Өсімдіктің зиянкестері


Жоспар:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Өсімдіктің зиянкестері
2. 2 Химиялық күресу шаралары
2. 3 Биологиялық күресу шаралары
2. 4 Механикалық-физикалық күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
\
Кіріспе
Зиянкестер - адам мен жануарлар организмінде әр түрлі ауру қоздырғышын таратып, өсімдіктерді зақымдайтын жәндіктер мен жануарлар тобы. Зиянкестер адамға, малға, орман және ауыл шаруашылықтарына үлкен зиян келтіреді. Адам мен жануарлар Зиянкестеріне, негізінен, паразиттер, түрлі жәндіктер (улы жыландар, улы өрмекшілер, қансорғыш жәндіктер, т. б. ) жатады. Ауыл шаруашылығы Зиянкестері - егістік пен табиғи өсімдіктерді зақымдап, түрлі аурулар таратады. Бұларға негізінен кемірушілер, бауыраяқты ұлулар, жұмыр құрттар (нематодтар), т. б. жатады. Мысалы, капустаны - капуста ақ көбелегі мен капуста қара күйесі, асқабақты - ұсақ шыбындар, қызылшаны - қызылша бүргесі, баялды (баклажан) мен картопты - колорадо қоңызы зақымдайды. Жиі кездесетін түрлері: шаянтәрізділер, көп аяқтылар және өрмекшітәрізділер. Көптеген дақылдардың өнімдеріне үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: шегірткелер, шілделіктер, күздік көбелек, шалғын көбелек, шыртылдақ қоңыз, қара қоңыз, т. б. Зиянкестер - өздерінің биологиялық ерекшелігімен, түрлерінің көптігімен, өсімталдығының жоғарылығымен және өсіп-өну процесінің шапшаңдығымен ерекшеленеді. Зиянкестердің таралуы және олардың кешенді түрлерінің бірлестігі, бір егістікте қалыптасуы, қоршаған ортаның жағдайына және сол ортаға бейімделуіне байланысты. Астық дақылдарының Зиянкестері астық өнімдерін күзде тасығанда және қыста сақтау кезінде зақымдайды. Бұларға өрмекшітәрізділер (мысалы, астық кенесі, т. б. ), қоңыздар (мысалы, астық қоңызы, астық тескіші, астық сүлікшесі, бізтұмсық қоңыздар, т. б. ), көбелектер (мысалы, астық сұр көбелегі, дән қоңыр көбелегі, т. б. ), құстар (мыс., көгершін, үй торғайы, т. б. ) жатады. Кенелер, қоңыздар, көбелектер - арпа, бидай, сұлы, күріш, жүгері, т. б. дақылдардың жапырағын, сабағын зақымдап, дернәсілдері өсімдіктің дәнімен қоректенеді. Бұдан астық дақылдарының өнімі кемиді. Бал арасының Зиянкестері аралар мен олардың тіршілік өнімдерімен қоректенеді. Зиянкестердің ішіндегі ең қауіптісі - Varroa jacobson кенесі. Бұлар бал арасын жеп қояды. Бал арасының жыртқыштары (аражегіш, тағанақ, т. б. құстар) омартадағы жиналған балды ғана емес, бал арасымен де қоректенеді. Өсімдік жемісі мен тұқымының Зиянкестері - буынаяқтылардың үлкен бір тобы. Бұлар өсімдіктің гүл бүршігін, бүрін, тұқымын, дәнін жеп қоректенеді. Бұл топқа: жапырақ ширатқыш, қосқанаттылар (жапырақ шыбыны, галлицалар), жарғаққанаттылар, қоңыздар жатады. Зиянкестер жыл бойы жиналатын тұқымның жартысына жуығын жеп, шаруашылыққа 25 - 50%-ға дейін шығын келтіруі мүмкін. Орман Зиянкестері - орман ағаштары мен бұталарын зақымдайтын жануарлар. Бұларға негізінен кенелер, көпаяқтылар, бауыраяқты ұлулар (шырыш), жәндікқоректі сүтқоректілер (кірпі, көртышқан, жертесер, т. б. ), тышқандар, жұпаяқтылар (қабан, бұғы, бұлан, т. б. ), жыртқыштар (түлкі, қоңыр аю) және құстар (тоқылдақ, қайшыауыз) жатады. Зиянкестер ағаштың жапырағын, бұтағын, гүлін, жемісі мен тұқымын жеп, діңін тесіп, тамырларынан шырынын сорады. Зақымданған ағаштар өсуін тоқтатып жеміс салмайды. Олар бірте-бірте өз тіршілігін жояды.
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1 Өсімдіктің зиянкестері
Өсімдік зиянкестері
- мәдени және жабайы өсімдіктерді зақымдайтын не мүлде құртып жіберетін жәндіктер. А. ш. өсімдіктерінің негізгі зиянкестеріне омыртқалы жануарлардан - сүтқоректілер, әсіресе кемірушілер (саршұнақ, қарақас, тышқан, қосаяқ, аламан тышқаны, т. б. ) ; омыртқасыздардан - бауыр аяқты былқылдақ денелілердің кейбір түрлері, бунақденелілер, өрмекші тәрізділер, көпаяқтылар, жұмырқұрттар, құстар(қарға, қараторғай), кенелер, моллюскілержатады. Ең көп зиян келтіретіндері - бунақденелілер, олардың түр құрамы көп, өсімтал және жылдам өсіп жетіледі. Өсімдікқоректі жәндіктер мен кенелер қоректі талғап алу дәрежесіне қарай полифагтар (әр түрлі тұқымдасқа жататын өсімдіктермен қоректенушілер), олифагтар (бір тұқымдасқа жататындармен қоректенушілер), монофагтар (бір ғана өсімдік түрімен қоректенушілер, жалаңқоректілер) болып бөлінеді. А. ш. дақылдарына, жайылым мен шабындыққа үлкен зиян келтіретін көпқоректілер: тікқанаттылардан - шегірткелер, бұзаубастар; қаттықанаттылардан - шыртылдақтар, қара денелілер, жапырақ жемірлері; қабыршаққанаттылардан - күздік көбелек, мақта түн көбелектері, шалғын көбелегі, т. б. Шектеулі қоректілердің де астық тұқымдас өсімдіктермен қоректенетін көптеген түрлері (астық қоңызы, швед шыбыны, т. б. ) кездеседі. Бұршақ тұқымдас өсімдіктерге аса зиян келтіретіндер - түйнек бізтұмсықтары, асбұршақ биті. Көкөніс дақылдарын қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат күйесі, т. б. зақымдайды. Жалаңқоректілердің ішінде аса зияндылары жаздық бидайды зақымдайтын - астық сұр көбелегі, асбұршақ дән қоңызы, алманы зақымдайтын - алма жемірі. Бунақденелілердің өсімдікті зақымдауының негізгі екі түрі ерекшеленеді: 1) ауыз мүшелі кемірушілер; 2) ауыз мүшелерін шаншып сорғыштар.
Бірінші түрлері - жапырақтарды, сабақтарды, өркендерді зақымдап жесе, кейбіреулері ағаш қабығын, тамырын, діңін кеміріп жейді;
Екіншілері - қоректену алдында өсімдікке сілекей бездерінен бөлініп шығатын ферменттерін енгізеді, соның салдарынан биохимиялық өзгеріс туындайды. Олардың таралуы және егістіктің белгілі бір өсімдіктерінде зиянкестердің бірнеше түрлерінің шоғырланып қалыптасуы - қоршаған ортаның өзгеру жағдайымен, зиянкестер түрлерінің сол ортаға бейімділігімен тікелей байланысты. Қоршаған орта факторларының үйлесімділігі (жылылығы, ылғалдылығы, жауын-шашыны, жыртқыштары, тоғышарлары) көптеген зиянкестердің көбеюіне әкеліп соқтырады. Өсімдік зиянкестерінен арылу үшін агротехникалық (ауыспалы егіс тәртібін сақтау, тыңайтқыш шашу, арамшөптерді отау, т. б. ), биологикалық (Өсімдік зиянкестерінің паразиттерін, табиғи жауларын пайдалану), физика-механикалық (зиянкестердің өсіп-өнуіне тосқауыл қою, олардың жұмыртқаларын құрту), химиялық (улы химикаттарды пайдалану), биофизикалық және биохимиялық шаралар қолданылады. Өсімдік зиянкестерінен қорғанудың теориялық және практикалық мәселелерімен Қазақ өсімдік қорғау ғылыми-зерттеу институтымен респ. тиісті мекемелер айналысады.
2. 2 Химиялық күресу шаралары
Химиялық күресу шаралары. Өсімдіктердің химиялық күресу шаралары зиянкестерлерге (құрт-құмырсқалармен, кенелермен, саңырауқұлақтармен, кемiргiштермен тағы басқалардың) бұл организмдардың дамытуын құртып немесе тоқтатуға қабiлеттi химиялық заттарды қолдануда негізделген. Өсiмдiктердiң химия қорғау құралдарының кең тараған атауы - пестицидтер (лат pestis- зиян, қирату; caedo- өлтіру) . Пестицидтердiң ерекшелiгi олардың улылығында, немесе улағыштықта болады, тағы бір ерекшелігі азғантай санымен организмдердің нормалы тіршілік әрекетін бұзып, тіршілігін тоқтатады.
Улағыштықтар мөлшерін анықтайтын заттар доза, немесе мөлшерлеу болып табылады, организмның улауы үшiн жеткiлiктi. Дозаны организммен салыстырғанда удың массасы бiрлiктерiндегi негiзiнен бiлдiредi немесе оның денесiнiң массасының бiрлiгiне(мг/г, г/кг) . Организмға улы әсердiң дәрежелерi бойынша дозалар танып бiледi: өлiммен аяқталар, немесе өлiм, пестицидтің аз мөлшері, организмеде қайтымсыз өзгерiстерге және өлімге әкеледі; сублетальді- организмді қайтымсыз өзгерістерге, бірақ өлімге әкелмейді; табалдырықты - организмның тiршiлiк әрекетiндегi (әдетте аударылатын) болмашы өзгерiс шамданған доза.
Қылқан зиянкестері үзақ уақыт бойы түсуіне байланысты химиялық күресу шаралары тиімді болады. Мүндайда химиялық препараттар өзінің улағыш қасиетін үзақ уақыт бойы сақтай алуы қажет. Осы талапқа сай келетін химиялық препарат - бүл ГХЦГ гамма -изомерінің 16%-дық минералды - майлы эмульсиясы. ГХЦГ гамма - изомерін қолдану мүмкін болмағанда, пиретроидті инсектицидтерді қолданған жөн. Ауылшаруашылық дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты оларды бір-бірінен ажырата білу. Одан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.
Қорғау шараларын өткізбеусіз тек қана бидай өнімінің зиянды организмдерден жоғалтуы 25-тен 40% дейін құрауы мүмкін. Осыған байланысты республика аумағында фитосанитариялық жағдайды тұрақты бақылау жүзеге асырылады, соның ішінде республикалық бюджеттен жыл сайын 2, 5-3, 0 млрд. тенге, аса қауіпті зиянды организмдермен және карантиндік объектілермен 3-3, 5 млн. га ауданы маңайында күресу шараларын жүргізу үшін бөлінеді. Ұйымдастырылған - профилактикалық шараларға трипс зиянкесіне қолайсыз жағдай жасау жұмыстарын жатқызуға болады. Мысалы, өсімдік қорғауда бидай трипстерінен қорғау үшін ауыспалы егісті сақтау, өсімдік қалдықтарын жою, терең сүдігер жыртудың маңызы зор. Сондай - ақ алдын алу шараларына топыраққа фосфорлы препараттар енгізу. Трипстерге қарсы қорғау шаралары ретінде, біріншіден, күздік минимальді топырақ өңдеудің өзі (нөлдік емес) 90% трипс дернәсілдерін жояды. Химиялық өңдеудің де маңызы көп. Трипс дернәсілдерінің имагоға айналуы топырақ температурасы 8-10⁰С жеткенде басталады және ол сәуір айының соңы мен мамыр айының басына сәйкес келеді, ал ересек насекомның түтікке шығу кезеңіндегі бидайға енуі маусымның соңы мен шілде айының басына сәйкес келеді, осы 2-2, 5 ай аралығы кез- келген инсектицид қолдануға мүмкіндік береді. Ресейде трипсерге қарсы BASF фирмасы өндіретін Фастак препараты қолданылған болатын. Ол инсектицид- жүйелік және ішек әсерлі. Трипстерге қарсы қолданылуға рұқсат етілген тізім бойынша 0. 1-0. 15 л/га. Инсектицидтің гектарлық норма бағасы 1, 2-ден 1, 9-ға дейін АҚШ долларын құрайды. Егер осы жұмысты гербицидтік өңдеумен жүргізсе, онда алаңдағы барлық трипстерді жоюға болады, бірақ химиялық өңдеуден кейін барлық трипстер көпжылдық астық шөптерден жаңа өсіп келе жатқан, жұмсақ бидайға қоныстанады. Бұл уақытта гессен шыбыны, сондай-ақ астықтың жолақ бүргесі, швед шыбыны және тағы басқа зиянкестерінің белсенді жұмыртқа салу кезеңіне сәйкес келеді. Астық дақылдарына жүйелік инсектицидтерді қолдану, экономикалық тиімсіз болып табылады, себебі оның құны гектарына 4-8 АҚШ долларын құрайды. Ондай инсектицидтерді шаруашылыққа өсімдіктердің өскіндері шыққаннан бастап, жинағанға дейін зиянкестермен залалданатын көкөніс дақылдарына немесе картоп дақылдарына жөн. Оған мысал ретінде, Федоровский ауданында 3 жыл қатарынан қолданылған Фастак инсектицидімен (60-100г/га) бірге гербицидтердің қолданылуын келтіруге болады. Нәтижесінде бидайды егістігі зиянкестерден толық қорғалып, залалдану байқалмады. Сол сияқты, Меңдіқара ауданында жұмсақ жаздық бидай егістігінде Фастак қолданылған болатын және ол жерлерде де трипсімен залалдануы байқалмаған. Осы инсектицид сондай-ақ асбұршақ және басқа да дақылдарда қолданыла бастады. Бұл перепарат егістікті барлық вегетация кезең бойы негізгі зиянкестерден қорғады. Трипстерге қарсы өңдеу жұмыстарын насекомның әлсіз кезеніңде жүргізген дұрыс. Дегенмен өсімдік қорғау мамандарының айтуынша, трипстерге қарсы күресу шаралары оңай, алайда іс-сана көрсеткендей, инсектицидтер қолдану керісінше көрсетті. Әртүрлі жастағы трипстер масақша қабықшағында жасырынуы мүмкін.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz