Жеке адамның денсаулығына қарсы қылмыстардың түсінігі және жіктелуі
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
1.1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың сипаттамасы және жіктелуі ... ... ... 5
1.2 Денсаулыққа байланысты тағайындалатын жаза түрлері ... ... ... ... ... ..23
2. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ҚҰРАМДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ЕРЕКШЕЛІГІ, ЖӘНЕ САРАЛАУ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.1 Денсаулыққа қасақана ауыр, орташа, жеңіл зиян келтіру түсінігі ... ... ... .32
2.2 Денсаулыққа қасақана басқада зиян келтіру түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ...36
2.3 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды саралаудың маңызы ... ... ... ... ... ... ... .42
3. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ БАПҚА БӨЛУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .48
3.1 Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру “108 бап” Қылмыстық кодекс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 48
3.2 Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр дене жарақатын келтіру “110 бап” Қылмыстық кодекс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
3.3 Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру “111 бап” Қылмыстық кодекс ... ... 51
3.4 Қорқыту“112 бап” Қылмыстық кодекс ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .52
3.5 Соз ауруларын жұқтыру “115 бап” Қылмыстық кодекс ... ... ... ... ... ... ... ..55
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...58

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 57 бет
Таңдаулыға:
Жоспар
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ
ЖІКТЕЛУІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... .5
1. Жеке адамға қарсы қылмыстардың сипаттамасы және
жіктелуі ... ... ... 5
2. Денсаулыққа байланысты тағайындалатын жаза
түрлері ... ... ... ... ... ..23
2. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАР ҚҰРАМДАРЫНЫҢ ТҮСІНІГІ, ЕРЕКШЕЛІГІ, ЖӘНЕ
САРАЛАУ МАҢЫЗЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 32
2.1 Денсаулыққа қасақана ауыр, орташа, жеңіл зиян келтіру
түсінігі ... ... ... .32
2.2 Денсаулыққа қасақана басқада зиян келтіру
түсінігі ... ... ... ... ... ... ... ... ... 36
2.3 Денсаулыққа қарсы қылмыстарды саралаудың
маңызы ... ... ... ... ... ... ... . 42
3. ДЕНСАУЛЫҚҚА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ БАПҚА БӨЛУ
ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ..4 8
3.1 Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру “108 бап”
Қылмыстық
кодекс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ..48
3.2 Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр дене жарақатын
келтіру “110 бап” Қылмыстық
кодекс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... .50
3.3 Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру “111 бап” Қылмыстық кодекс ... ... 51
3.4 Қорқыту“112 бап” Қылмыстық
кодекс ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... 52
3.5 Соз ауруларын жұқтыру “115 бап” Қылмыстық
кодекс ... ... ... ... ... ... ... . .55
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .57
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ..58
КІРІСПЕ
Денсаулық – адамнаң ең қымбат та, асыл да, ардақты қазынасы. Яғни
денсаулық адам үшін ең маңызды байлық деп есептелінеді. Сол байлыққа
ешкімнің де қол сұғуына немесе зиян келтіруіне жол берілмейді.
Жалпы Қазақстан Республикасының заңнамасында адам денсаулығына
байланысты тек Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 30 тамыздағы
қабылданған Конституциясында емес, сонымен қатар қылмыстық құқықтың арнайы
жүйелерінде де көруге болады. [1]
Сонау ерте кезеңдегі мемлекеттерде денсаулыққа қарсы қылмыстар ең ауыр
қылмыстар қатарына жатқызылған. Мысалыға алар болсақ қанға қан, жанға жан
принціпі, немесе ақшамен сатып алу қарастырылған.
Осы жоғарыда айтылған негіздер бойынша мысалға алатын болсақ, құқықтық
дамудағы ең ежелгі және көне хаммурапи кодексін алуға болады. (біздің
эрамазға дейінгі 1792-1750жылдар).
Хаммурапи кодексіндегі 196-214 баптар денсаулыққа қарсы қылмыстар және
медецина қызметі саласындағы денсаулыққа зиян келтіру де қамтылған.
Ал жазалауда талион принціпі бойынша жүзеге асырылған.
Ежелгі үнді халқында қоғамдық қатынас , жалпы айтқанда қоғам. Сасловян
қалыптасқан ежелгі үнді мемлекетінде денсаулыққа қарсы қалмыстар да ең
негізгі қылмыс ретінде қалыптасқан.
Сонымен қатар орта ғасырларда Руси (Русская правда), сонымен бірге
батыс Еуропада (Салическое право(государства франков), Франция мемлекетінде
(Кутюмы Бовези), Германияда (Саксонское зерцало), “Швабское зерцало”,
“Пандектное право”, “Каролина”, Англияда “Общее право”, “Право
справедливости” денсаулыққа зиян келтіргені үшін осы жүйелерде ақша
қаражатымен өтейтін болған[www. Tejilu. Em.@. ru].
Бертін келе денсаулыққа зиян келтіру қылмыстық әрекет болып саналды,
және сол әрекет үшін қамауға, яғни түрмеге қалатын жүйе қалыптасты.
Нақтырақ өз дипломдық жұмысымның өзектілігі жайлы айтар болсам,
денсаулыққа келтірілетін зиянның қазіргі қоғамымызда қаншалықты және қандай
статистикалық дәрежеде кездесетіндігін айқындап беру. Сонымен қатар осы
дипломдық жұмысыммен осы көрсетілген қылмыстың қоғамға жат қылығы
екендігін дәлелдеп көрсету.
Сонымен қатар қоғамдағы болып жатқан көптеген жеке адамның өмірі мен
денсаулығына бағытталған қылмыстарды айқындап, дәлелдей білу қажеттілігін
арттыру.
Ал жұмысымның негізгі мақсатына келіп тоқталатын болсам денсаулыққа
келтірілетін зиянның адам өміріне өте қауіпті екендігін және осы дипломдық
жұмысым арқылы сол қылмыстардың айқын көрінісін ашып оны дәлелдеп беру.
Осы көзделген мақсаттарға жету үшін алдыға қойылған міндеттерді орындау
қажет.
Нақтырақ айтар болсақ қылмыстырдың, яғни адам денсаулығына қарсы
қылмыстардың алдын алу, олардың жолын кесу, болдырмау сол сияқты көптеп
қалыптасқан деректер мен мағлұматтарды ашып, олардың нақты дәлелдемелерін
қарастыру. Осы қойылған мақсаттарды мен дипломдық жұмысымның негізгі
ьарысында айқындап, объективті түрде ашып қарастырдым деуге болады.
Дипломдық жұмысымның маңыздылығы келекшек заңтану мамандығындағы
студент қауымына, сонымен қатарзаңгер қауымының осы қылмыстарды болдырмауға
және алдын алуға, жолын кесуге өз үлестерін қосуға шақыру деп білемін.
Сонымен қатар тек жоғарыда айтылған мақсаттар мен қатар мен өз
дипломдық жұмысмның зерттеу пәнін де қарастырып өтуді жөн көрдім. Зерттеу
пәні ретінде қазіргі кездегі жеке адамның денсаулығы мен өміріне тікелей
қатысты қылмыстарды өткен жылдармен салыстыра отырып, олардың көбеюін
немесеазайуын қарастырып, оларды басқа мемлекеттің статистикасымен
салыстыру болып табылады. [2]
Ал сонымен қатар дипломдық жұмысымда жоғарыда атап айтқанымдай зерттеу
пәнін қарастыра отырып, зерттуедің мына төмендегі әдістерін қарастырдым.
Олар статистикалық мағлұматтарды өткен жылдармен салыстыру, шет мемлекеттің
қылмыстарымен салыстыру. Яғни осы әдістермен біз зерттеу әрекеттерін жүзеге
асырамыз деген сөз.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытынды және
қолданылған әдебиеттерден тұрады.
1. ЖЕКЕ АДАМНЫҢ ДЕНСАУЛЫҒЫНА ҚАРСЫ ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖІКТЕЛУІ
1.1 Жеке адамға қарсы қылмыстардың сипаттамасы және жіктелуі
Адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтары мемлекет арқылы
қорғалады. Казақстан Республикасының Конституциясының II бөлімі осы
мәселеге тікелей арналған. Конституцияның 1-бабында "ең қымбат қазына —
адам және адамның өмірі, кұкықтары мен бостандықтары",— деп жарияланған.
Осыған орай, Қазакстан Республикасындағы барлық құқық салалары, оның ішінде
Қылмыстық құқықта адамды қорғауды өзінің міндеті деп санайды. Қазақстан
Республикасының Кылмыстық кодексінің 2-бабында адам мен азаматтың
кұқықтары, бостандықтары мен занды мүдделерін қорғау ең басты міндет
ретінде көрініс тапқан.
Қылмыстық құқықтан негізгі мәселелердің бірі қылмыстың ұғымын анықтау
болып табылады. Жеке адам мен қоғам арасындағы қақтығыстардың қайсысының
қоғамға қауіптілік дәрежесінің басым екендігін анықтау және оған осы
мәселеде қылмыстық құқылық шараларды қолдану арқылы осы қатынастарды реттеу
— қылмыстық заңның негізгі міндетгерінін бірі болып табылады. Қылмыс әр
уакытта да белгілі бір іс-әрекеттің (әрекет немесе әрекетсіздіктің)
көрінісі болып табылады. Заң шығарушы осыңдай тұжырымдарға келе отырып,
қылмыстын әр уақытта да адамнын, нақты іс-әрекетінің, мінез-құлқының сыртқа
шыққан көрінісі екенін атап көрсетеді. [3]
Адамның кұқыққа қайшы мінез-құлқы белсенді әрекет күйінде немесе
әрекетсіздік күйде болуы мумкін. Бұл жерде әрекет дегеніміз адамның
қылмыстық заң тыйым салған нәрселерді істеуі, ал әрекетсіздік дегеніміз
адамның зан, нормативтік актілер, нұсқаулар немесе арнаулы жарлықтар,
бұйрықтар бойынша өзіне жүктелген міңдетін орындамауы болып табылады.
Адамның қылмысқа қайшы немесе оған қайшы емес мінез-құлқы оның ойлау
жуйелері арқылы, содан соң белгілі бір іс-әрекеттер арқылы көрініс береді.
Ондай нақты іс-әрекеттер арқылы көрініс таппаған, жүзеге аспаған ойлар,
пікірлер соншалықты катерлі болғанына қарамастан, қылмыс болып табылмайды.
Белгілі бір іс-әрекет арқылы жүзеге асырылмаған адамның ниет-мақсаттары
қоғамға қауіп туғызбайтындықтан қылмыстық құқық реттеу саласына жатпайды.
Қылмыстық құқық ғылымында бұл мәселе туралы бірауыздан осылай тұжырым
жасалған.
Қылмыс құқылық құбылыс регінде осы құбылыстың мәнді жақтарын
бейнелейтін белгілі бір белгілермен сипатталады. Қолданылып жүрген
кылмыстық занға сәйкес қылмыстың түсінігі заңның өзінде көрсетіледі.
Бұрынғы кеңестік жүйеде қылмыстың ұғымы алғаш рет 1919 жылы РСФСР-дың
Қылмыстық құқық жөніндегі басшылық негіздеріңде (5-бап); Қылмыстық
құқықпен қорғалатын қоғамдық қатынастар төртібін бұзушылық қылмыс деп
танылады делінген. РСФСР-дын 1922жылғы Қылмыс кодексінде Қылмыс дегеніміз
кез келген қоғамға кауіпті әрекет немесе әрекетсіздік деген ұғыммен
тұжырымдалады.[4]
1924 жылы КСРО және одақтас республикалардын қылмыстық зандарының
негізгі бастамаларында қылмыс туралы ұғымға арнаған бап болған жоқ. 1926
жылғы РСФСР Қылмыстық кодексінде қылмыс дегеніміз қоғамға кауіпті іс-
әрекет деп көрсетіледі (1-бап). Бұл жерде кеңестік кұрылысқа немесе құкық
тәртібіне бағытталған әрекет немесе әрекетсіздік коғамға кауіпті деп
жарияланды.
Дуюнов В.К. Цветинович А.Л. Дополнительные наказания: теория и
практика. Фрунзе., 1986 .– 350 с.
КСРО және одақтас республикалардың 1958 жылғы қылмыстық зандардың
негізінде Қылмыстық заңда көзделген, оның саяси және экономиалық
жүйелеріне, социалистік меншігіне, азаматтардың жеке басына, саяси, еңбек,
мүліктік және басқа да құқықтары мен бостандықтарына қиянат жасайтын
коғамдық қауіпті іс-әрекет (әрекет немесе әрекетсіздік), сондай-ақ
социалистік кұкық тәртібіне қиянат жасайтын қылмыстык, заңда көзделген
қоғамдық қауіпті іс-әрекет қылмыс деп табылады делінген. Дәл осындай
анықтама бұрынғы Одаққа кірген Одақтық республикалардың, оның ішінде 1959
жылы 22 шілдеде қабылданған Қазак КСР Қылмыстық кодексінде де (7-Заң)
берілді. 1997 жылы жаңа Қылмыстық кодекс қабылданды. Осы Кодексте
өмірімізде, қоғамда орын алған елеулі әлеуметтік-экономикалық, саяси
өзгерістерге сәйкес қылмыстың жана ұғымы берілген. Оңда жазалау қатерімен
тыйым салынған айыпты қоғамға қауіпті әрекет (іс-әрекет немесе
әрекетсіздік) қылмыс деп таныладыделінген (9-бап). Осы анықтамадан
қылмыстық құқыққа қайшылық, қоғамға қауіптілік, кінәлілік. жазаланушылық
қылмыстың белгілері екендігі көрініп тұр.
Қазақстан Республикасынын Кылмыстық кодексі Ерекше бөлімінін тиісті
баптарының диспозицияларында жекеленген қылмыс кұрамдары арнаулы
көрсетілген. Қылмыстық құқықта қылмыстың осы нақты құрамдарына қарсы іс-
әрекет істеуді құқықа қайшылық деп атау қалыптасқан.
1960 жылға дейінгі қолданылған Қылмыстық кодекстерде ұқсастығы бойынша
яғни қылмыстық заң нормасында әдейі көрсетілмеген іс-әрекеттерге де сонда
көрсетілген соған ұқсас, жақын нормаларды қолдануға жол берілген еді. Мұның
өзі заңды бұзуға және осы мәселеде бейберекетсіздікке кетушілікке әкеліп
соқтырды. Қазақстан Республикасының 1995 жылғы жана Конституциясында,
осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте қылмыстык занды ұқсастығы бойынша
қолдануға жол берілмейді делінген.[5]
Адамның қылмыстық құқылық норма тыйым салған іс-әрекеттерді істеуін
қылмыстық кұқыққа қайшылық деп атаймыз.
Адамның қылмыстық заң тыйым салмаған, осы занда көрсетілмеген іс-
әрекеттерді істеуін қылмыс қатарына жатқызуға болмайды. Тек заң шығарушы
ғана белгілі бір іс-әрекетті қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін
онын мәнді белгілерін анықтайды. Қылмыстық құқыққа қайшылықтын міндетті
белгісі болып осы заңда көрсетілген іс-әрекетті істеген жағдайда нақты
нормада көрсетілген қылмыстық құқылық санкция белгілеген жазанын белгілі
бір түрінің тағайындалуы болып табылады. Іс-әрекеттін, қылмыстық құқыққа
қайшылығын белгілеген тиісті заңның жарияланған уақытынан бастап ондай іс-
әрекеттер қылмыс қатарына жатады. Мұндай ретте мемлекет осындай іс-
әрекеттермен қылмыстық құқылық норма арқылы күрес жүргізуге мүмкіндік
алады. Керісінше, белгіленген тәртіппен күші жойылған қылмыстық-құкылық
норма қылмыс қатарынан шығарылады. Ондай іс-әрекеттер қылмыс деп
саналмайды. Мысалы: елімізде нарықтық қатынастардың дамуына байланысты
Қылмыстық кодекстен алыпсатарлық деген қылмыс құрамы қатарынан алынып
тасталды. Бұрын қылмыс қатарында жоқ жалған банкроттық, табысты жасыру,
салық төлемегені үшін қылмыстық жауаптылықты белгілейтін көптеген жаңа
нормалар пайда болды.
Қылмыстың негізгі сапалық белгісі оның қоғамға қауіптілігі болып
табылады. Бұл белгі қылмыстың материалдық мәнін білдірумен бірге не себепті
осы немесе басқадай іс-әрекеттер қылмыс болып табылатының түсіндіреді.
Қоғамға қауіптілік белгісінің болуының өзі іс-әрекеттің қоғамдық
қатынастарға зиян келтіруін немесе зиян келтіру қаупін туғызатынын
білдіреді.[6]
Қоғамға қауіптілік — қылмыстың объективтік белгісі. Ол заң шығарушының
санасына және еркіне байланыссыз қоғамдық қатынастарға зиян келтіреді және
өзінің ішкі мәні жөнінен қоғамның бір қалыпты өмір сүру шарттарына қайшы
болады. Зан, шығарушының міндеті сол кезенде, дәуірде, қоғамның өмір сүру
жағдайларын дұрыс бағалап, осыған байланысты іс-әрекеттің қайсысының қылмыс
қатарына жататыны туралы шешім қабылдау болып табылады.
Кылмыстық кодекстің 2-бабында коғамға қауіптіліктің сипаттамасы
қылмыстық занда көзделген адам мен азаматтын кұкықтарына, бостандықтары мен
занды мүдделеріне, ұйымдардың құкықтары мен занды мүдделеріне, қоғамдық
тәртіп пен қауіпсіздікке, табиғи ортаға т. б. қиянат жасап қол сұғатын
қылмыс объектілерін тізбектеп көрсету арқылы берілген. Бірақта қоғамға
қауіптілік қылмыс қол сұғатын объектілерді көрсету арқылы ғана
тұжырымдалмайды. Бүл қылмыстың коғамға қауіптілігін сипаттайтын мәнді
жақтарының бірі ғана.
Қоғамға қауіптілік қоғамға зиянды іс-әрекеттің өзінің тікелей
ерекшелігіне, оны істеу уақыты, орны, тәсілі, жағдайына байланысты болуы
мүмкін. Мысалы: тиісті рұқсат етілмеген немесе тыйым салынған жерлерде
(ерекше қорғалатын табиғи аумақтар, төтенше экологиялық, аймақтар) не тыйым
салынған құстар мен андарға қатысты аң ауланса, ол заңсыз болып табылады
(288-бап, 1-бөлігі). Төтенше жағдайлар кезінде тыйым салынған ереуілге
басшылық жасау, кәсіпорынның, ұйымның жұмысына кедергі келтіру қылмыс болып
табылады (335-бап). Іс-әрекет арқылы келтірілген немесе келтірілуі мүмкін
зиян қоғамға қауіптіліктің көлемін айқындайтын негізгі бір белгі болып
табылады. Кейбір іс-әрекеттер әрекет немесе әрекетсіздіктің істелген
уақыттан бастап, өзінің қаңдай зиян келтірілгеніне қарамастан, қоғамға
қауіпті болады.
Басқалары қылмыстық занда көрсетілген зардаптар болған жағдайда ғана
қоғамға қауіптілік сипатына ие болады. Іс-әрекеттің қоғамға қауіпті және
қылмыс қатарына жатқызуға мүмкіндік беретін зардаптың сипаттамасын зан
шығарушы әр түрлі етіп бейнелеуі мүмкін. Кейбір реттерде қылмыстың зардабы
қылмыстық заңнын өзінде дәлме-дәл көрсетіледі. Мысалы, денеге жарақат салу,
материалдық залал келтіру, ауыр зардаптың болуы т. б.[7]
Келтірілген дене жарақатының ауырлығына орай денсаулыққа қасақана ауыр
зиян келтіру (103-бап), денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян
келтіру (104-бап), денсаулыққа қасақана жеңіл знян келтіру (105-бап) болып
бөлінеді. Басқа жағдайларда, зардаптың әр түрлі болып келетіндігін
ескеріп, заң шығарушы оның бәрін нақтылап жатпайды, оларды зиян келтіру
(142-бап), ірі мөлшер (175-бап), ауыр зардап келтіру (181-бап, 3-бөлігі,
б тармағы), т. б. деп жалпылама береді. Мұндай жағдайларда зардаптың осы
көрсетілген мөлшерін анықтау нақты жағдайларда орындалған фактіге
байланысты шешіледі. Кылмыстың қоғамға қауіптілігі қылмыстық ниет және
мақсат сияқты оның белгілсріне де байланысты.
Мысалы, қылмыстық іс қозғау мақсатымен қылмыс істеді деп көрінеу өтірік
хабарлау. Егер мұндай іс-әрекетті пайдақорлық мақсатпен істесе хабарлау
әрекеті күшейтілген қылмыс түрі болып табылады. Кейбір реттерде қоғамға
қауіптілік іс-әрекетгі істеген адамның ерекшелігіне де байланысты
анықталады. Қайсыбір іс-әрекеітер оны істеген адамның жәбірленушімен ерекше
қатынаста болуына байланысты қылмыс деп танылады. Мысалы, айыптының
материалдық жөнінен немесе басқа реттен тәуелді адамға қатал қарауы,
қудалауы немесе қорлауы салдарынан жәбірленушінің өзін-өзі өлтіру халіне
жеткізілуі (102-бап). [8]
Кейде субъектінің ерекше жағдайы қылмыстың қоғамға зияндылығын
үдетеді. Мысалы: жауапты мемлекеттік қызметтегі лауазымды адамның пара алуы
(311-бап, 3-бөлігі). Қылмыстық кұқық ғылымы қоғамға қауіптіліктің сапалық
және сандық жақтарын бөліп қарайды. Қылмыстық кодекстің 52-бабында жаза
тағайындаудың жалпы негіздерін анықтай отырып, сот жазаны тағайындауда
істелген қылмыстын сипатын және қоғамға қауіптілік дәрежесін есепке алу
қажеттігін көрсетеді. Мұның өзі қылмыстың сипатын қылмыстық сапалық, ал
дәрежесін — сандық сипатгамасы деп түсінуді білдіреді. Сипатына қарай
коғамға қауіптілік экономикалық және зорлық қылмыстары, қасақана және
абайсыздық, жеке адамға, меншікке қарсы қылмыстар болып бөлінеді. Қоғамға
қауіптілік сипаты қылмыстың объектісі бойынша анықталады.
Объектілердің тізбегі Қылмыстық кодекстін 2-бабында көрсетілген,
Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімі топтық объектілері белгілері бойынша
тарауларға бөлінеді. Яғни, Қылмыстық кодекстің Ерекше бөлімінің жүйелері
топтық объектілерінін, маңыздылығына қарай рет-ретімен орналасқан. Қоғамға
қауіптіліктін сипатының тағы бір көрсеткіші келтірілген зиян болып
табылады. Материалдық, моральдық зиян күш қолдану, қорқыту арқылы
келтіріледі. Келтірілген залалға байланысты қылмыс қоғамға қауіптілік
сипатына қарай мүліктік, ұйымдастырушылық, жалпыға қауіпті және зорлықпен
жасалатын қылмыстар деп бөлінеді. Қоғамға қауіптілік сипаты одан әрі
кінәнің нысаңдары арқылы анықталады. Қасақаналықпен жасалатын қылмыстардың
абайсыздықпен істелетін қылмыстарға қарағанда коғамға қауіптілік сипаты
едәуір ауыр. [9]
Мысалы, кісіні ауырлататын жағдайда қасақана өлтіргені үшін 10 жылдан
20 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға не мүлкін тәркілеу
арқылы немесе онсыз өлім жазасына, не мүлкін тәркілеу арқылы немесе онсыз
өмір бойы бас бостандығынан айыруға жазаланады (96-бап, 2-бөлігі), ал
абайсызда кісі өлтіру (101-бап, 1 -бөлігі) үш жылға дейінгі мерзімге бас
бостандығынан айыруға жазаланады. Кінәнің нысандарын анықтау қылмыстың
қоғамға қауіптілігінің сипатын осылай белгілеуде маңызды роль атқарады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіпті екенін
ұғынып, онын қоғамдық қауіпті зардаптары болуының мүмкін екенін немесе
болмай қоймайтынын алдын ала білсе және осы зардаптардын, болуын тілесе,
қылмыс тікелей ниетпен жасалған қылмыс деп танылады.

үғынып, оның қоғамдық қауіпті зардаптары болуы мүмкін екенін алдын ала
білсе, осы зардаптардың болуын тілемесе де оған саналы түрде жол берсе, не
бұған немкұрайды қараса, қылмыс жанама ниетпен жасалған деп танылады (20-
бап).
Менмендікпен немесе немкұрайдылықпен жасалған әрекет абайсызда жасалған
қылмыс деп танылады.
Егер адам өз іс-әрекетінің (әрекетсіздігінің) қоғамға қауіп туғызуы
мүмкін екенін алдын ала білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерсіз
женілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалған
қылмыс деп танылады.
Егер адам қажетті ұқыптылық пен сақтық, болғанда ол зардаптарды болжап
білуге тиіс және болжап біле алатын бола тұра өз іс-әрекетінің
(әрекетсіздігінің) қоғамдық қауіпті зардаптарының болуы мүмкін екенін
болжап білмесе, қылмыс немқұрайды жасалған болып табылады.
Қылмыстың зардабы қаншалықты ауыр болғанына қарамастан, егер оны
істеген адамнын, іс-әрекетінде кінәнің белгілі бір түрі болмаса, ол
қылмыстық жауапқа да, жазаға да тартылмайды. Кінәсіз қылмыс та, жаза да
жоқ.
Кылмыстың тағы бір міндетті белгілерінің бірі қылмыстық жолмен
жазаланушылық болып табылады. Өйткені, қылмыс дегеннін, өзі, қылмыстық заң
жазамен корқытып тыйым салған әрекет немесе әрекетсіздік болып табылады.
Мұның өзі қылмыс құрамы туралы сипаттама басқадай құқылық актілерде емес,
тек қылмыстық заңда ғана көрсетілетіндігін және осы іс-әрекет үшін
қылмыстық заңның санкциясында жазалау қатері қарастырылатының көрсетеді.
Бұл жерде нақты істелген қылмыс үшін қолданылатын жаза мен қылмыстық құқық
нормасының санкциясында көрсетілген жазалау қатері, жазалау мүмкіндігі
туралы түсініктерді шатастыруға болмайды. Жазалау қатерімен қорқытып тыйым
салу қылмыстың белгісі болып табылады. Нақты қылмыс істеген адамға жаза
тағайындамау немесе оны қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатып, оған
қоғамдық ыкпал ету шараларын қолданғанда, оның іс-әрекеті қылмыс қатарынан
шығып қалмайды. Өйткені, жазалаушылық қылмыстың белгісі ретінде істелген
әрбір қылмыс үшін жаза тағайындалуы мүмкін екендігін, сол себепті қылмыстық
заңға қайшы іс-әрекеттерді істеуге жазалау қатері тыйым салады. Нақты
өмірде қылмыс істелгенімен, егер ол ашылмай қалса оған жаза тағайындалмай
қалады. Кейде қылмыс ашылғанымен, сот оңдай қылмысқа заңда белгіленген
негіздермен жаза тағайындауды қолданбауы да мүмкін. Демек, қылмысты жазалау
қатерімен тыйым салу қылмыстың белгісі, ал жаза тағайындау немесе
тағайындамау іс-әрекетгің зардабының көрінісі болып табылады.
Сонымен, біз қылмыстың қоғамға қауіпті, кінәлі, құқыққа қайшы және
жазалаушылық сияқты қажетті белгілері бар екендігін әсте естен шығармауымыз
керек. Осы белгілер арқылы қылмысты іс-әрекетті басқа да құқық бұзушылықтан
ажыратамыз.[10]
Бірақ топтық және тікелей объект белгісіне сәйкес бұл қылмыс кұрамы
(абайсызда кісі өлтіру) жеке адамға қарсы қылмыс үшін жауаптылық көзделген
тарауда орналасқан. Өмірге қарсы қылмыстың, соның ішінде адам өлтірудің де
тікелей объектісі адамның өмірі болып табылады. Заң жасына және денсаулық
жағдайына қарамастан кез келген адамның өмірін бірдей қорғайды. Адам өмірі
нәрестенің туған сәтінен, яғни анасының денесінен бөлініп шығып, алғаш
тыныс алуы арқылы оның өкпесінің жұмыс істеген уақытынан басталады. Бұл
құбылыс нәрестенің алғашқы айқайынан, дыбыс беруінен басталады. Өлім адам
өмірінің соңғы сәті болып табылады. Өлім клиникалық және биологиялық болып
екіге бөлінеді. Тыныс алуы мен қанның айналысы тоқтағаннан кейін 5-6 минут
шамасында клиникалық өлім сатысы басталады. Адам денесінің салқындауына
байланысты бұл кезең 10 немесе одан да көбірек минутқа созылады. Өлудін
соңғы кезеңі — биологиялық өлім, орталық нерв жүйесі қызметінің істен
шығуына байланысты мидың өлуі басталады. Адамның басқа органдары мен
тіндерінін өміршеқтік белгілері біразға жалғасқанымен, мидың өлуі адам
өмірінің соңғы сәті болып табылады. Яғни адам өмірінің соңғы сәті —
биологиялық өлім.
Адам өлтірудің объективтік жағы басқа адамды өмірінен заңсыз айырумен
көрінеді. Қылмыстың аяқталуы үшін адамды өмірінен айыруға бағытталған іс-
әрекеттің және сонын зардабынан адам өлуінің арасындағы себептік
байланыстын болуын айқындау қажет.
Адам өлтіру негізінен әрекет арқылы жүзеге асырылады. Адам өлтірудің
көпшілігі осылайша жасалады. Кінәліның оқпен атылатын және суық қарудың,
өзге де заттарды пайдалануымен, уландыру, жарылыс жасау, басқа да әдістерді
қолдануы арқылы адам өмірінен айырылады. Әдетте жүрек-қан тамырлары жүйесі
ауруларынан зардап шегетін адамдарды жүйкесіне зақым келтіру жолымен
өмірінен айыру әдебиеттерде мысал ретінде келтіру жиі кездеседі. Соңғы
уақыттарда адам жүйкесіне әсер ету нысандары мен әдістерінің көбейе
түсуінің нәтижесінде психикалық әсер ету жолымен адам өлтіру мүмкіндігі
одан әрі кеңейе түсуде.[11]
Адам өлтіру — материалдық құрамға жататын қылмыс.
Адам өлтірудің субъективті жағы — Қылмыстық кодекстін, 96-бабына сәйкес
тек қана қасақаналықпен жүзеге асырылады. Адам өлтіру кезінде қасаканалық
тікелей және сол сияқты жанама болуы да мүмкін. Тікелей қасақаналық кезінде
кінәлі өзінің басқа адамның өміріне қол сұғып отырғандығын сезеді, оның
әрекеті іс жүзінде өлімге соқтыруы мүмкін екендігіне немесе қалай да өлімге
әкелетіндігін біледі және өлімнің болуын тілеп іс-әрекет жасайды. Жанама
қасақаналықпен адам өлтіру кезінде кінәлі өзінің әрекеті арқылы адам
өміріне қатер төндіретіндігін мойындайды, осы әрекеттін нәтижесінде оның
өлуі мүмкін екендігін біледі, өлімнін, болуын тілемейді, бірақ оған саналы
түрде жол береді не өлімнің болу-болмауына немқұрайдылық танытады. Соңғы
уақытта жарылыс жасау жолымен адам өлтіру оқиғалары кен, таралып отыр.
Мұндай кезде белгілі бір құрбандардан басқа бөгде адамдар да өледі. Бұл
оқиғада кінәлі белгілі бір құрбанға қатысты адам өлтіруде тікелей ниетте,
ал бөгде адамдарды өмірінен айыруға қатысты — жанама ниетте әрекет етеді.
Тікелей және жанама қасқаналықтар арасындағы айырмашылықты айқындаудың
іс жүзінде үлкен маңызы бар. Адам өлтіруге оқталу, яғни кінәлінің әрекеті
ол өлімнің болатынын сезетінін, оның болуын тілегендігін, бірақ онын
еркінен тыс себептер бойынша ол болмай калғандығы бойынша анықталады.
Мұндай кезде оқталу тек қана тікелей қасақаналықпен жүзеге асырылады.
Кінәлінің ниетінін, түрі туралы мәселені шешкенде соттар жасалған
қылмыстың барлық жағдайларына сүйенуі және атап айтқанда: қылмыстың тәсілі
мен қаруын, денеге салынған жарақаттың санын, сипаты мен окшаулауын
(мысалы, адамның өмірлік маңызды органын жарақаттау), кінәліның қылмыстық
әрекетті тоқтату себебін, сондай-ақ кінәліның қылмыс істеу алдындағы және
одан кейінгі мінез-құлқын (тәртібін), онын, жәбірленушімен арақтынасын
ескеруі тиіс.[12]
Жәбірлеңушінің өліміне әкеліп соқтыруы кінәлі үшін белгілі болып
табылатын өмірлік манызы бар органдарына пышақпен жарақат салу, дұрысыңда,
өмірден айыруға тікелей ниеттің бар екендігін айғақтайды. Оқпен атылатын
қаруды қолдану кінәлінің өлтіруге шынайы ниетте болғандығын айғақтайды және
басқа жағдайлармен қатар кінәлінің адам өлтіру ниетінде болғандығына
маңызды дәлелдеме болып табылады. Жақын ара қашықтықтан ату, әдетте, адам
өлтіру мақсатында істеледі. Тікелей қасаканалық болған кезде кінәлі өлімнің
болуын тілейді, сонымен бірге кінәлінін, өлімнің міндетті түрде болуын
қаламайтындығын да мұндай жағдайда ескеру керек. Оның ниеті баламалы түрде
болуы мүмкін, оның шамалауы бойынша өлімнің болуы, сол сияқты денсаулыққа
ауыр зиян келтіру мүмкіндігі және осы зардаптардың кез келгенінің болуын
міндетті түрде тілейді.
Ал егер оған байланысты емес жағдайлар бойынша қылмыстық нәтиже
болмаған жағдайда ол адам өлтіруге оқталғандық үшін жауапқа тартылуы тиіс.
Адамды өлтірумен алдын ала қорқыту басқа мән-жайлармен қатар адам өлтіру
ниетінін бар екендігіне маңызды дәлелдеме болып табылады. Дегенмен, осындай
қатер тудыруды айтқан адамның ой-ниетінің қаншалықты шын екендігін іс
бойынша айқындау қажет. Тіпті, егер ол сөздер кейде және төндірілген
қатерді жүзеге асыру мүмкіндігіне сырттай ұксас кейбір әрекеттермен қоса
айтылғанның өзінде, адам өлтіру ниетін жүзеге асыру туралы сөздер кінәліның
шын мәніндегі анықтілегін білдірмейді.[13]
Адам өлтіру мен қорқыту көбінесе оқпен атылатын немесе суық қаруды
немесе өзге каруды, сондай-ақ қару ретінде пайдаланатын заттарды қолданумен
немесе қолдануға әрекет етумен жасалатын бұзақылық әрекеттермен байланысты
болатындығын тәжірибе көрсетіп отыр. Адам өлтіруге жасалған оқталуды
аталған әрекеттерден бөлу керек.
Адам өлтіруге жанама қасақаналық кезінде кінәлі өз әрекетінің
нәтижесінде өлімнің нақты болу мүмкіндігін шамалайды. Кнәлі зардаптың қалай
да болмай қоймайтынын шамалаған жағдайда сөз тек қана тікелей қасақаналық
туралы бола алады (ҚК-тің 24-бабының 3-тармағы). Ниеттің осы түрлерінін,
арасындағы неғұрлым елеулі айырмашылық, занда керсетілгендей еріктілік
кезеңі бойынша аыықталады. Егер адам өлтіруге тікелей ниеттену кезінде
кінәлі өлімнің болуын тілесе, ал жанама ниеттену кезінде оны кінәлі
тілемейді, бірақ оған саналы турде жол береді не өлімнің болуына
немқұрайды
Осы арада денсаулық деген ұғымға түсінік бере кетейік.Денсаулық
дегеніміз — адам ағзасының дұрыс әрі қалыпты жұмыс істеуі. Яғни, адам
ағзасының әрбір органы, әрбір мүшесі сол жаратылған қалпында сақталып, оның
дұрыс әрі қалыпты түрде белгілі бір қызметті атқаруы.
Денсаулыққа қарсы қылмыстардың қоғамға қауіптілігі — бұл қылмыстарды
жасаған кезде, бір адам екінші бір адамнын денсаулығына қасақана немесе
абайсызда зиян келтіреді, яғни кінәлі қоғамға қауіпті іс-әрекеттерді жасай
отырып, адам өмірі үшін ең кымбатты болып табылатын адам денсаулығына
заңсыз түрде қол сұғады. Адам денсаулығына зиян келтіру көбінесе оның
мемлекет пен қоғам алдындағы азаматтық міндеттерін атқару, яғни сол
міндеттерін нақты орындау мүмкіндіктерінен айырады. Мысалы: адам
денсаулығына зиян келуі — оның міндетті әскери қызметке шақырылуына кедергі
келтіруі мүмкін, сондай-ақ әскери немесе баска да арнайы кызметтерді
атқаруына зиянды әсерін тигізуі мүмкін. Сондықтан да адам денсаулығына
қарсы қылмыстарды жасау — тек жәбірленушінің өзіне ғана емес, сондай-ақ
оның жақын туысқандары үшін де үлкен залал болып табылады. Яғни,
жәбірленушінің денсаулығына зиян келу салдарынан, оның жақын туысқандарына
да белгілі бір көлемде материалдық немесе моральдық залал келуі мүмкін.
Адамды денсаулығынан айыру салдарынан оның өмірдегі, қоғамдағы еңбек және
басқа да қоғам қызметтеріндегі байланысы үзіледі, оның еңбекке, қоғам
қызметтеріне белсенді түрде қатысуына көбінесе мүмкіндік бере бермейді.
Сондықтан да адам денсаулығы — адам өмірінің негізгі куанышы, негізгі
байлығы болып табылады.[14]
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстарды топтастырайық. Қазақстан
Республикасының Қылмыстық кодексінде адам денсаулығына қарсы қылмысқа
қандай қылмыстар жататыны нақты көрсетілген. Сонымен адам денсаулығына
қарсы қылмыстарға мыналар жатады:
1) денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру (103-бап); 2) денсаулыкка
қасақана орташа ауырлықта зиян келтіру (104-бап); 3) денсаулыкха қасақана
жеңіл зиян келтіру (105-бап); 4)ұрып-соғу (106-бап);
5) азаптау (107-бап); 6) денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян
келтіру (108-бап); 7) қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа
ауыр зиян келтіру (109-бап); 8) қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде
денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап); 9) денсаулыкка абайсызда зиян
келтіру (111-бап); 10) корқыту (112-бап); 11) ауыстырып салу не өзгедей
пайдалану үшін адамның органдарың, тінін алуға мәжбүр ету (113-бап); 12)
медицина қызметкерінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап);
13) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 14) адамның иммун тапшылығы вирусын
жұқтыру (116-бап); 15) заңсыз аборт жасау (117-баптың 4-тармағы); 16)
науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап); қауіпті жағдайда қалдыру (119-бап).
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объектісін, объективтік
жағын, субъектісін, субъективтік жағын жеке-жеке талдайық.
Дене жарақатының объектісі — бөгде адамның қалыпты денсаулығы болып
табылады.[15]
Қылмыстың субъективтік жағын сипаттайтын белгілерді толық және жан-
жақты анықтау қылмысты дұрыс саралаудың, әрекетті және сол қылмысты жасаған
адамның қоғамға қауіптілік дәрежесін анықтаудың, жауаптылықты жеке
даралаудың қажетті шарты болып табылады.
Кез келген әрекеттің оны жасаған адамның санасында бастамасы бо-лады.
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының барлығы қасақана ниетпен жасалады, себебі
оларды абайсызда жасау мүмкін емес. Мысалға, тонау кінәнің өзін ғана
қамтыса, қарақшылық болу үшін оған қоса пайдақорлық мақсат болу керек. Ал
бандитизм құрамы болса, тек кінәні емес арнайы мақсатты, яғни азаматар мен
ұйымдарға шабуыл жасау мақсатында қамтиды.
Кінэ болмаса қылмыстық жауапкершілікте болмайды, бірақ қылмыстың түріне
байланысты тек сол қылмысқа тән белгілердің болуы абзал.[16]
Мысалы, қорқытып алушылық субъективтік жағы қасақана кінәмен,
пайдақорлық мотивпен және мүлікті иемдену мақсатымен сипатталады. Сондай-ақ
оны жасау тәсілі де ескерілуі қажет. Осы элементтердің біреуі болмаса
әрекет қорқытып алушылық деп саралануы тиіс емес. Басқа қылмыс жасау
максаты анықталған жағдайда әрекет сол қылмысқа дайындық ретінде
жиынтықталып саралануы тиіс. Қылмыскер санасында жасалынатын қылмыстың
фактілік жағы қамтылады-құрбанының назарына қорқыту мен мүліктік талап
қамтылған ақпарат жеткізу. Сонымен қатар, қорқытып алушы жасалатын
қылмыстың қоғам үшін мәнін түсінеді. Ол жәбірленушінің назарына
жеткізілген хабар оның бойында үрей туғызады, талап еткенді беруге
мәжбүрлейді деп ойлайды. Бұл жерде психикалық әсердің маңызы зор. Қоғамға
қауіпті салдарды болжап білу арам ниеттің интеллектуалдық кезеңінің екінші
белгісі болады, ол қорқытып алушылықтың материалдық құрамдарына тән.
С.А.Елисеевтің пікірінше, пайдақорлық қылмыс-жасалу
түрткісі қылмыскердің материалдық пайданы қоғамның, басқа адамдардың
есебінен алуға ұмтылатындығын көрсететін қылмыс.
3. Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының субъектісін сипаттайтын белгілер
ҚР ҚҚ 15-бабына сэйкес жауаптылық қабілеті бар адам тек мүлікті талан-
таражға байланысты ұрлық, тонау, қорқытып алушылық үшін, сол сияқты
пайдакүнемдік ниетпен кісі өлтіру үшін, қару-жарақты, оқ-дәрілерді,
жарылғыш заттарды т.б. талан тараждағаны немесе қорқытып алғаны үшін (255-
бап), есірткі заттар мен жүйкеге әсер ететін заттарды талан-тараждағаны
үшін не қорқытып алғаны үшін жауаптылыққа тартылады. Ал қалған жағдайларда
(231-баптың 4-бөл. втарм., 248-бап) 16 жасқа толған адам тартылады.
Жауаптылық көтерудің қасиетті шарты есінің дұрыстығы. Сот-психиатриялық
сараптама жүргізу кезінде шектеулі ес дұрыстық деген кездесуі мүмкін. Бұны
міндетті түрде жеңілдететін жағдай деп немесе жауаптылықтан босататын мән-
жай деп түсінбеуміз керек. Зерттеліп жатқан қылмыстар бойынша шектеулі ес
дұрыс еместік есі дүрыстықпен тең болады. Дегенмен, сот мұндай күйді ескере
алады, бірақ ескеруге міндетті емес.
Пайдақорлық-зорлық қылмыстарының ішінде қылмыстың арнайы субьектісі тек
бандитизм құрамының үшінші бөлігінде ғана келтірілген. Яғни, мемлекеттік
немесе мемлекеттік емес ұйымдар мен мекемелердегі қызметте тұрған тұлғаның
жасаған бандитизмі үшін күшейтілген қылмыстық жауаптылық белгіленген. Осы
тармақ бойынша лауазымды адамдарға қатысты қызметтік өкілеттігін теріс
пайдалану немесе өзге де ұйымдардың басқарушыларына өкілеттікті теріс
пайдалану баптарының ескертуіне жүгіну керек.
Адам денсаулығына қарсы қылмыстардың объективтік жағы — басқа адамның
денсаулығына, кұкыққа қайшы әрекеттер мен әрекетсіздіктер арқылы зиян
келтірумен көрініс табады. Көбінесе дене жарақаты әрекет аркылы жасалынады.
Кінәлі адам жәбірленушінің денсаулығына әр түрлі жолдармен, атап айтсак,
механикалық әсер ету арқылы (мүшелерге зақым келтіру), химиялық жол арқылы
(улау, қышқылмен күйдіру), электрлік жолмен, (тоқпен ұру), термикалық әсер
ету (ағзаға инфекциялы ауруларды жұқтыру) арқылы, сонымен қатар психикалык
әсер ету арқылы (гипноз) және басқа да тәсілдер арқылы дене жарақатын
келтіреді. Әрекетсіздік арқылы да дене жарақаты келтірілуі мүмкін, егерде
белгілі бір адам өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса.
Кейбір кездері дене жарақатын келтіру қылмыстық жауаптылыктан
босатылуға негіз болып табылады, егер бұл жарақат мәжбүрлік қажеттілік
жағдайында, яғни емдеу мақсатында болса.
Мысалы, егер жәбірленуші өзінің ағзасына хирургиялық операциялар
жүргізуге келісімін берсе, онда хирургтер осы хирургиялык операциялардаң
туындайтын белгілі бір зардаптарға жауап бермейді, себебі жәбірленуші
хирургиялық операциялардан туатын салдарға қарсы болмады. Дене жарақатын
келтіру спорт жарыстары кезінде де орын алуы мүмкін. Спорттың нақты түріне
қатысты жалпы ережені сақтамау салдарынан туған дене жарақаты денсаулыққа
қарсы қылмыс ретінде сараланады. Мысалы, футбол кезінде футбол ережесін
ерескел бұзған кінәлі бөгде адамға дене жарақатын келтірсе, онда оның
әрекеті денсаулыққа қарсы қылмыс ретінде танылады.
Дене жарақатын келтірудің субъективтік жағы 2 нысаннан тұрады: 1)
қасақана (тікелей және жанама), 2) абайсызда (менмендік және
немқүрайдылық). Тікелей қасақана дене жарақатын келтіру бір адамның екінші
бір адамға дене жарақатын келтіруді тілеп, алдын ала ойластырып, жоспарлы
түрде мақсаттар жасауы, ал жанама қасақаналықта кінәлі сондай зардаптың
болуын тілемейді, бірақ оған саналы түрде жол береді. Абайсыздық нысанының
өзінде сенімділік түрінде кінәлі кінәнің әрекетінен немесе әрекстсіздігінен
туатын салдардың, яғни дене жарақатының болуын көре алады, бірақ ол салдар
бола қоймас-ау деген өзіне сенімділік ниетте болады, немқұрайдылық түрінде
адам дене жарақатынын болатынын көре алмайды, бірақ көруге тиісті болатын.
Енді адам денсаулығына қарсы қылмыстардың субъектілері туралы мәселеге
тоқталайық.[17]
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 15-бабының 2-тармағында
көрсетілген дене жарақатын салумен байланысты мына қылмыстарды жасаған есі
дұрыс субъектілер үшін 14 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана ауыр
зиян келтіру (103-бап); 2) ауырлататын мән-жайлар кезінде денсаулыққа
қасақана орташа ауырлыктағы зардап келтіру (104-баптың 2-тармағы).
Ал мына дене жарақаттарын салғаны үшін заң бойынша есі дұрыс
субъектілер үшін 16 жас белгіленеді: 1) денсаулыққа қасақана жеңіл зиян
келтіру (105-бап); 2) ұрып-соғу (100-бап); 3) азаптау (107-бап); 4)
денсаулыққа жан күйзелісі жағдайында зиян келтіру (108-бап); 5) қажетті
қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап); 6)
қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-
бап); 7) денсаулыкқа абайсызда зиян келтіру (111-бап); 8) қорқыту (112-
бап); 9) соз ауруларын жұқтыру (115-бап); 10)адамның иммун тапшылығы
вирусын жұқтыру (116-бап); 11) заңсыз аборт жасау (117-бап); 12) қауіпті
жағдайда қалдыру (119-бап).
Ал мына төмендегі дене жарақаттарын салумен байланысты қылмыстарды
жасаған есі дұрыс арнаулы субъектілер заң бойынша жауапкершілікке
тартылады: 1) зансыз аборт жасау (117-бап); 2) медицина қызметкерінің
өзінің кәсіптік міндеттерін тиісінше орындамауы (114-бап); 3) ауыстырып
салу не өзгедей пайдалану үшін адамнын органдарын немесе тінін алуға мәжбүр
ету (113-бап); 4) науқасқа көмек көрсетпеу (118-бап). Осы жоғарыдағылардан
айқын болғандай кейбір дене жарақатын салған есі дұрыс субъектілер үшін 14
жас, ал кейбір субъектілер үшін 16 жас. Сонымен қатар дене жарақаты
қылмысын жасайтын арнаулы субъектілер де бар.
Енді ауыр дене жарақатын салу тусінігі мен түрлеріне тоқталайық. Жалтты
денеге жарақат түсіру деп бөгде адамның денсаулығына қасақана заңсыз түрде
немесе абайсыз денедегі ұлпалардың анатомиялық тұтастығын бүлдіру жолымен,
әйтпесе басқа жолмен оның ағзаларының дұрыс жұмыс істеуін бұзу арқылы зиян
келтіруді айтамыз.[18]
Денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру ұғымына келетін болсақ, ол былай
делінген: "Адамның өміріне қауіпті немесе көруден, тілден, естуден, қандай
да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға немесе бет
әлпетінін қалпына келместей бұзылуына әкеп соққан денсаулыққа қасақана ауыр
зиян келтіру, сондай-ақ өмірге қауіпті немесе еңбек қабілетінің кемінде
үштен бірін тұрақты түрде жоғалтуға ұштасқан немесе кінәліға мәлім кәсіби
еңбек қабілетін немесе түсік тастауға, психикасын бұзуға, есірткімен немесе
уытты умен ауруға душар еткен, денсаулықтың бұзылуын тудырған, денсаулыққа
өзге зиян келтірген қасақана ауыр зиян келтіру".
Осы 103-баптың 1-тармағын талдап, тоқталып өтейік: "Денсаулыққа
келтірілген зиянды сот-медициналық бағалау Ережесі" 1998 жылы 4 мамырда
Қазақстан Республикасы Білім, мәдениет және денсаулық сақтау Министрлігінің
Денсаулық сақтау комитетінің №240 бұйрығымен бекітілген. Осы Ережеге
сәйкес:
а) Адамның өміріне қауіпті зиянға — миға зақым келтірілместен бас
сүйегіне келтірілген жарақат; бас сүйектерінің ашық немесе жабық сынуы;
ауыр дәрежедегі мидың зақымдануы; өмірге қауіпті түрде миға қан кұйылуы;
бел омыртқаны ауыр зақымдау; адамнын іш құрылысын, ас қорыту, зәр шығару
органдарын жарақаттау, ауыр дәрежеде күйдіру т.б. жарақаттар келтірулер
жатады. Өмірге қауіпті жаракаттық тізбегі жоғарыда айтылған ереженің 7-
тармағында тұтастай көрсетілген.[19]
б)Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан көруден
айрылу — бұл адамның денсаулығына ауыр зиян келтіру салдарынан адам көре
алмайтын жағдайға душар болады. Айтып кететін бір жәйт, адамның көре алмауы
емделусіз болуы керек, уақытша көруден айрылу ауыр дене жарақатының
элементі болмайды, яғни ол орташа ауырлықтағы дене жарақаты болып табылады.
Бір көздің көруін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Бір көздің
көруінен айрылу салдарынан адам көзінің көру шеңбері 30 пайызға тарылады
және бинокулярлық көрудің бұзылуына әкеп соғады, ал мұндай жағдайлар кейбір
кездері белгілі бір нәрселерді нақты қабылдау қабілеттілігін қиынға
соқтырады немесе көрудің мүмкіншілігін түпкілікті жоғалтады. Себебі, бір
кезден айрылған адам мамандық түрін таңдағанда ғана емес, сонымен қатар дем
алу кездерінде де қиыншылықты басынан өткереді, ал кейбір кездері
бақытсыздық жағдайлардың объектісі болуы да мүмкін. Сондықтан да көздің
көру қабілетін 35 % мөлшерінде жоғалту немесе 2 метр қашықтықта бармақтың
санын кере алмауы денсаулыққа ауыр зиян келтірілді деп есептелінеді және
ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады.
в) Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан тілден айрылу — сөйлеу
қабілетін, ол ойын айналасындағыларға түсінікті түрде біріккен дыбыстармен
жеткізу қабілетін біржола жоғалту. Дауысын жоғалту салдарынан, яғни афония
жағдайында адам өзінің ойларын тек қана сыбырлап жеткізе алады. Мұндай
жағдайлар адамның еңбек ету қабілеттілігінің 25% мелшерінде жоғалтуына әкеп
соғады. Сөйлей алмау нәтижесінен адам қоғамдағы қатынастарға активті түрде
катыса алмайды, барлық уақытта өзінің бір кемшілігінің бар екенін сезінеді,
адамдармен сөйлесуден аулақ жүреді, сондықтан да тілден айрылу адам
денсаулығы үшін орасан зиянды болып табылғандықтан ауыр дене жарақаты
ретінде есептелінеді.[20]
г)Қасақана ауыр дене жарақатының салдарынан естімей
қалу деп мүлде айықпайтын кереңдік және зардап шегуші қатты айтылған сөзді
өте жақын жерден, кұлағынан 3-6 см қашықтықта айтканда ғана ести алатындай
жағдайда қалуы. Жалпы есту — адам ағзасының сезім органдарынын, бірі.
Күнделікті қарым-қатынас, жұмыс, дем алу уақыттары, теледидардан, радиодан
хабар алу, есту сезімімен тығыз байланысты. Екі құлақтың естімей қалуы —
ауыр дене жарақаты ретінде есептелінеді. Бір кұлақтың есітпей қалуы — жалпы
еңбек қабілетінің 15 пайызын, яғни кемінде үштен бірін жоғалту емес,
сондықтан ол денсаулықтын, бұзылуына әкеп сокқан жеңіл жарақат деп
бағаланады.
л)Қандай да болсын органнан айрылуға немесе органның қызметін жоғалтуға
— аяқтың, қолдың физикалық тұрғыда денеден айрылып қалуын немесе сал
(паралич) қалпында қалуы жатады және бұл жағдай ауыр дене жарақаты ретінде
бағаланады. Жыныс қатынастарының қабілетін жоғалту, екі ені де зақымданып,
оларды алып тастауға әкеп соғуы, сондай-ақ бала табу қабілетінен айрылу
тұқымдылық қабілетінен айрылу деп саналады да, ауыр дене жарақаты қатарына
жатады.
е) Сот медицинасы тәжірибесінде беттің жаралануы тым жиі кездеседі. Бет
жарақатын бағалау кезінде бірқатар факторларды: жарақат салған кезде оның
адам өміріне қауіптілігін (ми шайқалуы т.б.), сезім мүшелерінің зақымдануын
және бет пішінінің қалпына келмейтіндей болып бұзылуын ескеру керек. Бет
сикының бұзылуы туралы мәселені сот шешеді. Бет жарақатының жазылуы
дегеніміз — тыртық көлемінің кішіреюі, табиғи жағдайлардың нәтижесінде
олардың өңінің өзгеруі, мысалы, тыртықтардың әжімдерге, мойын қыртыстарына
және т. б. ұксап тұруы болып табылады, сондай-ақ консервативтік емдеу
әдістерінің нәтижелері де осыған жатады.
Ал егер консервативтік емдеу жақсы нәтижеге жеткізбей, зақымданушыға
косметикалық операциялар жасалса, жарақат операцияның нәтижесіне қарамастан
қалпына келмейтін жарақат деп қаралады да ауыр дене жаракатына жатады,
ейткені мұндай жағдайда орың алатын іш кұса болып қатты қайғыруға
бетпішіннің өзгеруі ғана емес, адамның қоғаммен байланысының бұзылу қаупі
де негіз болады.[21]
и) Еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін тұрақты түрде жоғалту деп —
жалпы еңбек қабілеті, мамандықты талап етпейтін еңбекке қабілеттілік
айтылады. Еңбек кабілетінің үштен бірін жоғалту зардап шеккен адамның жалпы
еңбек қабілеті мен оның жоғалту көлемін онша өзгертпейтін жарақат
зардаптарының біршама жақсаруы организмдегі өзгерістермен бірге байланысты.
Енбек қабілетін жоғалту тек тұрақты болады. Жалпы еңбек қабілетінің 33%
мөлшерін жоғалту ауыр дене жарақаты ретінде бағаланады. Кәсіптік еңбек
қабілетін жоғалтуды анықтау зардап шеккен адамның кәсіптік еңбек
қабілетінен айыруға ниеттенгендік анықталатын жағдайларда тергеушінің
қаулысы немесе сот қаулысы бойынша жүзеге асырылуы мүмкін. Еңбекке
қабілетті адамның еңбек қабілетін жоғалтуына апарып соғатын жарақаттар жас
балаға, қарт адамға, кәмелетке толмаған жасқа, 1-топтағы мүгедекке, яғни
еңбекке жарамсыз адамдарға салынуы мүмкін. Мұндай жағдайларда дене
жарақатының қаншалықты ауыр екенін анықтағанда мыналар негізге алынады: 1)
балалардын, кейін ол 10 жасқа толғанда еңбек қабілетін қандай дорежеде
жоғалтқаны көрсетіледі; 2) мүгедек адамның алынған жарақатқа байланысты
еңбек қабілетін біржола жоғалтуы дені сау адамдардікі сияқты анықталады,
яғни мүгедектігі мен тобы ескерілмейді.[22]
к) Егер келтірілген зақымдардың салдарынан түсік болса, екіқабат
екендігінін мерзіміне қарамастан, ол ауыр дене жарақатына жатқызылады.
Бұл орайда арнайы акушерлік-гинекологиялық зерттеулер арқылы
түсіктің зардап шегуші оргаиизмінің жеке ерекшеліктеріне, яғни аурулығына
немесе ішкі жыныс мүшелерінің жетілмегендігіне байланысты емес, қайта оғаң
дене жарақатының тікелей себеп болғаны анықталуға тиіс.
ж)Жарақат алуға байланысты іш құса болу (психикасынын
бұзылуы) ауыр дене жаракатының белгісі болып табылады.
Мысалы: бас сүйек жаракатына байланысты пайда болатын
қояншық (эпилепсия) осындай ауру. Іш құсаның диагнозын
қою және оның себебі жарақат алуға байланысты екенін анықтау сот-
психиатриялық сарапшының кұзыретіне жатады.
з)Есірткімен немесе уытты умен ауруға душар еткен денсаулықтың бұзылуын
тудыру денсаулыққа қасақана ауыр зиян
келтіру. Бұл есірткі немесе уытты у арқылы адамды соған душар етіп, оған
ауыр дене жарақатын келтіру болып табылады.
Енді жоғарыда көрсетіп кеткен 103-бапқа қайта оралып, оның 2-тармағына
тоқталайық. Осы баптың 1-тармағындағы әрекеттер: а) екі немесе одан да көп
адамға қатысты жасалса; б) адамның қызметтік жұмысын немесе кәсіптік немесе
коғамдық борышын орындауға байланысты оған немесе оның жақындарына қатысты
жасалса; в) кінәліға дәрменсіз күйде екені белгілі, сол сияқты адамды
ұрлауға немесе кепілге алуға ұштасқан адамға қатысты жасалса; г) аса
катыгездікпен жасалса; д) ұйымдасқан топпен жасалса; е) жалдау бойынша; ж)
бұзақылык ниетпен; з) әлеуметтік, ұлттық, нәсілдік, діни өшпенділік немесе
араздық тұрғысында; и) жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану
мақсатында; к) бірнеше рет жасалса немесе оны осы Кодекстің 96-бабында
көзделген кісі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz