Ұлы географиялық ашылымдардың алғышарттары


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті
БАЯНДАМА
ҰЛЫ ГЕОГРАФИЯЛЫҚ АШЫЛЫМДАР
Орындаған: Ташеменов К. Н
Тексерген: Хибина З. Н
Жұмыс түрі: ОСӨЖ №8
АҚТӨБЕ
2020
ЖОСПАРЫ:
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2. 1. Ұлы географиялық ашылымдардың алғышарттары
2. 2. Христофор Колумб, Америго Веспуччи және т. б ашылымдары
2. 3. Ашылымдардың нәтижелері
ІІІ. Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер
Батыс Еуропа елдерінде ХҮ ғасырдың І жартысынан феодалдық құрылыс ыдырауға бет алды. Ірі-ірі қалалар дамып, еңбек құралдары жетілдірілді, ірі кәсіпорындар пайда болып, тауар өндіру артты, сауда ұлғайды. Ақшаның маңызы күшейіп, сауданың одан әрі дамуына себепші болды. Ақша соғу үшін алтын-күміс металдарына деген сұраныс артты. Өндіріс заттарын көп өндіру үшін арзан шикізат керек болды.
Сол кезде Батыс Еуропа елдерінде осы айтылған қымбат заттар Үндістанда, Шығыс Азия елдерінде «төгіліп» жатыр деген қауесет тарады. Батыс еуропалықтар су тегін байлыққа тез жетіп, алтын, піл сүйегі және бағалы металдар мен морж тісіне кенелгісі келді. Сөйтіп, сауданың дамуы бұларды қауіп-қатерлі жаңа жерлер іздеуге итермеледі.
Бұл кезде Осман жаулаушылары олардың Кіші Азия Сирия арқылы Шығысқа баратын жолын толық жауып тастады. Бұл жағдай Еуропадан Азияға баратын жаңа жолдар іздеуді қажет етті. Еуропалықтардың ашық теңізге шығып, алысқа жүзуге ұзақ уақыт бойы батылы бармады. Қолдарында дұрыс карталары мен теңіз құралдары болмаған саяхатшылар Еуропаны қоршаған теңіздерде ғана жүрді. Теңізшілер кеменің қай жерде жүргенін күн ашық кезде, жұлдыздардың орналасуы бойынша, толқыны жоқ жағаға түсіп қана білетін болды. Теңізшілерде бағыттағыш(компас) пайда болғаннан кейін ашық теңізге шығу қауіпсіз бола бастады. Кеменің жүрген жерін анықтайтын аспап - астролябия ойлап шығарылды.
ХҮ ғасырда тез жүретін жеңіл, желкенді кеме - каравелла жасалды. Мұндай кемелер жүрдек әрі сыйымды болды. Олардың түзу және көлбей орнатылған желкендері бар үш мачтасы болды және өзіне керекті бағытқа қарай ыққа да, желге қарсы жүзе алды. Каравелламен алыс саяхаттарға шығуға болатын еді.
ХV ғасырда ежелгi ғалымдардың Жер шар формалы деген болжаулары теңiз саяхатшыларынығ назарын аударды. Кейбiр ғалымдар батысқа қарай жүзу арқылы Жердi айналып өтiп, Yндiстанға жетуге болады деген пiкiр айтты. Бұл жолды, Африканы айналып өтуге қарағанда, қысқа жол деп қате есептедi. Yндiстанға батыс жолмен жетуге әрекет жасаған еуропалық тұңғыш теңiз саяхатшысы Христофор Колумб (1451-1506) болды. Колумб Генуя қаласына жаћын жердегi тоқыма өнеркәсiбiнде iстейтiн Доминико Колумб отбасында туған. Он төрт жасында Колумб теңiз қызметiне кетедi. Жасында Жер орта теңiзiнде, Еуропа жағалауларына саяхат жасаған сауда кемелерiнде болып, теңiз жағдайларын жақсы бiлiп алады. Колумб Генуяда тұрғанда географиялық карта сызумен шұғылданады. Ол бұл мамандықты меңгерiп алған соң, iнiсi Бартоломей Колумб пен бiрге Лиссабонға келедi. Португалияның Лиссабон қаласы теңiз шаруашылығының орталығы болды. Оған барлық жерден ғалымдар, теңiзшiлер, географтар жиналатын. Мџнда келгеннен кейiн де ағайынды Колумбтар карта жасаумен айналысады және бiрқатар теңiзде жүзу жұмыстарына қатысады. Мiне, осы кезден бастап Колумб Батыс жолымен Үндiстанды ашу мәселесiне кiрiседi. Бiраз iзденiстерiнiң нәтижесiнде Христофор Колумб өзiнiң Yндiстан мен Қытайға апаратын теңiз жолын iздеу сапарын Африканы айналып жүретiн Шығыстан емес, әлi зерттелмеген, Атлант мұхитын басып өтетiн батыстан бастау керек деп шештi. Ол Жердiң шар iспеттi екенiн бiлетiндi. Егер олай болған күнде, Батысты бетке алып жүзе берсе қайткен күнде Yндiстаннан барып шығатынын топшылады.
Оның бұл жоспары ол кезде «ақымақтың iсi» саналатын. Әлi ешкiм сырын бiлмейтiн мұхит арқылы кiп-кiшкентай кемесымақпен жүзiп өтемiн деу шынында көзсiз ерлiк едi. Ұзақ жылға созылған айтыс, таба болу мен торығудан кейiн, ақыры Колумб алтын мен жаңа жер байлығына құштар испан корольдерiнiң бетiн өзiне бұрды. Сонымен Колумб жол бастаушы «Санта Мария» және «Нинья», «Пинта» деп аталатын үш кемемен 1492 жылы тамызда Испания жағалауындағы Палос қаласынан сапарға шығады. Бұлар аттанғанда ауа райы ашық болды. Пассат желi бiр қалыпты соғып, кемелер батысқа қарай еркiн сырғи жөнелдi. Бұрын мұндай ашық теңiзге шығып көрмеген теңiзшiлер алғашқыда үрейлене бастады. Кенет көкжиектен жасыл белдеу көрiнгенде олар қатты қуанып қалады. Алайда ол жер емес, бетiн балдыр басћан Сорогос теңiзi болып шығады. Бұл Колумбтың Атлантикадан ашқан бiрiншi жаңалығы едi. Күн артынан күн жылжып өтiп жатады. Көкжиекке ұласқан көк теңізден басқа көзге iлiнер ештеме крiнбейдi. Теңізшiлердiң iшiнде торығу байқала бастайды. Дегенмен олар Колумбтың есебi бойынша осы кезде Yнідiстанға жетуге тиiс екендерiнен мүлде бейхабар болатын. Алайда жуық маңда крiнетiн жер жоқ едi. Колумб ғажайып ұстамдылық танытып, тұнжыраған теңiзшiлердiң көңлiн көтерiп, оларға алтын мен дәмдi тағам бергiзедi. Ақыры одан да ештеме шықпай, теңiзшiлер мұны тыңдауын қойып, «Егер ендi үш күннен кейiн жер көрiнбейтiн болса, кеменiң бетiн керi бұрамыз» деген шарт қояды. Колумб амалсыз көнедi.
Айтылған мерзiм бiтер күннiң түнiнде сағат екiде, кеме вахтасында тұрған теңiзшiнiң «Жер! Жер көрiндi!» деген айқайы естiлдi. Бұл бiр шағын арал едi. Оны Колумб Сан-Сальвадор деп атады. Одан кейiн бұлар Кариб теѓiзiндегi жұпар Куба, ғажайып Гаити аралы, тағы-тағы толып жатқан аралдарды басып өттi. Теңізшiлер бұл өңiрден алғаш рет жүгерi, картоп, темекi сияқты Еуропада жоқ өсiмдiктердi кездестiрдi. Бұларды қай жерде болмасын тобылғы өңдi, сұлу келген бойшаң адамдар қарсы алды. Дегенi қабыл болып тұрған, өзiн Yндiстандамын деп ұйғарған Колумбтың айтуынша, бұларды саяхатшылар үндiстер деп атап кеттi. Колумб ешкiм бiлмейтiн жаңа құрлық емес, Yндiстанға баратын батыс жолын таптым деп топшылайды. Ақыры үшiншi, одан кейiнгi төртiншi сапарында - өмiрiнiң соңғы жылдарында өзiнiң «бөтен бiр дүние бөлiгiн» ашқандығы жайында ойлана бастайды. Колумб Американы ашқаннан кейiн испандықтар жаңа жердi жаулап ала бастайды, онда өз қоныстарын салып, жергiлiктi халқын құл етедi, қырып жояды. Колумбтың өзi көп кешiкпей король сарайында жүрiп жазаға тартылады да, оның қалай
өлгенiн ешкiм бiлмей қалады. Ал тарихтың әр нәрсенi өз орнына қоятыны белгiлi. Бiз қазiр Колумб есiмiн құрмет тұтып, оны жаңа жер ашқан қаһарман теңiзшi деп бiлемiз.
Мұхиттың арғы жағындағы қазынасы мол, жаңа жерлер испандарды қызықтырды. Сол жерге барып орнығам деушiлерге король 1497 жылдан бастап рұқсат бердi. Бұл байлығы мол жерге көпестер, кедейленген дворяндар, өкiметке наразылар, айыптылар көшiп кетпекшi болды. Король үш экспедиция ұйымдастырып, көп адам жiбердi. Солардың iшiнде Колумб ашқан жердi көруге 1499 жылы Америго Веспуччи де аттанды.
Америго Веспуччи 1501 жылы Португалия королiнiң келiсiмiмен «жаңа жерге» екiншi рет барды. Веспуччи Пинсон, одан кейiн Кобрал ашқан Бразилия жағалауын зерттеп қайтады. 1503 жылы Веспуччи үшiншi рет «жаңа жерге» саяхатқа шығады. Ол ендi Бразилия жағалауымен Үндiстанға өтпек болады да, 20° оңтүстiк ендiкке дейiн жүзiп барып Колумб ашқан, одан кейiн көптеген испания саяхатшылары зерттеген «жаңа жер», «бұл Азия аралдарының тiзбегi емес, осы күнге дейiн белгiсiз материк» деген дұрыс қорытындыға келедi. 1507 жылы лотарингиялық картограф М. Вальдземюллер жер жүзiн Еуропа, Азия, Африка материктерiне бөлiп, жаңадан Америго ашқан жердi оның басқа материктерiмен ұқсастығына қарай «Америка деп атау керек» дейдi. Ол кезде Американы «Тоты құстар жерi» дейтiн. Сөйтiп жаңа құрлықтың жартысы Америго Веспуччи есiмiмен аталып кеттi.
Осыдан кейiн еуропалықтар Американың жаңа материк екенiне сендi. Ендi отаршылар Америка байлығын иемденуге жанталасып, жергiлiктi халықты қырғынға ұшыратты, бiрсыпырасын Еуропаға апарып құлдыққа сатты. Аралдардың кейбiр байырғы халықтарын еуропалықтар осы ретпен құртып жiбердi. 1500 жылы португалдық теңiзшi Педру Кабрал Бразилияны ашты. Бұдан кейiн еуропалықтар Мексиканы, Перуды, Оңтүстiк және Солтүстiк Американың басқа жерлерiн өздерiне қаратып, бейбiт халықтарын тонап, олардың ғасырлар бойы қалыптасқан мәдениетiн, салт-сана, әдет-ғұрпын аяққа басты. Сөйтiп Колумб, Васко да Гама, тағы басқалардың белгiсiз жерлердi ашуы география ғылымы үшiн үлкен жаңалық болса, ал еуропалықтардың одан кейiнгi саяхаты басып жаншуды, отарлау саясатын
көздедi.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz