Орман экожүйесінің мониторингі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Дәрістің мақсаты -Орман экожүйесінің мониторингі және орман ресурстарын қорғау шараларын талдау.
Негізгі сұрақтар:
1.Орман экожүйесінің мониторингі
2. Орманның биосферадағы рөлі
3. Орман ресурстарын қорғау шаралары

Орман мониторингі ормандарды ұдайы кешенді бақылау, бағалау және олардың жай-күйінің болжау жүйесі болып табылады. Бұл жұмыс орман қоры жөнінде ұдайы жаңартып отыратын ақпарат алу үшін жүргізіледі, соның негізінде орман ресурстарын көп жақты мақсатта пайдалану жөнінде шешім қабылданады. Табиғи және антропогендік факторлар әсерінен орман экожүйесі жай-күнінің өзгеру болжамы беріледі.
Орман экологиялық жүйесі мониторингі қызметін Қазақстан Республикасының Орман шаруашылығын басқару мемлекеттік органы құрады, ол Қазақстан Республикасы Қоршаған ортаны қорғау министрлігінің орман шаруашылығын жүргізуге бөлінген қаражаты шегінде республикалық бюджеттің есебінен қаржыландырылады. Орман экологиялық жүйесінің мониторинг қызметі Орман экологиялық жүйесінің республикалық мониторинг орталығын және мониторингтің аймақтық орталықтар жүйесін қамтиды.
Орман экологиялық жүйесінің республикалық мониторинг орталығы:
· орман қоры туралы статистикалық және картографиялық деректер түзеді және жүргізеді;
· аэроғарыштық және жер бетіндегі ақпаратты өңдеуге, орман қоры картасын жасауға, деректер банкісінің белгілі бір бөлігінің маңызын арттыруға, статистикалық есеп берудің белгіленген нысандарын беруге арналған бағдарламаны әзірлейді, иеленеді;
· ормандарды өрттен сақтау, шыбын-шіркей зиянкестерден қорғау, ормандардың өнеркәсіптің ластануынан болатын бүлінуін байқау, сирек кездесетін және жойыла бастаған орман өсімдіктерінің жай-күйі мен саны жөніндегі ақпаратты жинаумен, өңдеумен, талдаумен және оны берумен шұғылданады;
· орманды пайдалану және ормандарды қалпына келтіру тәртібін бақылауды, антропогендік ықпалынан және басқа факторлардан орман қорының ағымдағы өзгерістерін есептеуді жүзеге асырады, орман қоры туралы дерек банкіндегі картографиялық және статистикалық ақпараттың маңызын арттыру үшін тәжірибелер жүргізуді жоспарлайды;
· аймақтық орталықтарды орман экологиялық жүйесінің аймақтық мониторингін жүргізу үшін қажетті аэроғарыштық, метеорогиялық және басқа ақпаратпен жабдықтайды.
Орман экологиялық жүйесінің аймақтық мониторинг орталықтары жекелеген аймақ немесе аумақ шегіндегі мониторингінің жүзеге асырады және ұйымдық жағынан Орман жүйесі мониторингінің республикалық орталығының құрамына енеді. Қажет болған жағдайда қоршаған ортаға улы заттарды бөлетін ластаушы кәсіпорындар орналасқан аудандарда, сондай-ақ, басқа да антропогендік қолайсыз факторлар әсер ететін жерлерде ормандарды жергілікті бақылау жөнінде жұмыстар атқарады.
Аймақтық орталықтардың орман шаруашылық кәсіпорындар мен орман қорғау қызметі қызметкерлері бірлесе жұмыс істейтін өзінің ақпаратты өңдеу орталықтары мен жинаушы топтары бар. Олар мәліметтерді одан әрі жинақтап, Орман экологиялық жүйесі мониторингінің республикалық орталығына сараптамаға жіберіліп отырады.
Орман экологиялық жүйесі мониторингін жүргізудің тәртібі мынадай:
а) ауаның, топырақтың, судың ластануы туралы метеомәліметтер, ақпараттар, ормандарды жер бетінде зерттеудің нәтижелерін орман қоры шекарасындағы өзгерістердің мәліметін, аэроғарыштық ақпаратты және т.б. мәліметтерді жинау;
б) аэроғарыштық суреттерді өңдеуді, оны талдауды, алынған ақпараттарды статистикалық және картографиялық ақпарат банк деректерімен салыстыруды, орман қорында болған өзгерістерді айқындауды;
в) шаруашылық қызметі мен табиғи дағдарысқа ұшырамаған бөліктердегі деректердің маңызын арттыруды;
г) бөліктік және картографиялық деректер банкіне өзгерістер енгізуді;
д)орын алған өзгерістерді ескере отырып, орман қорының статистикалық көрсеткіштерін қайта есептеуді;
е) түрлі тақырыпта орман карталарын жасауды;
ж) орман қорындағы өзгерістерді талдау мен болжалауды, сондай-ақ әр түрлі факторлар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жануарлар дүниесін пайдалану мен қорғаудың құқықтық режимі
Климаттық мониторинг
Жаһандық экологиялық проблемалар туралы
Жануарлар дүниесін пайдаланудың түрлері және жануарлар дүниесін пайдаланушылардың құқықтары мен міндеттері
Ерекше қорғалатын аймақтардың климаттық жағдайларына сипаттама
Каспий аймағының экологиялық құқықтық мәртебесі
Радиация және Қазақстанның экологиялық проблемалары
ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЗАҢДАРДЫ БҰЗҒАНЫ ҮШІН ЖАУАПКЕРШІЛІКТІҢ ТҮСІНІГІ ЖӘНЕ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
Кадмийге сезімтал CHLAMYDOMONAS REINHARDTII мутантты штамдарын алу және оларды қолдану
Табиғатты қалай сауықтыруға болад
Пәндер