ҚАР КӨШКІНІ. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ

I. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ

1. 1. Төтенше жағдай туралы түсінік

1. 2. Төтенеше жағдай түрлері

1. 3. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары

II. ҚАР КӨШКІНІ

2. 1. Қар көшкіні ұғымы

2. 2. Қар көшкіннің түрлері

2. 3. Қар көшкіннің қауіп классификациясы

2. 4. Қар көшкінінен қорғану шаралары

2. 5. Қар көшкіні туралы деректер

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТ

КІРІСПЕ

“Өмір-тіршілік қауіпсіздігі” - адам өміріне төнетін жалпы қауіп-қатерлерді зерттейтін, соған қарсы қоюға болатын шараларды әзірлейтін ғылыми білімнің саласы. Ол нақты машиналардың, құрал-жабдықтардың, механизмдердің, өндірістің қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін шешпейді, онымен арнайы мамандықтар айналысады (атом қауіпсіздігі, электр қауіпсіздігі, жаралыс, өрт қауіпсіздігі және т. с. с) . “Өмір-тіршілік қауіпсіздігі” курсының мақсаты - қауіпсіздік саласында жалпы біліктілікті көтеру, адамдардың ойлау қабілетін өмірдің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағыттау -осылар барлық арнайы мамандықтардың қауіпсіздігінің ғылыми-әдістемелік іргесі болып саналады. Осы курсты оқып өткен адамның өз ортасындағы қауіпті және өзі мен өзгеге зиянын тигізетін құбылыстарды тануға, соған қарсы білікті әрекет жасауына мүмкіншілігі болады.

Қауіпсіздік сыртқы және ішкі қатерден қорғайтын тірі организмнің қажетті шарасы. Ал адам қауіпсіздігінің өз ерекшеліктері бар, адамның басқа тірі организмдерден айырмашылығы, ол табиғи ортадан, өз өмір сүру ортасын жасай алады. Сондықтан болуы ықтимал қатерлер табиғи қатерлердің қатарына жатпауы да мүмкін. Адамдар өздерінің ойлы іс-әрекеттерін пайдалана отырып, өте тез арада антропогендік орта жасап үлгерді. Бұл ортаға тірі организмдер, оның ішінде адамдардың өзі де, толық бірігіп кете алатын емес.

Міне, сондықтан адам-ның кез-келген іс-әрекеті әкелетін пайдасымен бірге кері нәтиже де әкеліп жатыр, мысалы, экологияның бұзылуы, жарақат алу, ауыру, тіпті қазаға ұшырау. Сондықтан қауіпсіздікті, нақты іс-әрекеттен болатын, адамды және өмір сүру ортаны кешенді қорғау шаралары деп түсінуіміз қажет.

  1. ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙТөтенше жағдай туралы түсінік

Төтенше жағдай - мемлекетке төнген түрлі қауіпке байланысты елбасы немесе парламент жариялайтын уақытша режим. Ол табиғат апаты, соғыс қаупі, техногендік апат, халық ішіндегі толқу, т. б. жағдайларда жарияланады. Мұндай уақытта азаматтардың құқықтары мен бостандықтары саналы түрде шектеледі, бейбіт кездегі заңдар күшін тоқтатып, төтенше заңдар шығарылады. Төтенше жағдай жариялай отырып мемлекет басшысы өзіне көптеген абсолютті өкілдіктер алады. Түрлі мемлекеттік органдар өз қызметтерін өзгертеді. Олар жаңа заңдық кеңістікте қатаң тәртіпке бағына отырып қызмет жасауға мәжбүр болады. Төтенше жағдай жариялау уақыты, мерзімі, сол кездегі билікке берілетін өкілеттіктер дәрежесі ел Конституциясында анықталады. [1] Төтенше жағдай - адамдардың қаза табуына әкеліп соққан немесе әкеліп соғуы мүмкін, олардың денсаулығына, қоршаған ортаға және шаруашылық жүргізуші объектілерге нұқсан келтірген немесе келтіруі мүмкін, халықты едәуір дәрежеде материалдық шығындарға ұшыратып, тіршілік жағдайын бұзған немесе бұзуы мүмкін авария, зілзала немесе апат салдарынан белгілі бір аумақта туындаған жағдай. Төтенше жағдай пайда болу себептеріне қарай табиғи сипаттағы және техногендік сипаттағы төтенше жағдайларға бөлінеді.

  1. Төтенеше жағдай түрлері

Төтенше жағдайлар себеп-салдарына байланысты мынадай классификацияға бөлінеді:

  • табиғи
  • техногендік

Табиғи сипаттағы ТЖ - дүлей зілзала (жер сілкінісі, сел, көшкін, су тасқыны және басқалар), табиғи өрт, індеттер мен малдың жұқпалы аурулары, ауылшаруашылық өсімдіктерінің және ормандардың кеселдері мен зиянкестері арқылы зақымдануын туғызатын ТЖ-лар.

Техногендік сипаттағы ТЖ - өнеркәсіп, көлік авариялары және басқа да авариялар, өрт (жарылыс), күшті әсер ететін улы, радиоактивті және биологиялық жағынан қауіпті заттарды тарататын (тарату қаупі бар) авария, үйлер мен ғимараттардың кенеттен қирауы, бөгендердің бұзылуы, тіршілікті қамтамасыз ететін электр-энергетика және коммуникация жүйелеріндегі, тазарту құрылыстарындағы авария туғызған ТЖ.

  1. Төтенше жағдайлардың алдын алу және олардан қорғану шаралары

ҚР «Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» Заңының 14 бабына сәйкес алдын алу шараларына:

- ғылыми зерттеулер, жағдайды қадағалау, бақылау, ТЖ пайда болуына әкеп соғуы мүмкін аварияны, зілзала мен апатты болжау және олардың қаупі туралы хабарлау;

- ТЖ саласындағы білімді насихаттау, халықты және мамандарды оқытып-үйрету, қорғану шаралары жатады.

ТЖ саласындағы ғылыми зерттеулердің негізгі міндеттеріне мониторинг әдістерін әзірлеу мен ТЖ-дың деректер банкін жасау, ТЖ болжау, алдын алу әдістерін, бақылау шаралары мен қорғану құралдарын, оларды болжау, зардаптарына баға беру, олардың алдын алу мен оларды жою жөніндегі нысаналы және ғылыми-техникалық бағдарламаларды әзірлеу кіреді. Жағдайды қадағалау, бақылау мен табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ болжау қызметі (сейсмикалық қызмет, сел жүретінін хабарлау,

Радиациялық қауіпсіздікті бақылау жүйелері және басқалар) арнайы уәкілдік берілген мемлекеттік органдардың жанынан құрылады және ТЖ алдын алу мен оларды жоюдың мемлекеттік жүйесіне енгізіледі.

Төтенше жағдайларды жою жұмыстары

Төтенше жағдайларды жою жұмыстарына - ТЖ пайда болған кезде жүргізілетін және адамдардың өмірін сақтап, денсаулығын қорғауға, залал мен материалдық шығындар көлемін азайтуға, сондай-ақ ТЖ аймағының одан әрі таралмауына бағытталған құтқару, авариялық-қалпына келтіру жұмыстары мен басқа да кезек күттірмейтін жұмыстары жатады. Осы жұмыстарды уақтылы атқару мақсатында ауданның АҚ және ТЖ қызметтері құрылады. Бұл қызметтер атқаратын жұмыс түрлеріне қарай тиісті техникамен, жеке құраммен, қажетті құралдармен жасақталады.

«Табиғи және техногендік сипаттағы төтенше жағдайлар туралы» ҚР Заңының 20 бабында:

- «табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ оқшаулау мен оларды жою жөніндегі бірінші кезекте жасалатын іс-қимылды бұрын бекітілген жоспарларға сәйкес ТЖ аймағында орналасқан авариялық-құтқару қызметтерінің күштері мен құралдарын тарта отырып жергілікті атқарушы органдар және ұйымдардың басшылары ұйымдастырады» делінген.

Бірінші кезекте жасалатын іс-қимыл кезінде халықты ТЖ аймағынан уақытша көшіру, ұйымдардың қажетті материалдық-техникалық ресурстарын жұмылдыру ісі жүргізілуі мүмкін, авария, зілзала немесе апат болған объектінің жұмысы тоқтатылады немесе тоқтатыла тұрады, ұйымдарда жұмыс режимі өзгертіледі, адамдардың жүріп-тұруы мен жүктердің тасымалдауына шектеу (карантин) енгізіледі, мүмкін болатын құтқару және авариялық-қалпына келтіру жұмыстары жүзеге асырылады, қоғамдық тәртіп пен объектілерді қорғау қамтамасыз етіледі.

ТЖ аймағының шекараларын ҚР заңдарына сәйкес тағайындалған ТЖ жою басшылары ҚР Үкіметі белгілеген ТЖ сыныптау негізінде айқындайды.

Табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ жою кезінде шұғыл медициналық жәрдем көрсету қызметі дереу іске қосылады, ал ол жеткіліксіз болған жағдайда орталық мемлекеттік органдардың және ұйымдардың медициналық күштері мен құралдары тартылады (21-бап) .

Халықтың, қоршаған ортаның және шаруашылық жүргізу объектілерінің табиғи және техногендік сипаттағы ТЖ кепілді қорғалуын қамтамасыз ету үшін алдын ала материалдық-техникалық, азық-түлік, медициналық және басқа ресурстардың мемлекеттік резерві жасалады (24-1 бап) .

  1. ҚАР КӨШКІНІҚар көшкіні ұғымы

Қар көшкіні- тау шыңдары мен құлама беткейлеріндегі қозғалысқа түскен және төмен қарай құлаған қар массасы. Қар көшкінінің құлау себебі беткейдің қарға аса толып кетуінен, беткейде жатқан қар алаңының температуралық қысылуынан және қар қайтадан кристалданғанда, қар кабатының ішінде қиыршық горизонттың пайда болуынан туады.

Республикамызда қауіпті 300 орын тіркеуге алынған, ол жерлерде 600 - ден көп әртүрлі жағдайлар болған. Қар көшкіні жағдайлары шамамен 80% мұз еруінен, 15% қар еруінен және 5% жер сілкінісінен болады.

Қазақстанның ең қауіпті таулы аймақтары болып Жоңғар, Талас, Іле Алатауы, сондай - ақ Қаратау, Кетмен, Тарбағатай таулары саналады.

  1. Қар көшкіннің түрлері

Қар және мұз көшкіні беткейлермен сырғанау сипатына қарай 4 түрге бөлінеді:

  • беткейдің бетін түгелдей ала арнасыз сырғитын қар сырғымалар;
  • жыра, жылғалармен қозғалатын астаулы қар және мұз көшкіні;
  • ақпа, яғни еркін құлайтын қар және мұз көшкіні;
  • тау беткейінен құлайтын немесе сырғитын, жолында тұрған кез келген нысандарды өзімен бірге ала кететін қар массасы.

Құрамындағы материалдардың сипатына қарай екіге бөлінеді:

  • ұсақ кристалды шашпа қардан тұратын немесе шаң сипатты қар және мұз көшкіні (әдетте, қыста болады) ;
  • тығыз әрі ауыр жабысқақ қардан тұратын, тұтас тақта түрінде төмен құлайтын жылбысқы қар және мұз көшкіні (әдетте, көктемде болады) .

Қар көшкіннің қауіпті белгілері:

  • қыста қар қалың түсіп, жер бетін қар 20 - 30 см жапқанда;
  • қыс мерзімінде бірнеше күн суытқанда немесе жылып кеткенде;
  • қардың үстінен жаңбыр жауғанда;
  • тау бөктерінде қардың биіктігі 30 - 60 см болғанда;
  • сейсмикалық ауытқушылық
  1. Қар көшкіннің қауіп классификациясы
Қауіп деңгейі
Қар тұрақтылығы
Ту
Қауіп деңгейі: 1 - төменгі
Қар тұрақтылығы: Қар әдетте өте тұрақты
Ту:
Қауіп деңгейі: 2 - шектеулі
Қар тұрақтылығы: Кейбір тік беткейлерде қар қалыпты тұрақты. Басқа жерлерде қар өте тұрақты.
Ту:
Қауіп деңгейі: 3 - орташа
Қар тұрақтылығы: Көптеген тік беткейлерде қар орташа тұрақты болады.
Ту:
Қауіп деңгейі: 4 - жоғары
Қар тұрақтылығы: Ең қарқынды беткейлерде қар тұрақсыз.
Ту:
Қауіп деңгейі: 5 - өте жоғары
Қар тұрақтылығы: Қар тұрақсыз
Ту:
  1. Қар көшкінінен қорғану шаралары

Қар көшкінінің екпіні ұрса:

  • тауға шығарда картамен танысу, мамандармен ақылдасу, БАҚ тыңдап, таудағы жағдайды анықтау;
  • тауға қар жауғаннан кейін, 2 - 3 күндей шықпау;
  • бұл уақытта сіз тауда болсаңыз, бірден тік құздарға шықпаңыз, бұталар мен ағаштар жоқ жерге бармаңыз;
  • көктем айларының екінші жартысында сақ болу;
  • көзіңіз көріп тұрған жерге дейін қозғалу, тұман болса қар көшкіні күшейеді деген сөз;
  • қар еріген кезде тауға бармау;
  • қар көшкіні болған кезде, айқайламаңыз;
  • тау басына, баурайына бақылаушы қою керек;
  • тауға барып түнегенде, екі жақтан қар көшкінін байқау керек;

Қар көшкіні болған жағдайда:

  • егер сіз қар көшкініне тап болсаңыз тез арада рюкзактан шаңғыны алыңыз, ол сіздің қозғалуыңызға жеңілдік береді;
  • қар көшкіні кезде бар күшпен көшкіннің шет жағына шығуға тырысу керек немесе ағаш, бұтақтардан ұсталуға тырысу керек;
  • қар көшкініне шығуға мүмкіндік болмаса ауыз бен мұрыңды шарф пен шапкамен жауып алу керек, тізені бүгіп алу керек;
  • қар көшкіні тоқтағаннан кейін көшкіннен шығуға тырысу керек, сізді тез тауып алу үшін қолыңызды шығарыңыз;
  • қардың астында қалып айқалаудың қажеті жоқ, себебі дыбыс қардың астынан өте жай естіледі; құтқарушылардың жүрісін естісімен дабыл беріңіз;
  • қажет болса қолдан тыныс алдыру керек, жүрекке жабық уқалау жасау;
  • егер жарты сағат ішінде зардап шеккенге көмек бере алмаса, онда құтқару отрядын шақыру қажет
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Төтенше жағдай және оның түрлері
Төтенше жағдай
Төтенше жағдайлардың түрлері мен сипаттамалары
ҚР төтенше жағдайлары
Төтенше жағдай, туындау себептері
Табиғи сипаттағы ТЖ кезінде жүргізілетін апаттық-құтқару жұмыстары
Төтенше жағдайлар
Таулы аймақтарда қар көшкініне қарсы жүргізілетін тиімді іс-шараларды жоспарлау
Күшті жер сілкінісі
Біршама күшті жер сілкінісі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz