Ертедегі түркілердің діні
Ертедегі түркілердің діні
(Профессор С.Қ. Қонар Діндер тарихы)
Тәңіршілдік - түркі халықтарының исламға дейінгі негізгі діни сенімі еді. Ертедегі түркілерде табынудың басты объектісі - Тәңір болды. Тәңір (көне түркі тілінде - мықты, ер, құдіретті) - деген мағынаны білдірді.
Тәңір ‒ көне түркілердің түсінігі бойынша, жер бетіндегі жанды, жансыз табиғаттың бәрінің үстінен қарайтын, соларды жарылқаушы, жазалаушы басты Құдай бейнесі. Түркілер Көк Тәңірі дегенде оны материалдық кейіптегі аспанмен салыстырмайды. Көк ‒ шексіз тылсым дүниенің, Тәңір ‒ ұлылықтың эпитеті болып табылады.
Бұл жағынан алғанда, Тәңір түсінігі кейінгі мұсылмандық "Алла", "Құдай" ұғымдарына жақын келеді. Ислам діні таралғаннан кейін де түркілердің Алла ұғымымен қоса Тәңір сөзін де жиі қолдануы осыған байланысты болуы мүмкін. Жалпы, Тәңіршілдік ‒ Азиядағы ең көне бір құдайлық сенім.
2.22-сурет. Табиғат аясындағы тұрмыс
Түркілердің дүниетанымының бастау бұлағы, қайнар көзі - табиғат (2.22-сурет). Барлық өмірі табиғат аясында өткен түркілердің тұрмыс-тіршілігі қоршаған ортаға тікелей тәуелді болды.
Айналадағы құбылыстарының тылсым сырларын түсінбеген адам олардың себебін басқа құбылыстар мен күштерден іздейді. Нәтижесінде табиғат рухтандырылып, адамда діндарлық сезім мен сенім қалыптаса бастайды.
Тәңіршілдік діннің өзіне тән ерекшелігі:
* тәңіршілдік дін өзіне дейінгі діни наным-сенімдерді теріске шығармайды, қайта оларды бір жүйеге келтіріп синтездеуші рөл атқарды.
* Түркілер күллі дүниеге үйлесімділік дарытқан құдіретті Тәңір деп мойындайды.
* Тәңір адамға ерік берген, сондықтан ол адамдарды амалы үшін жарылқаушы да, қателіктері үшін жазалаушы да.
Тәңіршілдік дінге байланысты айтылған тұжырымында Л.Н. Гумилев Мәңгілік аспан тек көмек көрсететін ғана емес, сонымен бірге өзіне сиынушылардан белсенділік танытуды да талап ететін Құдай... Тәңіршілдік дін адамды өз іс-қимылына, әрекетіне, пиғыл-ниетіне есеп беріп отыруға үйретеді, ісі түсіп, жолы болса, түркілер Тәңір қолдады дейді, қателік жасап, адасса, Тәңірім кешіре гөр, ‒ дейді.
* Тәңіршілдікте жарылқау мен жазалау мәселесі тек бұл дүниеге байланысты көрсетіледі. Жер асты, өлілер әлемінде Ерліктің билік ететіндігі жайында айтылғанымен, о дүниелік тозақ пен жұмақ мәселесі егжей-тегжейлі, қарастырылмаған.
Түркілік дүниетанымда әлем 3 бөліктен тұрады:
* жоғарғы әлем - Көк - аспан әлемі;
* ортаңғы әлем - жердің үсті, адамдар әлемі;
* төменгі әлем - жер асты әлемі.
Бұл - үш әлемдегінің бәрі Тәңірге тәуелді.
Ертедегі түркілердің дүниетанымында Тәңір барлық әлемнің билеушісі, әлемдерге әмірін жүргізуші. Адамның тәні жерден жаралғанымен рухы Тәңірден беріледі. Рухтың түркілік атауы ‒ Құт. Адам туғанда Тәңір оның денесіне құт дарытады.
Түркілік мифологияда әйелдік бастама Ұмайдың орны ерекше. Ол ортаңғы әлемнің иесі, жер бетіндегі тіршіліктің бастауы, жебеушісі. Ұмай ана жаңа туған нәрестенің денесіндегі құттың сақтаушысы, сәбилердің қамқоршысы ретінде бейнеленеді.
Тоныкөктің құрметіне орнатылған ескерткіште: Көк, Ұмай құдай, қасиетті Жер-Су, міне, бізге жеңіс сыйлаған осылар деп ойлау керек, ‒ деп жазылған. Бірақ құдайлық құдірет тұрғысынан алғанда Жер-Су мен Ұмай Тәңірмен тең емес. Олар ортаңғы әлемнің қамқоршысы болып табылады.
Адамның өмірі мен тағдыры тек Тәңірге ғана тәуелді, сондықтан түркі халықтары Тәңірден жарылқауды, Жер-Су мен Ұмайдан қолдауды сұрайды. Жарылқау адам тағдырын жақсы бағытта өзгертуді меңзейді, яғни тағдыр мен жазмыш тек Тәңірдің қолында екендігін білдіреді. Тәңір ештеңеге тәуелді емес, оның үкімі әділетті. Ол әділ жолдан тайғанды, ант бұзғанды жазалайды. Дұрыс жолды бұзған адамдардың жаны төменгі әлемге барады. Төменгі әлемде Ерлік билік етеді. Ол өте қорқынышты, сұсты кейіпте бейнеленеді. Тәңірдің әркімге белгілеген жазасын жүзеге асырады. Төменгі әлемде жазаланған адамдардың көз жасын қанша жұтса да толмайтын Тоймадым өзені ағып жатады. Түркі халықтарында ислам мен христиан дініндегі күнә мен тозақ ұғымдары болмағанымен, әр адамның өз ісіне қарай Тәңірдің құтына ие болатындығы немесе қаһарына ұшырайтындығы туралы идеяның болғаны күмән туғызбайды.
Тәңіршілдік дінді ұстанған түркілерде дүниені кезіп жүретін зұлым күштер жайындағы түсінік болды. Олар зұлым күштер жеке адам мен отбасына, тұтас қауымға кесірін тигізеді, берекесін кетіреді деген сенімде болды. Сондықтан, ертедегі түркілер Жаратушы Тәңірден қолдау сұрап, оған арнап құрбандық шалып тұрды.
Құрбандық тек қиыншылық туғанда ғана емес, қуанышты күндерде де, алыс
сапардан немесе жорықтардан аман-есен оралғанда да шалынады.
2.23-сурет. Көшпенділердің түйе керуені
Құрбандыққа қой, жылқы, түйе арналады. Түйе маңызды, ел тағдыры үшін шешуші сәттерде құрбандыққа шалынады. Түркілер хан сайлаған кезде, үлкен жорықтардан оралған кезде осындай құрбандықтар шалған және мұндайда құрбандық малдың түр-түсіне ерекше назар аударған. Оның түсі міндетті түрде ақ болуы шарт. Ақ түйенің қарны жарылды деген мәтел содан қалған.
Көшпенді түркілер үшін түйе тұрмыста өте маңызды орын алды. Ұзақ сапарларға керуен жібергенде түйелерді қолданды (2.23-сурет).
Құрбандық түркілер дүниетанымындағы үш ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz