АҚШ - тың сыртқы саясатындағы Монро доктринасы


АҚШ-тың сыртқы саясатындағы «Монро доктринасы»
Мақала Шетелдердің жаңа және қазіргі заман тарихы курсы бойынша жазылған курстық жұмыс шеңберінде жазылды. Монро доктринасының жобасының дайындалуын әйгілі Д. Каннингтің 1823 жылы американ елшісі Р. Рашқа айтқан сөзінен басталды деуге болады. Ол Испан америаан мәселесінде АҚШ пен ағылшын үкіметтерінің біріккен қимылдарымен үндестік тапқысы келді. Сол кездегі халықаралық жағдайда әр қилы өзгерістер басталып еді. Америка континентінде испан-португал колонияларының бөліну салдарынан әлемдік жүйеде держава мемлекеттер арасындағы күштердің теңдігі бұзылды. Әлем тарихында осынау жаңа бөлініп шыққан мемлекеттердің күшін қай ел өз жағына қарата алады деген сауал туындады. Ал өз жақтарынан бұл бөлініп шыққан елдер АҚЩ пен Ағылшын үкіметінің дипломатиялық күресіне айналғылары келмеді. Көтеріліске шыққан колониялар арасында тәуелсіздік жолындағы күрес туралы идея оларды өзіндік біріккен конфедерация болуға итермеледі. Бұндай жобаның бастаушысы және уағыздаушысы болып сол кезде Симон Боливар алдыңғы орынға шықты. « Нақтылы осы жобаның мазмұны Колумбия сыртқы істер министрі Педро Гуалдың Колумбия конгресіне жасаған баяндамасында белгілі болды. » (1823 ж. 15. 04) [1, 260] .
Жаңа бөлініп шыққан мемлекеттердің біріккен қозғалысының мәні өз тәуелсіздіктерін Испаниядан бөліп алу еді. С. Боливардың жобасы бойынша Испан Америкасының тәуелсіз мемлекеттері ұлы Колумбияның басшылығымен америка конфедерациясына бірігіп, тек көмекті АҚШ-тан емес ағылшын үкіметінен алу көзделді. С. Боливар бірнеше рет өздері құратын конфедерацияға АҚШ-тың қосылмауын жақсы көретінін айтып отырды. Ал АҚШ үкіметі Колумбия үкіметінің АҚШ-сыз америка конфедерациясын құру туралы көзқарас-пікірлеріне аса сақтықпен қарады. АҚШ-тың мемлекеттік хатшысы Д. К. Адамс АҚШ пен Оңтүстік Америка елдерінің ортақ бағыты, бұлар республикалық институттар арқылы басқарылып, Европа державаларының ықпалынан саяси да экономикалық та жағынан тәуелсіз болуы керек деген пікірге тоқтады. 1823 жылғы 24 мамырдағы генерал Сукреге жазған хатында С. Боливар былай деп кқрсетті: « Ағылшын үкіметі Америка мен Европаның барлық тәуелсіз елдерімен одақ құрғысы келеді, себебі осы халықтардың басында тұрып әлемге билігін жүргізеді. » С. Боливардың бұлай сақтауына себеп -Португалия үкіметінің Буэнос Айрес үкіметіне жолдаған жолдауынан еді. Онда Португалия үкіметі Қасиетті Одаққа қарсы мына мемлекеттермен бірге АҚШ, Испания, Португалия, Греция және Оңтүстік Америка тәуелсіз мемлекеттері бірігіп қорғаныс ұйымдастыруды ұсынды. Бірақ Португалияның бұл ұсынысы ешқандай нәтижеге жете алмады. Бұдан үлкен маңызды жоба Ағылшын сыртқы істер министрі Д. Каннингтің АҚШ елшісі Р. Рашқа жолдауынан болды., онда ол бұрынғы испан колонияларымен бірігіп қимыл жасауды ұсынды. (1823 ж ) .
Д. Каннингтің ұсынысынан екі бірдей жағдайды пайымдауға болады:
1. 1823 жылдың көктемінде АҚШ үкіметі мен Ағылшын үкіметі арасында белгілі бір жылылық орнады. Бірақ ағылшын елшісі американ үкіметінің келісімге бой ұрғанын өте асыра бағалады.
2. Ағылшын үкіметі 1822 жылдың күзінен бастап АҚШ үкіметінің Куба аралын басып алуынан қауіптенді. 1823 жылдың көктемінде премьер-министр лорд Ливерпуль американ елшісі Рашқа былай хабарлама жасады. Онда Ағылшын үкіметі Куба аралын басып алуға ешқандай да қарсылық жоқ, бірақ аралдың басқа бір үкіметке қарауына қарсы. Бұл мәселеде өте күрделі саясаттың емес өте үлкен рөлді экономикалық қызығушылық басым еді. ХІХ ғасырдың 20 жылдары Ағылшын үкіметінің өндірісі үлкен қарқынмен алға ұмтылған еді. Үлкен қарқынмен өсіп келе жатқан Ағылшын өндірісіне тауарларын сату рыногы мен өндіріс үшін шикізат көздері керек еді. Осындай жағдайда жаңа Латын Республикалары мен АҚШ үкіметі ағылшын өндірісіне аса қажетті еді. Бұның болашағы өте кең, ауқымды болды. 1823 жылдың күзінде «Америкалық жүйе» АҚШ үкіметінің басшылығымен құрылатынын Д. Каннинг өте дұрыс түсінді. 1823 жылдың 10 қазанында Д. Каннингтің жазбаларында оның Америка мен Европаның екіге бөлініп, біріне бірі қарама қарсылықта болатынын және мұның астарында осы бөлінуден АҚШ үкіметі өзіне қажетті пайда табатын. АҚШ пен Ағылшын үкіметінің біріккен саясатынан Д. Каннинг тәуелсіз американ елдеріне ешқандай қарулы жаулап алу қаупінің болмайтынын білді. Себебі осы айтылған елдердің әскери теңіз күштері өте көп мөлшерде болды. 1823 жылдың 10-қазандағы Каннингтің жобаларында оның Америка мен Европаның екіге бөлініп қарама-қайшылықта болатынын, және мұның астарында осы бөлінуден АҚШ үкіметі мен ағылшын үкіметінің біріккен саясатынан Д. Каннинг тәуелсіз американ елдеріне ешқандай жаулап алу қаупінің болмайтынын білді. Себебі осы айтылған елдердің әскери теңіз күштері өте көп мөлшерде болды. Д. Каннингтің Р. Рашқа жазған құжат хатынан белгілі болғандай, Д. Каннинг мынадай тұжырымдар жасады:
1. Испан билігінің қайтадан колонияларда орнатылуын үмітсіз деп есептейді;
2. Ал осы айтылған мемлекеттерді тәуелсіз деп тану уақыт пен жағдайға қарай мәлім болады деп есептейміз;
3. Колониялар мен метрополия арасындағы достық келіссөздермен аяқталатын мәселелерге ешқандай кедергі келтірмейміз;
4. Біз ешқандай да колонияның бөлігін өзімізге қосып алуды ойламаймыз;
5. Және де бұл колониялардың қандай да бір бөлігін басқа державалардың иемденіп кетуіне жайбарақат, бейтарап қарай алмаймыз.
1823 жылдың 15 қарашасында кабинеттің келесі отырысында тағы да Қасиетті Одақтың қарулы жаулап алуы туралы қауіптің мүмкіндігі жөнінде тағы да қызу айтыс болып өтті. Айтыс барысында президент Монро мен әскери министр Д. Кэлхаун бірауыздан Кадистің құлауынан кейін Қасиетті Одақ Мексика мен Оңтүстік Америкаға экспедиция аттандыруы деген болжам жасады. Бірақ Монроның қауіпі 2 және 10 қазандарда Раштан келген хабарламадан кейін сейіле бастады. 1823 ылғы қабаттасқан саясат жүйесіне дайындық кезінде басты рөл мемлекеттік хатшы Д. К. Адамстың үлесіне тиді де, президент Монроға онық атағы қалды. Мұнда сөз президенттің конгресске жолдаған жылдық жолдауы жөнінде болды. Конгресске жолдау жасау туралы ой президент Монроның өзінен туындады және оның алғашқы үлгісі 21 қарашада кабинет мүшлеріне ұсынылды. Монро жобасының мазмұны елге төніп тұрған жақын да қатерлі қауіп туралы еді. Монрның сөзіне қарағанда олар ұлы күшті және тығыз бірлікті қажет етеді леген ойға саяды. 1823 жылғы 21 қарашадағы кабинет отырысында Д. Адамс өз пікірінде жолдаудың қалай жазылғанына тоқталғанында, бұл жолдау мазмұнына қарай бүкіл Европаны қаруға шақырады деген пікірін айтты. Президент Монроның көзқарасын толық қуаттаған Д . Кэлхаун Адамстың пікірімен толық келіспеді. Бірақ бәрібір де Адамстың бәрінен қашу, одақтастарға қарсы жаулық әрекеті болады деген пікірін кабинет мүшелері қолдады. Жолдаудың ең басты мазмұны 21 қарашадағы кабинет отырысынан кейін президенттің өзімен өзгертілді. 22 қарашада Д. К. Адамс президентті тағы да тек қана американ ісіне көңіл аударуына сендірді. Осы уақыттан кейін ғана қабаттасқан саясат жүйесі өзінің ақырғы дайындық этапына келді. « Егер де шетел басқыншылығы қаупінен жаңа елдерді тек қана ағылшындар қорғаштап қалса, онда олар үлкен сауда-саттық ісіне ие болады деп қорытты ойын Д. К. Адамс »[2, 264] . Сондықтан да жолдауды дайындағанда Латын Америкасы елдерімен сауда-саттық мәселесі және оның кеңейтілуі жөнінде көп айтылды. Ал АҚШ үкіметі жаңа елдер рыногын ағылшындар қолына беріп қоюуы мүмкін емес еді. Президент Монроның конгресске жолдауы . (1823 жыл 2 желтоқсан) «Қабаттасқан саясат жүйесінің дайындалу барысын қарай отырып, осымен байланысты дипломатиялық құжаттарды жолдауға президент Монроның 1823 жылғы 2 желтоқсанда конгресске жолдаған жолдауы кейіннен Монро доктринасы аталып кетті»[3, 267] . Монро доктринасы Европа елдерінің Латын Америкасы елдерінің ісіне араласуына қарсылық білдіріп жолданды деп бағаланды. Бірақ та испан колонияларының әлді бір Европа деравасының билігін де кеткені АҚШ-тың саясатына қиыншылық туғызуы мүмкін еді. Ал енді юристік тұрғыдан алғанда жолдауда Европа елдерінің испан американ елдеріндегі қозғалыстарға араласуына ешқандай да бөгет жасауы туралы айтылмады. Өйткені Испания Европалық держава еді әне Қасиетті Одақтың мүшесі болды, сондықтан да оның Латын Америкасы елдеріне қарулы басқыншылық жасап, өз иеліктерін ұлғайтуына АҚШ үкіметі тұрғысынан ешқандай да наразылық болмады. Бірақ шындығында Қасиетті Одақтың Латын Америкасы елдеріне қарулы басқыншылық жасауы туралы қауіптің борлмағандығы айқын еді. Айқындап айтқанда президент Монроның платондық декларациясы ешқандай да сармандық бағасы болған жоқ. Батыс Американы қорғау туралы. Кейінгі ағдайлармен салыстырғанда АҚШ үкіметі шығарған вексельіне жауап бергісі келмеді, оның айғағы 1824-1825 жылдары Латын Америкасы елдерімен одақтық келісімге отыруға келісім бермеді. Анықтап айтқанда Монро доктринасы Латын Америкасы елдеріне ештеңе жақсылық әкелген жоқ. ХХ ғасырдың 40 жылдарындағы зерттеулер бойынша доктринаға ағылшын-американ бірлесуінен шыққан деген атақ та беріле жаздады.
АҚШ-тың ұстанатын олын көрсете келе Д. Монро былай деп жазады: «Қауіптің бар екені рас, Ағылшын үкіметі біздің ұстанған бағытымызды көріп отырып, бар ауырлықты бізге аудара салуы мүмкін әне осыдан өз пайдасын көруді ойлайды. Бірақ мұндай жағдай бола қалуы екіталай деп ойлаймын. Егер де мұндай мәселе көтеріле қалса, онда соғысқа кіріп кетуіміз мүмкін». Сондықтан да 1823 жылғы желтоқсандағы конгресске жолдаған жолдауында АҚШ-тың Қасиетті Одақтың қарулы басқыншылығына қарсы соғысқа қатысуға міндетті емес деп көрсетті.
Президент Монроның АҚШ үкіметінің сепаративтік принципіне берген бағасы түсінікті де нақты болып шықты. Біз білеміз деп жазды Монро, Ресей, АҚШ үкіметі мен Ағылшын үкіметі арасындағы байланыстан қорқады. Егер де АҚШ пен ағылшындар бірге қимылдаса, онда біз ағылшындардың үгіттеуімен, билігімен қимылдаған болып шығар едік және мұнан кейін біз оңтүстік көршілеріміздің және одақтық державалардың сенімінен айырылар едік. 1823 жылдың желтоқсанында палата мүшелері президентке флоттың бейбітшілік жағдайға ауысуы туралы жоба ұсынды.
Сондықтан да әскери теңіз флотының азайтылуына және оған жұмсалар қаржының азаюына әкелді. 1823 жылдың 24 желтоқсанында палата мүшелері бірауыздан резалюция қабылдап, президентке қоғамның пайдасына шешілетін хабарландыру жасауды ұсынды. 1824 жылдың 12 қаңтарында президент Монро мұндай хабарламаны білмейтінін айтып жауап берді. Негізінен Монро доктринасы мазмұны жағынан созылыңқы болды. Ол ылғи да елдің сыртқы саясатының теорияларынан толығып отырды. Доктринаның жариялану кезеңінде осы бір қолайлы қабаттасқан саясат үйесінің өте бір қолайлы жерлері қолданылып отырды. Доктрина, президент Монроның конгресске жолдауы ең болмаса заңды акт түрінде де АҚШ үкіметіне әр түрлі жылдам өзгеретін тарих жағдайында да және өте ұзақ уақыт бойы қолданылып келді.
Монро доктринасының мазмұнын түсінуге Европа мен Америка елдеріндегі тарихи зерттеушілердің үлкен маңызды рөл атқарды. Испан королі VІІ Фердинандтың Монро олдауына қарай қарағаны белгісіз. Егер де ол бұл жолдауды оқыса, өйткені оның бұдан да маңызды саяси шаруалары бар еді. Ал монархиялық Европаның белгілі орталары АҚШ президентінің жолдауына үнсіздік танытты. Батыс Европа елдерінің баспасөздері өз газеттерінде Монро жолдауын басып шықты. Мысалы, француз газеті «Монитер универсаль» 1823 жылғы 30 желтоқсанында Монро жолдауының бастапқы кезін тастап кетіп басып шығарды.
Америка мен Европаның бөлінуі бітті. Дипломатиялық адамдар өздерінің әр түрлі қызықты ойларын білдірді, бірақ мұның көбісі шындыққа жанаспайтын еді. «Президент жолдауының АҚШ-та, Англияда, Латын Америкасында өте қызу қолдау тапты деген асыра сілтеушілік баға да беріліп отырды» [4] .
Монро жолдауының демократиялық үлгісі, мазмұны, ойы ұлттың ұлылығы және экспансионистік сарыны американ қоғамының әр түрлі қабатында әр қалай бағаланғаны анық.
Монро жолдауының Ағылшын елінде қолдау тапқаны анық екенін көптеген тарихшылар (У. Робертсон, Д. Перкинс, Д. Риппи әне т. б. ) айтты. Бірақ олар жолдаудың ағылшын үкіметіне қарсы бағытын оқып зерттегн жоқ. Ағылшын баспасөзінде жолдау өзіне лайықты бағасын да алды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz