Ежелгі Мысыр діні


Ежелгі Мысыр діні
(Профессор С. Қ. Қонар «Діндер тарихы»)
Б. з. д. 2500 жыл шамасында Ежелгі Мысырда жоғарғы деңгейде дамыған мәдениет ошақтарының бірі пайда болды. Үлкен қалалар салынып, сауда-саттық, ғылым мен техника дамыды.
Ежелгі мысырлықтардың діндері көпқұдайға табынушылық (политеистік) дін болды ( 2. 7-сурет ) . Олар құдайларының әрқайсысын өмірдің әртүрлі жақтарының қамқоршысы деп сенді. Мысырлықтардың құдайлары қоғамдық құбылыстар мен табиғаттың дүлей күштерін бейнеледі.

Сол кезеңдегі дінге тән сипаттар:
- құдайлардың көп болуы;
- діни салттардың салтанат құруы;
- храмдардың ұлылығы;
- жануарларға сыйыну.
Құдайлардың сансыз көптігі ежелгі Мысырдағы саяси жүйенің заңды жалғасы іспеттес болды. Себебі, әрбір қала - мемлекеттің өз құдайлары бар еді. Олардың құдайлары әруақытта әртүрлі кейіпке өзгеріп, әртүрлі құдайларға қайта бөлініп немесе ұқсас құдайлары кейде бір құдайға біріктіріліп кетіп отырды. Ежелгі Мысырдағы архаикалық түсініктер көпке дейін сақталып қалып, діни өмірге өзгерістер енгізіп, соңғы төрт мың жылдық ғұмырында оның тамыры түбірімен өзгеріске ұшырады.
Ежелгі Мысырдағы әлемнің жаратылысы туралы ілім .
Ежелгі мысырлықтардың әлем жаратылысы жайындағы мифтерінде алғашқыда мұхиттардың әуелбасы Нун болғандығы жайында баяндалады. Мұхиттардан төмпешік көтеріліп, онда өмір пайда болғандығы туралы айтылады. Сондықтан да бүкіл әлем мен барлық құдайлар «Нуннан шыққандар» деп айтылады. «Өлілер кітабында» Ермополе қаласында құдайлардың мекендері болғандығы, онда олар жаратылыс пайда болғанға дейін өмір сүргендігі жайында баяндалады.
Мысырлықтар жерді жан-жағы Ніл жазығымен және таулармен қоршалған, ал одан ары бөтен елдер тұратын ернеулі жазық ыдыс (табақша) сияқты елестетті. Табақша алғашқы суда жүзіп жүреді, одан Ніл өзені пайда болады. Мысырлықтырдың пайымдауынша, күн батқаннан соң жер астында, жер шарына симметриялы түрде, өзінің түнгі саяхатын жасайды. Ал аспанды төрт тірек ұстап тұрады. Аспан - « сиыр» бейнесінде суреттеледі. Оның қарнында жұлдыздар орналасқан. Ал күн «құс жолымен» қозғалады.
Ежелгі Мысырлықтардың құдайлардың жаратылысы туралы ілімі бойынша:
- алғашқы судан өз-өзінен Атум құдайы пайда болды және ол космосты, содан кейін алғашқы егіз құдай Шу мен Тефнутты жаратты, ал одан - Ауа мен Ылғал пайда болды;
- олардың балалары Геб пен Нуттан - Жер мен Аспан пайда болды;
- олар енді төрт құдайды - Осирис пен Исиданы, Сет пен Нефтидиді жаратты, содан барып барлық жаратылыс пен айналадағы әлем пайда болды.
Әлемнің құрылымы ежелгі мысырлықтардың түсінігінде жұптасқан құдайлардан тұрады.
Ежелгі Мысырдағы құдайлар мен культтердің түрлері. Мысырлықтардың құдайлары әртүрлі қоғамдық құбылыстар мен табиғаттың дүлей күштерін бейнеледі. Табиғаттағы қандай да бір құбылыс құдайлардың арасындағы қатынас ретінде қабылданды, мысалы:
- күн мен түннің ауысуы;
- жыл мен маусымның қайталануы;
- ай мен күннің тұтылуы т. б.
Ежелгі мысырлықтар құдайларды бейнелеуде қатаң иконографикалық тәртіпті сақтамайды. Бір құдайдың өзін әртүрлі бейнеде бірде жануар, бірде адам, кейде адам басты жануар түрінде де бейнелей береді. Құдайдың есімі уақытқа немесе құлшылық ету рәсіміне байланысты өзгеріп отырды. Алғашында барлық құдайлар тең болды, кейіннен құдайдың рөлі мен алатын орны ұстанатын халықтың орналасқан жеріне байланысты өзгеріп отырды.
Ежелгі Мысырлықтардың басты құдайы Амон - құдайлардың патшасы, фараондардың қамқоршысы ретінде қарастырылып, кейінірек ол «Рамен» теңестірілді. Ра - күн құдайы, Атон - күн шары, Осирис - «өлілер патшалығы» мен ауыл шаруашылығының құдайы болды, Исида - құнарлы жер мен аналық құдайы, Птах - өнер және қолөнердің қамқоршысы, Маат - шындық пен тәртіп құдайы, Сет - шөл құдайы, зұлымдықтың бастауы, Тот - ай құдайы (жазуды үйреткен, ғалымдардың қамқоршысы), Хатор - аспан, махаббат, би құдайы, жұлдыздардың сүйіктісі, Хнум - құдайлардың, адамдардың және сулардың жаратушысы.
Ежелгі мысырлықтарда басты құдайлардан басқа кішігірім құдайлары да көп болды. Тіпті перғаундардың өздерін де құдайға теңеп «Ұлы құдай» деп атады.
Күн культі. Ежелгі Мысырлықтардың культінде Күн басты рөл атқарған. Күн культі нағыз мемлекеттік культ болып есептелген. Көпқұдайлық мемлекетті орталықтандыруға нұқсан келтіргендіктен, перғауын ІV Аменхотеп (б. з. д. 1419 - 1400 жж. ) діни реформа жасап, күн шары құдайы «Атон» деген бір құдайды жариялады және өзінің атын соған ұқсатып Эхнатон (Атан рухы) деп өзгертті.
Б. з. д. XV ғасырдың ортасында Эхнатонның реформасының арқасында Мысырда дәстүрлі күн культімен байланысты бір құдайлық (монотеистік) дін қалыптасты. Өзінің 12 жыл мемлекет басқарған шағында Эхнатон:
- Амон мен басқа да ескі құдайларға табынуға тыйым салды;
- Фивтің ғасырлық билігін құртты;
- мемлекеттің астанасын жаңа жерге, Эль - Амарнаға көшірді;
- ғибадатхана құрылысы мен көркемдік бейнелеу тәсілін өзгертті.
Енді барлық ескі құдайлардың орнына тек қана бір құдай - Күн құдайы - Атонға бағынды. Біртіндеп тарихи сахнаға патша культі шықты.

2. 8-сурет. Рамсес
Перғауынның мүсіні
Патша культі - Мысыр дінінің негізгі бір бөлігі. Перғауындар ( 2. 8-сурет ) өздерін күн құдайы - Раның баласы дәрежесіне көтеріп, өздерін жердегі құдаймыз деп жариялады. Осылай күн культі патша культімен бірігіп кетті. Сөйтіп, перғауындарға тек қана қол астындағылар ғана емес, табиғат күштері де бағынуы тиіс болды.
Жоғарғы Күн құдайының сипаты ретінде патша - құдай дәріптеліп, күн дискісі тәжісін киген сақалды еркектің келбетінде бейнеленді.
Күн мемлекетінің құрылуынан кейін патшалар перғауындардың жарылқаушысы деп саналатын Гордың бейнесінде суреттеліп, өздері енді Горлар деп аталды.
Патшалық биліктің қамқоршы құдайы Гор ( 2. 9-сурет ) - аспанмен, күнмен байланысты қыран басты кейіпте бейнеленеді.

Мысырлықтардың аңыздары бойынша, Гор Осирис пен Исида құдайларының баласы. Осирис Мысырда билік жүргізіп, адамдарға ауыл шаруашылығымен айналысуды, бақша өсіруді, шарап жасауды үйретеді. Бірақ өзінің бауыры Сет оның орнына патшалық құру үшін Осиристі өлтіреді. Әйелі Исида оның өлі денесін тауып алып, қатты қайғырып, жылайды. Ра-құдай оған жаны ашып, қорқау қасқыр басты Анибусты жібереді. Анибус Осиристің пәршектелген денесін жинап, бальзамдап, орап тастайды. Исида қыран құс бейнесіне айналып, Осиристен бала көтереді. Нәтижеде, қыран басты Гор дүниеге келеді. Гор есейген соң, әкесінің кегін алып, Сетті өлтіреді.
Әкесіне өзінің көзін жегізіп, тірілтеді. Бірақ, Осирис өлілер әлемінде қалып, жер бетіндегі билікті баласы Горға қалдырады.
Мысырлықтардың аңыздарындағы өліп-тірілетін, табиғи құбылыстарды жарататын құдайлар культі бізге олардың ғасырлар бойы сенген діни көзқарастары, ұстанған рәсімдері жайлы мағлұматтар береді.
Жануарлар культі - Ежелгі Мысырдың діни дүниетанымында маңызды орын алады. Көптеген құдайлар бейнесінің аңдар, құстар мен мүйізді жануарлардың басымен бейнеленуі оларды құрмет тұтумен байланысты.

Ежелгі мысырлықтардың аң-құс кейпінде бейнелеген құдайлары:
- Судың және Ніл тасқынының құдайы - Себек, қолтырауын кейпінде бейнеленді.
- Патшалық биліктің қамқоршы құдайы Гор - аспанмен, күнмен байланысты қыран - басты кейіпте бейнеленді.
- Анибус - өліктердің қамқоршысы, қорқау қасқыр басты құдай (2. 10-сурет) .
- Ежелгі мысырлықтар қасиетті санаған бұқа, қарсақ, сиыр және мысық та кішігірім құдайлар қатарына жатқан. Сонымен қатар қасиетті құстар ибистер де даналық құдайы ретінде дәріптелген.
2. 10-сурет
Анибус
Кейіннен біраз аңдарды (шошқа, қолтырауын, мысық, маймылдар т. б. ) құдайлардың егіздері, оның рухының көрінісі деп есептеді.

- Ежелгі Мысырда жануарлардың ішіндегі мейлінше құрметтісі - шошқа, қой, сиыр, мысық болды.
- Жануарларды түсіне, табандарының пішініне, мүйіздеріне т. б. белгілері бойынша ғибадатханада сақтап, құдай ретінде сыйынып, өлгенде құрметпен рәсімдеп жерлеп отырды.
- Жануарлардың өлген денесін мумиялап, орап, соның денесінің пішініндей етіп саркофагтарға орналастырды. Мұндай мәйіттер кейіннен Мысырдың көптеген жерлерінен табылды. Соның бірі - Бубастистегі мысықтар бейіті (2. 11-сурет) .
Мысырлықтар, сонымен қатар, жалпы табиғи культке де көп көңіл бөлді. Жер мен суды құрмет тұтып, Нілдің тірілткіш күші бар деп сеніп, оған Хапи құдайы ретінде табынды. Құстар мен ағаштар, өсімдіктерді де әсіресе, сикомор мен лотос гүлін ерекше құрметтеді.
Табиғат культі ғибадатханаларды сәндеуде де көрініс берді: оның бағаналары пальмалардың келбетін, тағандарының қосылған жері папирус пен лотостың, ал ішкі жағы Нілдің табиғатын бейнеледі.
Көне мысырлықтардың «о дүние» туралы түсініктері. Ежелгі Мысырда адам өлгеннен соң қайта тірілуі мүмкін деген ұғым қалыптасты. Мысыр перғаундары өлгеннен соң мәңгі қоныстанатын жерлерін дайындады.
Б. з. д. 3-2 мың жылдықтарда тастардан пирамидалар салынды. Олардың ішінде перғаундар жерленді.

Мысырдың ең көне пирамидасы Джосердің пирамидасы ( 2. 12-сурет ) . Ол б. з. д. 2780-2760 жж. фараондардың III әулетінің негізін қалаған. Пирамиданың биіктігі 60 м.
Гизада орналасқан фараон Хеопстың (Хуфу) ( 2. 13-сурет ) (б. з. д. XXVII ғ. фараондардың IV әулеті) пирамидасының биіктігі 146, 6 м.

- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz