Діндердің классификациясы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Діндердің классификациясы

(Профессор С.Қ. Қонар Діндер тарихы)

Қарапайым діни наным- сенімдер
Ежелгі және қазіргі діни жүйелер
Әлемдік діндер
Дәстүрлі емес діндер
Діндердің бөлінуі (ислами тұрғыдан)

- Фетишизм;

- Тотемизм;

- Анимизм;

- Магия;

- Шаманизм.

- Шумер-Аккад мемлекетіндегі дін;
- Көне Мысыр діні;
- Антикалық діндер;
- Брахман діні;
- Индуизм;
- Заратуштра діні;
- Тәңірлік дін:
- Конфуций діні;
- Дао діні;
- Синтоизм;
- Иудейлік дін;
- Сикхизм діні.

- Будда діні;

- Христиан діні;

- Ислам діні.

- Жаңа христиандық;
- Жаңа ориенталистік
культтер;
- Синтетикалық діндер;
- Жаңа пұттық ұйымдар;
- Жаңа магия, спиритизм;
- Сатанистик топтар.
- Хақ дін
(ең соңғы негізі өзгермеген дұрыс дін - ислам);

- Мұхарраф діндер (негізін жоғалтқан, адасқандар -
христиандық дін, иудейлік дін);

- Батыл діндер
(барлық ойдан шыққан, пұтқа табынушы діндер).

Қарапайым наным-сенімдер

1.11-сурет. Жеке адамға арналған зергерлік бұйым
Фетишизм түсінігі. Дiни наным түрлерінің бiрi португалдың fetiςo (магиялық зат) деген сөзінен шыққан "фетишизм" деген атауды алды, ал ол өз кезегiнде factitus (магиялық шеңбер) деген латын сөзiнен шыққан. Адам жаратылған кезде берілген ілім, Жаратушының бар екендігіне сенім уақыт өте ұмытыла бастады. Кереметтерді аңсаған, әрі рухани азығы таяздаған адамдар біртіндеп өз қиялдарын таң қалдырған кез келген затқа ерекше қасиеттер беріп, оларға табына бастады. Мысалы: әртүрлі кейіптегі тас, жануар тiсi, шебер жасалған мүсін, тұмарлар, зергерлiк бұйым және т.б. (1.11-сурет).

1.12-сурет. Фетиш
Кезінде адамдар заттарға дерттен жазу, жаулардан қорғау, аңшылықта көмектесу сияқты, оларға тән емес ерекше қасиеттер берді. Егер затқа табынған соң, жасаған әрекетiнде кездейсоқ табысқа қол жеткiзсе, олар фетиш көмектестi деп санап, оны көзінің қарашығындай сақтап, әрі қастерлеп құрметтеген. Ал егер адам сәтсiздiкке ұшыраса, онда фетишті лақтырып тастаған.
Мысалы, африкандықтарда фетиштердi (1.12-сурет) азаптау ғұрпы болған. Олар фетиштен бiр нәрсе сұрағанда, сұрағандары есiнде қалсын және мiндеттi түрде орындасын деп, оның денесiне темiр шегелер қаққан. Егер сұрағандары орындалмай қалған жағдайда өздерінің қасиетті санаған заттарының көзін жойған. Қазіргі күннің өзінде, ғылым деңгейі жоғарғы жетістіктерге жеткен заманда, тұмар тағып, амулеттердің ерекше қасиетіне сенушілер баршылық. Сондықтан, фетиштерге, бойтұмарларға, қасиетті заттарға сену алғашқы қауымдық санаға ғана тән діни сенімнің алғашқы қарапайым түрі деген көзқарас қате. Өйткені бұл кез келген қоғамда бар нәрсе. Фетиштерге және жансыз заттарға көмектеседі деп сену діни сауатсыздықтың белгісі.
Анимизмның шығу тарихы. Нанымдардың қарапайым түрлерінің бірі анимизм (лат. anima ‒ жан) - жан мен рухтардың бар екенiне деген сенiм. Анимистiк нанымдардың тиянақты талдамасын ағылшын антропологы Эдуард Бернетт Тайлор (1832-1917 жж.) өзiнiң "Алғашқы мәдениет" еңбегiнде берген.
Эдуард Тайлор діндердің дамуындағы барлық кезеңдерді бір-бірімен байланыстыратын нәрсенің бар екендігін пайымдайды. Оның ойынша, адамдар белгісіз тылсым дүниеге және адам санасына түсініксіз нәрселерге байланысты психикалық іс-әрекеттер жасаған. Алғашқы қауымдық құрылыс кезінде адамдар жансыз нәрселердің де жаны бар екендігіне сеніп, олардан қорқып, құрмет тұтып, табына бастаған.
Тайлордың тұжырымдауы бойынша, бұл нанымдар екi бағытта дамыған. Біріншісі - реинкарнация, яғни жанның өлмейтіндігіне, бір денеден екінші денеге көшуіне сену, екіншісі-табиғат рухтарының, тылсым күштердің бар екендігіне сену (1.3-кесте).

1.3-кесте. Анимистiк нанымдар
Анимистiк нанымдардың бағыттары
1. Жан туралы, жанның өзінше өмiр сүретiндiгi жайлы, жандардың жаңа денелерге көшетiнi туралы, о дүние жайында түсініктер:
- ұйқы, елестер, дерт, өлiм құбылыстары, транс, галлюцинация жөнiндегi ойлануларының нәтижесiнде пайда болды.
2. Қоршаған ортаны кейiптеу мен рухтандыру сияқты көзқарастар:
- табиғаттың, өсiмдiктердiң, жануарлардың рухтарына, қаһарлы күштерге, жын-шайтанға, өлмейтiн күштерге сену арқылы пайда болады.

Эдуард Тайлор ойын қорыта отырып, анимизм дінді анықтаудың минимумы деген тұжырымдаманы ұсынды.

1.13-сурет. Тотемдік рәміз
Тотемизм. Қарапайым нанымдардың түрлерінің біріне тотемизм жатады. Бұл адамдардың өздерінің ата-тектерінің жануарлармен немесе өсiмдiктердiң түрлерімен ерекше байланыстары бар екендігіне сенуі және оларды табыну объектiсiне айналдыруы Тотемизм атауы "ототеман" сөзiнен шыққан, кезінде солтүстiк американдық үндiстердiң оджибве тайпасының тiлiнде "тегi оның" дегендi бiлдiрген. Алғашында адамдар тотемдiк жануарлар (1.13-сурет) мен өсiмдiктердi қасиетті санап, табынғандарымен оларды тағамға пайдалана берді. Бiрақ, уақыт өте келе тотемге қандық-туысқандық қатынастар түсінігі енгiзiліп, оған деген көзқарас өзгере бастады. Енді тотемдi тағам ретiнде пайдалануға тыйымдар салынды. Кейінірек тотемизм шеңберiнде тыйымдардың тұтас бiр жүйесi - табу пайда болды (1.4-кесте). Табу әлеуметтiк қатынастарды реттестiрудiң маңызды механизмiне айналды.

1.4-кесте. Тыйымдар
ТАБУДЫҢ ТҮРЛЕРІ
Жыныстық-жас мөлшерлiк табу
Тағамдық табу
Әлеуметтік табу
Отбасылық табу
алғашқы қауымдық ұжымды қатаң бекiтiлген некелiк топтарға бөлдi;
бір-біріне туыстығы бар адамдардың арасында некелесуге тыйым салынады.

қасиетті деп есептелген жануарлардың етін жеуге тыйым салды;
көсемге, жауынгерлерге, әйелдерге, қарттарға, балаларға берiлуi тиiс нәрселерді жіктеді;
харам нәрселерге (өлексенің етін жеу, қанды тағамға пайдалану т.б.) тыйым салды.
жерлеу заңдылықтарын реттестiрді;
әлеуметтiк статусты анықтады;
алғашқы қауымдық ұжым мүшелерiнiң құқықтары мен
мiндеттерiн бекiтті.
басқаның үйіне рұқсатсыз кіруге;
біреудің ошағына қол сұғуға;
басқа адамның затын алуға және т.б. тыйым салды.

Магия және шаманизм

Кіші сиқыр шары (Рухтар әлемімен қатынасқа түсу үшін қолданылады)
Ежелгі заманның тыйым салынған сиқыр кітабы
1.14-сурет.
Магия (грек. mageia - сиқыршылық, арбаушылық) - адамдарға, заттарға және объективтi дүние құбылыстарына магиялық атрибуттарды қолданып (1.14-сурет), жасырын күштер арқылы әсер етуге болады деген сенiмге негiзделген түсiнiктер мен ырымдардың жиынтығы. Дiни нанымдардың бұл түрінің дереккөзiн ағылшын этнографы Б. Малиновский өзiнiң "Магия, ғылым және дiн" атты еңбегiнде толық сипаттап өткен. Ол Тынық мұхиты аралдарында тұратын жергiлiктi тұрғындардың өмiрiн зерттей отырып, өте қызық заңдылықты байқайды. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Діндерді дінтанулық принциптер бойынша топтастыру
Лекциялар жинағы «Дінтану және теология»
Қазіргі дәстүрлі емес діни қозғалыстар пәнінен лекциялар жинағы
Дәстүрден тыс діни ағымдар
Танымдық оптимизм
Еліміздегі дәстүрлі емес ағымдардың пайда болуы
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
Діннің тұжырымдамасы
Геометриялық ою
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНДЕРДІҢ ҚАЙТА ЖАҢҒЫРУЫ
Пәндер