Туберкулез бен жүктілік



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
Туберкулез бен жүктілік

Кіріспе

Қазіргі уақытта өкпе туберкулезімен сырқаттанушылықтың ұрпақ әкеле алатын жастағы әйелдер, оның ішінде жүктіәйелдер арасында өсуі біліне бастады. Жүктілік кезінде дертке шалдығу, әдеттегідей, басында батпандап кіреді де, мысқалдап шығады. Жалпы көп жағдайда сырқаттанудың ауыр формасы орын алады. Жүктілік кезінде сырқаттың өтуіне организмдегі болатын өзгерістердің де белгілі бір әсері болады: организмнің иммунологиялық қорғануының кемуі, жүйке, тыныс алу, жүрек-қантамырлық жүйе, бүйрек қызметтерінің өзгеріске енуі, жатыр кешенінің қалыптасуымен байланысты әйел организмінің гормондық қайта құрылуы. Өкпе туберкулезімен ауыратын әйелдерде жүктілік мерзімі, тиісінше қатерлі сиппата болады.
Бұрынғы фтизиатрлардың айтқан сөзі бар :"Туберкулезбен ауыратын қыз жүкті болып қалмау керек, жүкті болған босанбау керек, босанған емшекпен емізбеу керек "
Әрине туберкулез және жүктілік аса қөңіл бөлетін жағдай
Туберкулез және жүктілік- дәрігерлер үшін өзекті мәселе.
Әйелдер туберкулездің барлық түрімен ауырады. Көбінесе, шектелген түрі басым болады, фиброзды-каверноды түрі сирек кездеседі. Қазіргі кезде мұндай науқастар саны төмендеген, себебі әйелдер кеңесінде қауіп-қатер тобына жататын жүктілер арасында кеңінен туберкулезге қарсы шаралар жүргізіледі.
туберкулез ауруымен көбіне жүктіліктің бірінші триместрінде ауыру жиілігі екінші триместрге қарағанда екі есе жоғары
патологиялық процесс жедел және қолайсыз өтеді
егер де ауыр түрі болатын болса өкпе тіндерінің ыдырауына және туберкулез таяқшаларының бөлінуіне алып келеді, ал ол өз кезегінде өкпенің, трахея, жұтқыншақ, бронхылардың құрылымының өзгерісіне алып келеді
жүкті әйелдерде көбіне өкпенің бір бөлігінің зақымдануы 70-75% көрсетеді

Негізгі бөлім

Жұғу жолы: Туберкулезі бар анадан сау бала тууы әбден мүмкін.
Ал туберкулезбен нәрестенің құрсақішілік зақымдануы M.Tuberculosis кіндік венасы, плацента, амниотикалық сұйықтықты жұтуы нәтижесінде болады.
Туберкулезбен ауырған аналардан бала аман сау болып туылады. Тек кейбір жағдайларда ғана іштегі инфекция жұғуы мүмкін. Көбінесе нәрестелер туғаннан кейін анасынан ТМБ жұқтырады. Сол себепті жаңа туған нәрестені емшекпен емізуге тек ТМБ бөлмейтін, белсенділігі жоқ туберкулезбен ауыратын аналарға рұқсат етіледі.

Туберкулездік процесстің көрінісі:

Белсенділігі
активті емес түрі, жүктілік кезінде ешқандай асқынулар болмайды
активті процесс, жүктілікке дейін дамыған, емделмеген немесе емді толық аяқтамаған, жүктілік кезінде асқынады

Аурудың пайда болу уақыты
Біріншілік туберкулез, жүктілікке дейін дамыған және осы түрі қауіпті болып табылады
Екіншілік туберкулез ,жүктіліктен кейін дамыыған

Аурудың формасы
Жайылған және деструктивті аса қауіпті түрі
туберкулездің жедел ағымды түрі де қауіпті, сонымен қатар созылматы деструктивті процесс, туберкулез микобактериясының көптеген дәрілерге тұрақтылығы қауіп болып саналады
бүйрек туберкулезі жағымсыз процесс, себебі жүктілік кезінде бүйрекке жүктеме жоғары болады да, ол латентты формасына айналады
генитальды туберкулез, сирек кездеседі. Бірақ эндометрит туберкулезімен қоса болған жағдайда қауіп факторына жатады, ағымы қолайсыз

Жүктілік кезінде және жүктіліктен кейін уақытты туберкулездің пайда болулары себептері :
1. адам организміндегі барлық жүйелердiң шамадан тыс жүктемесі.
2. гормональды қайта құрылу.
3. ана ағзасында кальций тапшылығы.
4. темірдің үлкен мөлшерде жоғалуы, ол макрофаг активтілігінің төмендеуіне алып келеді
5. босану актысынан кейін организмнің әлсіреуі, осы уақытта қан жоғалту, лактация кезінде қажет биологиялық компонентерддiң жоғалтулары

Сонымен қатар аурудың ағымына организмдегі өзгерістер де әсер етеді:
организмнің иммунды қорғануының төмендеуі, жүйке жүйесінің,тыныс алу,журек қантамыр жүйесінің өзгерісі.

Вакцинаның маңызы

Туберкулезбен ауыратын аналардан туылған нәрестеге басқа балалар сияқты БЦЖ вакцинасы енгізіледі.Бірақ, анасы туберкулездің активті ашық түрімен ауырса 3 ай бойы анасынан бөлектеліп химиопрфилактика жасалынады. Содан, Манту сынамасы теріс болғаннын өзінде, вакцинациядан кейін нәрестені анасынан бөлек 2 ай ұстайды, өйткені осы уақыт аралығында туберкулезге қарсы иммунитет қалыптасады. Вакцинациядан кейін баланы шешесінен бөлек ұстауға мүмкіндік болмаса немесе нәрестеде вакцинация жасауға қарсы көрсеткіштер болса, оларға химмиялық алдын алу жүргізіледі.

Ықпал етуші факторлар:
Жүктілік кезінде туберкулездің туындауына ықпал етуші факторлар:
Әлеуметтік-тұрмыстық факторлар
Үй жайы
Отбасылық қарым-қатынас
Темекі шегу
Алкоголь қабылдау

Патогенезі

Жүктілік және босану эндокринді жүйенің, иммунитет ағзаларының қызметін, зат алмасу барысын өзгеріске ұшыратады. Іштегі нәрестенің зат алмасу өнімдерінің бөлінуі ана ағзасына қосымша жүктеме береді, сондықтан туберкулезге шалдығуға мүмкіндік туады.Туберкулездің дамуы эндогенді инфекцияның активті түрге көшуінде байланысты болады, жас әйелдер арасында ТМБ жұқпаған контингент көптеп саналады, сол себептен оларда туберкулез ауруы ТМБ алғаш рет жұғу нәтижесінде пайда болуы мүмкін. Жүктілікке дейін пайда болған туберкулезбен салыстарғанда, жүктілік кезінде және босанғаннан кейінгі кезеңде пайда болған туберкулездің ағымы ауыр түрде өтеді. Туберкулез жүктіліктің кез-келген кезеңінде пайда бола алады, бірақ ол жүктіліктің бірінші жартысында жиі кездеседі. Туберкулез үрдісінің үдеуі босанғаннан кейінгі кезеңде, алғашқы алты айда жиі кездеседі.

Клиникалық көріністері:

Жүктіліктің бірінші триместрінде пайда болған өкпе туберкулезінің өзіне тән ерекше белгілері болмайды, оны жүктілік токсикозымен шатастырып алуымыз әбден мүмкін, ол туберкулез диагнозын қоюды қиындатады.

Науқаста:
Әлсіздік
Нашар күй
Тәбеттің төмендеуі
Арықтау көрінеді.
Жүктіліктің екінші жартысында жайылған инфильтратты немесе казеозды ыдыраулы үрдіытердің дамуына қарамастан науқастың жағдайында елеулі өзгерістер байқалмайды.

Жүкті әйелдерді тексеру кезінде өкпе туберкулезінің бар екеніне күдіктену әдетте келесідейшағымдарды тудырады: қақырақты немесе қақырықсыз жөтел, қан тастау ( түкіру), кеуде ауыруы, демігу. Сырқаттанудың басқа да көңіл аударарлық симптомдары әлсіздік, тершеңдік, тәбетінің жоғалуы, дене массасының ұлғаймауы және кемуі, кешкісін температураның ұзақ уақыт субфербилді сандарға дейінгі жоғарылауы, ашушандық болып табылады. Мұндай жағдайда бұрын туберкулезге шалдығу мүмкіншіліктері немесе туберкузбен ауыратын адамдармен байланысу мүмкіншіліктері, туберкулезбен отбасы мүшелерінің науқастану жағдайлары, қосарласқан дерттің бар болуы жайлы мәліметтерді анықтаған жөн.
Өкпенің белсенді туберкулезіне күдіктенген кезде жүктіліктің мерзіміне қарамастан ренгенологиялық тексеріс жасау қажет. Жүкті әйелдердің кеудесін ренгенологиялық зерттеу процессінде ұрақты әдістер мен қорғаныстық жабдықтар қолданылады.
Өкпедегі инфекция ошағы жағдайының патологиялық өзгерістерінбосанудан кейін 1-3 тәулік өткен соң барлық әйелдерге жасалатын кеуде мүшелерінің ренгенологиялық тексеріс нәтижелері бойынша қадағалауға болады. Ұрықтың туберкулезбен құрсақтық зарарлануы айтарлықтай көп байқалмайды. Нәресте босану кезінде қоғанақ суын жұтқанда және босанғаннан кейінгі кезеңде науқас анасымен байланысқа түскенде инфекциялануы мүмкін.

Диагностикасы

Туберкулезбен ауыратын жүктілерде міндетті түрде қақырықтың батериологиялық, бактериоскопиялық, ортаға себу зерттеу әдістері жасалынады. Қақырық аз мөлшерде болғанда ықпалдаушы ингаляциялар қолданылады. Рентгенологиялық зерттеу шектеулі дозада жасалуы тиіс. Рентгеноскопия және флюрографияны қолдануға тиым салынады. Сондай-ақ төмен дозалы сандық компьютерлік рентгенография жасауға болады (КТ емес). Рентгенолог сәулені тура кеуде қуысына бағыттап, құрсақ қуысын, жамбас бөлімдерін резеңкелі қорғасындалған алжапқышпен дұрыстап жабуы тиіс.

Асқынуы

Өкпе туберкулезбен ауыратын жүкті әйел -- қанда оттегінің жетіспеушілігі -- гипоксия -- өкпе жүректік жетіспеушілік -- фетоплацентарлы жетіспеушілік -- мерзімінен бұрын босану.
Туберкулездігі интоксикация бұл процесстерді үдетеді.

Жүктілікті үзуге көрсеткіштер

Осы уақытқа дейін туберкулезбен ауыратын науқастарда медициналық көрсеткіштер бойынша жасанды түрде жүктілікті үзу міндетті болатын. Қазіргі таңдағы жаңа диагностикалық әдістерге, алдын алу шараларына, туберкулезді емдеудегі жаңа комплексті емдеу әдістері (антибиотиктер, химиопрепараттар, жасанды пневмоторокс, өкпеге және өкпе қуысына операция) ана мен нәрестенің денсаулығын қадағалауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ жүктілікті үзу әйел денсаулығын жақсартпаған, керісінше, туберкулез өрши түскен.

Жүктілікті үзуге арналған қарсы көрсеткіштер

Туберкулездің активті түрлері
біріншілік туберкулез инфекциясы
өкпе және де басқа органдардың туберкулезі
ішек,шаырқай,лимфа түйіндерінің туберкулезі
сүйек және буындардың туберкулезі
зәр шығару жүйесінің туберкулезі, т.б.

Жүктілік кезіндегі нақты қарсы көрсеткіштер

фиброзды - кавернозы және кавернозды туберкулез
созылмалы диссмирленген туберкулез
туберкулездің қанты диабет және де сол ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Екіншілік мерез
Екіншілік иммундық тапшылық жағдайлар
Жатырішілік инфекциялар. Инфекциялық процесстердің жас ерекшеліктері. Әр түрлі жастағы балалардың инфекциядағы патогенетикалық ерекшеліктері
Сыртқы жыныс мүшелерінің бейспецификалық қабыну аурулары
Бала емізулі әйелдер мен жүкті әйелдердің тамақтануы
Балалар аурулары туралы
Алғашқы туберкулез кешені: анықтамасы, сатылары, рентгенологиялық сипаттамасы. Клиника. Диагностика. Асқынулар
Балалардағы өкпе туберкулезі
Медициналық қызметкерлер
Стоматология мамандығы бойынша интернатураның элективті пәндері
Пәндер