Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Мақсаты:

Құқықтық тәрбиенің өмірлік қажеттілігін оқушыларға түсіндіру. Құқықтық тәрбиенің, жігердің қоғамда маңызы зор екендігі түсіндіріп құқықтық сауатқа тәрбиелеу, өз ойларын еркін айтуға үйрету. Оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттырып, құқық бұзушылық және қылмыс белгілерімен, түрлерімен таныстыру, жасөспірімдердің құқықтары мен міндеттерімен таныстыру. Қоғамның заңдары мен нормаларын орындауға, құқықтарын біліп, оны құрметтеуге тәрбиелеу.
Түрі: Сұрақ-жауап, мақал-мәтел, пікірталас.
Көрнекілігі : интерактивті тақта, презентация, құқық бұзушылық жайында видеолар, суреттер, нақыл сөздер.

Мұғалім : А. С. Макаренконың түсінігінде тәртіп - бұл тек қана тежелу тәртібі ғана емес, сонымен қатар ұмтылу белсенділік, жауапкершілік тәртібі. Тәртіп туралы мәселені ерік - қайратты, ерлікті, берік мінез - құлықты тәрбиелеумен тығыз байланыста қарастырады. Тәртіп ұйымшыл ұжымда дамиды және бекиді. «Тәртіп - бұл ұжымның бет - әлпеті, оның дауысы, оның әдемілігі, оның қозғалғыштығы, оның мимикасы, оның сенімділігі» - деген.

Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым - Қожа» романының желісі бойынша түсірілген фильмнен үзінді.
1 - видео. Қожаның әрекетін оқушылар жиналысында талқылау.
- Қожа қандай әрекеттері үшін жазаланып отыр?
- Қожаның тәртібі мектепте қандай болған?
- Ұстазы Қожаның тәртібі кімдерге де байланысты деп айтты?
- Сендер Қожаның жолдасы болсаңдар, қандай көмек берер едіңдер?
2 - видео. Қожаның өзіне - өзі есеп беруі.
- Бұл видеодан не түсіндіңдер?
- Күн сайын өзіне - өзі есеп беру баланың жақсы азамат болып қалыптасуына оң әсерін бере ме?
- Сендер өз - өздеріне есеп бересіңдер ме?
- Яғни тәртіпті бала қандай болу керек? Өздеріңді тәртіптімін деп санайсыңдар ма?

Мұғалім : Ұлт мұраттарының ұлы байлықтарының бірі - жас ұрпақ, келелі келешек десек, бұл тақырып кеше де, бүгін де күн тәртібінен түспейтін мәселе, ұлтымыздың мақтанышы батыр атамыз Бауыржан Момышұлы «Тәрбиелі - тәртіптің құлы, тәртіпті - елдің ұлы» десе, ақын Олжас Сүлейменов «Адам тағдырын тәрбие шешеді» деп жазды. Бәрі де шындық. Тәрбие кешіктірілсе кешірілмейтін, дұрыс бағыт алмаса, қалпына келмейтін нәзік те, кәделі де сауатты, игілікті де ізгілікті іс. Адам ұрпағымен ұлы, еңбегімен ерен, келешегімен кемел болса, мұның мөлдір бастауы, алтын тамыры - тәлім - тәрбие ісінде жатыр.

1) Қазіргі кезде адамның бойынан қандай қасиеттерді көп байқауға болады? (Қазіргі кезде адам бойынан көбінесе тәртіпсіздік, бірін-бірі сыйламау, адамдарға деген дөрекілік, өтірік айту, сабақтан қашу, ұстаздарды, ата-ананы сыйламау сияқты жаман қасиеттерді көп байқауға болады. )

2) Кей адамның жаман әдетке үйір болуының себебі не деп ойлайсың? (Кей адамдар өте жалқау болып келеді. Еңбек еткісі келмейді. Ата-анасының тапқанын шашса болды, бос уақыттарын тиімді пайдаланбайды. Сол себептен де жаман әдеттерге үйір болып келеді. )

3) Адам бойындағы ар, намыс, ұят дегенді қалай түсінесің? (Әр адамның бойында ары-таза, намысы-берік, ұяты-күшті болуы керек. Егер осы үшеуі де адам бойында қалыптасқан болса, онда нағыз тәрбиелі де тәртіпті адам. )

4) Әдептілік дегеніміз? (адамдардың өзара жақсы қарым-қатынасының, жүріс-тұрысының ережесі. әдеп, ізет, инабат, сыйласым, құрмет, қамқорлық деген сөздерді білдіреді екен. Тағы да бір айтатын жағдай бір-бірімізге кешірімді болуымыз керек, ол да-әдептілік. )

5) Адам боламын деген бала не істеу керек? (барлық жақсы қасиеттерді үйреніп, жаман мінез, жаман әдеттерден аулақ болуға тырысу керек. Иманды адам ұлтына, нәсіліне, жынысына, дініне қарамастан иманды болып туады. Иманды бала дөрекілікке бармайды. Имандылық бар жерде рухани тазалық бар, сенім бар

6) «Әдеп» пен «әдептілік» деп қандай мінез бен іс-әрекетті айтамыз? ( Әдептілік- деп үлкенді сыйлауды, достарды, айналадағы адамдарды құрметтеуді айтамыз. Әдепті адам басқадан сыйласым күтпей-ақ алдымен өзі басқаны құрметтеп, ардақтай біледі, көпшіліке өзінің әдептілігін көрсетеді. )

7) Ашу шақырғанда, ең алдымен, тоқтау салатын қандай қасиет ? ( Сабырлылық. Сабырлылық- адам бойына екі жолмен дариды, бірі туа біткені де, екіншісі адам өзін-өзі тәрбиелеу жолымен келеді. Сабырлылық адамның өз мінез -құлқына ие бола алатынын көрсетеді.

8) Қайырымдылық дегенді қалай түсінесіңдер? (айналадағы адамдарға ізгілікті іс жасау. Қайырымдылық бар жерде қатыгездікке жол жоқ. Өзгелер үшін жасалған ізгілік адам жанын нұрландырады, адамдық мәртебесін көтереді. Қайырымды бала қашанда ата-анасының мақтанышы. )

9) Сен өзің жіберген қателіктеріңді мойындай аласың ба? (Өзіңнің жіберген қателігіңді мойындау - ол үлкен ерлікпен тең қасиет. Қателігіңді мойындау ешкімге

зияныңды тигізбеу, ешкімнің обалына қалмау. )

10) Адам адамнан несімен ерекшеленеді? (Адам адамнан білімімен, тәрбиелілігімен, әдептілігімен, мәдениеттілігімен әдемі мінезімен озады. ) 11) Ұл бала үшін қасиетті борыш деп нені айтар едің? (Ата-анасын сыйлау, өз елін қорғау)

12) Сыныпта кімді үлгі тұтасыңдар?

V. Жалғасын тап… (мақалдардың жалғасын табу)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Тәрбиенің жеке тұлғаға бағытталуы
Тәрбиенің қазіргі жағдайы, аналитикалық тәрбие.
Отбасындағы гендерлік тәрбие
Тәрбие жұмысының нәтижесін бағалау
Мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы сана-сезімін қалыптасрыу ерекшеліктері
Мектеп жасына дейінгі балалармен тәрбие жұмысының негізгі бағыттылығы
Қазақстан Республикасы үздіксіз білім беру жүйесіндегі тәрбие тұжырымдамасы
Оқушылардың әлеуметтік-азаматтық сезімінің қалыптасуының педагогикалық-психологиялық негізі
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ ТӘРБИЕ БЕРУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz