ҚОРЫҚТАР. ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР. ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

1. 1. Ақсу - Жабағылы қорығы

1. 2. Алакөл қорығы

1. 3. Алматы қорығы

1. 4. Барсакелмес қорығы

1. 5. Батыс Алтай қорығы

1. 6. Қаратау қорығы

1. 7. Қорғалжын қорығы

1. 8. Марқакөл қорығы

1. 9. Наурызым қорығы

1. 10. Үстірт қорығы

II. ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР

III. ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР

3. 1. Ертіс орманы резерваты

3. 2. Семей орманы резерваты

3. 3. Ырғыз - Торғай резерваты

3. 4. Ақжайық резерваты

3. 5. Алтын дала резерваты

IV. ҚОРЫҚШАЛАР

4. 1. Алматы қорықшасы

4. 2. Зеренді қорықшасы

4. 3. Рахман бұлағы қорықшасы

4. 4. Балқаш маңы қорықшасы

КІРІСПЕ

Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар - қоршаған табиғи ортаны қорғауға байланысты мемлекет және жеке адамдар тарапынан арнайы бөлініп қорғауға алынған жер телімдері мен су айдындарының жеке бөлімдері. Қазіргі кезде дүние жүзінде Ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың саны 13 мыңнан асты, бұл Жер бетінің 8, 5 %-ына тең. Халықар. жіктеу бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар 10 топқа бөлінеді:

  • Қатаң түрде қорғалатын табиғи-ғылыми резерваттар;
  • Ұлттық саябақтар;
  • Табиғат ескерткіштері мен табиғаттың ерекше көрікті нысандары;
  • Табиғат қорғауға арналған резерваттар;
  • Қорғалатын ландшафтылар;
  • Табиғат ресурстарын сақтауға арналған резерваттар;
  • Антропол. резерваттар (адамның іс-әрекеттерімен жасалған нысандарды қорғау) ;
  • Жергілікті жердің өзіне тән табиғаты қорғалатын және түрлі мақсатта пайдаланатын аумақтар;
  • Биосфералық резерваттар;
  • Бүкіләлемдік маңызы бар тарихи және табиғи орындар.

Қазақстан Республикасы 2006 ж. 7 шілдесінде қабылданған «Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы» Заңының 4-тарауының 4-бабында респ. маңызы бар Ерекше қорғалатын табиғи аумақтар туралы түрлері: мемлекеттік табиғи қорықтар; мемлекеттік ұлттық табиғи саябақтар; мемл. табиғи резерваттар; мемлекеттік зоология саябақтар; мемлекеттік ботаникалық саябақтар; мемлекеттік дендрол. саябақтар; мемлекеттік табиғат ескерткіштері; мемлекеттік табиғи қорықшалар; мемлекеттік қорықтық аймақтар. Қазақстан бойынша Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға: 10 мемлекеттік қорықтар, 10 мемлекеттік ұлттық саябақтар; 3 табиғи резерваттар; 49 табиғи қорықшалар, 127 геологиялық табиғи-қорықтық қор, 5 қорықтық аймақ, 6 ботаникалық және 3 зоологиялық бақтар, 26 мемлекеттік табиғат ескерткіштері, 2 ірі резерват (Семей, Ертіс орманы) бар. Бұлардың жалпы аумағы 2 млн. га-дан астам. Бұл көрсеткіш республиканың жалпы жер аум-ның 8%-ына тең. Халықар. стандарт бойынша әрбір мемлекеттің жалпы жер аумағының 10 - 12%-ы Ерекше қорғалатын табиғи аумақтарға бөлінуі тиіс. Мыс., мұндай көрсеткіш Германияда 31, 5%, АҚШ-та 15, 8%, Жапонияда 14%, т. б. 2008 ж. Дүниежүзілік мұралар комитетінің 32-сессиясының шешімімен ЮНЕСКО-ның бүкіләлемдік табиғи мұралар тізіміне, Орт. Азия мен Қазақстан бойынша алғаш рет Қорғалжын қорығы мен Наурызым қорығы енгізілді.

  1. МЕМЛЕКЕТТІК ТАБИҒИ ҚОРЫҚТАР

Біздің елімізде ерекше корғалатын табиғи аумақтардың негізгі түрі - мемлекеттік табиғи қорықтар. Қорықтар ғылыми мекемелер қатарына жатады. Қорық аумағында ешқандай шаруашылық жұмыстары жүргізілмейді, онда тек ғылыми-зерттеу жұмыстары ғана жүргізіледі. Сондықтан қорық аумағында жоғары білімі бар арнайы мамандар ғылыми зерттеу жұмыстарымен айналысады. Қазір Қазақстанда 10 мемлекеттік табиғи қорық бар. Қорық аумағындағы барлық табиғат байлықтары түгелдей катаң түрде қорғалады. Сонымен бірге қорықтар белгілі бір экожүйелерді қорғау мақсатында арнайы ландшафтыльщ аумақтарда ұйымдастырылады. Мысалы, шөлді, далалы, су-батпақты және т. б. экожүйелердің қорықтары деп бөлінеді.

  1. Ақсу - Жабағылы қорығы

Орналасқан жері: Талас Алатауының (Батыс Тянь-Шань) солтүстік-батыс бөлігін және Өгем жотасын алып жатқан Қазақстандағы тұңғыш қорық. Жамбыл облысының Жуалы ауданы мен Түркістан облысының Түлкібас ауданы аумағында орналасқан.

Құрылған жылы: 1926 жыл

Ауданы: 128118 гектар

Өсімдіктер: мүктің 61, қынаның 58, жоғары сатыдағы өсімдіктердің 1400: дәрі-дәрмектік өсімдіктерден : қылша, сасыр, иманжапырақ, түйежапырақ, сарыағаш, шәйқурай, талас уқорғасыны, техникалық өсімдіктен: арша, рауғаш, итқұмық, таран, жеміс-жидектерден: жабайы алма, шетен, шие, қарақат, бүлдірген, жем-шөптік өсімдіктен: жоңышқа, кекіребас, бедебас, түлкіқұйрық, көде, сондай-ақ эндемик өсімдіктерден: майысқыш қияқ, талас қайыңы, ақшыл сары жоңышқа, қаратамыр, томағашөп, қандыгүл, реликті өсімдіктерден: жалған масақша, Минквиц кендіршесі, Қаратау сетені

Жануарлар: сүтқоректілердің 42 : арқар, таутеке, елік, марал, барыс, Тянь-Шань қоңыр аюы, борсық, сусар, т. б. ; құстардың 238 : гималай ұлары, кекілік, сақалтай, бүркіт, қара құтан, бозторғай, сарыторғай, ителгі, шымшық, т. б. ; бауырымен жорғалаушылардың 9 : алай жалаңкөзі, сарыбауыр кесіртке, қалқантұмсықты қара шұбар жылан, сұржылан т. б. ; қосмекенділердің 2 : жасыл құрбақа және көлбақа және балықтың 2 түрі.

  1. Алакөл қорығы

Орналасқан жері: Алматы облысының Алакөл және Шығыс Қазақстан облысының Үржар аудандарында орналасқан.

Құрылған жылы: 1998 жыл

Ауданы: 65672 гектар

Жануарлар: балықтардың 17, қосмекенділердің 2, бауырымен жорғалаушылардың 14, құстардың 324 және сүтқоректілердің 33 түрі кездеседі. Омыртқасыздардан инеліктердің 34 түрі бар.

Өсімдіктер: өсімдіктің 286 түрі өседі.

Алматы қорығы

Орналасқан жері: Іле Алатауының орталық бөлігі

Құрылған жылы: 1931 жыл

Ауданы: 71700 гектар

Өсімдіктер: өсімдіктердің 1300-ден аса түрі кездеседі, оның 112 түрі ағаштар мен бұталар.

Жануарлар: сүткоректілердің 40 : барыс, коңыр аю, тас сусар, марал, таутеке, арқар, елік, суыр, тиін, т. б., құстардың 200-дей түрі :самырсын құсы, шырша торғай, тоқылдақ, бұлбұл, үкі, кептер, қара және сары шымшық, құр, ұлар, қозықұмай, сушыл торғай, арша емен- тұмсығы, т. б., бауырымен жорғалаушылардан: алай кесірткесі, қалқан тұмсықты жылан; космекенділерден: көлбақа мен жасыл құрбақа кездеседі.

  1. Барсакелмес қорығы

Орналасқан жері: Арал теңізінің ортасындағы осы аттас жер

Құрылған жылы: 1939 жыл

Ауданы: 160 826 гектар

Өсімдіктер: 250-ден аса түрі

Жануарлар: бауырымен жорғалаушылардың 8 түрі (тасбақа, қалқантұмсықты жылан, қарашұбар жылан, жұмырбас кесіртке, жүрдек кесіртке, ысылдағыш жармасқы, т. б. ), жыл құсының 211 түрі (дуадақ, қылқұйрық, шіл, жылқышы, шүрілдек торғай, көк торғай, т. б. ) мекендейді.

  1. Батыс Алтай қорығы

Орналасқан жері: Кенді Алтайдың солтүстік-батыс бөлігінде Шығыс Қазақстан облысының Риддер (Лениногор), Зырян, Глубокое аудандарының аумағында Поперечное ауылының оңтүстік-шығысында табиғатты пайдаланудан алынып қойылған жерлерде орналасқан.

Құрылған жылы: 1992 жыл

Ауданы: 86122 гектар

Өсімдіктер: дәрілік шөптер өседі: қызғылт семізот - золотой корень, сафлор тәрізді левзей - маральи корень, шай тиынтағы - белошный корень, кәдімгі сәлдегүл (таушымылдық) - пион Марьин корень, ұсақ торлы жуа - черемша, колба және көптеген басқа өсімдіктер. . Қорық аумағында реликті (көне) қарағайлы ормандар - сібір самырсын қарағайы немесе сібір қарағайы

Жануарлар: бұлан, марал, елік, құдыр, қоңыр аю, құну, сілеусін, бұлғын, сасық күзен, аққалақ, қара күзен, кәмшат, тиін, шұбар тышқан, суыр, түлкі және әртүрлі кеміргіштер; құстардан: қара дегелек, тундра шілі, бүркіт, аққұйрық субүркіт бар.

  1. Қаратау қорығы

Орналасқан жері: Түркістан облысы аумағындағы Қаратау жотасының орталық бөлігінде, Кентау қаласынан 17 км жерде орналасқан.

Құрылған жылы: 2004 жыл

Ауданы: 34300 гектар

Өсімдіктер: тауда қаратау жусаны басым; сондай-ақ тікенекті шөптер және шала бұталар мен бұташықтардан кемпіршөп, сетен, көбенқұйрық, Регель тарбақайы, Қаратау маралтамыры, Қаратау жыланбасы, Қаратау кекіресі, Қаратау қауы, Қаратау томағашөбі, Грейг қызғалдағы, т. б. өседі; өзен жағалауын бойлай созылған тоғайларда түркістан доланасы, тұт, Сиверс алмасы, Семенов үйеңкісі кездеседі.

Жануарлар: Құстардың 118 түрі бар, Қызыл кітапқа енгізілген жыртқыш құстардан ителгі, бүркіт, жұртшы, бақалтақ қыран, жыланшы мен сақалтай; қосмекенділерден сарыбауыр қарашұбар жылан, жасыл құрбақа, көлбақа кездеседі; сонымен қатар "Қызыл кітапқа" енгізілген сүтқоректілердің 3 түрі (қаратау арқары, үнді жайрасы, тас сусары) осында қорғалады.

  1. Қорғалжын қорығы

Орналасқан жері: Ақмола облысы Қорғалжын ауданы

Құрылған жылы: 1968 жыл

Ауданы: 543171 гектар

Өсімдіктер: Қорық флорасы гүлді өсімдіктердің 443 түрін құрайды. Ағаштар жоқ, алайда бұталардың 12 түрі бар. Далада кейде қараған мен тобылғы да кездеседі. Қорғалжын қорығында сирек кездесетін өсімдіктердің 45 түрі қорғалады. Олардың арасында Шренк қызғалдағы, Қазақстанның Қызыл кітабына енген екі түсті қызғалдақ, көкшіл жуа, орал миясы, құмды цмин, дәрілік алтей, қара жусан, ақмия, бозы және дала шатырашы бар.

Жануарлар: Қорық аумағындақұстардың 354 түрін кездестіруге болады. Сонымен қатар сүтқоректілердің 41 түрі, бауырымен жорғалаушылардың 6 түрі, қос мекенділердің 2 түрі, балықтың 11 түрі бар. Қорықта қоңыздардың 300 түрі тіркелген. Мұнда алтын және бозша мөңкелер, шортан, аққайран, линь, алабұға және торта балықтар тіршілік етеді. Құстардан қызғылт қоқиқаз (фламинго) және жоғалуға айналған өзге де сирек құстар: бірқазан, тырна, савка және тарғақ кездеседі.

  1. Марқакөл қорығы

Орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысында, Оңтүстік Алтайдың шығысында Марқакөл қазаншұңқырында орналасқан.

Құрылған жылы: 1976 жыл

Ауданы: 102 971 гектар

Өсімдіктер: Қорықта 1000 аса жоғары сатылы өсімдіктер, оның ішінде 12 түрлі ағаш және 22 түрлі бұта бар. орманда, негізінен, Сібір балқарағайы, шырша, қайың, көктерек өседі.

Жануарлар: жорғалаушылардың 4 түрін, қосмекенділердің 2 түрін, 255 құс түрлерін және 58 сүт қоректі жануарлардың түрлерін анықтаған. Оардың келесі түрлері Қазақстандық Қызыл кітапқа енгізілген: қара құтан, қыран, суқұзғын, күміс шағала және кей кездері ақ барыс кездеседі. Жергілікті ормандарда түлкі, жолбарыс, қоңыр аю, қасқыр, маралдар мекендейді. Қорық құстардың молдығымен танымал - көкқұтан, қыран, суқұзғын, күміс шағала, скопа, аққұйрық субүркіт және тағы басқалары кездеседі.

  1. Наурызым қорығы

Орналасқан жері: Қостанай облысы Наурызым және Әулиекөл аудандарында орналасқан мемлекеттік қорық.

Құрылған жылы: 1931 жыл

Ауданы: 191 381 гектар

Өсімдіктер: мұнда жоғары сатыдағы өсімдіктердің 700-ге жуық түрі (қарағай, қайың, көктерек, тобылғы, тал, мойыл, қырыққұлақ, т. б. ) өседі.

Жануарлар: сүтқоректілердің 40-тан астам, құстардың 250-дей, қосмекенділер мен бауырымен жорғалаушылардың 3 және балықтардың 10-ға жуық түрлері тіршілік етеді; сондай-ақ, ор қоян, елік, борсық, түлкі, суыр, т. б. мекендейді; қорықтан аққу, безгелдек, дуадақ, ақ сұңқар, тарғақ сияқты саны жылдан жылға азайып бара жатқан құстарды кездестіруге болады.

Үстірт қорығы

Орналасқан жері: Маңғыстау облысыңдағы Қарақия ауданы

Құрылған жылы: 1984 жыл

Ауданы: 223 342 гектар

Өсімдіктер: бор рияңы, кәдімгі жұмсақ жеміс, хиуа сораңы, майда қатыран, берік сүттіген

Жануарлар: құстардан - бүркіт, жұртшы, ителгі, үкі, жорға дуадақ, лашын, қарабауыр бұлдырық, дала қыраны, қарабай, жылан жегіш қыран, қарақұс, қоқиқаз, сұр тырна, сақалтай, қылаң қарабас шағала, қылқұйрық бұлдырық, жалбағай, кішкене аққұтан ; бауырымен жорғалаушылардан - төрт жолақты қарашұбар жылан; сүтқоректілерден - арқар, қарақұйрық, қарақұлақ, сабаншы, итаю, шұбар күзен, шағыл мысығы, ақбауыр жарқанат.

  1. ҰЛТТЫҚ ТАБИҒИ САЯБАҚТАР

Ұлттық табиғи саябақтарда табиғат қорғау жұмыстарымен бірге табиғат қорғауды насихаттау, экологиялық білім мен тәрбие беру, туризмді үгіттеу жұмыстары қоса жүргізіледі. Елімізде 10 ұлттық табиғи саябақ ұйымдастырылған. Ұлттық табиғи саябақтар көбіне табиғаттың көрікті жерлерінде ұйымдастырылып, шаруашылық жұмыстарды табиғат қорғау жұмыстарымен үйлесімді жүргізуге ерекше мән беріледі.

Қазақстанда 10 ұлттық парк бар:

Ұлттық парк
Орналасқан жері
Ауданы
Құрылған жылы
№: 1
Ұлттық парк: Алтынемел
Орналасқан жері: Жетісу Алатауының оңтүстік сілемдерінің арасында орналасқан
Ауданы: 307653, 35 га
Құрылған жылы: 1996 жыл
№: 2
Ұлттық парк: Баянауыл
Орналасқан жері: Павлодар облысы, Баянауыл ауданы
Ауданы: 68452, 8 га
Құрылған жылы: 1985 жыл
№: 3
Ұлттық парк: Бурабай
Орналасқан жері: Ақмола облысы
Ауданы: 129299 га
Құрылған жылы: 2000 жыл
№: 4
Ұлттық парк: Бұйратау
Орналасқан жері: Орталық Қазақстан
Ауданы: 88968 га
Құрылған жылы: 2011 жыл
№: 5
Ұлттық парк: Жоңғар Алатауы
Орналасқан жері: Қазақстанның шығыс бөлігіндегі тау, Жоңғар тау жүйесінің солтүстік және солтүстік-батыс жалғасы болып табылады.
Ауданы: 356022 га
Құрылған жылы: 2010 жыл
№: 6
Ұлттық парк: Қатонқарағай
Орналасқан жері: Шығыс Қазақстан облысы, Қатонқарағай ауданы
Ауданы: 643477 га
Құрылған жылы: 2011 жыл
№: 7
Ұлттық парк: Көкшетау
Орналасқан жері: Солтүстік Қазақстан және Ақмола облыстарымен Айыртау мен Зеренді аудандарының аймағында
Ауданы: 182076 га
Құрылған жылы: 1996 жыл
№: 8
Ұлттық парк: Көлсай көлдері
Орналасқан жері: Алматы облысы
Ауданы: 161045 га
Құрылған жылы: 2007 жыл
№: 9
Ұлттық парк: Қарқаралы
Орналасқан жері: Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы
Ауданы: 112120 га
Құрылған жылы: 1998 жыл
№: 10
Ұлттық парк: Сайрам - Өгем
Орналасқан жері: Түркістан облысы
Ауданы: 149037, 1 га
Құрылған жылы: 2006 жыл
№: 11
Ұлттық парк: Шарын
Орналасқан жері: Алматы облысының, Ұйғыр, Еңбекшіқазақ, Райымбек аудандырында, Ұйғыр аудандары
Ауданы: 127050 га
Құрылған жылы: 2004 жыл
№: 12
Ұлттық парк: Іле Алатауы
Орналасқан жері: Алматы облысы Қарасай, Талғар, Еңбекшіқазақ аудандарының аумағында орналасқан.
Ауданы: 198669 га
Құрылған жылы: 1996 жыл
  1. ТАБИҒИ РЕЗЕРВАТТАР

Мемлекеттiк табиғи резерват - табиғи кешендердiң биологиялық саналуандығын және олармен байланысты табиғи және тарихи-мәдени объектiлердi күзетуге, қорғауға, қалпына келтiруге және сақтауға арналған жердегi және судағы экологиялық жүйелердi қамтитын табиғат қорғау және ғылыми мекеме мәртебесi бар ерекше қорғалатын табиғи аумақ. Резерваттар міндеті (орман, батпақ, орнитологиялық және т. б. ) мен режімі бойынша сараланады:

  • басқарылмайтын резерват - мұнда табиғи процестер адамның ешқандай араласуынсыз өзінен-өзі табиғи негізде реттеледі.
  • басқарылатын резерват - қорғалу режімі бойынша қорыққа жақындау келеді.

Қазақстанда қазіргі уақытта 5 резерват ұйымдастырылған.

  1. Ертіс орманы резерваты

Павлодар облысындағы Шарбақты мен Аққулы (Лебяжье) аудандарында орналасқан резерват. Ол 2003 жылы 22 қаңтарда құрылды. Резерват ауданы 277961 га, соның ішінде 117816 га - Шарбақты ауданы, 160145 га - Аққулы ауданына тән. Резерват орналасу аймағының гидрологиялық ерекшелігі - өзендердің, бұлақтардың болмауы. Мұнда сүтқоректілердің 40 түрі, құстардың 200 түрі мекендейді. Мысалы: қарақұйрық, елік, түлкі, ақ қоян және қоңыр қоян, қасқыр, сілеусін, т. б. Өсімдіктерден қайың, қарағай, көктерек, жусан.

  1. Семей орманы резерваты

Шығыс Қазақстан облысындағы Бесқарағай, Бородулихинский, Жарма, Абай, Аягөз, Тарбағатай аудандар аумағын қамтиды. Ол 2003 жылы 22 қаңтарда құрылды. Резерват ауданы 654 179, 8 га. Жануарлардан бұлан, елік, қасқыр, түлкі, борсық; құстардан бозторғай, кекілік, дала бүркіті, дала ителгісі кездеседі.

  1. Ырғыз - Торғай резерваты

Ырғыз-Торғай резерваты - Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданында орналасқан мелекеттік резерват. Ауданы 763 549 га. “Ырғыз-Торғай” табиғи резерватын құ­рудағы негізгі мақсат - киік санын кө­бей­ту. Резерват ашылған кезде, яғни 2007 жы­лы осы аумақта 7 мыңға жуық киік болған. Қазіргі кезде 45 мың киік бар. Резерват территориясы географиялық ерекшелігіне байланысты екі учаскеге бөлінген.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Табиғат қорғауға арналған резерваттар
Табиғатты қорғауға арналған резерваттар
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ЕРЕКШЕ ҚОРҒАЛАТЫН ТАБИҒИ АУМАҚТАРЫ
Экологиялық туризм жүйе ретінде
Экотуризмды дамыту жолдары
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар жайлы ақпарат
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы ақпарат
Қазақстан Республикасындағы ерекше қорғалатын аумақтар
Экологиялық білім берудегі этикалық және эстетикалық проблемалар туралы мәлімет
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz