Ежелгі Месопотамия діндері


Ежелгі Месопотамия діндері
(Профессор С. Қ. Қонар «Діндер тарихы»)

Б. з. б. IV-III мыңжылдықта Тигр мен Ефрат өзендерінің аңғарында жоғарғы деңгейде дамыған Шумер, Аккад, Вавилон, Ассирия мемлекеттері
болған. Бұл аймақ Қосөзен немесе Месопотамия өркениеті деп аталып жүр ( 2. 1-сурет ) .
Аталған мемлекеттердің бір-бірімен жауласуының нәтижесінде мәдениеттері алмасып отырды.
Шумерліктер мен аккадтықтар өздерінен кейін - вавилондықтар мен ассириялықтарға:
- техникалық жетістіктерін;
- заң нормаларын;
- әлем туралы көзқарастары мен мифтерін қалдырды.
Месопотамия діндерінің негізін көптеген архаикалық көзқарастарды жинақтаған, әртүрлі түсініктермен қосылған - культтер, сенімдер, рәсімдер, мифологиялық сюжеттер құрайды. Осы аймақты мекендеген әрбір қаланың өз құдайлары болғандықтан, олардың діндері - политеистік (көпқұдайлық) дін еді.
Месопотамиядағы мемлекеттерде әртүрлі рәсімдер мен діни дәстүрлер болды. Уақыт өте келе олардың бәрі өзгеріске ұшырады, әралуан мифологиялық сюжеттер пайда болды. Месопотамия халықтарының наным-сенімдерінде суға табыну рәсімдері ерекше орын алды. Қалалар үшін ғибадатханалар мен сарайлар маңызды орында болды. Билік көсемдердің, билеушілердің, жоғарғы абыздардың қолына көшті.
Шумерліктер дінінің ерекшелігі олар өздерінің діни тәжірибелерін жұлдыздармен және космоспен байланыстырды, нәтижесінде астрономия мен астрологияда көптеген жетістіктерге жетті. Өткен ғасырдың ортасында археологтар Тигр өзенінің сол жағасында Куюнджик мекенінің жанында, б. з. д. VII ғ. Ассирияның астанасы болған Ниневия қаласын тапты. Ашшурбанапал (б. з. д. 668-629 жж. ) патшаның сарайындағы кітапханадан көптеген саз балшықтан жасалған тақтайшалар табылған. Тақтайшалардағы жазуларды кезінде, қазіргі Ирактың оңтүстігінде өмір сүрген шумерліктер б. з. д. III мыңжылдықта ойлап тапқан. Ашшурбанапалдың кітапханасынан табылған деректерден бізге шумерліктердің, вавилондықтардың, ассирийліктердің тарихы, аңыздары, мифтері, ғылыми жетістіктері жайында мағлұматтар жетті. Шумерліктерден қалған әйгілі әдеби мұра «Гильгамеш жайындағы эпос» (кейін аккадтық тілге аударылды) Ашшурбанапалдың кітапханасынан табылған. Бұл эпоста шумерліктердің аңыздары жинақталған. Эпоста Уруктың патшасы Гильгамеш пен оның досы Энкиду жайында жазылған және өлместіктің сырын іздеу оқиғасы баяндалған. Сонымен қатар, кітапханада астрономияға байланысты кітаптар да сақталған.
Шумерліктердің космологиялық аңыздарында әлемнің жаратылу мәселесі қамтылған. Жаратылыс хаостың тәртіпке келуімен басталады. Шумерлік мифологияда ғалам жоғарғы және төменгі әлемдерден және олардың арасында орналасқан жерден тұрады. Төменгі әлем аспан әлеміне қарама-қарсы жер астындағы үлкен космостық кеңістік ретінде қарастырылады. Төменгі әлемде Нергал және Эрешкигал құдайлары билік жасады.

Шумерліктердің құдайлар пантеонында (гр. « pan » ‒ «барлық», « theos » ‒ «құдай») ( 2. 2-сурет ) үш жүздей құдайлары болды. Шумерлік құдайлар пантеоны жоғарғы жағында «патша-құдай» отыратын ассамблея секілді болады. Ассамблеяның негізгі тобы шумерліктердің түсінігінде адамдардың тағдырын шешетін 50 құдайдан тұрды.
Шумерліктердің әлемнің жаратылысы жайындағы түсініктері. Еш нәрсе жоқтан бар болмайды. Әлемде алғашында хаос болған. Хаостан аспан құдайы - Ан, жер құдайы - Ки шыққан. Олар Энлил (мұхит әміршісі) мен Эаны (су, теңіздерді басқарушы, адам-балық) жаратты. Космостық және мәдени құбылыстар арасындағы үйлесімділік «Мэ» (заңдар жинағы) арқасында сақталады.
Шумерліктердің адам-балық Эадан басқаларының бәрі космологиялық (адам бейнесіндегі) құдайлар. Олар зұлым, лас, маскүнем, яғни адамдарға тән қасиеттің бәрі бойларында бар кейіпте бейнеленді.

Шумерлік мифологияда адамның жаратылуы Энкидің даналығы арқылы жүзеге асқан. Құдайлар ешкім оларға қызмет жасап шарап құймайды деп
шағымданғандықтан, Энки ( 2. 3-сурет ) құдайларға қызмет ететін адамдарды жасамақшы болған. Шумерлік аңызға байланысты адам құдайдың қанымен араласқан балшықтан жаратылған. Оның алғашқы жасаған адамдары әлсіз, өмірге бейімсіз екен. Құдайлардың мас күйінде жасаған адамдары ұсқынсыз, кемтар, дүниеге ұрпақ әкеле алмайтын болып шыққан. Ежелгі Шумерліктердің көтерген мәселесі: мас күйде пайда болған ұрпақ өмірге кемтар болып келеді.
Шумерліктерде жер астында өмір бар деген сенім болған. Жерасты әлемі жеті қабаттан тұрады және ол шаң басқан қара түнек қараңғы. Өлгендердің жер астындағы ахуалы тым мүшкіл. Тірілер әлемі мен өлгендер әлемі арасындағы шекара болып тұратын өзен бар. Шумерліктерде қайтыс болған кезде жерлеу рәсімі орындалған. Олар өлгендердің есімдері жерасты патшалығында жазылады деген сенімде болды.
Шумерліктер құдайларға қызмет жасау үшін жаратылғанбыз деп ойлады және құдайлар мен өздерінің арасында тығыз байланыс бар деп есептеді. Шумерліктер өздерінің еңбектерімен құдайларын «тамақтандыратындықтан», құдайлары оларсыз өмір сүре алмайды, керісінше, өздері де құдайларынсыз өмір сүре алмаймыз деп ойлады.
Ғибадатхана шумерліктердің өмірінде басты рөл атқарды, қалалар мен мемлекеттердің дамуына да өз ықпалын тигізді. Шумерлік діни көзқарастағы адамдардың басты міндеттері құдайға қызмет ету мен құрбандық шалу болды. Осы салт - дәстүрлер мен түсініктер ата - бабаларынан мұра болып келді. Құдайға қызмет ету үйлер мен храмдарда жасалды.
Шумерліктерде жоғарғы абыздың міндеттерін өкімет басшысы атқарды. Сондықтан, олардың патшасы адамдардың құдай алдындағы өкілі болып есептелді.
Абыздардың көмегімен діни дәстүрлер: маусымдық мейрамдар, жерлеу рәсімдері және басқа да көптеген діни салт - жоралғылар орындалды.
Басты діни - жоралғының бірі - қасиетті шошқа мейрамы, ол көктемде өткізілді. Бұл мейрам тұқым өсіру маусымымен сәйкестендірілді. Мейрамда жақсы өнім алу, егістіктегі тұқымның жақсы өсуі, барлық ұжымдардың еңбегінің еш кетпеуі мақсатында өткізілетін рәсімдер қалыптасты.
Шумерліктерде топан су жайында да аңыз бар. «Гильгамеш жайындағы эпостың» бір тарауында адамзатты топан судан құтқарған Утнапиштим жайында жазылған. Бұл Нұх пайғамбардың кемесі жайындағы оқиғаға ұқсас.
Вавилондықтар кезінде шумерлік дін қауымдық сипатынан айрылып, мемлекеттік идеологияға айналады. Ал Хаммурапи патшаның (б. з. б. 1792-1750 жж. ) заңдары олардың өмірі, әдет-ғұрыпы мен дүниетанымы жайлы мәлімет береді.

2. 4-сурет.
Шамаш
Парфяндық мүсіні
б. з. д. 150-200 жж.
Вавилондық дінді халыққа жеткізетін абыздар еді. Олар ілімдерінде адамдардың құдайларға қызмет жасау үшін жаратылғандығы, сондықтан абыздардың айтқандарын қалтқысыз орындағандар ғана осы өмірдің жақсылығын көре алатындығы жайында мәлімдеді. Вавилондықтардың құдайлары адам тағдырын шешкен. Құдайлармен тек абыздар ғана тілдескен, әрі болашақты болжай алған. Сондықтан қарапайым халық абыздардың айтқанын мүлтіксіз орындауға тиіс болды.
Вавилондықтардың басты құдайы - Шамаш (күн құдайы) деп аталды ( 2. 4-сурет ) .
Адамдардың қарапайым түсінігінде күн барлық тіршіліктің бастауы ретінде қарастырылатындықтан, басты құдайлары да күн құдайы болып саналды. Оларда бұдан басқа табиғат және басқа құбылыстардың да құдайлары бар. Мысалы, Син (ай құдайы) ( 2. 5-сурет ), Адад (ауа райы құдайы), Нергал (өлім құдайы), Ирра (соғыс құдайы), Вильги (от құдайы) .
Вавилондықтар мен ассирийлік абыздар жақсы

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz