Майдалану және гаструляция процестері
Майдалану және гаструляция процестері. Ұрықтық жапырақшалардың жіктелуі және олардың пайда болуы.
Ұрық жапырақшалары (strata germindlia, лат. stratum -- қабат, germino -- өсу) - ұрықтық дамудың гаструляция (гаструлану) кезеңінде бластуладан пайда болатын маманданған жасушалар қабаттары (эктодерма, энтодерма, мезодерма және эмбриональдық дәнекер ұлпасы-мезенхима). Гистогенез кезеңінде ұрық жапырақшаларынан организмнің мүшелері мен мүшелер жүйелерін қалыптастыратын ұлпалар түзіледі.
Гаструлалану
Бөлшектену морула мен бластуланың пайда болуымен аяқталғаннан кейін клетка материалының қозғалып орын алмасуының нәтижесінде бластомерлердің көп санынан (ланцетниктерде 3000 шамасында, құрбақаларда бірнеше жүзден) тұратын бірқабатты ұрық бластула екі қабатты ұрыққа-гаструлаға(грекше gaster-қарын) айналады. Гаструланың пайда болуына әкеп соғатын процесті гаструляция (гаструлалану) дейді, осы процесс кезінде түзілетін клеткалар қабаттарын ұрықтық жапырақшалар деп атайды. Сыртқы жапырақшаны-эктодерма(гр. есtos-сыртқы), ішкісін-энтодерма(гр.entos - ішкі) дейді. Клеткаларында сары уыздың болып-болмауына байланыссыз энтодерма цитоплазмасының құрамы мен клеткаларының пішіні және үлкендігі жағынан эктодермадан өзгешілігін байқатады. Бұл өзгерістер даму кезінде сақталып үдейді де, энтодерманың клеткаларына барлық жануарлардың ішек клеткаларына айналуына мүмкіншілік беретін қасиет береді. Эктодерма өзіне тән ерекшеліктерін дамытып, сыртқы жабындының эпителийіне айналады. Сонымен бірге ұрық денесінің белгілі учаскелерінде сезім органдары мен нерв жүйесінің бастамасын құрайды. Энтодерманың эктодермадан гистологиялық оқшаулануы осы кездегі олардың арасында пайда болатын функциялық айырмашылықтарға негізделген болуы керек. Гаструла кезеңінде алғашқы ішек немесе архентерон түзіледі. Алғашқы ішектегі сыртқы ортамен жалғастыратын тесікті алғашқы ауыз немесе бластопор дейді. Түрлі жануарлардың бластопорының тағдыры түрліше: тұрақты ауызға немесе аналь(артқы) тесікке айналуы мүмкін. Бластопоры тікелей ауыз тесігіне айналатын болса, ондай жануарларды алғашқы ауыздылар деп атайды. Бұған жататындар құрттар, моллюскілер мен буынаяқтылар. Бластопоры аналь тесігіне сәйкес келетін жануарларда тұрақты ауыз ұрықтың артқы ұшында жаңадан пайда болатын болса, ондай жануарларды екінші ауыздылар дейді. Екінші ауыздыларға қылқындыжақтылар, иықаяқтылар, тікентерілілер, ішек пен тыныс алушылар мен хордалылар, жануарлардың бәрінде, губкалар мен ішек қуыстылардан басқасында эктодерма мен энтодерманың арасында гаструлалану кезінде үшінші, ортаңғы жапырақша-мезодерма оқшауланады. Мезодерма ішек энтодермасының екі жанынан симметриялық клеткалар жолағы түрінде кейін бластоцельге қарай өсіп күрделі жіктеліске ұшырап дененің мускулатурасын, ішек органдарының серозалық астарын, ұрықтың зәр шығару мен қан айналысының жүйелерін құрайды. Гаструлаланудың төрт әдісін ажыратады: иммиграция, инвагинация,эпиболия және делеминация.
Иммиграция - бластодерманың жеке клеткаларының бластоцель қуысына қарай көшуі. Бластоцельге қарай көшкен бластодерманың клеткалары ішкі ұрықтық жапырақша-энтодерманы құрайды да, өз орнында қалғандары эктодерманы түзеді, гаструцель мұнда пайда болмайды. Гаструлаланудың бұл әдісі губкалар мен ішек қуыстыларда байқалады. И.И.Мечников бойынша иммиграция тәсілі гаструлаланудың ең ежелгі әдісі.
Инвагинация(ойылу) - әдісінде бластуланың вегатитивтік бөлігі бластоцельге қарай ойылып кіріп ең ақырында анимальдік жартышармен беттеседі, бластоцель бірте-бірте жойылады, оның орнына алғашқы ішек қуысы, немесе гастроцель пайда болады. Инвагинацияның екі қабатты ұрық пайда болады: сыртқы қабаты-эктодерма, ішкі қабаты-энтодерма. Тікентерілілер мен төменгі сатыдағы хордалыларда кездеседі.
Эпиболияда (қаптап өсу) бластуланың анимальдік бөлігі вегатативтік бөлігін қаптап өсіп эктодерманы құрайды, ал вегатативтік полюстің клеткалары энтодерманы түзеді. Қосмекенділерге және басқаларға тән.
Деляминация әдісінде бластодерманың клеткалары тек ұрық бетіне параллель бөлініп клеткалардың екі-сыртқы(эктодерма) және ішкі(энтодерма)-қабаттарын құрайды. Омыртқасыз жануарлардың көпшілігінде және жоғарғы сатыдағы омыртқалыларда байқалады.
Мезодерманың пайда болуы
Губкалар мен ішекқуыстылардан басқа жануарлардың бәрінде гаструлаланумен байланысты мезодерма деп аталатын үшінші ұрық жапырақшасы пайда болады. Бұл эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан клеткалық элементтердің жиынтығы. Омыртқасыз жануарлардың бәрінде, тікентерілерден басқаларында, мезодерма бөлшектену кезеңінде оқшауланатын эктодерма мен энтодерманың арасында орналасқан телобластлар деп аталатын екі үлкен клеткадан түзіледі. Мезодерманы құраушы осы клеткалар ұрықтың артқы ұшында орналасқандықтан телобласттар(telos-ұшы) деп аталған. Мезодерманың бұл түзілу әдісін телобласттық деп атайды. Тікентерілер мен барлық хордалыларда, жоғарғы сатыдағы омыртқалылардан басқаларында, мезодерма гаструлалану аяқталғаннан кейін ішкі ұрықтық жапырақшадан, энтодермадан, пайда болады. Бұл жағдайда мезодерма алғашқы ішектің екі бүйірінде энтодерманың қалта тәрізді өсіндісі түрінде пайда болады. Мезодермалық өсіндінің қуысы дененің екінші қуысы немесе целом болып саналады. ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz