КӨРКЕМ КЕСТЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
Ешманова. Ж.М.

Ақбаева.Ш.Ә.

п.ғ.к, доцент, Қ.Р Суретшілер

одағының мүшесі.

КӨРКЕМ КЕСТЕЛЕУ ӨНЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
БЕЛСЕНДІЛІГІН АРТТЫРУ

Аңдатпа

Қазіргі заман жасөспірімдердің шығармашылық жолға, жетістіктерге жетулеріне
байланысты, шығармашылық белсенділіктерін арттыру үшін Қазақстан
Республикасының жалпы орта мектептердегі еңбек сабағынын үлкен ықпалдылығын
жоғарлату үдерісін қолға алу. Көркем еңбек сабағының ен үлкен тарауларының
бірі сәндік қолдаңбалы өнер тармағындағы белсенді рөль атқаратын сәндік
қолдаңбалы өнер саласы- көрем кестелеу тармағы болып саналады. Көркем
кестелеудің қыр сырын, бағыттарын, жасалу тәсілдерін үйрету барысында
оқушыларға берілетін тапсырмалардын өзектілі, қызықтылығы, тиімділігі
тікелей еңбек мұғаліміне байланысты болып табылады. Мұғалім сабақ барысында
теориялық және практикалық жолдарын сабақ барысында тиімді қолдану үшін
тақырыптық жоспардың маңыздылығын түсіну керек. Теориялық бағытта көркем
кестелеудін түрлерін толықтай түсіндірілсе, практикалық бағытта көркем
кестелеудің орындау барысында орындалатын этаптарды жасайды. Орындалатын
бұйымның нобайын, түстік орындалуының дұрыстылығын, кестелеуге керекті
құрал-жабдықтармен жұмыс істеу жолдарын оқушыларға сабақ барысында көрсету
керек.

Түйін сөздер: шығармашылық, көркем еңбек, сәндік қолдаңбалы өнер, сәндік
қолдаңбалы өнер саласы, көрем кестелеу, нобай, түстік орындалу.

РАЗВИТИЕ ТВОРЧЕСКОЙ АКТИВНОСТИ УЧАЩИХСЯ НА ОСНОВЕ ХУДОЖЕСТВЕННО-
ВЫШИВОЧНОГО ИСКУССТВА

Аннотация

Начать процесс повышения эффективности трудовых уроков в
общеобразовательных школах Республики Казахстан с целью повышения их
творческой активности в связи с достижениями и творческими успехами
современных подростков.Одним из крупнейших разделов урока по искусству
является область декоративного искусства, которая играет активную роль в
области декоративно-прикладного искусства. Актуальность, заинтересованность
и эффективность заданий учащимся в обучении основам, направлениям и
способам рисования напрямую зависят от работы учителя.Учитель должен
понимать важность тематического плана для эффективного использования
теоретических и практических приемов в ходе урока. Теоретически, виды
художественной вышивки объясняются подробно, а практические - этапы,
которые выполняются во время художественной вышивки. Эскиз выполняемого
изделия, правильность цветового выполнения, способы работы с вышивочным
оборудованием, учащимся необходимо указать в ходе занятий.

Ключевые слова: творчество, художественный труд, декоративно-прикладное
искусство, область декоративно-прикладного искусство, вышивка, эскиз,
цветовое исполнение.

DEVELOPMENT OF CREATIVE ACTIVITY OF STUDENTS ON THE BASIS OF ART-
EMBROIDERY ART

Abstract

Start the process of improving the effectiveness of labor lessons in
secondary schools of the Republic of Kazakhstan in order to increase their
creative activity in connection with the achievements and creative
successes of modern teenagers.One of the largest sections of the art lesson
is the field of decorative art, which plays an active role in the field of
decorative and applied arts. The relevance, interest and effectiveness of
tasks for students in teaching the basics, directions and methods of
drawing directly depend on the teacher's work.The teacher should understand
the importance of the thematic plan for effective use of theoretical and
practical techniques during the lesson. Theoretically, the types of
artistic embroidery are explained in detail, and practical-the stages that
are performed during artistic embroidery. The sketch of the product being
made, the correctness of the color execution, and how to work with
embroidery equipment must be specified by students during classes.

Key words: creativity, artistic work, decorative and applied art, the
field of decorative and applied art, embroidery, sketch, color execution.

Бүгінгі танда білім ұлттық жүйесі өте маңызды, қарқынды өзгерістің
сатысында тұр. Оның үдемелі дамуы үшін шешуші тұлға ғылым және техникалық
білімді игереді, ойдың және рухани потенциалдың қалыптасуна ықпал етеді,
үнемі өзгеріп тұратын әлеуметтік-экономикалық жағдайға қоғамның әр
мүшесінің шығармашылық потенциалын жүзеге асыру қажеттілі айтарлықтай
артады.Бұл әсіресе Білім туралы заңда, Елбасымыздың Болашақ, Дарын
бағдарламаларында Қ.Р білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
Мемлекеттік бағдарламасында және Мемлекет басшысы Қ.К. Тоқаевтың 2019 жылғы
2 қыркүйектегі Қазақстан халқына жолдауында өте айқын көрінеді.Онда мектеп
оқушыларының шығармашылық потенциалын дамыту идеясы түбегейлі бетбұрыс пен
әлеуметтік прогресті жылдамдатудың бір шарты ретінде алынған.Осығын
байланысты қазіргі білім берудің көкейкесті міндеті- оқушылардың
шығармашылық қабілетін қалыптастыру, шығармашылық іс-әрекетті жүзеге
асыруға дайындау болып табылады.

Егемен Қазақстан мектебі бүгінгі танда жан-жақты терең
шығармашылық ізденіс үстінде.Оның ауқымы шексіз кең: құрылымды қайта
құру,яғни,бұрыңғы құрылысты өзгерту(мекткптің жұмыс ырғағын, білім берудің
жаңғырығын, мазмұнын еңгізі) біріктірілген курстар және әр
әдістемелер.Бүгінгі білім берудің ұлттық жүйесін сақтап қалу үшін өскелең
бәсекелестік жағдайда барлық оқу-тәрбие мекемелердің үздіксіз даму мен
қызметін жоғарғы дәрежеде қажеттілігі артып отыр.Негізгі мәселе теориялық
және практикалық жағынан толық жетілдірмелуі, әрекетке оқушылардың
жағдайының болмауы себепші болып отыр.Дамыған қоғамда мынадай заңдылықтар
әрекет етеді:жаңашылдары мен жаңалық еңгізушілер неғұрлым көп болса,
соғұрлым шығармашылық бастамасы адам бойында айқын көрініс табылу қажет.[1]

Осы мәселенің шешімін табу: Көркем енбек сабағынды оқушылардың
қолөнерде шығармашылығын дамыту. Қолөнер сабағының ішіндегі бүкіл әлемнін
қолөнерлерінің сипатында кездесетін маңызды тарау көркем кестелеу өнері
болып табылады.

Өткірдің жүзі, кестенің бізі

Өрнегін сендей сала алмас.

Білгенге маржан, білмеске арзан,

Надандар баһара ала алмас - Абай

Қолөнер ата-бабаларымыздың ұшқыр қиялынан шыққан, қажеттілігінен
туындаған өнер туындысы. Соның ішінде кестелеу өнері- халқымыздың асыл
қазынасы, қазақ қолөнерінің және әлем қолөнерінің бір тірі. Киіз үйдің ішкі-
сыртқы көрінісіне және киім-кешектеріне, көрпе жапқыштарға, жастықтарға,
әсіресе қыз жасауына, қалыңдық сәукелесіне, қазақы шапандарға моншақтармен,
асыл тастармен ою-өрнектер түсіріп, әр түрлі кесте түрлерін қолданып
кестелеп безендірген. Ертеректе кестелеу өнері қолдан тігілсе, қазіргі
заман ағымына байланысты, жаңа технологиялар дамыған заманда тігін
мащиналар арқылы кестелеп тігіледі. Қазіргі кезде сол ұлттық қолөнерді жас
ұрпақтардың бойына дарыптатын, үйрететін жолдардын бірі жалпы, орта
мектептердегі көркем еңбек пәні.

Көркем кестелеу өнері- мата, тері, киіз және т.б. материалдар
бетіне әр алуан суреттер мен өрнектер салып, әр-түрлі жіптермен зерлеп
тігілетін қолөнердің бір түрі.Негізі қандай өрнекті болмасын, ада баласы
оны қоршаған дүниеден алатын болған.Қазақ қолөнерінде киім кестелегенде
адамның жас ерекшіліктеріне байланысты кесте тігетін жіптің түсіне кестелеу
кезінде үлкен мән беретін. Кестенің ашық түсті болуы жасөспірімдерге лайық
болса, жасы үлкен кісілерге кесте түрінің қоңырқай, күңгірт түстерінің
болуы лайықты.(3. 9-16бет)

Жалпы кесте тігу технологиясы табиғатпен тығыз байланысты. Әр
халықтың өзіндік кесте тігу нақыштары бар. Бүкіл халықтар қоршаған ортадан
ерекшелену мақсатында өзін және киімін әшекейлеуге құмарлықтанған. Ол
адам табиғатына тән, тіпті оның алғашқы белгілері сонау атам заманнан
басталады. Мысалы: американдық үндістер киімдерін түрлі кестелермен
әшекейлейді; лапландтер өз киімдерінде бұғы терісінен жасалған түрлі
өрнектерді кестелейі. Кесте ежелгі дәуірде белгілі болды, және өнер мен
ғылымның басқа да көптеген салалары ретінде оның бесігі Шығыс болған.
Азияда бұл өнер гректер мен римдіктерге белгілі болғанға деін ертерек пайда
болып, қарқынды дамыған.[2] Мысалы: Қытайда кестені таза жібекке
алтын,күміс жіптермен тіккен және де кестелеу арқылы киімдерді ғана емес,
кілем, сәнді панноларға құстар мен ағаштар бейнеленген. Қытай кестесі Жапон
кесте тігу өнеріне әсер еткен.(3.9-16бет) Бірақ гректер кестелеу өнерін ең
алғаш ойлап тапқан Миневра және Афина-Паллада деп тұжырымдайды.[2]
Үнді,Иран елдерінде кесте өсімдік тектес, жан-жануарды тігумен
ерекшеленеді.Ал Византия кестелерінде алтын жіптерді төгіп әшекейлеген. 13ғ
аяғы мен 14ғ басында Франция,Германия,Швеция,Англия,Дани я, Норвегия
елдерінде киімдер мен үй-тұрмыс бұйымдарын әшекейлеган.(3. 9-16бет)

Зерттеудің мақсаты:

• оқушыларды көркем кесте бойынша бағдарламаның мазмұнымен және
ерекшеліктерімен таныстыру.

• туған өлке аумағындағы көркем кесте түрлері, олардың өзіндік
ерекшеліктері туралы негізгі мәліметтер, көркем кестелеудің пайда
болу және даму тарихы, оның өлке экономикасындағы рөлі, сурет,
кескіндеме негіздері, көркем кестелеуде қолданылатын аспаптар,
жабдықтар мен құралдар.

• кестелеудің негізгі тәсілдері, үлгілік композициялар және оларды
бұйымдардың әр түрлерінде орындау.

• бұйымдар мен ою-өрнек жасау техникасы мен технологиясы.

• еңбек қауіпсіздігі және өрт қауіпсіздігі қағидалары, жұмыс орнын
ұйымдастыруға қойылатын талаптар.

• дәстүрлі көркем кәсіпшілікке тән түрлі бұйымдарды ажыратуды.

• суреттер, кескіндеме,декоративтік сурет салу.

• көркем кестелеу құралдарын,техникасын және технологиясын меңгеру.

• көркем кестелеу үшін композицияларды өз бетінше әзірлеу.

• жұмыс орнын ұйымдастыру, қауіпсіздік ережелерін сақтау (2. 45-
52бет)

Зерттеудің міндеттері:

• оқушылардың алдында халық шығармашылығының, сәндік-қолданбалы
өнердің қоғамның рухани-материалдық өміріндегі қайнар көзі мен
рөлін ашу.

• дәстүрлі халық өнеріне деген сүйіспеншілікті арттыру.

• жалпы эстетикалық мәдениетті, көркем талғамды тәрбиелеу.

• көркемдік-шығармашылық қабілеттерін дамыту.

• оқушыларды патриоттық,адамгершілік,еңбекке және эстетикалық
тәрбиелеуге жәрдемдесу.

• Бүкіл әлем және Қазақстан халықтарының сәндік-қолданбалы
өнерінің ежелгі түрінің сұлулығы мен ұлылығын көрсету - көркем
кесте.

• кестені көркемдік орындау негіздеріне үйрету, сәндік-қолданбалы
өнердің осы саласындағы білім, шеберлік және дағды жүйесімен
қаруландыру, сәндік жұмыстың осы түріне тән сурет, кескіндеме,
композиция, пластикалық форманы қабылдау тәсілдерін
қалыптастыру.

• оқушыларды көркем кесте бойынша бағдарламаның мазмұнымен және
ерекшеліктерімен таныстыру. (2. 45-52бет)

Жалпы орта білім беретін мектепте көркем еңбек пәнінің ішіндегі
негізгі тарауы Көркем кестелеу тақырыбының оқушыларда шығармашылық іс-
әрекеттерін дамыту және жетілдіру үрдісі. Көркем кестелеу арқылы
оқушылардың шығармашылық қабілеттерін, кеңістік-образдық ойлауын, рухани-
адамгершілік құндылықтарын, қоршаған ортаны эстетикалық, эмоционалдық
түрде қабылдауларын қалыптастыруға болады. (2. 45-52бет)

Егер жалпы орта білім беретін мектептерде көркем кестелеу өнерінің
шығармашылық іс-әрекеттері өз деңгейінде жетілі, мәні ашылып, құрылымы
анықталса, онда қарастырылып отырған мәселе: оқушылардың шығармашылық
дамытушылығын әлде қайда қарқынды,өзекті және тиімді жетілер еді.[4]

Педагогтің көркем кестемен айналысу үшін қандай көрнекілік
заттарды таңдап алатынына жәнеде көркем кестелеу бұйымдарын істеу
барысында кестелеудін түрлерін толықтай түсіндіруі олардың оқушыларға
эстетикалық әсер тигізетіне байланысты. Дайын бұйымдар шын мәнінде-бұл
тақырыптардың орнына олардың осы заттар мен құбылыстарға қарым-қатынасының
көрінісі. Ал кестелеудін қандай түрлерінің болатындығы теориялық-
эстетикалық көрінісі. Бұл жақтардың барлығы кейде өзара тығыз байланысқан,
бірақ олардың бірі таза танымдық, эстетикалық болса екіншісі таза
теориалық. Мұғалім өзінің эстетикалық қабылдауынан бастап теориялық
білімдерінің жоғарлығына, оның қасиеттері мен жалпы келбеті туралы
түсініктерді қалыптастыру, көркем кестелеуді іске асыруға дейін көркем
кестелеудің барлық процестерін басқаруы тиіс.

Балалар шығармашылығы педагог тарапынан мақсатты басшылық болған
жағдайда ғана табысты дами алады. Мұндай басшылық тәрбиеші балаларды неге
және қалай үйретуге(бағдарламалық мазмұны мен әдістемесі), сәндік өнер
саласында қажетті дайындықтан өтуге, бейнелеу дағдылары мен іскерліктерін
меңгеруге мүмкіндік береді. Көркем кестелеу сабақтары балалардың көркемдік
іс-әрекеті ретінде білімділік, танымдық,эмоционалдық және шығармашылық
сипатта болуы тиіс. Педагог бұл үшін барлық жағдай жасайды: - шындықтың
эмоционалдық-бейнелік қабылдауын қамтамасыз етеді, эстетикалық сезімдер мен
түсініктерді қалыптастырады, бейнелік ойлауды дамытады, теориялық
түсіндірудін маңыздылығын көрсетеді. Барлық осы сұрақтар әрбір қызмет
түріне, бұл жағдайда көркем кестелерге қатысты ашылады.

Көркем кестелеу бойынша әрбір сабақ нақты міндеттері, мақсаттары
мен мазмұны бар нақты оқу-тәрбие процесін білдіреді, ол кез келген оқу
пәнінің негізгі теориялық жағдайын білдіретін дидактикалық қағидаттарға
негізделген.

• Көркем кесте бойынша сабақ барысында дидактика принциптерін сақтаудың
маңыздылығымен қатар, оқушыларды өнердің осы түріне табысты оқыту үшін
қазіргі заманғы мектептің жағдайларынан, уақыт талаптарынан туындаған
мынадай факторлар маңызды:

1. Көркем кестені оқытуда сабақтын толықтай теориялық –түсініктемелік
бағытта болуы:

• -сабақтын мазмұны бойынша тек теориялық-түсініктемелік сипатта өтуі

• -оқушыларға көркем кестелеудін түсіндіруінің теориалық бағытында
көрнекілік талаптарын толықта орындау.

2. көркем кестені оқытудың тәжірибелік бағыттылығы. Мектепте оқытудың бұл
принципі:

• -мазмұны бойынша сабақтардың өздерінің практикалық бағыттылығында
(сабақтардың басым көпшілігі тек практикалық сипатта болады-оқушылар
арнайы құралдар мен материалдардың көмегімен тікелей көркем жұмысты
орындайды.)

• -барлық сабақтардың мақсатты практикалық бағытталуында, нақты көркем
жұмыстарды өз бетінше орындау шеберлігі мен дағдыларын қалыптастыруда.

3. ұлттық өнердің негізгі түрлерінің бірі ретінде көркем кестелеудің
пайда болуы мен дамуын ашудағы тарихизм принципі.

4. ұлттық көркем кесте негіздерінің көркемдік-эстетикалық
ерекшеліктерін ашу дидактиканың, психологияның негізгі талаптарын
білдіреді. Сабақтың алдына қойылған оқу-тәрбие міндеттері көркем
кестемен сабақтардың мазмұнын қамтиды, көркем кестелеудің тарихи
теориялық мәліметтерінің көлемін, бейнелеу шеберлігі мен
дағдыларын, оларды зерделеудің бірізділігін анықтайды.(2.45-52бет)

Сабақ барысындағы теориялық түсүніктеме және оқыту:

• қөркем кестелеудің түпкі тарихы мен қазірде кездесетін кестелеудін
жалпы түрлері.

• композиция негіздері бойынша нобай жасау

• Нобайды түстану талаптарына сай колоритті бояу.

• көркемөнер бұйымдарын жасау процесінде қолмен кестелеу әдіс-тәсілдері.

• көркем кесте жасау кезінде еңбекті қорғау, өндірістік санитария,электр
және өрт қауіпсіздігі.

Теориалық жағынан мұғалімнің оқушыға беретін ең басты
түсүніктемесілерінің бірі көркем кестелеудің түрлерінің жасалу тәсілдерін
толықтай түсінікті етіп оқушыларға түсіндіру болып табылады:

• Ең басты мұғалімнің міндеті кестелеуге керекті құрал-
жабдықтарды қалай қолдануды түсіндіру, соған байланысты кесте
тігу түрлерін түсіндіріп көрсету:

Көркем еңбек пәнінің 5 сыныптарға арналған оқу бағдарламасы
бойынша кестелеу тақырыбын мұғалім толықтай теория жағыан
түсіндіре алу керек

Зерттеудің практикалық мәнділігі:

Оқушылардың теориялық және практикалық оқуы бір уақытта,
теориялық материалды біршама озық зерттеу кезінде жүргізіледі. Әрбір
практикалық сабақ жұмысты дұрыс және қауіпсіз орындауға, құрал-
жабдықтарға ұқыпты қарауға, сондай-ақ материалдарды үнемді жұмсауға, оқу
уақытын тиімді пайдалануға бағытталған нұсқаудан(кіріспе, ағымдағы және
қорытынды) басталады.

Практикалық оқыту барысында оқушылар көркем кестелеу түрлерін,
оның техникасы мен технологияларын меңгереді. Оқушылардың білімін,
іскерлігін және дағдыларын қалыптастыру"өндіріс негіздері"курсын
меңгерумен өзара байланыста жүзеге асырылады. Мамандық таңдау, сондай-ақ
бейнелеу өнері және еңбекке үйрету.

Оқушыларға Қ.Р Білім беру министірлі бойынша 2019-2020 жылғы
бекітілген оқу бағдарламасында Көркем еңбек пәнінің 2 тоқсанында
өткізілетін 2-тарау тақырыбы Көркем кестелеу сабағы жалпы орта мектеп
оқушыларының эстетикалық-шығармашылық дамытушылықтарын арттырады. Оған
пән мұғалімінің практикалық белсенді сабағын өткізуі үлкен ықпал етеді.
Практикалық мәнділігі бойынша берілген тақырыпты толықтай орындату
мақсатында мұғалім қысқа мерзімді жоспарын(қмж) тиянақты, шығармашылы,
дамытушылық ырғағында жасаса, оқушылардың эстетикалық, шығармашылық
дамуы мен өсуі толықтай орындалады. Жоспарға көмек ретінде пәнаралық
байланыстар, жаңа технология бойынша практикалық сабақтар өткізілсе,
мұғалімнің жоғары деңгейлі маман екендігі айқындай түседі.

Мысалы: 5 сыныптын Көркем еңбек пәнінің 2 тоқсанында өтіліетін
Көркем кестелеу тақырыбы бойынша қысқа мерзімді жоспары. Тақырыптын
өзі 2 тараудан тұрады:

1 - тарау: Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және құрал-
жабдықтармен танысу. Нобай орындау

2- тарау: Көркемдік кестемен бұйымды безендіру

• 1 - тарау: Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және құрал-
жабдықтармен танысу. Нобай орындау бойынша қмж: [5]

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Мектеп:
Бөлім 2А.
Сәндік-қолданбалы шығармашылық
Күні: Мұғалімнің аты-жөні:
Сынып: Қатысқандар саны: Қатыспағандар саны:
Сабақ тақырыбы: Көркем кестелеу. Кесте түрлері. Материалдар және
құрал-жабдықтармен танысу. Нобай орындау
Осы сабақта қол 5.1.2.1
жеткізілетін оқу Әлем және қазақ ұлттық мәдениетіндегі өнер, қолөнер мен
мақсаттары (оқу дизайн туындыларының ерекшеліктерін анықтау және зерделеу
бағдарламасына 5.1.5.2
сілтеме) Шығармашылық идеяларды іске асыру үшін нобайлар орындау
Сабақ мақсаттары Көркем кестелеу туралы жалпы мағұлматтарды түсіндіру.
Көркем кестелеу түрлері мен әдістерін зерделеу және ұғыну.
Қазақ қолөнері туралы жалпы мәлімет
Ұлттық нақышта кестелеу түрлерімен таныстыру.
Қазақ ұлттық кестелеуі туралы жалпы мағұлмат беру.
Кестелеу барысында композициялық заңдылықтарды пайдалана
отырып жұмысты бастату.
Түстік үйлесімділік туралы түсініктеме беру.
Жетістік көркем кестелеудің жалпы түрлерін,әдістерін білу.
критерийлері Шығармашылық жұмыс барысында нобайды дұрыс орындау.
Мұғалім берген тапсырмаларды өз бетінше жақсы орындау.
Нобайды салу барысында композициялық және түстік
ерекшеліктерді дұрыс орындау.
Тілдік мақсаттар Пәнге тән лексика мен терминология:
Симме́трия “Симметрия” термині грекше “ұқсас, пропорционал,
бөліктердің бірдей орналасуы” деген мағынаны білдіреді. 

Ассиметрия- (гр. asymmetria, көне грекше: ασυμμετρία сәйкес
емес, көне грекше: μετρέω — өлшеу). Бөліктердің
бір-біріне сай болмауы, симметриясыздық.[1] Көбіне бұл ұғым
визуалды нысандарға және өнерге қатысты пайдалынаылады.

Динамикалық композиция (Динамика) – композицияда қозғалыс
сезімі туындайды.

Статикалық композиция (статика) – композицияда тұрақтылық,
салмақ пен ауырлық сезімі туындайды.

Кесте – вышивка – Embroidery
Шым кесте – вышивка гладью – padded satin stitches
Көктеу – сметать – Sweep
Торлау – обметать – Neaten
Сәнді кесте – декоративная вышивка – decorative embroidery
Жіптер – нитки – thread
Кергіш – пяльцы – hoop
Оймақ – наперсток – thimble
Диалог пен жазу үшін пайдалы сөздер мен тіркестер:
Сәндік-қолданбалы өнердің ішінде көркем кестелеу ... ...
үлкен орын алады.
Көркем кестелеу туралы толықтай айтатын болсам ...
Кестелеудің ... түрлері ұлттық қазақ қолөнердің түрлеріне
жатады деп ойлаймын.
Әлемде барлық халықтарға тән болатын ... деген пікірдемін.
Құндылықтарды Ұлттық шығармашылық пен еңбекке баулу.
дарыту Ұлттық қазақ патриотизм

Пәнаралық Геометрия, қазақстан тарихы,
байланыстар
АКТ қолдану Интернет ресурстарынан қажетті мәліметтерді іздену арқылы
дағдылары АКТ дағдыларын дамыту.
Бастапқы білім Практикалық тапсырмалар орындау арқылы алдыңғы тоқсанда
алған білімдері мен дағдыларын белсендіру.

Сабақ барысы
Сабақтың Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет Ресурстар
жоспарланған
кезеңдері ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ кесте өнерінің шеберлері
Кесте өнері - қолданбалы қолөнер түрінің бірі
Оқушыларды шығармашылыққа баулудағы қолөнерінің ролі
Технология пәні арқылы оқушыларды көркем еңбекке баулу
Сәндік қолданбалы өнер саласындағы кесте тігу және көркемдеп тігу өнері
Қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тарихы мен түрлері
Жоғары сынып оқушыларына белсенді әдістер арқылы киімді көркемдеп сәндеуге үйрету әдістері
Қазақ халқының қолөнерін оқушыларға үйретудің маңызы мен мазмұны
Көркем еңбек сабақтарында оқушыларды шығармашылыққа бейімдеу түрлері
Технология сабағында оқушыларға бұйымдарды көркемдеп өңдеуге үйрету әдісін қалыптастыру
Пәндер