Гистогенез және органогенез


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Гистогенез және органогенез. Амниоттардың эмбриогенезінің негізгі белгілері.

Органогенез (гр. organon - орган , мүше және . . . генез ) - эмбриогенезде мүшелердің түзілу үдерісі. Жануарлар мүшелері мен мүшелер жүйесінің пайда болу және даму сатысы. Органогенез гаструла сатысынан кейін басталады. Мүшелердің әрқайсысынан бұрынғы белгілі орында, бұрынғы белгілі жасушалар тобынан негізделіп, қалыптасады. Ол 2 кезеңге бөлінеді. 1-ші кезең нейруляция. Бұл фазада нерв түтігі және хорда қалыптасады. 2-ші фазада ұрықтың қалған мүшелері пайда болып, олардың өздеріне тән пішіндері мен құрылысының өзара үйлесімділігі қалыптасады. Сонымен бірге оның дамуына тұқым қуалау ақпаратының негізі қаланған ДНҚ молекулалары ғана емес, оны қоршаған ұлпалар, жасушалар, олардың химиялық заттары әсер етеді.

Ғалымдар қазіргі кезде ұрық жапырақшасының қайсысынан қай мүшелер жүйесінің түзілетінін толық анықтады. Ұрық жапырақшаларының теориясын жете тексеруге орыс биологі A. О. Ковалевский (1840-1901) орасан зор үлес қосты және осы заманғы ұрық жапырақшалары теориясының заңды түрде негізін қалаушы деп есептеледі. Ең соңғы зерттеулерде теорияға аздаған толықтырулар енгізілді. Бұл ашылған жаңалықтың эволюциялық теорияны дәлелдеу кезінде орасан зор маңызы болғандығын атап көрсету жөн. Ұрықтық дерттенуді, зерттеулердің себебін айқындау кезінде эмбриологтар күні бүгін пайдалануда.

Сонымен ұрық жапырақшалары былай орналасады: сыртқы қабаты - эктодерма, ортаңғы қабаты - мезодерма, ал ең ішкі қабат - энтодерма. Ал олардың түзілуінде аздаған жүйелік өзгерістер бар. Ең алдымен сыртқы эктодерма және ішкі - энтодерма оңашаланады, ал бұдан соң олардың аралығынан мезодерма орнығады. Энтодерманы ішек қуысы астарлайды.

Эктодерма
Мезодерма
Энтодерма
Эктодерма: Жануарларда жабындары. Адамда және өзге сүт-қоректілерде терінің үстіңгі кабаты Тері туындылары: май және тер (сүт) бездері, шаш және тырнақ, жануарларда мүйіз және тұяқ Сезім мүшелері, жүйке жүйесі (ми және жұлын, т. б. )
Мезодерма: Өзге жүйе мүшелері: бұлшықет, сүйектер, байламдар, сіңірлер Қантарату жүйесі: жүрек, тамырлар, қан. Несеп-жыныс жүйесі: бүйрек, несепағарлар, қуық және жыныс мүшелері
Энтодерма: Барлық асқорыту мүшелері: қарын, ішек, өңеш, т. б. Барлық бездер ( тері безінен өзгесі ), асқорыту бездері де: бауыр, ұйқыбез, калқанша без, гипофиз бөлігі, бүйрекүсті безі және т. б. Тынысалу жүйесі: өкпе, кеңірдек, ауатамыр және т. б.

Эмбриогенез факторлары

Ұрықтың дамуына сыртқы да, ішкі де көптеген факторлар әсер етеді. Радиация, иондағыш сәулелену, уландырғыш заттардың әсері өте қауіпті. Алкоголь, никотин, кептеген дәрі-дәрмектер қабылдаудан адам мен жануарларда туа пайда болатын дерттерді дамытуы мүмкін. Бұдан басқа дамып келе жатқан ұрық бөлігі өзара химиялык әсерлесіп, біріне-бірі өзара ықпал ететіні дәлелденді. Қосмекенділердің бөлшектену кезіндегі жұмыртқажасушаларына өте көп сынақтәжірибелер жасалды. Өйткені бұл жануарлардың уылдырықтары аналық ағзасынан тысқары дамиды және әкқабығы (скорлупа) жоқ. Бөлшектенуге сперматозоид және ұрықтану болмаса да жағдай жасауға болады. Ол үшін жұмыртқа жасушасын жіңішке инемен тесуге немесе химиялық әрекет жасаса, жеткілікті. Екі бластомерден тұратын ерте бластула сатысындағы бластомерлерді белуге болады. Олардан толық жарамды ағзалар жарып шығады. Алайда бластомердің біреуін өлтірсе, бірақ екіншісінен бөліп алмаса, онда тұтастай тірі қалған бластомерден тіршілік ете алмайтын итшабактың жарты денесі ғана пайда болады. Осы және көптеген басқа сынақтәжірибелер ғалымдардың ұрықтық даму заңдылығын анықтап, адамға арналған екіқабаттық гигиенасының негізіне жататын кағида жасауға мүмкіндік берді.

Гистогенез ( histogenesis , грек, histos - үлпа, genesis - даму, түзілу) - ұрық жапырақшаларынан адам мен жануарлар организмдері ұлпаларының эмбриогенездегі қалыптасу және даму кезеңі.

Эктодермадан - жүйке ұлпасы, тері эпидермисі және оның туындылары (тері түктері, тер, май, сүт бездері, мүйізтүяқ, тырнақ, майтабан, мүйіз) ; энтодермадан -ас қорыту және тыныс алу мүшелерінің эпителий қабаттары мен бездері; мезодермадан - нағыз тері қабаты, бұлшықеттер, омыртқа бағанының ұлпалары мен несеп-жыныс мүшелерінің эпителий қабаттары және бездері; мезенхимадан (эмбриондық дәнекер үлпасы) - бірыңғай салалы ет ұлпасы мен барлық тірек-трофикалық (қан, лимфа, борпылдақ және тығыз дәнекер, ретикулалы, май, шеміршек, сүйек ұлпалары) ұлпалар дамиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Адам эмбриогенезінің ерекшеліктері
Ұрықтың дамуындағы қауіпті кезеңдер
Құрсақ ішінде ұрық дамуына биологиялық ықпалдардың әсері
Дедифференциялану және каллустың пайда болуы
Ұрық жапырақшаларының мүшелермен жүйелердің түзілуі
Бөлшектену кезеңі
Жасушалардың жіктелуі
Онтогенез және филогенез
Төл және төл қабаттарының дамуы
Төлдің даму кезеңдері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz