Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану. Олардың түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе

Дүние жүзінде 2500 эфир майлы өсімдіктер бар. Олар өсімдіктің әртүрлі мүшелерінде: гүлінде, жапырағында, жемісінде, кейде жерасты мүшелерінде болады. Өсімдіктің вегетациялық дамуы барысында эфир майларының қасиеті мен иісі өзгеріп отырады. Мысалы, кориандрдың піспеген жемісіне жағымсыз иіс тəн болса, піскеннен кейін иісі өте жағымды болады, сондықтан тамақ өнеркәсібінде кең қолданады. Эфир майларына ең бай өсімдіктерге ерінгүлділер, балдыркөктер, астра, шатырша тұқымдастары кіреді жəне олардың эфир майлы өсімдіктер арасындағы үлесі 50%-дан асады. Республикада жəне ТМД елдерінде егіс көлемі жəне өндірілген эфир майының мөлшеріне қарай жетекші орынды кориандр, бұрышты жалбыз, мускатты шатыраш (шалфей), анис, тмин жəне фенхель иеленеді. Эфир майлы өсімдіктер. Эфир майлы өсімдіктерді ароматты зат - эфир майларын алу үшін өсіреді.
Оларды негізінен парфюмерия-косметика, тамақ жəне дəрі дəрмек өндірістерінде қолданады. Эфир майларын өсімдіктер шикізатынан гидродистилляциялау жолымен немесе ерітінділерімен экстракциялау арқылы алады. Эфир майлы өсімдіктер эфир майлары өндірісінде табиғи шикізат болып саналады. Бұл өсімдіктердің басқа да қырларынан карасақ мал мен адам организміне токсикалық әсер етеді. Улы өсімдік деп құрамындағы заттарының бір түйірі немесе ұсақ бөлшегі адам немесе хайуан организміне түссе, оның қалыпты жұмысын бүлдіріп, ауру туғызатын өсімдіктерді айтады. Мұндай өзгерісті улану деп атайды. Уланудың зардабы ауыр болуы мүмкін, кейде ол өлімге әкеп соғады. Өсімдікте удың жиналуына топырақтың құрамы мен ауа райының жағдайы үлкен әсер етеді.

Улы өсімдіктердің жіктелуі және олардан улану

Табиғатта адам және мал тіршілігіне керекті өсімдіктермен қатар, олардың өміріне қауіпті улы өсімдіктер де кездеседі. Улы өсімдіктердің таралу аясы өте кең, түрлері алуан түрлі. Олардың химиялық құрамы көптеген ғалымдардың еңбектері нәтижесінде айтарлықтай зерттеліп, бөлетін улары, уытты бастамалары анықталған. Дегенмен, элі де қүрамы толық тексерілмеген өсімдіктер баршылық.
Өсімдіктердің барлығы бірдей улы әсер етпейді. Арасында емдік мақсатта қолданылатын өсімдіктер де жетерлік. Бірақ, ғұлама ғалым Парацельс айтқандай, егер белгіленген ереже, мөлшермен қолданылмаса дәрілік заттың бәрі у.
Улы өсімдіктерді мал жемейді. Олардың көпшілігінің өзіне тән жағымсыз иісі, дәмі болады. Жайылымдарға және астаудағы азық қалдықтарына ботаникалық тексеру жүргізген кезде, мүндай азықтардың желінбей, сол қалпында қалғанын көруге болады. Егер улы өсімдіктер басқа азықтармен толық араласып кеткенде (сүрлем, күнжара) немесе қатты ашыққанда, мал азықты талғамсыз жейді. Нәтижесінде организм улануы мүмкін.
Өсімдік тектес улардың жалпы қабылданған, арнайы жіктелуі жоқ.Тек, клиникалық белгілеріне қарай жіктелуі ғалым И.А. Гусы- нинның еңбектерінде кездеседі. Бұл жіктелім, өсімдік құрамында кездесетін улы заттарға байланысты төмендегідей жіктеледі:
1. Құрамында альколоидтар бар өсімдіктерден улану: у қор- ғасын (аконит), ақ тамыр (чемерица), меңдуана (белена), сасык меңдуана (дурман), үйбидайық (плевел), у балдырған (болиго- лов), тегеурінгүл (живокость), итсигек (ежовник) жэне т.б.
2. Қүрамында гликозидтер және сапонин бар өсімдіктерден улану: қыша (горчица), қарамықша (куколь), беде (клевер), зығыр (лен), жалынгүл (горицвет), оймақгүл (наперстянка) жэне т.б.
3. Құрамында эфир майлары бар өсімдіктерден улану:
у сарғалдақ (лютик), жусан (полынь), шайқурай (зверобой), кенедән (клещевина) және т.б.
4. Кұрамы әлі толық зерттелмеген өсімдіктерден улану: у кекіре (горчак), сүттіген (молочай), қырықбуын (квощ) және т.б.
5. Мәдени жэне азықтық заттардан улану: картоп ( картофель), карақұмык ( гречиха), жүгері ( кукуруза), тары ( просо), қызылша (свекла) және т.б.
6. Техникалық азық қалдықтарынан улану: күнжара жэне шроттар
Жоғарыда көріп отырғандай, біздің оқулықта улы өсімдіктер кұрамындағы әсер ететін уытты заттарына байланысты жіктелген. Бірақ құрамында алколоидтары немесе гликозидтері бар өсімдіктердің бірі орталық жүйке жүйесіне эсер етсе, енді біреуі - бауырға, ал келесі біреуі - ас қорыту және тыныс алу жүйесіне әсер етуі мүмкін. Осыған орай, кейбір эдебиеттерде аталған улы өсімдіктердің жіктелуі, олардың әсері кезінде көрінетін клиникалық белгілеріне, патологиялық-анатомиялық өзгерістеріне байланысты төмендегідей жіктелген:
1. Орталық жүйке жүйесін қоздыратын өсімдіктер: меңдуана, итжидек, сасық меңдуана, у тамыр, қылша, сүйелшөп, жу- сан жэне тағы басқалар.
2.Орталык жүйке жүйесін әлсірететін өсімдіктер: көкнәр, қыздырма үйбйдайық, у балдырған, у қорғасын, ақтамыр, итсигек және тағы басқалар.
3.Орталық жүйке жүйесіне және басқа да мүшелерге әсер ететін өсімдіктер: лапыз, адыраспан, қазанақ, түймешетен, қүсықшөп, есекмия, сарғалдақтүрлері, желайдар, қалтагүл, қүндызшөп, жібілген және тағы басқалар.
4.Бауырды зақымдайтын өсімдіктер: бөрі бүршақ, зиягүл, түкжеміс жэне тағы басқалар.
5.Ас қорыту жүйесін, сонымен қатар, орталық жүйке жү- йесіне әсер ететін өсімдіктер (қүрамында сапонин-гли- козидтері бар өсімдіктер); дэрілік авран, дақты ароник, қаракықша, сабыншөп, көздэрі, жауқазын, сабынкөк, сүттігегі супияз, мамыргүл және тағы басқалар.
6.Тыныс алу жэне ас қорыту жүйесін зақымдайтын өсімдіктер (кұрамында тиогликозидтері бар өсімдіктер): қыша, сарыбасқурай, рапс, шомыр және тағы басқалар.
7.Жүрек жүмысына әсер ететін өсшдіктер (жүрек глико- зидтері): оймақгүл, меруертгүл, жалынгүл, жанаргүл, са- сықшөп жэне тағы басқалар.
8.Синиль қышқылын түзетін өсімдіктер (циан гликозилтері): беде, сиыр жонышқа, зығыр, миядән, қаражүгері және тағы басқалар.
9.Малдардың күн сәулесіне сезімталдығын күшейтетін өсім- дікткр (фотосенсибилизациялаушы өсімдіктер): қарамық, шэйқурай, тары, аққурай және тағы басқалар.

Құрамында алколоидтар бар өсімдіктер

АЛКАЛОИДТАР. Өсімдікте кездесетін, құрамында азотты органикалық негіздері бар заттар. Барлық негіздер сияқты қышқылдармен қосылып тұздар түзеді. "Алкалоид" - сілті тәрізді заттар деген мағына. Өсімдіктерде олар тұз ретінде кездеседі. Алкалоидтардың басым көпшілігі күшті улы заттар. Олардың тұздары суда жақсы ериді жэне ас қорыту жүйесінде жақсы сіңеді. Қазір 1000-ға тарта алкалоидтар бедгілі. Олардың 200- ге жуығы жақсы зерттелген. Алкалоидтар өсімдіктердің барлық бөліктерінде де кездеседі, бірақ барлық бөліктерінде бірдей емер. Көптеген өсімдіктердің тек белгілі бір бөлігі ғана улы болып келеді. Мысалы: (мактың) көкнәрдің алкалоиды морфин оның тұқымында, ал у тамырдың уы цикутотоксин тамырында кездеседі. Бір өсімдікте бірнеше ұқсас алкалоидтардың болуы жиі кездеседі. Көптеген алкалоидтардың қүрамында оттегі болады. Ондай алкалоидтар қатты түрінде болады.
Алкалоид туралы ғылыми деректерді негіздеуде акад. А.П.Орехов жэне оның шәкірттерінің еңбектері өте зор.

Құрамында басқа да алкалоидтары бар өсімдіктер.

Дақты убалдырған (Болиголов пятнистый, Conium maculatum) - биіктігі 60-200см, ақ түсті қатты өзекті тамы- ры бар, екі жылдық шөптесін өсімдік. Сабағының беткі жағы тұман түстес сүр түсті, жұқа қабықпен, ал төменгі бөлігі қызыл- құба түсті дақты қабықпен жабылған. Жапырақтары үш қанат тәрізді тарамдалған, ал төменгі жағы- жіңішке келіп, сабаққа жалғанған. Гүлдері майда, 10-20 шатыршагүлге жиналған.Ұрығы ақшыл-қоңыр түсті, қосүрықты. Жапырағын умаждаған кезде тышқанның зәрі тәрізді иіс береді.
Ылғалдылығы жоғары, өңделмейтін, шөлді жерлерде, еліміздің барлық жерлерінде, сондай-ақ Кавказда, Орталық Азияда жолдардың шетінде, арық жағалауларында кездеседі. Тұқымы арқылы көбейеді. Убалдырғанның Еуропаға,Сібірге және кіші Азияға таралған 4түрі белгілі.
Улы бастамасы. Өсімдіктің барлық бөліктерінде концен- трациясы бірдей емес кониин, коницеин, М-метилкониин, конгидрин және псевдоконгидрин алколоидтары кездеседі. Бұлар- дың алғашқы үшеуінің кұрамында оттегі болмағандықтан сұйық болып келеді. Ең көп мөлшерде алколоидтар піспеген ұрықтарда (2%-ға дейін), піскен ұрықтарда (1%-ға дейін), жапырағында (0,5%-ға дейін) кездеседі. Өсімдіктерді кептірген кезде алколоидтардың бір бөлігі буға айналады, бірақ сүрлемде сақталып қалады.
Патогенезі. Бұл өсімдіктердің алколоидтары суда жақсы ериді жэне кілегейлі қабықтарда оңай сіңіріледі. Сорылғаннан кейін кониин орталық жүйке жүйесінің, қозғалтқыш жэне сез- гіш жүйкелердің ұштарына, никотин және кураре тэрізді әсер етіп, салдандырады. Осы жағдайда бірден тыныс алу қызметі бұзылады.
Токсикологиялық мәні және мөлшері. Әдетте жануарлар жайылымдарда бұл өсімдіктің жағымсыз иісі болғандықтан оны жей бермейді. Алайда мал қатты ашыққан кезінде немесе көк шөп қоспалары кезінде уьітты мөлшерде ішке түсуі мүмкін. Көбінесе ірі қара малының улануы жиі кездеседі. Оның уытты мөлшері 3-5 кг.

Құрамында гликозидтері бар өсімдіктер

ГЛИКОЗИДТЕР. Сумен қосылып ыдырағанда глюкоза жэне аглюкондар (углеводсыз компонент) түзетін, эфирге ұқсас, азотсыз, органикалық қосылыстар. Улыльщ қасиеті түзілетін "аглюкондарға" байланысты. Олар альдегидтер, қышқылдар, алкалоидтар т.б болуы мүмкін.
Гликозидтер фермент энзимінің әсерінен суға еріткенде, белгілі бір жылулықта, механикалық әсер еткенде оңай ыдырайды. Әрбір энзим гликозидтің тек бір белгілі түрін ғана ыдырата алады. Гликозидтерді бөлшектеу үшін олардың сілтідегі немесе қышқылдағы ерітіндісін қыздыру керек. Әсіресе тұз қышқылымен ерітіндісінде жақсы ыдырайды. Гликозидтердің мал асқазанында жақсы ыдырауын осымен түсіндіруге болады.
Гликозидтер қүрамына қарай үш топқа бөлінеді:
1.Қүрамында азоты жоқ гликозидтер (сапониндер, оймақгүл гликозидтері жэне т.б).
2.Құрамында азоты бар гликозидтер: а) нитрил-гликозид- амигдамин; б) синиль қышқылын түзбейтін гликозидтер;
3.Құрамында азот пен күкірт бар гликозидтер (синигрин, си- налбин, алиин-чеснок пен қыша майлары).
Ең көп тараған гликозидтердің түрлері сапониндер. Олар өсімдіктердің 700-ден астам түрлерінде кездеседі және олар- ды өсімдіктердің барлық бөліктерінен табуға болады. Судағы ертіндісі көпіршіп тұратындықтан сапонин атанған (заро- сабын). Сапониндер клетка улары. Кілегей қабықтарды, тері рецепторларын тітіркендіреді. Қарын мен ішектердің қабыну процесінің белгілері байқалады (құсу, іш өту және т.б).
Сапониндер қанға түскенде қызыл қан түйіршіктерін ерітеді (гемолиз).
Көптеген сапониндердің эсерлерін ас қорыту жүйесіндегі бактерия ферменттері элсіретеді немесе талқандап жойып жібереді.
Фармакология саласымен байланыстыра отырып, гликоздтерге төмендегідей де анықтама беруге болады. Гликозидтер (глюкозидтер) гидролиз кезінде бөлінген минералды қышқылдардың (in vitro) немесе ферменттердің (іn vivo) әсерінен қантты (гликондар - глюкоза, фруктоза, галактоза, мальтоза, рамноза, дигитоксиоза) немесе қантсыз (агликондар - органикалық қышқылдар, алкоголдар, альдегидтер, терпендер, фенол туындылары, стеройдтар) бөлігіне ыдырайтын, өсімдік тектес, эфир тәрізді, күрделі органикалық қосылыстар. Қант тек қана глюкоза түрінде ғана емес, сондай-ақ әртүрлі пентозалар түрінде де белгілі болғандықтан, оларды гликозидтер деп атаған дұрыс.

Құрамында эфир майлары және шайыр тәрізді заттары бар өсімдіктер токсикологиясы
ЭФИР МАИЛАРЫ. (терпендер, камфаралар). Көптеген өсімдіктер құрамында кездеседі.
Олар көбінесе өсімдіктердің гүлі мен үрығында көптеп кездеседі. Өсімдіктердің өздеріне тән иістері осы майларға байланысты. Олардың көбі тиген жерлерін тітіркендіріп кызартады, кейде күйдіруге дейін барады, қабыну процессі пайда болады. Олар бүйректер мен өкпелер арқылы бөлінетіндіктен ағзаларға өз эсерін тигізеді. Қан арқылы орталық жүйке жүйесін қоздырады. Мұндай әсерді жусан (полынь) майынан жақсы байқауға болады.
Химиялық күрамы бойынша 3 топқа бөлуге болады:
1.Қүрамында оттегі жок эфир майлары немесе терпендер. Оларға жататындар терпентинді, арша, аир жэне т.б майлар.
2.Қүрамында оттегі бар эфир майлары. Анис, аскөк, тмин, 1 камфара майлары.
3.Құрамында күкірті бар эфир майлары. Қыша, сарымсақ майлары жатады.
Эфир майларының кептірілген өсімдіктерден үтттып кететін қасиетіне байланысты, олардың қасиетінің жойылуы да мүмкін.
Эфир майлары -- бүл өсімдік тектес, эфир секілді ұшқыр, қағаз бетінде дақ қалдыратын майлы, күрделі органикалық заттар. Эфир майларының негізгі құрамдас бөлімдері, олар: терпендер, пиендер, альдегидтер, кетондар, лактондар, фенол туын- дылары, азот және күкірті бар заттар. Олар әдетте қоймалжың сұйық түрінде кездеседі. Сонымен қатар оның қатты түрі де бар. Ол өндірісте, емдік қасиеті күшті камфора деген атпен белгілі. Эфир майлары өсімдіктің табиғи өнімі болғанымен, зат алмасудағы оның маңызы, қолданылу ерекшеліктері әлі де толық зерттелмеген. Емдік мақсатта микробтарға, паразиттерге қарсы зат ретінде қолданылады.
Эфир майларының өзіңе тән хош иісі, ащылау тұтқыр дәмі бар. Суда ерімейді, ал органикалық еріткіштерде, спиртте және майларда жақсы ериді. Эфир майлары өсімдік бойына әртүрлі тараған. Кейбір өсімдіктердің гүлі, жапырағы эфир майларына бай болса, кейбіреулерінің тұқымында, тамырында және сабағында көптеп кездеседі. Құрамында эфир майлары бар өсімдіктер мәдени түрде өсіріліп, емдік мақсатта қолданылады. Бірақ, жусан (полынь), шайқурай (зверобой), түймешетен (пижма) және тағы басқа түрлерінің токсикологиялық маңызы да бар.
Табиғатта эфир майларына үқсас шайыр және шайыр секіл- ді заттар кездеседі. Олар да эфир майлары сияқты иісі бар, суда ерімейтін, ал майлар мен органикалық еріткіштерде еритін қа- сиеті бар заттар. Бірақ, құрамында азоты болмайды. Құрамында шайыр және шайыр секілді заты бар өсімдіктерге у тамырды (вех ядовитый) жатқызуға болады.
Эфир майлары жэне шайыр үлпаларды жергілікті тітіркенді- ріп, ағзаға тарағаннан кейін жүйке жүйесін, алғашында қозды- рып, кейіннен салдандырып әсер етеді.

Түймешетен, (Пижма, Таnacetum vulgar).

Күрделі гүлдер түқымдасына жататын, көпжылдық шөптесін өсімдік, биіктігі 1 метр, жапырақтары түсті шетен ағашының жапырақтарына ұқсайды. Гүлдері жылтыр-сары түсті, тостаған тәріздес. Кавказда, Сібірде және Орталық Азияда көптеп кездеседі.
Өзіне тән камфораға ұқсас иісі бар: құрамындағы эфир майы гүл шоғырында 1,5 -2 %, жапырақтарында 0,2-0,6 %-ға дейін болады.
Бұл майдың 47 %-ы туйлон затынан тұрады. Май қүрамында 1% камфора, бор және пинен, сонымен қатар, альколойдтар, органикалық қышқылдар бар. Өсімдіктің токсикалық қасиеті эфир майына байланысты, ол жергілікті жерге тітіркендіріп әсер етеді.
Клиникалың белгілері. Басында қатты қозып, кейіннен де- прессия байқалады, көруі нашарлайды. Уланған мал басында мазасызданады, кенеттен жабырқайды. Көз қарашығы тары- лып, көруі нашарлайды, іші өтеді, құсады. Эфир майы бүйрек және орталық жүйке жүйесіне эсер етіп, уланған малда қозу пайда болып, қозғалысы бұзылып, тырысып-бүріседі. Улану іш тастауғада әкеліп соқтырады. Кілегейлі нэжіс бөледі. Бір тэу- ліктен кейін мал өледі.
Емі. Ішті айдағыш дәрілермен азық қалдығын шығарып тас- тап, содан кейін симптоматикалық ем жасайды, жануардың жағ- дайыңа қарай, ем қолдану кереқ.
Алдын алу. Жол бойындағы өскен өсімдікті тұқым шашқан- ға дейін шауып тастау керек.

Қазанақ (Багульник болотный, Іесһіт раішіге).

Биіктігі-30-60 см, аршагүл тұқымдасына жататын бұталы өсімдік, жапырақтары сүйір келеді.Өмір бақи жасыл түсті болады. Гүлдері ұсақ ақ, сирек қызыл түсті болады. Шым тезекті батпақты жерлерде, орман және тундрада кездеседі
Гүлдеген кезде қазанақ өткір, есеңгірететін иіс бөледі, сондықтан мал көп жемейді. Барлық жануарларға уытты әсер етеді. Қазанақ құрамында 0,3-2 % эфир майы бар жэне гликозид эриколин табылған.
А.П. Татарованың ңэліметтеріне қарағанда қазанақтың уыт- ты бастамасы эфир майы, Май құрамындағы ледоль жергілікті жерге тітіркендіріп әсер етеді. Ол біраз мөлшерде организмге түсіп орталық жүйке жүйесін салдандырады, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сарсазан өсімдік зиянкестері үшін улы өсімдік
Организмде витамин жеткіліксіздігін тудыратын өсімдіктермен улану
Уытты заттар мен уланудың классификациясы
Удың жануарлар ағзасына әсері
Уланған кездегі ветеринариялық-санитариялық шаралар
Токсикологиялық мэні жэне мөлшері
Уланған құс етін ветеринариялық-санитариялық сараптау
Улы заттардың жіктелуі
Уланған малдың сойыс өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау
Удың ағзаға ену жолдары, ағзадан удың бөлінуі
Пәндер