Түркі Ренессансы және оның әлемдік мәдениет мұрасындағы орны



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау министрлігі.

Оңтүстік Қазақстан медицина академиясы
Тақырыбы; Түркі Ренессансы және оның әлемдік мәдениет мұрасындағы орны
СӨЖ
пәні:Психология және мәдениеттану
тобы:В-ФҚА-03-18
орындаған:Амангелді Ақжол Бақытұлы
қабылдаған:Нұржанбаева Ж.О.
20182019
Жоспар
I. Кіріспе
II. Негізгі бөлі
Түркі мифологиясы
Түркі жазуы
Көне түрік ескерткіші
III. Қортынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Көне түркілер, Көне түркі халықтары -- б.з V-XIII ғасырлары аралығында өмір сүрген. Олардың алғашқы мекені Алтай аймағы болған деп пайымдалады. Көне түркілердің Еуразия тарихынан алар орнын академик А.П.Окладников былай деп түйіндейді: "Сібірдегі көне түркілер Шығыстан гөрі Батыспен тығыз байланыста болды. Оның мәдениеті бұрын ойлағаннан да әлдеқайда бай әрі жарқын еді. Ертедегі Шығыс пен Батыстың мәдениеттері Байкөлдің жағасы, Аңғара мен Ленада сол кездегі өзіндік төл мәдениеттің орталығы бірде қосылып, бірде ажырасып тұрған. Оны білмей тұрып Еуразияның тарихын толық түсіну мүмкін емес. Археологиялық қазбалардан көргеніміздей Байкөл өңіріндегі түркі қорғандарындағы қазба байлықтардың жолы Дон мен Дунайға дейін жетіп жатқан"126. Яғни көне түркілердің жері мен оның шекарасы біздің дәуірге дейін анықталып болған. Түркілер өздерін Алтайдан шықтық дейді. Ол туралы көптеген аңыздар да бар. Түркілер туралы орта ғасырдағы көрнекті ғалым Мақмұт Қашқаридың "Түркі тілдерінің лұғатында" былай деген: "Ұлы Тәңір (Тенгри) айтады: Менің бір тайпа қосыным бар. Оларды түркі деп атап, күншығысқа қоныстандырдым. Кейбір тайпаларға ренжісем, түркілерімді қарсы аттандырамын!" Сондықтан түркілерге Тәңірдің өзі арнайы ат қойған. Жер жүзінің ең биік, ауасы таза бөлігіне қоныстандырып, "Өз қосыным" деп атаған. Оған қоса, "түркілер көрікті, өңі сүйкімді, жүзі мейірімді, әдепті, үлкендерін құрметтей білетін кішіпейіл, уәдеге берік, мәрт және сол сияқты көптеген жақсы қасиеттерге ие болған ашық-жарқын жандар" деген. Түркілердің тарихына зер салар болсақ, оның бізге белгілі соңғы үш мыңжылдығының әр кезінде Қытайды, Үндістанды, Таяу Шығыста Мысырға дейін және Еуропаны басып алған елдерде жүргізген саясаты жаңа айтып кеткен Мақмұт Қашқари анықтамасының дәлелі. Себебі, түркілер жаулап алған жерлерінде қоғамдық қатынастарды өзгертіп, жаңа прогрессивтік формация қалыптастыруға септігін тигізді. Сонымен қатар шет жерліктерді мойындай бермейтін еуропалықтардың Цезар мен Ескендірді емес, ғұн патшасы Аттиланы "Құдайдың қамшысы" деп атауы, оларға ренжіген Тәңір жіберген түркілердің қосыны деп қарау керек. Белгілі жазушы Е.Зарубин де өзінің Атиллаға арнаған романында осындай қорытындыға келеді. Түркілердің тағы бір ерекшелігі - олар ағылшындар мен ғолландтықтар және испан конкистадорлары сияқты өздері жаулап алған жердегі халықтарды жаппай қырып-жойып, геноцид жасаған жоқ.
Түркі мифологиясы
Миф - ата - бабаларымыздың ежелгі, бастапқы танымындағы ғалам, сол ғаламдағы алғашқы пенделердің өмір хақындағы түсініктері. Олардың қатарына: аспан, жер, су, жер асты, Құдайлар, рухтар мен аруақтар, құбыжықтар мен перілер, дәулер, алғашқы адамдар мен адам сипатты батыр пенделер, ғажайып мақұлықтар т.б. жатады. Ертедегі адам мифті ойдан шығарылған ертегі деп емес, керісінше, бүкіл дүниенің жалғыз ақиқаты деп білген. Көшпелілер мәдениетінің ең бір көне нұсқалары - ол миф. Миф - фольклордың ең көне жанры. Оның тұп-тамырлары сонау алғашқы қауымдық құрылыстан басталады. Адам баласы өзін қоршаған орта, табиғат, жан-жануарлар, өмір мен өлім, өсіп-өну туралы ерте заманнан-ақ өз түсініктерін қалыптастырған.
Түркі мифологиясына тоқталатын болсақ, жалпы түркі мифологиясын зерттелмеген сала деп айтуға болмайды, бірақ осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеулер жеткілікті емес, алынған деректер, мәліметтер толық қанағаттандырмайды. Себебі ата-бабаларымыздың әлі талай қарастырылмаған, зерттелмеген жерлері көп қалған. Ғылыми мәліметтерге сүйінсек біздің жеріміздің тарихына, әдет-ғұрыптарына, салт-дәстүрлеріне көбінесе шетелдік ғалымдар қызығушылық танытып зерттеген, соның ішінде әсіресе түркі мифологиясы назарларынан тыс қалмаған екен. Алайда өз ғалымдарымыздың да зерттеулері де жеткілікті. Олар: Ш. Уәлиханов, А. Байтұрсынов, Қ. Жұбанов, М. Әуезов, Ғ. Марғұлан, Е.Тұрсынов, Ғ. Қайдар, Р. Сыздық, Е. Жанпейісов, Н. Уәлиев, А. Сейдімбек, С. Қасқабасов т.б. ақын-ғалымдардың түркі мифологиясы тарихына енгізген жаңалықтары мен үлестері аз емес.
Ежелгі ғұндардың, көне үйсіндер мен қаңлылардың аңыз-әңгімелеріне, жырларына "Ер - Төстік", "Еділ - Жайық" эпостық жырлары жатады. Ә.Марғұланның айтуынша, бұл ғажайып мифтер Қазақстанның көп жерінде сақталып келген, әсіресе Еділ мен Жайық өзендері аралығында көп таралған. Алғаш рет Миф философиясын Дж. Вико ұсынды. Ол Миф қиял ойыны ретінде қалыптасады деген пікірде болды. Кейін 19 ғасырдың ортасынан бастап Миф этнографиялық материал ретінде зерттеле бастады. Мифология дегеніміз аңыз әңгімелердің жиынтығы, ғалам жөніндегі фантастикалық түсініктер жүйесі, ғалам картинасы. Ең ақырғысы олардың түпкі мотивтері мен идеяларын зерттейтін саланы да мифология дейді.
Орта ғасырлық түркі дүниетанымының негізгі құраушы бастауы түркілік дəстүрлі мəдениет болып табылады. Оның бірнеше себептері бар: біріншіден, дəстүрлі мəдениет ұлттық бірегейліктің ең маңызды қайнар көздерінің бірі болып табылады. Екіншіден, дəстүрлі мəдениет халық санасында бірігіп, мифологиялық, діни, этикалық, идеологиялық элементтерді жинақтайды жəне мұны халық даналығы түсінігімен белгіленді. Халық даналығы қашанда өмірде қалай əрекет ету қажеттігі туралы, қоршаған ортамен қалай қатынас жасау керектігі жөнінде, жақсыны жаманнан қалай айыру керектігі туралы білімдерді білдіреді.
Рухани құндылықтардың көне түркі этникалық кеңістікке кеңірек таралуына Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк секілді данагөй ойшылдардың орасан зор рухани ықпалы болғанын байқаймыз. Олар өздерінің қоғамдық, елдік бағдардағы ілімдерін білімділік, қайырымдылық идеяларына арқа сүйей отырып қалыптастыруға тырысқан. Түркі қағандарының рухани құндылықтар əлемінде біліммен қоса əділеттілік, сабырлылық, адалдылық, қанағатшылдық сияқты адами дамудың іргелі негіздері, руханилықтың озық үлгілері мызғымас тірек болғанын аңғару
Түркі жазуы
және Моңғолия далаларына таралған жұмбақ жазулардың бар екендігі туралы ғылыми орта ертеден-ақ білетін еді. Оларды Руна жазулары, яғни скандинавия тілдерінен алғанда құпия, сыры ашылмаған таңбалар деп атайтын. Ол кезде әлем ғалымдары сондықтан, бұл жазуларды көне Угор тайпаларының (Орал халықтарының ата-бабалары) мұрасы деп есептеді. Жазуларды зерттеуге арнайы ұйымдастырылған Ресей Ғылым Академиясының экспедициясы Минусинск ойпатында іздестіру жұмыстарын жүргізіп, Д.Г. Мессершмидт және Ф.И. фон Стралленберг 1721-1722 жылдар аралығында көптеген материалдар жинақтады. Жиналған деректер ғылыми тұрғыдан екшеліп, 1729 ж. З. Байердің "Санкт-Петербургтегі Императорлық ғылым Академиясының жазбаларында" жарық көріп, Еуропадағы барлық Шығыстанушылардың қатты қызығу нысанына айналды. 1730 жылы Ф.И. фон Страленбергтің өзі де зерттеулерінің қорытындысын және жазулардың көшірмелерін жариялады. Оқылудың әртүрлі жолдары ұсынылғанмен, қандай да бір ақырғы қорытынды шығаруға деректер әлі аздау болатын, себебі Минусинск аймағынан табылған бұл жазулар үзік-үзік және соған сәйкес жарияланған мәліметтердегі көшірмелердің көрінісі тым қысқа-қысқа және жазулардың өзі жартылай өшіп қалған болатын.
1889 жылы Н.М. Ядринцевтің Моңғолия далаларынан тапқан жазулары Көне жазулардың толық сақталған және көлемді үлгілерін ғылыми ортаға әкелді. Енді бұл жазуларға қарап, оның дыбыстық құрылысы мен грамматикалық табиғаты жөнінде айқын қорытындылар жасауға болатын еді. 1893 жылы дат филологі В. Томсен (Дания) бұл жазуларды оқудың кілтін тапты. Келесі жылы-ақ В.В. Радлов Орхон жазуларының оқылуын және аудармаларын жасады, 1895 ж. Енисей жазуларының да оқылуы мен аудармалары жарыққа шығарылды.
Көне Түркі жазуының құпиясын ашқан Даниялық ғалым Вильгельм Томсен болатын (1898 жылы бастап). Кейін орыс түркітанушылары аударып, көп зерттеді. Оған 20 ғасырда Түркі елдерінің ғалымдары - Татар, Өзбек, Түрік, Қазақ, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі ойшылдарының мұрасындағы ислам құндылықтары
Қазақ даласының орта ғасырдағы ғұламаларының педагогикалық идеялары
Жүсіп Баласағұнның педагогикалық мұрасындағы ізгілікті басқарудың негіздері
Шығыс немесе Мұсылман ренессансы
Әл - Фарабидің философиялық ойларының мәні
Жүсіп Баласағұнның философиялық көзқарасындағы болмыс мәселесі
Әуелбек Қоңыратбаев – әдебиет тарихшысы
Бұрынғы көрнекті ойшылдар мен ғұламалар
Мәдениет теориясы пәнінен дәрістер кешені
Әуелбек Қоңыратбаев - әдебиеттанушы ғалым
Пәндер