Діннің құрылымы, қызметі және атқаратын рөлі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Діннің құрылымы, қызметі және атқаратын рөлі

Профессор С. Қ. Қонар «Діндер тарихы»)

Діннің элементтері мен құрылымдары . Діннің қоғамдағы рөлі мен орнын анықтау оның құрылымын анықтаумен тікелей байланысты. Діннің құрылымы дін туралы теорияда маңызды орын алады.

Дін құрылымы діни сана, діни іс-әрекет, діни ұйым болып бөлінеді.

Діннің құрылымы

Діни сана

Діни іс-әрекет

Діни ұйым

Діни сана - қасиетті мәтіндер мен жазбалардағы құндылықтар, рәміздер, парасаттылық және этикаға негізделген сенімнің жиынтығы мен дүниетанымдық жүйе. Діни санаға белгілі бір сенім жүйесінің шеңберінде қалыптасқан дін өкілінің дүниетанымы, мәселен мұсылмандық діни сана, буддистік діни сана, христиандық және т. б. жатады. Діни сананы қарастыру және зерттеу арқылы адамның қоғамдық өміріндегі ұстанымын анықтауға болады ( 1. 1-кесте ) .

Діни санаға: діни түсініктер, дағдылар, қағидалар мен діни дәстүрлер жатады. Осылардың бәрі белгілі бір ізге түсіріліп, концептуалды деңгейде қорытылады, содан соң олардың теориялық негізі жасалады.

1. 1-кесте. Діни сана

Қоғамдағы

алатын орны

Құрылымы
Сатысы
Күнделікті
Тұжырымдамалы
Қоғамдағыалатын орны:
  • сакралдық
  • секулярлық
  • этностық діни тұтастық
Құрылымы:
  • діни сенім
  • діни ілім
  • діни идеология
Сатысы:
  • дағдылар
  • қағидалар
  • дәстүрлер
  1. теориялық негізге түсіріледі
  2. діни ілім жасалады

Діни сананың қоғамдағы алатын орнына байланысты мемлекеттік жүйе сакралдық, секулярлық не болмаса этностық діни тұтастық түрінде қалыптасады. Әр қоғамның өзіне тән «діни санасы» бар. Қоғамда діни сана басым болып, әлеуметтік қатынастарда және тұрмыста діни сенім жетекші орын алған мемлекеттердегі үрдіс сакралдыққа ие болады. Мемлекеттегі билік жүйесі діни және азаматтық салалардан тұрады.

Сакралдық (лат. т. sakra ) - «қасиетті» деген ұғымды білдіреді.

Секулярлық (лат. т. saecularis ) - «зайырлы» деген мағынаны білдіреді. Бұл үрдісті ұстанатын мемлекеттерде қоғамдық қатынастар мен діни қатынастар бір-бірінен оқшауланып, діни және азаматтық билік біржолата ажыратылады. Діни қызметпен тек діни ұйымдар ғана айналысады. Мысалы, Қазақстан Республикасы - зайырлы мемлекет қатарына жатады, сондықтан мемлекетте дін мен азаматтық салалар бір-бірінен ажыратылған.

Этностық діни тұтастық . Діни санадан азаматтық дүниетаным басым тұрады. Қоғамдық қатынастар діни қатынастардан оқшауланып, діни бірлік этностық тұтастық аясында қалады.

Діни ұйым (бірлестік)

Діни мекеме

Конфессия

Секта

Деноминация

Діни бірлестіктер (қауымдастықтар) - діни мүдделері мен қажеттерін бірлесіп қанағаттандыру мақсатында құрылған азаматтардың еркін топтары.

Діни бірлестіктің діни мекемелер (орталықтар), конфессия, діни секта, деноминация секілді т. б. түрлері бар.

Діни мекемеге мешіт, шіркеу, діни оқу орны т. б. жатады.

Дәстүрлі діндер орталығы ‒ орталықтандырылған (бір ортаға бағынатын) құрылымы және төменнен жоғарыға дейінгі басқару жүйесі бар діни ұйым. Діни ұйымдар діни іс-әрекеттер мен қарым қатынастарды атқарып және реттеп отыратын орталық. Шіркеу, синагога, мешіт, буддистік ғибадатханалар өз сенімдері аясындағы қызметтерімен ерекшеленеді.

Шіркеу деп жалпы мойындалған, сенім жүйесі берік және мықты бекіген кең көлемді діни ұйымды айтады. Мәселен католиктік және православие шіркеулері. Шіркеу әдетте иерархиялық сатылары бар құрылым.

Конфессия (лат. сonfessio - «мойындау», «дін тұту») - өзінің діни ілімі, культі, ұйымдық құрылымы бар ірі діни бағыт және «белгілі бір дін, нақты діни сенім, жеке діни ілім».

Секта (лат. « ойлау тәсілі », « ілім », « бағыт ») - орнықты діни ілімдерге ‒ әлеуметтік, дүниетанымдық, ғұрыптық қарсылық түрінде пайда болатын, құрылымы мен көлемі жағынан олардан әлдеқайда кішірек болып келетін, бірақ тек өзінің ұстанған жолының дұрыстығына күмәнсіз сенетін - деструктивті культ.

Секталарға тән нәрсе:

  • өздерінің құдайдың қалаулы адамдары екендігіне берік сенім;
  • оқшауланушылық;
  • ғұрыптарына ерекше беріктік;
  • секта мүшелерінің теңдігін жариялауы.

Деноминация (лат. denomen - «атын өзгерту») ‒ діни бірлестіктерден бөлініп шығады, немесе әуел бастан дербес қалыптасады. Кейбір зерттеуші ғалымдардың пікірінше, деноминациялар американдық құбылыс болып табылады.

Деноминацияға тән нәрселер мыналар:

  • құдайдың қалаулы пенделері екендігіне деген сенім;
  • кез-келген иланушының рухани қайта тууына деген сенім;
  • сектадан негізгі айырмашылығы оқшаулану міндетті саналмайды;
  • қоғам өміріндегі және діни тұрмыстағы белсенділік;
  • қауымның мүлтіксіз ұйымдық тәртібі;
  • мүшелерінің құқықтық теңдігі және басшыларының сайланбалылығы;
  • дін қызметшілері мен қатардағы құлшылық иелеріне бөлінбеуі;
  • сонымен қатар кәсіби ғұрып атқарушыларының болуы.

Ғибадат үйі - Құдайға құлшылық етуге, дұға оқу мен діни жиналыстарға, мінәжат етуге арналып салынған ғимарат.

,

Діни іс-әрекет

Ілімдік

Ғұрыптық

Діни іс-әрекет діни сенімнен туындайды. Қасиетті мәтіндерге сүйене отырып, қалыптасқан сенімдерге байланысты орындалатын іс-әрекеттер ілімдік және ғұрыптық болып бөлінеді. Діннің ілімдік қызметі ‒ діни ілімді жинақтап, сараптау, түсіндіру және тарату, діни идеологияны жасап, орнықтыру. Діни насихат, дінді уағыздау, діни оқу орындарында білім беру де осы қызмет саласының міндеттері.

Құлшылық жасау салттары діни мейрамдарды өткізу, құлшылық жасайтын ғимараттар тұрғызу т. б. діни қимыл-әрекеттерінің бәрі ғұрыптық қызметтерге жатады.

Діни іс-әрекет барысында діни санаға сәйкес діни қарым-қатынастар қалыптасады. Діни қарым - қатынастар белгілі бір сенімді ұстанатын ұйымдарда, этностық ұжымдарда, жанұяда қалыптасады.

Діннің қоғамдағы қызметі мен атқаратын рөлі . Дін адам өміріне белгілі бір мән мен мақсат беріп, әлемнің болмысын түсіндіреді.

Діннің дүниетанымдық қызметі . Діннің дүниетанымдық іс-әрекетінің мақсаты дүниеге деген көзқарасты саналы түрде өзгертіп, нәтижесінде белгілі бір құндылықтардан, нормалардан, идеалдардан тұратын әлемдік суретті, дүниетанымды қалыптастыру.

Описание: Описание: Описание: вебер
: 1. 10-сурет. М. Вебер
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дін анықтамалары мен құрылымы. Шығу тегі туралы тұжырымдамалар
Мәдениеттің негізгі элементтері
Діннің қоғамдағы маңызы
Әлеуметтану бойынша дәрістер
Діннің тәрбиелік мәні
Дін социологиясы пәнінен дәрістер жинағы
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері
Дін социологиясы пәнінен лекциялар жинағы
Дін - әлемдік үрдістер дінгегі
Әлеуметтік институт ретінде діннің қызметтері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz