АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ ТУРАЛЫ
АВТОМОБИЛЬДЕРДІҢ ЖАЛПЫ ҚҰРЫЛЫСЫ
Автомобильдер, құрылысы жағынан өте күделі машиналар қатарына жатады.Өйткені оың құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әртүрлі болады.Дегенменде, ондағы негізгі механизмдер мен жүйелердің жұмыстары белгілі бір принцип пен заңдылыққа бағынатындықтан, құрылыстары да ұқсас болады.Жүк машиналарының жалпы құрылысы 1.3 - суретте, ал жеңіл машиналардікі 1.4 - суретте көрсетілген.
Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған.Сондықтанда ол таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады.Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрізді жасалып, жүргізуші отыратын кабина жасалады.Ал адам таситын жеңіл машина мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып, тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамасыз ететін қондырғылар орнатылады.
Қозғалтқыш автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлігі.Оның негізгі жұмыс принципі, энергияның бір түрін ( көбінесе жылуды) екінші түріне (механикалық энергияға) айналдыру болып табылады.Осы қозғалтқыштан алынған механикалық энергия автомобильдің жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де ол жол бетімен жанасып, автомобильді қозғайтын күш тудырады.Сөйтіп автомобиль жол бетімен жүруге мүмкіндік береді.Сондықтанда қозғалтқыштың басқа осындай жұмыс атқаратын генератордан айырмашылығы, қозғалтқыштан тек қана механикалық энергия алынады, ал генераторларда энергияның басқа түрлері де алынуы мүмкін.
Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктірген бөлігін айтады.Оған трансмиссия, алдыңғы және артқы белдемелер жүретін дөңгелектерімен, машина тұғыры, дөңгелек аспалары, рульдік және тежегіш қондырғылар кіреді. Осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын, бірнеше механизмдер мен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.
Трансмиссия - двигателден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы.Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды, оны машина қажетіне қарай түрлендіріп - өзгертіп береді.Себебі машинаға жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда, оның жылдамдығын азайтады немесе керісінше.Оның үстіне машина жүріс бағытын да өзгертуі мүмкін.Сондай жағдайда автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамасыз етеді.Сөйтіп трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы.
Алдыңғы және артқы белдемелер - негізінен автомобильдің салмғын дөңгелектер арқылы жол бетіне түсіру қызметін атқарады.Осыған қосымша ол белдемелерде бірнеше түрлі механизмдер орналасады.Мысалы артқы жетекші белдемеде трансмиссияның, аспаның, тежегішті т.с. бөлшектер орналасады, ал алдыңғы басқаратын белдемеде де басқару механизмдері сияқты қосымша бөлшектер орналасады. Олар 1.3 және 1.4 - суреттерде белгіленген.
Машина тұғыры - автомобильдің шасси бөлігінің барлық механизмдерімен қоса, двигатель мен кузовты да бекітуге арналған қондырғы. Ол өздерінің құрылысына қарай әртүрлі болады. Кейбіреуі арнаулы рамадан жасалып, көбінесе жүк машиналарында бөлек қондырғы құүраса, кейбіреуі кузовпен бірге (жеңіл машиналарда) жасалады. Осы ек іжағдайда да бірдей оның қызметі автомобильдің барлық бөлшектерін біріктіріп, бекітетін қондырғы болып табылады.
Дөңгелек аспалары - алдыңғы және артқы белдемелерді машина тұғырына бекітіп қана қоймайды, жүріс кезінде автомобильдің жүрісін жұмсарту қызметін атқарады. Себебі жүріс дөңгелектері жол бетінің бедерімен жанасқан кезде неше түрлі күштер туып, автомобильді тербеліске келтіреді.Егер ол тербелістің амплитудасын азайтып, жиілігін бір қалыпқа келтірмесе, машинаның жүріс жұмсақтығы бұзылады. Сөйтіп оның жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді.
Басқару жүйесі * көптеген механизмдерден құралады. Олардың негізгісі - машинаның жүріс бағытын басқаратын рульдік механизм.Сол рульдік механизм арқылы автомобильдің жүрісін берілген траектория арқылы бағыттап отырады.
Тежеу жүйесі - автомобильдің жылдамдығын азайтып, тіпті тоқтату қызметін атқарады. Сондықтанда бұл механизм арқылы автомобильдің барлық жүріс дөңгелектерінде орналасып, оның айналуын тежеу арқылы ауырлатады да жүріс жылдамдығын азайтуға мүмкіндік жасайды.
Автомобильдің осы айтылған бөліктерінің орналасу әртүрлі болуы мүмкін. Оның негізгі себебі, олардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту болып табылады.
Қозғалтқыштың айналшақты-бұлғақты механизмі АБМ(КШМ)-нің құрылысы.
Қозғалтқыштың айналшақты-бұлғақты механизмінің құрылысы :
1. поршень;
2. шатун;
3. коленвал;
4. маховик;
5. цилиндрлер басы мен блогы.
- Поршень
Поршень цилиндр тәріздес болады және алюминий қоспасынан жасалады.
-Шатун
Шатун- болат немесе титаннан жасалады.
- Коленвал
Болат немесе шойыннан жасалады.
- Маховик
Маховик коленвалға орнатылады.Қазіргі кезде екі дискі біріктірілген қос салмақты маховиктер қолданылады.
Цилиндрлердің басы мен блогы шойыннан жасалады .
Қазіргі қозғалтқыштарды 16 немесе одан да көп цилиндрлер бар
Қозғалтқыштың айналшақты-бұлғақты механизмі
1. шатун подшипнигінің басы
2. шатунның жоғарғы басы
3. поршень сақиналары
4. поршень
5. поршень сақинасы
6. сақина
7. шатун
8. коленвал
9. шатун подшипнигі.
Іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың жұмыс принциптері
Іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың жұмыс принциптері мына төмендегідей ретпен жүретін процестерге негізделген (3 сурет).Цилиндр ішінде поршень ілгері - кейінді қозғалып тұрады. Соның қозғалысының салдарынан цилиндр ішінде неше түрлі құбылыс пайда болады.Ал цилиндр үсті цилиндр баласымен бекітілген, ал оның сыртпен қатысуы соратын, шығаратын клапандар арқылы жүргізіледі.Енді осы поршеньнің жүрісін рет - ретімен қарастырылады.
Поршень жоғарыдан төмен қарай жылжиды, яғни поршеньнің үстіндегі кеңістік көбейеді.Олай болса оның ішіндегі газ қысымы азайып, вакуум пайда болады. Сол кезде соратын клапан ашылады да сырттан ауа немесе арнаулы дайындалған жану қоспасы кіреді.Бұл процесті сору процесі деп атаймыз (3 - сурет).Оның ұзақтығы поршень төмен түскенге дейін созылады.
Поршеньнің ендігі жүрісі төменнен жоғары қарай бағытталады (3.б - сурет).Сол кезде екі бірдей клапандар жабық болғандықтан, цилиндр ішіндегі газ қысылады, яғни көлемі азаяды. Мұны қысу процесі деп атаймыз.Қысылған газдың қасиеті бойынша оның көлемі азайып, температурасы көтеріледі.
3-сурет. Іштен жанатын төрт тактылы қозғалтқыштың жұмыс схемасы:
а-сору; б-қысу; в-ұлғаю: г-шығару.
Поршень жоғары жеткен кезде (3.в - сурет) қысылып тұрған, қызып тұрған жану қоспасына электр ұшқынын беріп тұтандырады немесе қызып тұрған ауаға жанар май шашылады да ол тұтанып жанады.Сонымен қысу процесінің соңында жану процесі іске асады.
Жанған газ өте үлкен жылу бөліп шығарады да ол газдың температурасы көтеріледі, ал температура көтерілсе, оның қысымы да артады.Енді осы қысым поршеньді төмен қарай итереді.Мұны ұлғаю процесі деп атаймыз. Бұл ұлғаю процесі де поршень төмен келгенше созылады (3.г - сурет).
Жанған газ ұлғайып біткеннен кейін поршень төменнен жоғары қарай қозғалады.Осы кезде шығаратын клапан ашылады да жанған газ сыртқа қарай поршеньмен итеріліп шығарылады.Бұл процесті - шығару процесі деп атаймыз.Енді әрі қарай осы процестер қайталана береді.
Сонымен, іштен жанатын поршеньді қозғалтқыштардың жұмысы поршеньнің жүрісіне байланысты атқарылатын сору, қысу, ұлғаю және шығару процестеріне байланысты екен. Олай болса поршеньнің бір жүрісін бір такт деп атасақ, мұндай қозғалтқыштарды төрт тактылы қозғалтқыш деп атауға болады.Себебі барлық жұмыс төрт тактыда атқарылып бітеді.Ал осы жұмыстар поршеньнің екі жүрісіне атқарылатын болса, онда ондай қозғалтқыштарды екі тактылы іштей жанатын қозғалтқыш деп атайды.
Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы 5 - суретте көрсетілген.
5-сурет. Иінді шатунды механизмнің қозғалатын бөлшектер тобы.
1Сабақ жоспары
Пән атауы: Автокөлікке техникалық қызмет көрсету
Сабақтың тақырыбы: Автомобиль қозғалтқыштары
Сабақтың түрі: зертханалық
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға техникалық қызмет көрсету операцияларын орындату, теориялык білімдерін нығайту.
Сабақты материалдық техникалық жабдықтау: Қозғалтқышқа қызмет көрсету жүйесіне техникалық қызмет көрсету операцияларын орындау кезінде қолданылатын құрал жабдықтар .
Теориялық мәлімет.
1. Қозғалтқыш қызметі
2. Қозғалтқыштардың жіктелуі
3. Қозғалтқыштың жалпы құрылысы
4. Қозғалтқыштың жұмыс принциптері
5. Төрт тактілі карбюраторлы двигательдің жұмыс циклі
6. Қозғалтқыштың негізгі көрсеткіштері
7. Қозғалтқыш ақаулары
8. Қозғалтқышқа техникалық қызмет көрсету
Қозғалтқыш қызметі
Энергияны (жылу, электр, т.б.) механикалық жұмысқа айналдыратын машинаны қозғалтқыш деп аталады. Автомобильдерде поршеньді төрт тактылы бензинді (карбюраторлы) және дизельді іштен жану қозғалтқыштарын қолданады.
Әлемдегі автотрактор өнеркәсібі бензинді және дизельді қозғалтқыштарда отын беру жүйелерінің жаңа типтерін қолдана бастады. Күрделі де қымбат компьютерлі жүйелермен жабдықтау қажеттігі көбінесе қатаңырақ талаптардың, мысалы, өтелген газдардағы зиянды заттар құрамына Еуропалық стандартты енгізулермен түсіндіріледі. Бұл жерде отынның едәуір үнемделуі туралы айтуға болмайды.
Поршеньді қозғалтқыштардың өлшемдері болып анықталатындар: цилиндр диаметрі; поршень жүрісі; цилиндр саны; цилиндрдің жұмыс көлемі; сығымдау дәрежесі; қозғалтқыштың тиімді қуаты; қозғалтқыштың айналдырушы моменті; қозғалтқыштың иінді білігінің айналу жиілігі; жанармайдың үлестік шығыны және қозғалтқыштың үлестік салмағы;
Литражы бойынша қозғалтқыш аса кіші литражы (1,2 литрға дейін), кіші литражды (1,2-2 литр), орта литражды (2-4 литр) және үлкен литражды (4 литрдан жоғары) болып жіктеледі. Сонымен қатар жүк автомобильдерінде және автобустарда қозғалтқыштың аса үлкен литражды түрі пайдаланылады.
Отын жануы үшін оттегі қажет, сондықтан отынды оттегімен араластырады. Тозаңдатылған отынның ауаның белгілі бір салмақ пропорциясымен араласқан қоспасын жанғыш қоспа деп атайды. Жұмыс істеп тұрған двигатель цилиндріннде жанғыш қоспа қалдық газбен араласып, жұмыстық қоспа құрайды.
Егер қозғалтқыштағыі отын ауамен арнайы прибор -- карбюратор арқылы араласса, онда мұндай двигательді карбюраторлы деп атайды. Онда жанғыш қоспа электр ұшқынымен тұтанады. Дизельді двигательде жанғыш қоспа цилиндр ішінде пайда болады және сығылған ауа қызуынан тұтанады. Қарбюраторлы двигательді негізінен алғанда жүк көтергіштігі шағын және орташа автомобильдерге, сондай ақ тракторларда негізгі қозғалтқышты жүргізу үшін қолданады.
Қазіргі кездегі жүк көтергіштігі жоғары автомобильдерге негізгі қозғалтқыш ретінде дизельді қозғалтқыштар немесе дизельдер қолданылады.
Дизельді двигательдің жұмыс қызметін қарапайым схема үлгісімен қа-растырайық (1-сурет). Цилиндрге (6) поршень (7) орнатылған. Поршень шатун (9) арқылы иінді білікпен (12) косылысқан. Егер цилиндрдегі поршень жоғары-төмен орын ауыстырса, онда оның тура сызықты қозғалысы шатун мен кривошип арқылы иінді біліктін айналма қозғалысына айналады. Иінді біліктің шетіне маховик (10) бекітілген. Ол -- двигатель жүмыс істегенде біліктің бір қалыпты айналуы үшін қажет. Цилиндр қалпақшамен (1) нығыз жабылған. Цилиндр қалпақшасында екі клапан бар. Енгізу клапаны (5) цилиндрге ауа енгізетін канал тесігін ашады. Шығару клапаны (4) пайдаланылған газды шығаратын тесікті ашады. Клапандар клапан серіппесі арқылы жабылып, таратқыш (жұдырықшалы) біліктің (14) беріліс деталы (16) арқылы орын ауыстыратын күйентенің (2) көмегімен ашылады. Таратқыш білік пен отын насосының білігі (дизельді двигательде) иінді біліктің шестерняларымен (13) айналады. Дизельді двигательде отын цилиндрге форсунка (3) арқылы отын насосынан келеді.
1-суретте дизельді бір цилиндрлі двигательдің схемасы көрсетілген. Дизельді двигательден карбюраторлы двигательдің айырмашылығы, мұнда клапанмен (5) жабылатын енгізу каналы арқылы цилиндрге жанғыш қоспа сорылады, ал форсунканың (3) орнына цилиндр калпақшасына оталдыру свечасы орнатылған.
1-сурет. Бір цилиндрлі дизельді қозғалтқыштың схемасы:
Қозғалтқыштардың жіктелуі
Қозғалтқыштар: жылулық, электрлік, желдік, сулық немесе гидравликалық т.б. болып бөлінеді. Қазіргі кезде ең көп тараған жылу, электр және буданды қозғалтқыштар. Жаңа жеңіл және ауыр жүк автомобильдерінде жылу және электр қозғалтқыштары қолданылады.
Жылу қозғалтқыштары үлкен үш топқа бөлінеді:
Бу қозғалтқыштары
Іштен жану қозғалтқыштары
Буданды қозғалтқыштары
Отын бу қозғалтқыштарынан тыс бу қазанының пешіне жағылады. Қазандағы су қайнап, буға айналады. Бу труба арқылы машинаның цилиндріне немесе турбина дөңгелегінің қалағына беріледі, сөйтіп ол механикалық жұмыс істейді.
Іштен жану қозғалтқыштарында жану процесі және одан алынған жылуды механикалық жұмысқа айналдыру процесі қозғалтқыштың цилиндрінде өтеді. Отын жанғанда пайда болатын жылудан газдар кеңейе түсіп, поршень мен бұлғақ (шатун) арқылы қозғалтқыштың иінді білігіне берілетін күш туғызып, механикалық жұмыс атқарады.
Дүние жүзінде автомобильде ең көп пайдаланатын іштен жану қозғалтқыштары 99%-дан астам автомобильде. Іштен жану қозғалтқыштары отын жылуының 25-38 пайызын механикалық жұмысқа айналдыратын болса, қозғалысты құрылыстардың бу машиналары отын жылуының тек 8-13 пайызын ғана пайдаланады.
Қазіргі кезде -- ауылшаруашылық тракторлары мен автомобильдерінде іштен жанатын поршеньді қозғалтқыш орнатылған. Іштен жанатын қозғалтқыш деп отынның жануы және оның жылу энергиясының механикалық энергияға айналуы цилиндр ішінде өтетіндігін айтады. Бұл қозғалтқыш мынадай негізгі белгілері бойынша бөлінеді:
а) қоспа түзілу әдісі бойынша: сыртқы қоспа түзілу -- карбюраторлы
және газды, ішкі қоспа түзілу -- дизельді;
ә) жанғыш қоспаның тұтану әдісі бойынша: электр ұшқынынан еріксіз, тұтану -- карбюраторлы және газды, сығылу нәтижесінде тұтану -- дизельді қозғалтқыш.
б) жұмыс циклі тактісінің саны бойынша -- төрт тактілі және екі тактілі.
в) қолданылатын отын түрі бойынша: бензинді, газды, дизельді;
г) салқындату әдісі бойынша -- сұйықпен және ауамен салқындату;
д) цилиндр саны бойынша -- бір цилиндрлі және көп цилиндрлі (екі,
төрт, алты, сегіз, он екі цилиндрлі);
е) цилиндрдің орналасуы бойынша -- бір қатарлы және екі қатарлы немесе V тәрізді (цилиндрдің екі қатары бір-біріне бұрыштана орналасқан).
Автомобильдердің іштен жанатын жылу қозғалтқыштары ең көп тараған қозғалтқыштардың бірі болып есептеледі. Жанар май олардың цилиндрлерінің ішінде жанып, оның жануынан пайда болған жылу энергиясы механикалық энергияға айналады.
Қолданылатын отын түрлеріне қарай қозғалтқыштар тез буланғыш сұйық отын бензинмен жұмыс істейтін карбюраторлы, ауыр сұйық дизельдік отынмен жұмыс істейтін дизельдік; автомобильдің өзінде баллонда сақталатын сығылған немесе сұйытылған газбен жұмыс істейтін газ баллонды түрлерге ажыратылады.
Бір цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі төмендегідей. Цилиндрдің ішінде еркін қозғалып тұратын поршені болады. Поршень біліктің кривошипімен шатун арқылы топсалы жалғасқан.
Қозғалтқыштың жалпы құрылысы
Автомобильдердің іштен жанатын жылу қозғалтқыштары ең көп тараған қозғалтқыштардің бірі болып есептеледі. Жанар май олардың цилиндрлерінің ішінде жанып, оның жануынан пайда болған жылу энергиясы механикалық энергияға айналады.
Қолданылатын отын түрлеріне қарай қозғалтқыштар тез буланғыш сұйық отын -- бензинмен жұмыс істейтін карбюраторлы, ауыр сұйық дизельдік отынмен жұмыс істейтін -- дизельдік; автомобильдің өзінде баллонда сақталатын сығылған немесе сұйытылған газбен жұмыс істейтін газбаллонды түрлерге ажыратылады.
Қозғалтқыш бірқалыпты жұмыс істеуі үшін цилиндрлерге жанғыш қоспа белгілі пропорцияда (карбюраторлы двигательде) немесе отынның белгілі бір мөлшері нақты бір кезеңде жоғары қысыммен (дизельді қозғалтқыштарда) берілуі тиіс. Үйкелісті, отын жіберуді, сызылып мұқалуды және тез тозуды болдырмау және жұмыс шығынын азайту үшін үйкелетін детальдар майланады. Цилиндрлерде қалыпты жылу режимін жасау мақсатында двигатель салқындатылады. Тракторлар мен автомобильдерде орнатылған барлық қозғалтқыштардың конструкциялық схемасы бір типтес және де белгілі бір функцияны атқаратын механизмдер мен жүйелерден тұрады.
Іштен жанатын қозғалтқыштың жұмыс циклінің барлық процестерін жүзеге асыруды: кривошип-шатунды және газ бөлу механизмі (2-сурет) және салкындату, майлау, қоректендіру мен от алдыру жүйелері атқарады.
2-сурет. Қозғалтқыш механизмдері мен жүйелері:
кривошип-шатунды, газ бөлу механизмі, салкындату, майлау, қоректендіру мен от алдыру жүйелері
Май насосы
Су насосы
Газ бөлгіш механизм
От алдыру свечасы
Салқындату қаптамасы
Шатунды механизм
Автомобиль қозғалтқышы мынадай механизмдер мен жүйелерден тұрады.
Кривошипті-шатунды механизм поршеньдердің тура сызықты қозғалысын иінді біліктін айнымалы қозғалысына келтіреді, мұның өзі механикалық энергияның берілісі үшін, автомобильдің жетекші доңғалақтарын, жұмысшы органдарын қозғалысқа келтіруде өте қолайлы болып саналады. Кривошипті-шатун механизмі жану тактісінде газ қысымын қабылдап, көлемін ұлғайтады да поршеньнің түзу сызықты ілгерілемелі қозғалыстарын иінді біліктің айналмалы қозғалысына айналдырады.
Газ таратқыш механизмі клапандар жұмысын басқарады, мұның өзі поршеньдердің белгілі бір қалпында двигатель цилиндрлеріне ауа жіберуіне, оны белгілі бір қысымда сығып тұруға және цилиндрлердегі пайдаланылған газды шығаруға мүмкіндік береді. Газ бөлу механизмі -- қозғалтқыштың цилиндріне дәл уақытында жаңа жанар қоспасының қажетті зарядын енгізіп және пайдаланылған газдарды шығаруға арналған.
Қоректендіру жүйесі отыннын белгілі бір мөлшерін нақты бір кезеңде тозаңдатылған күйінде двигатель цилиндрлеріне беріп тұруды қамтамасыз етеді. Қоректендіру жүйесі отын жеткізіп беруге. карбюраторға ауа жіберіп, оны тазартуға және жанар қоспаны дайындап, цилиндрлерге беруге, бұдан пайдаланылған газды шығарып отыруға арналған.
Майлау жүйесі үйкелетін детальдарға майды үнемі беріп тұруды және ондағы қызуды қайтаруды қамтамасыз етеді. Майлау жүйелері қозғалтқыштың үйкелетін бөлшектеріне май жіберіп тұратындықтан үйкелу күші азаяды, оларды салқындатады, әрі майды тазартып отыруды камтамасыз етеді.
Салқындату жүйесі жану камерасының кенересін қатты қызудан қорғайды және цилиндрлерде қалыптыжылу режимін сақтайды. Салқындату жүйесі -- қозғалтқыштың жылуын оның бөлшектерінен бөліп, оны қалыпты жылу режимде ұстап тұруға арналған.
От алдыру жүйесі -- электр ұшқындарын жасап, онымен қозғалтқыштың цилиндрлеріндегі жұмыс қоспасына от алдыру үшін керек. Іске қосу жүйесі дизельді двигательді жүргізген кезде иінді білікті айналдыру үшін қажет.
Автомобильдің карбюраторлы двигателінің механизмдері мен жүйелері трактордың дизельді двигателіндей, тек оның мынадай айырмашылығы бар:
автомобиль двигателінің қоректендіру жүйесі арнайы прибор -- карбюраторда жанғыш қоспа әзірлеуге және осы цилиндрлерге беруге арналған:
карбюраторлы двигательдің цилиндрлеріндегі жұмысшы қоспаны оталдыру үшін оталдыру жүйесі орнатылған.
Автомобиль двигателінің кұрамдас бөлшектерінің орналасуы 3-суретте көрсетілген.
3-сурет. ЗИЛ -- 130 автомобилінің карбюраторлы қозғалтқышы :
а -- оң жақ көрінісі, б -- сол жақ көрінісі; 1 -- двигательдің май насосы, 2 -- май шығаратын түтік (коллектор). 3 -- оталдыру свечасы, 4 -- май сүзгісі, 5 -- ауа сүзгісі
(ауа тазартқыш, в -- компрессор, 7 -- генератор, 8 -- карбюратор, 9 -- оталдыруды таратқыш, 10 -- май өлшеуіш сүңгі түтігі, 11 -- стартер, 12 -- қолмен басқарылатын гидрокүшейткіш насосы, 13 -- гидрокүшейткіш насосының бачогы, 11 -- желдеткіш, 15 -- отын насосы, 19 -- картер желдеткішінің сүзгісі
Қозғалтқыштың жұмыс принциптері
Бір цилиндрлі қозғалтқыштың жұмыс істеу принципі төмендегідей. Цилиндрдің ішінде еркін қозғалып тұратын поршені болады. Поршень біліктің кривошипімен шатун арқылы топсалы жалғасқан. Жанар қоспасының зарядтары цилиндр ішінде тез жануынан пайда болған газдар қызып, әрі көлемін кеңейтуінен туған қысым поршеньді қозғалысқа келтіреді. Өйткені поршень шатунмен топсалы жалғасқан әрі екінші басы иінді біліктің кривошипының мойнымен топсалы жалғанғандығынан шатунмен бірге қозғалған поршень иінді білік пен онын екінші басына бекітілген маховикті қозғалысқа келтіреді. Шатун және кривошип әсерімен түзу сызықты қозғалған поршень двигательдің иінді білігі мен маховигін айналмалы қозғалысқа келтіреді.
Қозғалтқыш өзінің жұмысын одан әрі жалғастыра беруі үшін цилиндрді пайдаланылған газдан алдын ала тазартып, жанар қоспасының зарядын жаңартып отыруы керек. Ол үшін цилиндрдің қалпақшасында клапанмен жабылған енгізу тесігі қарастырылған (4-сурет). Қоспаның жануы кезінде керегінше екпін алған маховик өзімен бірге кривошипті, содан соңн цилиндрдегі поршеньді қоспаның келесі от алуына дейін қозғалысқа келтіруі үшін барынша салмақты (массалы) етіп жасайды. Поршень жоғары қозғалғанда шығару клапаны ашылып, пайдаланылған газ поршеньмен цилиндрден сыртқа айдалып шығарылады. Иінді білік өзінің айналуын жалғастыра отырып поршеньді төмен итереді де цилиндрдің босап қалған бөлегіндегі газдың сиреуі салдарынан клапаны ашылған енгізу тесігінен жанар коспасының жаңа заряды цилиндрге толтырылады.
4-сурет. Бір цилиндрлі қозғалтқыштың кривошип шатун механизмі
5-сурет. Өлі нүкте мен цилиндр көлемі
Поршень төмен жылжыған кезде газдардың қысым пайдаланылмайтын болғандықтан қоспаның жануы тиімсіз, сондықтан поршеньді өзінің алғашқы (жоғарғы); орнына қайырып, жұмыс қоспасын қысу керек. Қысылған жұмыс коспасы ұшқынмен от алады да пайда болған газдардың қысымымен поршень қайтадан төменге ығысады.
Поршень цилиндрде қозғалған кезде өзінің қозғалыс бағыттарын өзгертетін ең шеткі қалпына келеді. Цилиндрдегі поршеньнің қалпын өлі нүктелер деп (5-сурет), ал поршеньнің осы өлі нүктелер аралығындағы жолы поршеньның жүрісі деп аталады. Поршеньнің бұл жүрісінде иінді білік 180 градуска бұрылады, яғни жарты айналым жол жүреді. Поршень өзінің бір жүрісінде цилиндр ішінде болатын процесті такты деп атайды.
Цилиндр ішіндегі поршень жоғарғы өлі нүктеге жеткенде оның үстіндегі кеңістікті жану камерасы деп атайды.
Поршень өзінің жоғарғы өлі нүктесінен (ж. ө. н.) төменгі өлі нүктеге (т. ө. н.) жылжудағы босаған орынды (көлемді) цилиндрдің жұмыс көлемі деп атайды.
Ц и л и н д р д і ң т о л ы қ к ө л е м і деп -- жану камерасы мен цилиндрдің жұмыс көлемдерін қоса алғандағы көлемді атаймыз (5-сурет).
Көп цилиндрлі қозғалтқыштарда барлық цилиндрлердің жұмыс көлемдерінің литрмен алынған қосындылары двигательдің литражы деп аталады. Қозғалтқыштың литражы артқан сайын оның қуаты да артады. Жану қоспасы цилиндрге енгенде, оның толық көлемін толтырады. Сығу процесі аяқталған кезде қоспаның көлемі жану камерасының көлеміне дейін азаяды.
Цилиндрдің толық көлемінің жану камерасының көлеміне қатынасын- сығылу дәрежесі-деп атайды. Қарастырылып отырған бензинмен жұмыс істейтін қозғалтқыштардың сығылу дәрежесі 6,5 -- 3,2 тең. Сығылу дәрежесі неғұрлым үлкен болса, жылу шығынының азаюынан және поршеньге келетін орташа қысымның артуынан двигательдің қуаты мен үнемділігі жоғары болады. Двигательде жылу шығынын кеміту үшін гаэбен жанасатын жану камерасының ішкі бетін азайту керек. Поршеньге келетін орташа қысым температура өскен сайын артып отырса, оның қатты сығылуынан жұмыс қоспасында жану жылдамдығы артады.
Сөйтіп, бір тактыны орындауда жұмыс қоспасының жануы мен газдардың ұлғаюы үшін үш түрлі дайындық тактылары: шығару, енгізу және сығу тактылары кажет (6-сурет).
Бірінші такт -- е н г і з у -- цилиндрді жанар қоспасымен толтыру үшін қажет. Поршень жоғарғы өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге ауысады, енгізу клапанының тесігі ашылып, шығару клапаны жабылады. Пайда болған қысымның әсерінен поршень үстіндегі цилиндр қуысына жанар қоспасы толады.
Екінші такт -- сығу -- жұмыс қоспасын от алдыруға дайындау үшін қажет. Поршень төменгі өлі нүктеден жоғары өлі нүктеге ауысады, бұл кезде екі тесіктің клапаны жабық, жұмыс қоспасының көлемі 6,5 -- 8,2 есе азайып, қоспаның сығылуынан цилиндрдегі қысым 10 -- 12 кгссм2 жетеді. Бұл кезде жұмыс қоспасы 300 -- 400° С температураға дейін кызады.
Үшінші такт -- жұмыс жүрісі (жану және ұлғаю) сығылатын жанар майдың энергиясын пайдалы механикалық жұмысқа айналдыру үшін қажет. Сығылған жұмыс қоспасы электр ұшқыны мен от алғандағы бөлінетін жылу газдарды 2200 -- 2500°С температураға шейін қыздырады. Цилиндрдегі ұлғайған газдар поршеньнің үстінде 35 -- 45 кгссм2 ге дейін қысым тудырады да соның әсерінен поршень жоғарғы өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге жылжиды. Бұл уақытта екі тесік те клапанмен жабылады. Поршеньге әсерін тигізуші газдардың қысым күші шатун арқылы кривошипке беріліп, қозғалтқыштың иінді білігін айналдырушы момент туғызады.
Төртінші такт -- шығару -- цилиндрді пайдаланылған газдардан босату үшін керек. Поршень төменгі өлі нүктеден жоғарғы өлі нүктеге ауысады, шығару тесігі ашылып, енгізу тесігі жабылады.
Одан әрі қозғалтқыштың жұмыс тәртібі жоғарыда көрсетілген ретпен кайталана береді.
Сайып келгенде, жұмыс кезінде цилиндрлерде белгілі бір тәртіппен (енгізу, сығу, жұмыс жүрісі, шығару) жүріп отыратын процесті жұмыс циклі деп атайды.
Поршеньнің әрбір терт жүрісінен кейін, немесе иінді біліктің екі айналымынан кейін тактілері қайталанып отыратын қозғалтқыштарды төрт тактылы деп атайды.
Қозғалтқышты іске қосарда дайындық тактыларын иінді білікті қол тұтқасымен ие стартермен бұрап іске асырады. Қозғалтқыш жұмыс істеп тұрған кезде бұл тактылар жұмыс тактысында жиналған маховиктің энергиясымен атқарылып отырады.
Төрт тактілі карбюраторлы двигательдің жұмыс циклі. Дизельді двигательден карбюраторлы двигательдің, басты айырмашылығы, онда ауа мен отын цилиндрге бір мезетте, карбюраторда әэірленген жанғыш қоспа түрінде келеді.
Төрт тактілі карбюраторлы двигательдің әрбір тактісі, дизельді двигатель секілді, клапандарының орналасуы және поршень қозғалысының бағыты бойынша сипатталады. Төрт тактілі карбюраторлы двигательдің жұмыс циклі былайша өтеді.
Е н гі зу -- поршень төмен қарай ығысады. Енгізу клапаны ашылады. Цилиндрдегі ауаның сиреуі нәтижесінде оған енгізу каналы арқылы жанғыш қоспа келіп, ол қалдық газбен араласады да, соның нәтнжесінде жұмыстық қоспа пайда болады.
С ы ғ ы л у поршень жоғары қарай жылжиды. Енгізу және шығару клапандары жабылады. Поршень үстіндегі көлем кішірейіп, жұмыстық қоспа сығылады, соның нәтижесінде бензин буының булануы және ауамен араласуы жақсарады. Такт соңында қысым 1,0 -- 1,2 МПа-ға, ал температура 350 -- 400°С дейін жетеді.
Жұмыстық жүріс -- жану және ұлғаю. Екі клапан да жабық болады. Такт соңында сығылған жұмыстық қоспа ұшқын арқылы тұтанады. Ұлғайған газдың қысымы әсерінен поршень жоғарғы өлі нүктеден төменгі өлі нүктеге ығысады. Газ қысымы 2.5 -- 4,0 МПа-ға, температура 2000°С-ка дейін жетеді.
Ш ы ғ а р у -- поршень жоғары қарай жылжиды. Шығару клапаны ашық тұрады. Пайдаланылған газ шығару каналы арқылы сыртқа шығады.
Кесте 1
Негізгі мәліметтер
Қозғалтқыш
ЗИЛ-130
ЗМЗ-53
ГАЗ-24
Цилиндрлерінің орналасулары
Y тәріздес
Қатарлы
Цилиндрлерінің саны
8
8
4
Цилиндрлердің жұмыс істеу реті
1-5-4-2-6-3-7-8
1-5-4-2-6-3-7-8
1-2-4-3
Қозғалтқыштың қуаты,т.к
170
115
98
Толық қуатпен істегендеиінді біліктің айналу саны,айнмин
3600
3200
4500
Литражы,л
6,000
4,250
2,445
Сығу дәрежесі
6,5
6,7
8,2
Карбюраторлы двигательге қарағанда дизельді двигатель едәуір үнемді. Сығылу дәрежесі өте жоғары болғандықтан ол отынды 25% кем жұмсайды (атқарылған жұмыс бірлігі бойынша).
Дизельді қозғалтқыш өрт шығару қаупі шамалы келетін ауыр отын сортымен жұмыс істейді. Алайда дизельді қозғалтқышдің өзіне тән кейбір кемшіліктері де бар;
олар тым үлкен, өйткені цилиндрдегі газ қысымы өте жоғары келетіндіктен детальдардың беріктігін арттыруға тура келеді;
карбюраторлы қозғалтқыштарға қарағанда оны жүргізу (әсіресе қыста) өте қиын.
6-сурет. Төрт тактылы қозғалтқыштың жұмыс циклі
Қозғалтқыштың негізгі көрсеткіштері
Қозғалтқыш жұмысын сипаттайтын негізгі көрсеткіштері -- бұраушы моменті, қуаты, үнемділігі және пайдалы әсер коэффициенті.
Қозғалтқыш цилиндрлерінде отын жанған кезде бөлінетін жылу энергиясының бір бөлігі механнкалық энергияға айналады. Поршеньге әсер ететін газ қысымының күші шатун аркылы кривошипке беріледі де, двнгательдің иінді білігінде бұраушы момент туғызады.
Бұүраушы момент ~ бұл айналмалы кривошипті кривошип радиусына көбейтуші күш. Бұраушы момент ньютонметрмен (Нм) өрнектеледі. Белгілі бір бұүраушы моментті дамыта отырып двигатель жұмыс істейді. Белгілі бір уақыт бірлігінде атақарылған жұмысты қуаты деп атайды. Двигатель қуатын киловатпен (кВт) өлшейді. Двигательдің қуатын индикаторлық және тиімділік деп бөледі. Индикаторлық қуат деп жұмыс істеп тұрған двигатель цилиндрі ішіндегі газдың дамитын қуатын айтады. Тиімді немесе нақты қуат деп иінді білік алатын қуатты айтады. Тиімді қуат индикаторлық қуаттан 10-12% кем, олай болатын себебі қуаттың біразы двигатель механизмдеріндегі үйкеліс күшін жеңуге қосалқы құрылғыларды (насостар, желдеткіш, генератор т. б.) іске қосуға жұмсалады. Цилиндрдегі газ қысымы, иінді біліктің айналу жиілігі және цилиндрдің жұмыстық көлемі артқан сайын двигателдің қуаты арта түседі.
Қозғалтқыштың тактілігі дегеніміз -- бұл иінді біліктің қанша айналымында жұмыс циклі жасалатындығын көрсететін сан. Егер литражды өзгертпей иінді біліктің айналу жиілігін арттырса, онда трактор энергиямен қанықтырылады. Мұндай трактордың барлық берілістегі жүру жылдамдығы -- двигательдің иінді білігінің айналу жиілігі қанша есе артса, сонша есе көп болады. Литражды арттыру двигательдің көлемін ұлғайтады. Трактордың тарту класы жоғары болған сайын, онын двигателінің литражы көбейеді, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz