Сүтқоректілер мен адам ұрығының дамуы. Білікті органдардың қалыптасуы, ұрықтан тыс бөлімдердің түзілуі
Эссе
Сүтқоректілер мен адам ұрығының дамуы. Білікті органдардың қалыптасуы, ұрықтан тыс бөлімдердің түзілуі.
Сүтқоректiлердiң ұрық дамуы әртүрлi болады. Организмнiң тарихи дамуында ұрықтың дамуы телолецитальдi жұмыртқасы бар бауырымен жорғалаушыларда пайда болды, қағанақты сүтқоректiлер ұрығы - жатырда дамиды, ал ондағы ұрық ана организмiнiң есебiнен қоректенетiндiктен, жұмыртқаклеткасында сарыуыз екi есе аз болады.
Сүтқоректiлер ұрығының дамуын сипаттау үшiн, алдымен жыныс жасушалары құрылысын, ұрықтану, бөлшектену ерекшелiктерiн, гаструла құрылуын, ұрық жапырақшалары мен бiлiктi ағзалар жетiлуiн, ұрықтан тыс ағзалар дамуы мен құрылысын және қызметiн баяндау қажет.
Жыныс жасушалары-ұрықтануда тек өздерiне тән қызметтердi орындау үшiн өте жоғары нақтыланған, арнайы бейiмделген жасушалар.
Олардың дене жасушаларынан мына айырмашылықтары байқалады:
-дене жасушасының ядросында хромосома жиынтығы диплоидты болса, жыныс жасушаларында-гаплоидты немесе екi есе аз болады. Мысалы, мысық дене жасушасында - 38, қойда - 54, сиырда - 60 хромосома болса, жетiлген жыныс жасушаларында-19, 27, 30 хромосома саналады;
-дене жасушасында ядро мен цитоплазма ара қатынасы 0,3-13 болса, оған ұрық бөлiнуiнiң 5-6-шы, кейде 7-шi сатыларында жетсе, жыныс жасушаларында бұл ара қатынас зат алмасуына байланысты көрiнедi.
Жұмыртқаклеткадағы зат алмасу тоқырау күйде деп саналады. Оны Б.П. Токин шалажансарлыққа теңеген. Амфибий, балық, құс, рептилий жұмыртқаклеткаларында цитоплазма көлемi ядролармен салыстырғанда миллиондаған есе көп болады.
Енуыздың цитоплазма көлемi, қоректiк заттарының саны аз, ол да енде шалажансарлық күйде болады. Сондықтан, бұл ерекшелiктiң төлдi алуда маңызы зор екенiн ұмытпаған жөн. Енуыздар аталық жыныс жүйесiнен басқа жерде тiршiлiк етпейдi, етсе де, оның тiршiлiгi өте қысқа болады. Бақтақ балықтың енуызы суда 30 секундтан кейiн өледi. Енуыздардың тiршiлiк ұзақтылығы әртүрлi болады. Мысалы, қоян ұрық жолында енуыз 8-12 сағат өмiр сүрсе, сиырда - 25-30 сағат, қойда - 30-36 сағат, тауықта - 30-40 күн, бал арасында 2-2,5 жылға созылады. Енуыз тiршiлiк ұзақтылығы, ұрықтандыру қабілеттiлiгi әр әсерлерге (оттегiнің жетiлмеуiне, температура төмендеуiне) байланысты болады. Енуызды минус 78, минус 196 градуске дейiн тоңазытып, зат алмасуын тоқтатып, шәуеттi бiрнеше жылға дейiн сақтап, солтүстiктен оңтүстiкке апаруға болады. Енуыздар екi, үш валенттi металдар иондарына, қышқылдарға өте сезгiш, ал хинин, есiрткi және т.б. заттар олардың қабылетiн мүлде жояды;
-жыныс жасушалары тек жыныс бездерiнде ғана дамып, бiрнеше күрделi өзгерiстерден өтiп, бiр-бiрiмен қосылып, ұрықтана алады;
-дене жасушалары бөлiнсе, жыныс жасушалары бөлiнбейдi;
-жыныс жасушаларының басты айырмашылығы олардың құрылысында байқалады.
Ең жабайы сүтқоректiлерге клоакалы жануарлар (үйректұмсық, ехидна) жатады. Олардың ұрықтары құстар ұрығының дамуына өте ұқсас өтедi, себебi жыныс жасушалары телолецитальдi, бөлшектенуi меробласты болады.
Қалталы жануарлар жұмыртқаклеткаларында сарыуыз мөлшерi аз болып, ұрық шала туады. Ұрық ана құрсағындағы ерекше қалтада сақталып, дамиды. Ана сүт безiнiң емiздiгiмен ұрық өңешi арасында байланыс құрылады.
Жоғары сатыдағы сүтқоректiлер жұмыртқаклеткасының диаметрi 100-200 мкм, олиголецитальдi, изолецитальдi, жұмыртқалық фолликуласында дамиды, овуляцияда ұрық жолына түсiп барып, жетiледi. Ұрықтану ұрық жолының жоғарғы үштен бiрiнде өтедi.
Қағанақты сүтқоректiлер бөлшектенуi толық бiркелкi емес түрiне жатады. Бластомераларының мөлшерi әртүрлi, бөлiнуi бiрдей болмайды да, ұрық 3, 5, 9, 12, тағы басқа бластомералардан тұрады. Бөлшектенуде ұрықтың жоғарғы бетiнде ұсақ ақшыл, оның астында орналасатын iрi қара-қоңыр бластомералар пайда болады. Одан кейiн морула құрылып, ақшыл, қара-қоңыр бластомералар арасында белоктар сұйығынан тұратын қуыс түзiлетiндiктен жылдам жоғалып кетедi. Бластодермалық көпiршiктен стерробластула, бластоциста дамиды. Оның қабырғасын ұсақ бластомералар құрып, қоректiк қызмет атқаратындықтан трофобласт деп атайды.
Трофобластың iшiнде iрi және қара-қоңыр бластомералар жатады. Оны ұрықтық түйiншек - эмбриобласт деп атайды. Одан ұрық, ұрықтан тыс ағзалар дамиды. Сүтқоректiлер ұрық дамуы ерекшелiгiне дене қатпары пайда болып, ұрық жапырақшаларының ұрықтық, ұрықтан тыс деп ерте бөлiнуi жатады. Бөлшектену мөлдiр, ұрықтану қабықтарының панасы арқасында ұрық жолында басталып, жатырда жалғасады. Ол шошқада 3 күн, қойда - 4, сиырда-бөлшектенудегi зигота ұрық жолында 4 күн және 15-16 бластомералардан тұратын морула сатысында жатырға түсiп, онда бөлшектену тағы 4 күн жүредi. Ол кезде ұрық жөндi өспейдi. Бөлшектену соңында, гаструляция басталып, жұмыртқаклеткасының қабықтары ерiп (шошқада-8, қойда - 10, сиырда - 13 күндерi), трофобласт жатыр қуысынан сұйықтарды қарқынды соратындықтан, осы кезде ұрық қызу өседi. Мұнда, әсiресе трофобласт жақсы ұлғаяды, күйiс қайыратындарда-ұршық, шошқа мен жылқыда-сопақ тәрiздi болады. Н.М. Решетникованың дерегi трофобласт ұзындығы 20 см болғанда, эмбриобласт тек 1 мм ғана жететiнiн көрсеттi. Эмбриобласт трофобластың орта бөлiмiнде тiлiнiп, қос қабатты болады.
Гаструла түзiлуi қоспластинкалану, әрi құстардағыдай кiрлiгу жолы арқылы жүрiп, ұрық дискiн құрады. Эктодерма трофобластқа, энтодерма бластоциста қуысына жанасады. Ұрық дискiсiнiң бетiндегi трофобласт сiңiрiлiп, эктодерма диск жиегiнде онымен бiрiгiп кетедi. Ұрық дискiсiнiң орта тармағында жасушалар бiр жерден екiншi жерге көшуiнен сайшасы бар алғашқы жолақ немесе шұңқыршасы бар алғашқы түйiншек құрылады. Жасушалардың қайырылуы, мезодерма мен бiлiктi ағзалардың жетiлуi құстардағыдай өтедi. Алғашқы жолақ аймағында хорда алды тақташасы, хорда материалдары қайырылып, алға жылжи бастайды. Мезодерма материалдары алғашқы жолақ аймағында қайырылып, алға, эктодерма, энтодерма араларының әр жағына шошқада 9, қойда 13, сиырда 15 күн бойы жылжиды. Ұрық жапырақшаларынан мезенхима түзетiн жасушалар көшiп, қонады. Ұрық жапырақшаларының жетiлуi ұрықтың бас жағынан басталады. Жүйке тақташасы эктодерманың арқа жақ жасушаларынан шошқада 14, қойда 15, сиырда 19 күндерi жетiледi. 3-4 күннен кейiн жүйке тақташасы жүйке түтiгiне айналып, бас жағында ми көпiршiктерi, иiс сезу, көру, есту ағзаларының бастамалары салынады. Мезодерма сомиттердi, бөлшектер сабағын, спланхнотомды, энтодерма iшек және сарыуыз қабын жетiлдiредi. Осы кезде ұрық жатырдың бiр мүйiзiнде жатады. Ұрық трофобласында алғашқы бүрлер құрылып, жатыр кiлегейлi қабығына кiрiп, жатыр безiнiң секретi - жатыр сүтiн сорады. Cүтқоректiлерде мұндай қоректену олар қағанақ құрғанда аяқталады.
Ұрық жапырақшалары жетiлiсiмен ұрықтан тыс ағзалар: сарыуызды қап, амнион, аллантоис, хорион (33 суреттi қара) және қағанақтың дамып, қалыптасуы жүредi.
Сарыуызды қап күйiс қайыратын жануарлар мен шошқа ұрықтарын қоректендiруде ешқандай рөл атқармаса, жылқыда аз уақытқа, сарыуызды қап хорион деңгейiне жеткенше, сарыуыз қағанағы ретiнде құрылады. Сарыуызды қап өте қысқа (қойда 13-30, сиырда 16-35, шошқада 11-23 күн, жылқыда үшiншi ай соңына дейiн) болғанымен, өте маңызды қызметтер орындайды: тамырлар жүйесi құрылады; ол қан түзедi, қоректену және тыныс алуды қамтамасыз етедi; алғашқы жыныс жасушалары құрылатын жер; гормон заттарын бөледi. Ұрықтық кезең аяқталысымен сарыуызды қап жойылады. Аталған қызметтердi орындау басқа ағзаларға көшедi.
Амнион - сулы қабық, жатырдағы дамуда ұрықты тұрақты қоршап тұрады. Себебi, ол ұрықтық даму басында ұрық дискiсi сатысында (қойда 15, сиырда 19, шошқада 13 күнi) құрылады, туу кезiнде өз тiршiлiгiн тоқтатады. Амнион ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz