Астық қабылдау кәсіпорындары, астық өнімдері комбинаттары, элваторлар


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

1. Кіріспе

2. Астық қабылдау кәсіпорындары

3. Астық өнімдері комбинаты

4. Астық кәсіпорындары мен элеваторын типтері

5. Элеваторлардын технологиялык ерекшеліктері

6. Өндірістік элеваторлар

Астық қабылдау кәсіпорындары, астық өнімдері комбинаттары, элваторлар.

Дүниежүзінде, оның ішінде Қазақстанда, астық және оның өнімдері әр мемлекет үшін, азық-түлік қауіпсіздігінің негізін құрайды. Сондықтан халқымызды жоғары сапалы тамақ өнімдермен қамтамасыз ету мәселесін шешудің басты жолы -дәнді дақылдардың түсімін артырып дер кезінде ысырапсыз жинап, ұтымды өңдеп, шығынсыз сақтау және тиімді пайдалану.

Астық кептіру және сақтау барысында бүкіл әлем бойынша орта есеппен алғанда, дәндердің 10-15%-ға жуық шығын болып, тіпті сақтаулы өнімдердің біразының сапасы күрт төмендеп, кейде түгелдей бүлініп, пайдалануға жарамай қалуға дейін барады.

Солтүстік Қазақстан өңірінде кәсіпоындар мен элеваторға жыл сайын - 70% дан 90% дейінгі аралықта дәндер дақылдар ылғал және өте ылғалды шамада қабылдыйды, орталықта 35-40%, батыста 20-25%ал оңтүстік өңірде 10-15% пайыз шамасында болады.

Бүгінгі кезде Қазақстанда лицензия жұмыс істейтін 210 кәсіпорын бар, оның жалпы сыйымдылығы 14млн. тонна, элеватор 56% құрайды.

Астық өнімдері комбинаты

Астық өнімдерінің тиімділігін арттыру үшін оның өнімдерін өндіріп, сауда орталықтарына жеткізіп, көптеп сату кажет етеді. Сондықтан астық кәсіпорындары мен элеваторлардың жанында өнімдер өндіру зауыттары пайда болуда. Олардың катарында ұн, макарон, кондитер өнімдерін, құрама жем, нан крахмал сірнесін өсімдік май, сыра және спирт ендіру зауыттары жатады.

Осыған мысал ретінде «Алтын диірмен» акционерлік ашық қоғамы Шамалғандағы «КазАгроФуд» жеке шаруашылық серіктестігі және Қапшағай қаласындағы «АгроФуд» жеке шаршалық серіктестігтерін айтуға болады . Қазақстан Республикасынын басқа экономикалык аумақтарында комбинат кұрылымындағы астык өнімдерін өңдеу өндірістерінің кәсіпорындары көбейіп келеді.

Астық кәсіпорындары мен элеваторын типтері

Астык кәсіпорындарының конструктивтік және техникалық жабдықталуына байланысты мына түрлері кездеседі: механикаландырылған койма, жеке тұрған үлкен диаметраі металдық қойма, сапетка, жеке тұрған металдық койма, көп қабатты механикаландырылған силос, бастырма, үйім, механикаландырылған ток, көлбеу еденді механикаландырылған қойма, пакауыз, желдетілген қорап.

Элеваторлар қоймаларының техникалық жабдықталу түрлері: құбырлы элеватор, бір қанатты конвейерлі элеватор, екі қанатты конвейерлі элеватор, екі мұнаралы элеватор, силостық кабатты элеватор, металды силостар, силосты май қоймалы элеватор, өндірістік ұн зауытымен біріктіріліп жасалған элеватор, жеке металдың силостарынан салынған элеватор.

Элеваторлардың жұмыс ғимараты

Элеватор жай коймаларға қарағанда жинақы, әрі қолайлы болып саналады. Астық қоймасы ретінде 1 м 2 алаңға силостан салынған сиымдылық, тығыздық мөлшері бірнеше есе артады. Типтік силоста 1 тонна астық үшін 1, 5-1, 7 м орынды талап етеді. Бұл жай коймамен салыстырғанда екі есеге дейін аз. Элеватор толық механикаландырылған астық қоймасы ретінде оның құрамына кешенді біріккен мына қондырғылар мен кұрылыстар кіреді: - технологиялық және тасымалдау жабдыктары орналасқан жұмысшы ғимараты;

- тасымалдау және басқа косымша жабдықтармен жабдықталған силостық корпус;

- көлік, темір жол, су кемелерінен астықты кабылдау кондыргылары

- әр түрлі тасымалдау жүйелеріне және өндірістерге астықты тиеу қондырғылары

- қалдықтарды қабылдап және өндеу цехтары;

- қалдыктарды арту және аспирациялық жүйелер.

Элеваторлар біріккен өндірістік кешен ретінде жұмыс атқару үшін оның негізгі қондырғылары жұмыс ғимаратымен тікелей ұтымды түрде тасымалдау жүйелерімен жақсы байланысуын талап етеді. Элеватордың жұмыс істеуін принципті нұсқасы бойынша құрастырады. Технологиялық жұмысшы нұсқасы астықты қабылдап, өңдеп силостарға жалғасқанға дейін өз рет ағымымен жүргізіледі. Технологиялық нұсқаның құрамында таразылар, оперативті қораптар, технологиялық жабдықтар (тазартқыш, кептіргіш, желдеткіш және т. б. ) болуы тиіс. Сонымен қатар астықты тік тасымалдайтын негізгі және қосымша нориялары, силостық корпусты толтыруын көрсететін үстіңгі қабатының силостарының орналасу схемасы, сондай силостардан астықты жіберу нұсқалары тасымалдау жүйелері арқылы жұмысшы ғимаратының бөлу қондырғысы орналасқан қабатпен және нориялардың табалдырығы орналасқан қабатпен байланыстарын көрсетеді . Бұл технологиялық жұмысшы нұсқасы мен элеватордың жұмыстарын басқару үшін норияларды жүргізу және силостар кестесі қолданылады.

Элеваторлардын технологиялык ерекшеліктері

Дайындау элеваторлары. Қазақстанда орылған астықты егін даласынан астық дайындау кәсіпорындары мен элеваторларга жеткізеді. Астық қоймасының жалпы сыйымдылығының 80% дейін үлесі осы дайындау элеваторларына жатады. Қазақстанда дайындау элваторларында силостық және жай қоймалар сыйымдылығы қолданылады. Олардың қатынасы 1:2 дейін болып келеді. Бұл элеваторлардың негізгі орындайтын жұмыстары: астық дақылдарын егін шаруашылықтарынан қабылдау, сандық және сапалық көрсеткіштеріне байланысты белгілі максаттағы партияларды қалыптастыру, оларды қоспалардан тазалау, ылғалды астық массасын кептіру, желдетіп салқындату, зиянкестер бар астық қорын өңдеу, қоймаларға жайғастыру, үлкен көлемді партияларды жинақтау, сақтау сұранысқа байланысты транспорт жүйелеріне тиеу.

Дайындау элеваторларының жабдықтарының саны мен өнімділігін, сиымдылығын анықтауда технологиялык нормативті параметрлер қолданылады:

- жаңа орылған астықты автомобиль көлігінен 15 . . . 30 күн ішінде қабылдау;

- автомобиль көлігінің келуінің сағаттық, тәуліктік айнымалы коэффициентері;

- сағаттық және тәуліктік астық партияларының саны мен бір мезгілде түсу коэффициенттері;

- шөп-шалан астык массасындағы мөлшері:

- астыктын ылғалдылык шамасы:. дэн лакылдарынын силостарда және жай қоймаларда . Дайындау элеваторының технологиялық өзгешеліктерін оныворияларының жылдық жұмыстарын анықтаудан байқауға болады

Өндірістік элеваторлар

Өндірістік элеваторларды ұн, жарма, кұрама жем, сыра, спирт, өсімдік май және крахмал ендіру зауыттарынын жанындаорналастырады. Олар сол өндеу зауыттарына астык партияларын талаптарға сәйкес дайындап өнім өндіруге жібереді. Осы өндірістік элеваторлардың ішіндегі ең көп тарағаны ұндык элеваторлары. Ұндык элеваторлардың схемасы.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
СОЛТҮСТІК ЭКОНОМИКАЛЫҚ АУДАН
Ауыл шаруашылығы өндірісінің негізгі салалары
Агроөнеркәсіптік кешен
Сала кәсіпорындарын орналастыру
Қазақстанның экономикалық аудандары
Агро өнеркәсіп кешенінің қазіргі даму жолдарына жалпы сипаттама
Қазақстанды экономикалық аудандастыру
Ауылшаруашылық өнімнің дамуы
Тамақ өнеркәсібінің салалары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz