Топырақтың коректік заттар режімі және оны егіншілікте реттеу


Жоспар
Кіріспе
1. Ылғал топырақ режімдерінің басты элементтерінің бірі
2. Топырақтың ауа режімі және оны егіншілікте реттеу жолдары
3. Топырақтың жылу режімі және оны егіншілікте реттеу жолдары
4. Топырақтың коректік заттар режімі және оны егіншілікте реттеу
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кіріспе
1. Ылғал топырақ режімдерінің басты элементтерінің бірі
1. Ылғал топырақ құнарлылығының басты элементтерінің бірі, сондықтан ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігін артырудағы алатын орны ерекше.
Өсімдіктер мен микроорганизмдердің тіршілігі топырақтың технологиялық қасиеттеріне, меншікті кедергісіне, өңдеу мерзімі мен тәсілдеріне, танаптағы ылғал қорына байланысты. Топырақтың ылғал көздеріне негізінен атмосфералық жауын-шашын жатады. Ол қатты (қар, бұршақ, қырау) және сұйық түрінде (жаңбыр) түседі.
Қазақстанда жауын-шашын шамалы жауады. Көлденең ендік бойынша оның жылдық мөлшері 100мм-ден (шөлейт және шөлді аймақтар) 360-400 мм-ге (орманды-далалы аймақ) дейін ауытқиды. Таулы және тау бөктері аймақтарында жауын-шашын мөлшері біршама көбірек, яғни 450-600 мм-ге дейін жетеді. Өсімдіктер үшін жауын-шашынның мөлшері ғана емес, сонымен қатар жауу мезгілі мен сипатының маңызы бар. Мысалы, вегетация кезінде және ақжауын түрінде түскен жауын-шашын өсімдіктер үшін пайдалы.
Топырақтағы ылғал қорының келесі көзі - жер бетінен 3 метр тереңдіктен жоғары жатқан ыза (жерасты) сулары.
Атмосфера қабатында түзілетін бу тәріздес ылғал өсімдікке тікелей су көзі болмағанмен жанама әсер етеді.
Республикның суармалы оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы қолдан суару топырақтағы ылғал көзінің келесі түрі болып табылады. Танаптағы ылғал қорын молайтуда ол тиімді агротехникалық шара болып саналады.
Топырақ ылғалдылығыжауын-шашын мөлшеріне, ауаның температурасына, өсімдіктердің ылғалды пайдалану дәрежесіне байланысты өзгеріп тұрады. Топырақтағы ылғал әр түрлі формада болады. Олардың бастылары: гравитациялық су, капиллярлық су, гигроскопиялық су, қабыршақты су, бу тәріздес су.
Гравитациялық су дегеніміз топырақ агрегаттарының аралықтарындағы ірі қуыстылықтар арқылы өз салмағымен жоғарыдан төмен қарай жүретін су. Ол бос суға жатады, сондықтан өсімдіктер оңай сіңіреді. Бұл судың негізгі көздері атмосфералық жауын-шашын және қолдан беретін су. Егер топырақта шамадан тыс көп су болса, ол барлық капиллярлық емес қуыстылықтарды толтырып, ондағы ауаны атмосфераға ығыстырып шығарады, сөйтіп топырақтың ауа режімін нашарлатып, өсімдіктердің өсуіне кері әсер етеді. Гранулометриялық құрамы жеңіл құм және құмдауыт топырақтарда гравитациялық су ұзақ ұсталмай тез төменгі қабатқа өтіп кетеді.
Капиллярлық (түтіктік) су топырақтың капиллярлық қуыстылықтарында орналасады. Олар топырақтың ылғалды қабатынан құрғақ қабатына, яғни әр бағытта менискілік күштің әсерінен қозғалатын ылғал. Бұл ылғал әрқашан жылжымалы күйде болады, сондықтан өсімдіктер оңай сіңіре алады.
Гигроскопиялық су-ауаның ең жоғарғы ылғалдылығында топырақ молекула түрінде сіңірген және оның бөлшектерінің бетінде үлкен күшпен берік ұсталып тұратын ылғал. Оны өсімдік пайдалана алмайды, себебі ол топырақ бөлшектерінің арасында диффузиялық жолмен тек ғана бу түрінде қозғалады және оны топырақтан ажырату үшін 105
0
С температурада 6 сағат бойы кептіру керек. Топырақтың гигроскопиялық ылғалдылығы тұрақсыз. Егер ауаның ылғалдылығы 100 пайыз болса, онда топырақ бөлшектерінің бүкіл бетін гигроскопиялық ылғал жабады. Мұндай жағдайды топырақтың толық, немесе максималды гигроскопиялылығы деп атайды.
Топырақтың гигроскопиялығы оның гранулометриялық құрамына, органикалық заттардың мөлшеріне, тұздардың құрамына байланысты, сондықтан ол әр түрлі топырақ типтерінде бірдей болмайды. Мысалы, гранулометриялық құрамы жеңіл құмдарда 0, 5 пайыз, құмдақ топырақтарда -3-4 пайыз, ал гранулометриялық құрамы ауыр балшықты және саз- балшықты топырақтарда 6-8 пайызға дейін жетеді. Максималды гигроскопиялық топырақтағы өсімдік пайдалана алмайтын судың өлі қорын анықтау үшін қажет. Ол пайызбен, т/га немесе м 3 /га есептеледі.
Топырақтың ылғалдық қасиеттеріне оның су өткізгіштігі, ылғал көтергіштігі, ылғал сиымдылығы, ылғал жоғалтқыштығы жатады.
Су өткізгіштік-топырақтың суды сіңіріп өз бойынан өткізу қабілеті. Ол топырақтың минералогиялық, катиондық, гранулометриялық құрамына, құрылымына, тығыздығына, қаттылығына байланысты. Борпылдақ, құмды және құмдауыт топырақтардың су өткізгіштігі жоғары, ал тығыз, сазды, сазбалшықты топырақтардікі нашар болады. Топырақтың су өткізгіштік қабілетінің пайдалы және зиянды жақтары да бар. Егер су өткізгіштік қабілеті төмен болса, онда ылғал топырақтың жоғарғы бетінде жиналып қалады да сай-салаға ағып кетедінемесе органикалық қалдықтардың шіріуіне, микроорганизмдердің тіршілігін баяулатуға, әкеп соғады. Ал, топырақтың су өткізгіштігі шамадан тыс жоғары болса, онда жауын-шашын мен қолдан берген сулар тамыр жүйесінен әрі қарай тез өтіп кетеді де, суды өсімдік сіңіре алмай, ылғал текке ысырап болады. Топырақтың гранулометриялық құрамы ауыр типтерінде оның су өткізгіштігін арттыратын негізгі әдіс-топырақтықопсыту, құрылымын жақсарту, органикалық заттардың қорын молайту.
Ылғалсиымдылық-топырақтың суды сіңіріп және ұстап қалу қабілеті. Мысалы, құм өз салмағының 25 пайызындай, ал балшықты топырақ 70 пайызындай суды сіңіріп ұстап тұра алады. Ылғал сиымдылықтың ең төменгі капиллярлық және толық түрлері бар.
Ең төменгі немесе табиғи сусиымдылық дегеніміз табиғи жағдайда топырақтан гравитациялық су ағып кеткеннен кейінгі қалған ылғалдың мөлшері.
Капиллярлық сусиымдылық топырақ түтіктерінде ұсталатын ылғалдың ең көп мөлшері
Толық сусиымдылық деп топырақтың барлық қуысталықтарындағы ылғалдың ең көп мөлшерін айтамыз. Ол қар ерігеннен кейін, немесе суарғаннан соң пайда болады. Топырақтың сусиымдылығы оның гранулометриялық құрамына, құрылымына және басқа қасиетеріне байланысты.
Ылғал жоғалтқыштық-топырақтан судың буланып ұшып кетуі, яғни жоғалуы. Ол топырақтың түсіне, ауаның температурасына мен ылғалдылығына, тығыздығына, оның беткі қабатының формасына байланысты. Мысалы, ауаның температурасы жоғары, ылғалдылығы төмен, топырақ беті тегіс болмаған жағдайда одан ылғал көп мөлшерде буланып ұшып жоғалады және керісінше болады.
Топырақтың ылғалдық режимін реттеу үшін үш бағытта агротехникалық шаралар жүргізілуі қажет.
Бірінші, танаптарда су қорын жинауға бағытталған шаралар. Оған қар тоқтату, көктемдегі қар суын танаптарда ұстап қалу, танаптарды парға қалдыру, оларға биік өсімдіктерден ықтырма себу, танаптардың жиегіне ағаш алқабын отырғызу, қолдан және көлтабан суару жатады.
Екінші, жиналған су қорын танаптарда сақтауға бағытталған шаралар. Бұл топқа ылғал жабу, яғни ерте көктемде топырақты тырмалау жатады. Ғылыми-зертеулер мен өндірістік тәжірибенің деректеріне қарағанда тырмаланбаған танаптарда көктемнің әрбір тәулігінде бір гектар жерден 50-100 м 3 су буланып ұшып кетеді екен.
Егін сепкенге дейін арамшөптерді жою керек. Өйткені олар өздерінің өніп-өсуі үшін жиналаған су қорының біраз мөлшерін және жауын-шашынның 20 пайызын пайдаланады.
Үшінші бағыт жиналған және сақталған су қорын егіншілікте тиімді пайдалануға бағытталған шаралар. Оған егінді дер кезінде және қысқа мерзімде себу жатады. Өйткені, жоғарыда көрсетілгендей әр бір кешіккен күн топырақтағы ылғалдың буланып ұшып кетуіне әкеліп соғады.
2. Топырақтың ауа режімі және оны егіншілікте реттеу жолдары
Топырақтағы газ алмасу дәрежесіне оның ауа қасиеттерінің әсері бар. Оған ауа сиымдылығы мен ауа өткізгіштігі жатады.
Ауа сиымдылық дегеніміз топырақтың өз бойына белгілі бір мөлшерде ауаны сіңіріп ұстап тұру қабілеті. Ауа сиымдылығы белгілі бір уақыт ішінде (секунд, минут, тағы басқа) 1см 2 көлемдегі топырақтың 1 см тереңдігіне өтетін миллиметр есебімен алынған ауа мөлшері.
Қазақстанның барлық топырақ-климат аймақтарында ауа режимін әр түрлі агротехникалық шаралар жүргізу арқылы реттеуге болады. Оған топыраққа органикалық тыңайтқыш беру, әсіресе көң төгу жатады. Бұл топырақтың құрылымын жақсартып, ондағы ауа мен ылғалдың арақатынасын өзгертеді, аграциясын жақсартады.
Топырақты әртүрлі тереңдікте негізгі, егін себер алдында және егін сепкеннен кейін өңдеу. Осының арқасында топырақ қопсып, оның құрылымы мен құрылысы жақсартып, ауаның топыраққа сіңуі жеңілденеді. Қуаңшыл аймақтарда топырақтарды каток арқылы тығыздау керек, өйткені соққан желдің әсерінен ондағы аз ылғалдың өзі ұшып кетеді. Шамадан тыс ылғалданған жерлердегі артық суды жою шаралары топырақтың ауа режімін жақсартады.
Сор және сортаңталған жерлерде топырақтың ауа режімін жақсарту үшін оны гипстау керек. Топырақтың ауа режімін реттеудегі ең тиімді агротехникалық шара - қысқа айналымды отамалы-парлы, асытықты-парлы ауыспалы егістерді енгізу және игеру.
3. Топырақтың жылу режімі және оны егіншілікте реттеу жолдары
Топырақтың жылу режімін реттеу үшін оның жылулық қасиеттерін білу керек. Оларға топырақтың күн сәулесін сіңіру және оны кеңістікте тарату, жылу сиымдылығы, жылу өткізгіштігі, температура өткізгіштігі жатады. Топырақтың температурасы күн энергиясын сіңіру және оның кеңістікке тарауының айырмашылығына байланысты. Өйткені, жерге түскен күн сәулесінің бір бөлігі топыраққа сіңіп, оны қыздырады да, ал қалған бөлігі әуе кеңістігіне таралып кетеді. Оны альбедо деп атайды.
Жылу сиымдылығыдегеніміз белгілі бір мөлшердегі топырақты 1
0
С қыздыруға қажетті жылуды сіңіру қабілеті. Топырақтың салмақтық және көлемдік жылу сиымдылығы бар. Бір грамм топырақты 1
0
С-қа қыздыру үшін керек жылу мөлшерін салмақтық, ал 1см
3
топырақты 1
0
С қыздыруға қажет жылу мөлшерін көлемдік жылу сиымдылғы деп атайды.
Жылу өткізгіштік- топырақтың өз бойынан жылуды өткізуі. Ол 1 секунд ішінде көлденеңі 1см
2
, қалыңдығы 1см топыраққа өтетін каллория есебімен алынған жылу мөлшері.
Температура өткізгіштік деп топырақтың біркелкі қызып, температурасының бірдей болуын айтады.
Топырақтың жылу режимін аймақтың климат ерекшеліктеріне қарай әр түрлі реттейді. Мысалы, республиканың солтүстік жақтарында жылу жетіспегеннен зардап шексе, ал оңтүстікте оның көптігінен зиян келеді.
Қыстыгүні танаптарда қар тоқтату тек ылғал мөлшерін ғана көбейтіп қоймай, сонымен қатар жердің терең тоңданбауына, көктемде тез жібіуіне, сөйтіп микроорбиологиялық процестің ерте басталуына әсер етеді.
Жазғытұрым өсімдіктерді үсіктен сақтау үшін жылу сүйгіш өсімдіктерді кеш себу, жүзім-жеміс ағаштарына, көкөністерге түтін салу, ағаштардың қатты қызып кетпеуі үшін олардың діңгектерін әктеу қажет.
Өсімдіктердің санын өзгерту арқылы олардың жылу режимін реттеуге болады.
Топырақ өңдеудің мақсаттары мен міндеттері. Топырақ өңдегенде жүретін технологиялық операциялар (процестер) . Топырақтың технологиялық қасиеттері.
Топырақты негізгі өңдеу тәсілдері, жүргізу техникасы және құралдары.
Топырақты терең және арнайы өңдеудің тәсілдері: фрезалау, саңлаулау, ін тәрізді қуыстар жасау, қат-қабаттап жырту, плантажды жырту.
Топырақтың беткі қабатын өңдеу тәсілдері: сыдыра жырту, культивациялау, тырмалау, тығыздау (катоктау), шлейфтеу, қарық тарту, ұялау, түптеу, шоқтау, мала басу (малалау) .
Топырақ өңдеу тереңдігі және өңдеу қабатын қалыңдату. Қазақстанның далалық және құрғақ далалық аймақтарында бір жылдық жаппай себілетін, жаздық дақылдар үшін отамалы дақылдардан, екпелі көпжылдық шөптерден кейін сүдігер өңдеу жүйесі. Топырақтың терең өңдеу қабатын жасау.
Сүдігер өңдеудің мерзімі және тереңдігі. Олардың топырақтың агрофизикалық қасиеттеріне, ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсері.
Отамалы дақылдардан кейін танаптың жағдайы. Жаппай себілетін бір жылдық дақылдармен салыстырғанда отамалы дақылдардан кейін сүдігер өңдеу ерекшеліктері.
Екпелі көпжылдық шөптерден кейін сүдігер өңдеу жүйесі. Олардың топырақтың физикалық қасиеттеріне әсері. Екпелі көпжылдық шөптердің қыртысын негізгі өңдеуге қойылатын талаптар. Көпжылдық шөптердің қыртысын өңдеу мерзімі мен тереңдігі, олардың маңызы.
Көктемде топырақты негізгі өңдеу, оның жүргізілу мерзімі және тереңдігі. Көктемде топырақты негізгі өңдеудің кемшіліктері.
Егін себер алдындағы топырақ өңдеу жүйесінің маңызы және мақсаты, жүргізу құралдары.
Егін сепкеннен кейін топырақ өңдеу жүйесі, маңызы, мақсаты, жүргізу мерзімі және тереңдігі, құралдары.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарындағы суармалы егіншілікте жаздық дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі.
Біржылдық жаппай себілетін дақылдардан кейін топырақты негізгі өңдеу жүйесі. Сүдігер жырту, оның ерекшелігі, жырту мерзімі мен тереңдігі, құралдары.
Отамалы дақылдардан кейін сүдігер өңдеу жүйесі, жырту мерзімі және тереңдігі.
Екпелі көпжылдық шөптерден кейін сүдігер өңдеу жүйесі. Сүдігер жырту ерекшеліктері, мерзімі, тереңдігі, құралдары.
Аралық дақылдар, маңызы, түрлері, өсіруге керекті сыртқы орта жағдайлары. Аралық дақылдар үшін әр түрлі алғы егістерден кейін топырақ өңдеу жүйесі.
Аймақтың топырақ-климат ерекшеліктеріне байланысты егін сепкенге дейін жүргізілетін топырақ өңдеу жүйесі, өңдеу тереңдігі мен құралдары.
Суармалы егіншілікте егін сепкеннен кейінгі жүргізілетін топырақ өңдеу жүйесінің мақсаты, жүргізілу мерзімі, тереңдігі, құралдары.
Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарынның тәлімі егіншілігінде топырақ өңдеу жүйесі. Тәлімі егіншіліктің суармалы және суарылмайтын егіншіліктен айырмашылығы. Сүдігер өңдеу мезгілі, тәсілі, тереңдігі, құралдары.
Жаздық дақылдар үшін егін себер алдындағы және сепкеннен кейінгі топырақ өңдеу жүйесі.
Күздік дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі. Пар өңдеу жүйесі: тәсілі, тереңдігі, құралдары.
Ылғалмен жартылай қамтамасыз етілген тәлімі егіншілікте таза парды негізгі өңдеу және жаз айларында күтіп-баптау.
Егіншілікте республиканың суарылмайтын астықты солтүстік, батыс және басқа өңірлерінде пар өңдеу жүйесі (мерзімі, тереңдігі, құралдары) . Ықтырмалы парды өңдеу жүйесінің ерекшелігі.
Пардан басқа алғы дақылдардан кейін күздік дақылдар үшін топырақ өңдеу жүйесі: екпелі көпжылдық шөптерден, отамалы және дәнді дақылдардан кейін топырақ өңдеу жүйесі, ерекшеліктері.
Эрозияға ұшырайтын жерлердегі топырақ өңдеу жүйесінің ерекшелігі. Жерді өңдеу тәсілдері.
Топырақты минималды өңдеу, мақсаты, бағыттары, өңдеу ерекшеліктері, құралдары.
Топырақты нөлдік өңдеу, оған осы күнгі көзқарас. Нөлдік өңдеудің топырақтың негізгі қасиеттеріне тигізетін әсері.
Топырақты жылдам өңдеу, оның еңбек өнімділігіне, топырақ өңдеу сапасына әсері. Топырақ өңдеу сапасына агротехникалық баға беру.
Егіншілік жүйелерінің даму кезеңдері. Егіншілік жүйесінің түрлері: қарапайым, экстенсивті және интенсивті.
Егіншілік жүйелерінің ғылыми негіздері: егіншіліктің жалпы заңдылықтары, топырақтың құнарлылығы туралы ілім, топырақты эрозиядан қорғау мәселелері. Егіншілік жүйесінің тиімділігі. Егіншілік жүйелерінің негізгі буындары.
4. Топырақтың коректік заттар режімі және оны егіншілікте реттеу
Егіншілік мәдениетін арттыру өсірілетін дақылдардан сапалы және мол өнім алудың негізгі кепілі болып саналады. Осы күрделі мәселенің оңтайлы шешімін табу ауыспалы егіс жүйесін кеңінен игерудің арқасында іске асырылмақ. Нәтижесінде біз егістік жерлерді тиімді пайдаланып, топырақтың құнарлылығын сақтап әрі қоршаған ортаның жағдайын жақсартуға толық мүмкіндік аламыз. Тәлімі жерлерде енгізілген ауыспалы егістердің негізі сүрі жыртылған танап болып есептеледі. Себебі ол жерде қыста-көктемде жауған жауын-шашын және қоректік заттар жиналып, арамшөптер, өсімдіктер зиянкестері және ауруларымен күресудің агртехникалық тәсілдері сәтті жүргізіледі.
Ал енді сүрі жыртылған танаптан кейін қандай дақылдың орналасуы тұрғысында ғалымдар арасында әртүрлі пікір қалыптасқан. Кейбіреулері сүрі жерден кейін екінші дақыл ретінде күздік бидай орналастыруды жөн көрсе, ал қалғандары тәлімі жерге жақсы бейімделген, ауа райының қолайсыз өзгерістеріне төзімді, жоғары өнім түзетін арпа дақылын себуді ұсынады. Біз осы ұсынысты қолдай отырып, аталған мәселені ғылыми тұрғыда анықтау үшін Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтына қарасты тәлімі егіншілік бөлімінің ғалымдарымен бірлесіп, тәлімі жерде орналасқан ауыспалы егістердегі арпаның орнын және оның егіс көлемін анықтау мақсатында бірсыпыра жұмыстар жүргізгенбіз. Зерттеулерге тиісті бағасын беріп, нақты қорытынды жасау үшін 1-тәжірибедегі ауыспалы егістің үлгілерін пайдаландық.
Осы үлгілер бойынша жүргізілген ғылыми жұмыстардың нәтижелеріне сүйенсек, тәлімі егіншілік жағдайында шектеулі фактор топырақ ылғалы болғандықтан, оның қоры біз орналастырып отырған дақылдардың арасында айтарлықтай айырмашылық байқалтпады. Тек, ылғал көлемі сүрі танаппен салыстырғанда ауыспайтын арпа егістігінде 78 мм, ал сүрі жерден кейін орналасқан арпада 32 мм кем болды. Жиналған өнім мөлшеріне келетін болсақ, ол әр танаптағы топырақтың құнарлылығына және жауын-шашынның түсу мерзіміне қарай қалыптасқан. Мысалы, күздік бидай күздегі-көктемдегі ылғалдыққа байланысты өсіп-өнсе, жаздық арпа мамыр айындағы топырақ ылғалына сәйкес өнім құрайды. Әрине, бұл құбылыс өсу кезеңіндегі ауа райымен тығыз байланысты болғандықтан, бірінші кезекте жалпы ылғал қорын тиімді пайдалану мәселесіне көңіл бөлген жөн. Осы тұрғыда дәлірек айтсақ, сүрі айдалған танапта өсірілген күздік бидайдың 1 кг дәнін құрау үшін жұмсалған ылғал шығыны 14, 4 мм болса, арпа дақылы - 13, 2 мм, ал ауыспайтын егістікте - 18, 1 мм-ге жетті. Осыған қарағанда арпаның ылғал пайдалану қабілеті күздік бидаймен салыстырғанда біршама аз мөлшерді көрсетеді.
Арпаны сүрі жерден кейін үшінші дақыл ретінде орналастырған жағдайда егістіктің арамшөппен ластануы аз-маз көбейеді, бірақ олардың арпа өніміне аса кері әсер ете алмағаны байқалады. Бұл құбылысты арпа дақылының арамшөптерге қарағанда тез өсіп-жетіліп кетуімен түсіндіруге болады. Сонымен тікелей сүрі айдалған танапта өсірілген күздік бидайдың 3 жылдық орташа өнімі әр гектардан 17, 8 ц құраса, арпа дақылы - 16, 8 ц, оны екінші-үшінші танаптарда ораналастырғанда тиісінше - 15, 2 және 14, 0 ц, ал ауыспайтын арпа егістігінен 11, 8 ц дән жиналды.
Келтірілген мәліметтерді сараптай келіп айтарымыз, біздер орындаған ғылыми-зерттеу жұмыстар тәлімі жерде игерілген 4-танапты сүрі жерлі-арпаланған ауыспалы егістерінде жүргізілді.
Қазақстанның оңтүстік-шығысындағы жиі қайталанатын құрғақшылық пен тұрақты ылғал тапшылығы әрдайым зерттеушілерге топырақтың су режимін жақсартуды және оларды реттеудің жаңа жолдарын іздестіруді міндеттейді. Сол себепті өсімдіктердің топырақ ылғалын ұтымды пайдалануын жақсартуға бағытталған барлық агротехникалық шаралардың ғылыми және практикалық маңызы ерекше.
Зерттелген 1979-1992 жылдары қысқы-көктемгі кезеңдеріндегі ауа райының көп жылдық көрсеткіштерден әжептеуір айырмашылығы болғандықтан, алғы дақылдар бойынша арпа себер алдындағы өнімді ылғал қорында да елеулі өзгешеліктер байқалды. Көктемгі ылғалдың барынша мол қоры сүрі танап топырағында жиналып, арпаның екінші, үшінші және ауыспайтын дақылынан тиісінше 23, 8; 38, 5 және 65, 9 мм немесе 22, 1; 41, 5 және 100, 8% артық құралған (1-сурет) .
Арпаның өсу кезеңі бойына қоректену аумағының әсерінен туындайтын ылғал қорындағы айырмашылықтар едәуір шамаға жетеді және көбінесе қуаңшылық жылдары өсімдіктердің өнімділік сипатына түбегейлі өзгерістер енгізуі ықтимал.
Егістіктегі топырақ ылғалдылығын анықтау барысында тұқым себу мөлшерінің жаздық арпа өсімдіктерінің су режимін реттеудегі маңызды орын алатындығы белгілі болды. Атап айтқанда, түптену кезеңіндегі гектарына 2 және 5 млн. дәннен себілген егістікті салыстыра талдасақ, сүрі танап топырағында 13, 4 мм, арпаның екінші дақылында 15, 0 мм, үшінші дақылында 14, 5 мм ылғал сирек егістікте көп сақталған. Кейінгі масақтану кезеңінде ылғалдың жалпы мөлшері азайғанымен аталған заңдылық бұзылмастан, осы нұсқалардың арасындағы айырмашылық тиісінше 17, 5; 19, 6 және 17, 4 миллиметрге жетті. Сондықтан да топырақ ылғалының қолайлы жағдайында тіршілік еткен арпа өсімдіктерінің барлық даму кезеңдерінде түзілетін құрғақ заттардың массасы жөнінде айқын басымдылық танытатындығы анық. Керісінше, масақтану мерзіміндегі жиі егістіктерде, әсіресе алғы дақылы сүрі жер емес танаптарда топырақ ылғалы мейлінше азайып, сыртқы ортада құрғақшылықтың әсерін күшейте түседі.
Математикалық есептеулер себер алдында (r=0, 85 ± 0, 20), түптенуде (r=0, 77 ± 0, 25) және масақтану кезеңінде (r=0, 59 ± 0, 33) байқалатын арпа өнімі мен топырақтағы өнімді ылғал мөлшерінің арасындағы жоғары оң тәуелділіктің барлығын көрсетеді.
Топырақ ылғалының қоры мен дән өнімінің арасындағы тәуелділік коэффициентін талдау арпа өнімін құрауда негізгі рөльді ерте көктемдегі топырақ ылғалының қоры атқаратындығын дәлелдейді және осы шаманың мәніне басты назар аударылуы керек.
Ылғалы жеткіліксіз тәлімі аймақтарда топырақ ылғалы құнарлылықтың негізгі құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан оның ауыспалы егіс танаптарындағы өнім бірлігіне жұмсалатын шығынын қарастырудың айтарлықтай мәні бар (1-кесте) .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz