Дін түсінігі және дінге қатысты анықтамалар
Дін түсінігі және дінге қатысты анықтамалар.
(Профессор С.Қ. Қонар Діндер тарихы)
Діндерді зерттейтін ғылым саласы - дінтану деп аталады. Дінтану діннің пайда болу, даму және қызмет ету заңдарын, оның құрылымын, бөлімдерін және қоғамның даму тарихындағы көптүрлі көріністерін, діннің мәдениеттің басқа салаларымен байланысын және бір-біріне тигізетін әсерін зерттейді.
Дінтануды оқып, үйрену ғылымның көптеген салаларында негізгі ұғымдарды дұрыс пайымдап, халықтардың салт-дәстүрлерін, діни наным-сенімдерін дұрыс түсінуге өз үлесін қосады. Дінді зерттеуде адам, әлем, қоғам жайындағы дүниетанымдық мәселелерге үлкен мән беріледі. Адамдардың діни сенімдері белгілі бір діни ілім түрінде тұжырымдалып, діни салттар мен ғұрыптар түрінде көрініс табады.
Діннің адам өміріне тигізер әсері мол. Ол өмірдің барлық салаларын қамтиды. Оның ең негізгі қызметтерінің бірі әлеуметтік ортада жалпы адамгершілік қадір-қасиеттерді жинақтап, қоғамда этикалық құндылықтарды қалыптастыру. Адам баласы алғашқы тыйымды діннен алды. Сондықтан да дін адам мен құндылықтар мәселесінде осы уақытқа дейін жетекші рөл атқарып келеді. Дінтану пәнінің зерттеу нысаны:
дінтану ғылымы діндердің пайда болып дамуын, сенім, құлшылық және этика мәселелерін зерттейтін ғылым;
тарихи сахнада болған барлық діндерді, яғни қазір өмір сүріп жатқан діндермен қоса ұстанушылары қалмаған діндерді де өзара салыстыра отырып, объективті түрде зерттейді.
Ежелден-ақ дін тақырыбы адамдарды өте қызықтырған. Әрбір адам дінді түсінуге және дінді ұстануға тырысқан. Кез-келген діннің қарастыратын басты мәселесі - адам болғандықтан, онда адам этикасына ерекше мән беріледі.
Дін - адамды шыншылдық пен әдептілікке жетелейтін жол. Адамды өз жаратылысына сай жетілдіретін ілім. Дін - адам өмірін тәртіпке келтіретін жүйе. Адам нәсілі сенім сезімімен бірге дүниеге келеді. Сондықтан міндетті түрде бір нәрсеге сеніп, діни сезімді сөндірмеуге тырысады. Өйткені, дін - адам рухының азығы. Дененің қажеттіліктерін қамтамасыз ететін адам рухының қанағаттануына да үлкен мән береді. Рух пен денесін тең дәрежеде қанағаттандыратын адам басты жаратылу мақсатын жүзеге асырады.
Дін адамның жан тыныштығын және бақытты болуын қалайды. Діни бұйрықтар мен тыйымдар, адал мен арамға байланысты үкімдер қоғамдық қатынастардың үйлесімділігін сақтауға өз үлесін қосады. Дін - адамның мінез-құлқын жақсартып, қабілеттерін жетілдіреді.
Қазіргі кезде әлем халықтары түрлі діндерді ұстануда, сондықтан олардың діни сенімдері, алға қойған мақсаттары да әртүрлі. Бұл діндерде бір жүйелі сенім болмағандықтан дінге: Адамдардың бір нәрсені қасиетті күш деп, сенуі деген анықтама беруге болады. Ендеше дін дегеніміз - сенім. Діндердегі ғұрыптар, рәсімдер, әмірлер мен тыйымдар, діни сенімге негізделеді. Сондықтан діндердің бір-бірінен айырмашылығы, олардың нанымы мен сенімдеріне байланысты.
Ғалымдар дін, религия ұғымына түрлі анықтамалар берген. Орыс тіліне религия ұғымы XVIII ғасырда енген.
Дін ұғымын религия ұғымының баламасы ретінде қарастырғанмен екі ұғымның шығу тегі, сөздік мазмұны екі түрлі. Ғалымдар дін және религия ұғымдарына әр түрлі анықтамалар берген. Орыс тіліне религия ұғымы XVIII ғасырда енген.
1.1-сурет. Цицерон
Әуел баста, біздің заманымызға дейін өмір сүрген Цицерон (б.з.д. 105-43) (1.1-сурет) De Natura Deodrum (Тәңірлердің жағдайы) атты кітабында religio ұғымын түсіндіруде кері қайту, қайта оқу, ойлану, қорқу деген мағыналарды ұғындыратын латынның relegere сөзін пайдаланған. Кейінірек, бұл ұғым Құдайдан қорқу немесе тәңірлермен байланысты болу мағынасында қолданыла бастады. Сондықтан ол: религия дегеніміз Құдайдан қорқу, оған тағзым ету жолдарын өте тиянақты ойластыру, - деп тұжырымдады. Лактанция (250-325 жж.) религия ұғымы латынның relіgаre - алу, байлау, матау - деген сөзінен шыққан деп есептеді.
Сөздің түбірі lіgа - байланыс, яғни рухани байланыс дегенді білдіреді. Сондықтан, религия дегеніміз Құдай мен адам арасындағы байланыс, адамның Құдайға тақуалықпен бойұсынуы, - деп түсіндірді.
Түркі халықтарындағы қолданылып жүрген дін сөзі араб тілінен енген. Араб тілінде дін сөзінің исламға дейінгі мағынасы бағыну, әдет-ғұрып дегенді білдірсе, кейін діни тұрғыда Жаратушыға сыйыну, діни амалдарды орындау және сенімін тереңдету арқылы Құдай жолына шын ниетпен берілу деген мағыналарды қамтиды.
Дінге берілген батыстық теориялық тұжырымдамалар:
1.2-сурет. Э.Б. Тайлор
Анимистикалық (лат. anima ‒ жан) тұжырымдама. Ағылшынның атақты этнографы, мәдениеттанушы, антрополог, діни дәстүрлерді зерттеуші Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917 жж.) (1.2-сурет) мәдениеттің дамуының эволюциялық теориясының негізін қалады. Ол адамзат мәдениетінің дамуын тоқтаусыз сандық өгерістер процесі ретінде көрсетті. Эдуард Тайлор діндердің пайда болуын зерттеуде де эволюциялық даму процесі жайындағы тұжырымды қолданды. Анимизм ұғымын негізге ала отырып, Тайлор діндердің дамуындағы барлық кезеңді бір-бірімен байланыстыратын нәрсенің бар екендігін айтты. Ол ‒ адамдарға белгісіз тылсым дүниеге және адам санасына түсініксіз нәрселерге байланысты адамдардың психикалық іс-әрекеттері, деді.
Оның ойынша алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жансыз нәрселердің де жаны бар екендігіне сеніп, олардан қорқып, құрмет тұтып, табына бастаған.
Діннің пайда болуының анимистикалық концепциясы бойынша барлық діндердің негізінде жан және рух жайлы түсінік бар. Эдуард Тайлор ойын тұжырымдай отырып, анимизм дінді анықтаудың минимумы деген формуланы ұсынды.
1.3-сурет. Г. Спенсер
Ағылшын философы Герберт Спенсер (1820-1903 жж.) (1.3-сурет) көзге көрінетін құбылыстардың танылып, білуге болмайтын түп себебінің бар екендігін ғылым да, дін де мойындайтындығын айтады. Себебі, діннің өзі ‒ барлық жерді қамтитын, шекарасын адам санасы мен қабілеті анықтай алмайтын үлкен Күштің бар екендігіне сенеді. Г. Спенсер социологиялық дәлелдерге сүйене отырып, өмірдегі қорқыныштардың дінде ерекше рөл атқарғанын дәлел ретінде көрсетеді. Бұл қорқу аталарға табынуға, оларға құлшылық ету мен басқа да құлшылық түрлерінің шығуына, сондай-ақ тәңірлердің қаһарман аталардан шыққанын негіздейді.
1.4-сурет. З. Фрейд
Зигмунд Фрейдтің психологиялық тұжырымдамасы.
Австриялық психиатр, психолог З. Фрейд (1856-1939 жж.) (1.4-сурет) дінді адамдардың қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауы себебінен туындаған, жеке адамдардың психикасының нәтижесі деп түсіндірді. Ол сенімнің әлеуметтік тамырын қарастырмай, тек психологиялық тұрғыдан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz