Қаржы нарығының теориялық негіздері және оның құрылымы
Қаржы нарығының теориялық негіздері және оның құрылымы.
Қаржылық қатынас кез келген ел экономикасының даму негізі болып табылады. Қаржы ресурстарының айналымы мен қайта бөлінуі қаржы нарығын анықтап беретін олардың айналысының өзіндік аймағын қалыптастырады. Нарықтық экономика жағдайында қаржы нарығы тұтастай алғанда елдегі нарықтық қатнастар жүйесінің құрамдас бөлігі болып табылады.
Қаржы нарығы ұғымы қалыптасқан әлемдік тәжірибе мен әрбір мемлекеттің экономикалық дамуының өзіндік ерекшеліктеріне сай әр түрлі түсіндіріледі.
Ол ақша, депозит, несие, валюта, қор, сақтандыру, зейнетақы нарықтарының қаржылық құралдарымен ұйымдастырылған сауда жүйесін білдіреді. Мұнда ақша қаражаттарының ағымын меншік иелерінен қарыз алушыларға бағыттап отыратын қаржы институттары негізгі орынды алады. Онда төлем құралдары мен бағалы қағаздар тауар ретінде қолданылады.
Қаржы нарығы кез келген нарық секілді қаржы ресурстарының сатушылары мен сатып алушылары арасындағы тікелей байланысты орнатуға арналған.
Сондықтан, қаржы нарығы - бұл капиталға деген сұраныс пен ұсынысты қалыптастыру шеңберінде делдалдардың көмегімен несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы капиталды қайта бөлу механизмінің жүйесі. Тәжірибеде ол ақша қаражаттары ағымын меншік иелеріне қарыз алушыларға және олардан кері бағыттайтын қаржы - несие институттарының жиынтығын білдіреді.
Қаржы нарығынының негізгі функциялары мыналар:
Реттеушілік - оның көмегімен мемлекеттік басқару органдарының және өзін - өзі реттеу ұйымдарының тарапынан нарықты реттеу жүзеге асырылады;
Ақпараттық - қаржы нарығына қатысушылардың барлығына ақпараттарға толық және теңдей қол жеткізуді қамтамасыз етеді;
Бөлу - қаржы нарығы құралдарының айналысы ақша қаражаттарының құйылымын экононмиканың бір саласынан екіншісіне, нарықтың бір қатысушысынан екіншісіне, бір аймағынан екіншісіне өтуін қамтамасыз ете отырып, қаржы ресурстарнының бөлінуіне әсер етеді;
Коммерциялық - қаржы нарығындағы жүзеге асырылатын операциялар мәмілеге қатысушылардың барлығына қандай да бір табыс әкеледі;
Баға белгілеу - қаржылық құралдардың бағасы нарықты еркін бәсекелестік жағдайындағы сұраныс пен ұсыныстың әсерімен қалыптасады.
Қаржы жүйесімен жүзеге асырылатын уақытша бос ақша ресурстарының әр түрлі инвестицияларға айналу процесі қаржы нарығының қызмет етуімен және қаржы институттарынынң қызметімен тікелей байланысты. Егер қаржы ресурстарын щоғырландыру мен орналастыру процесінде қаржы институттарының негізгі рөлі меншік иелерінен қарыз алушыларға қаражаттардың мүмкіндігінше тиімді өтуін қамтамасыз ету болып табылады, онда қаржы ресурстары сатушылар мен сатып алушылардың арасындағы қаржылық активтер мен міндеттемелердің саудасын ұйымдастыру қаржы нарығының міндеті болып табылады. Мұндай нарықтардағы сатушылар мен сатып алушылардың экономикалық субъект ретіндегі үш тобы бар:
Үй шаруашылығы (жеке тұлға);
Меншік формасына қатыссыз барлық шаруашылық жүргізуші субъектілер;
Мемлекеттік басқару органдары.
Олардың кез келгені нақты уақыт кезеңінде өз бюджетінің балансталған, оның дефициті мен профициті жағдайында болуы мүмкін. Шаруашылық жүргізуші субъектілермен мемлекетке қаржылық қаражаттарды қарызға алу қажеттілігі немесе уақытша бос қаражаттарын өзіне тиімді шатпен орналастыру мүмкіндігі пайда болады. Қаржы нарығы түпкі мәні бойынша әлеуетті сатушылар мен сатып алушылардың, сондай - ақ делдал институттардыңмүдделерін тиімді ескеріп, жүзеге асыруға арналған.
Біздің көзқарасымыз бойынша, қаржы нарығы елдің барлық ақша ресурстарының, сонымен қатар әртүрлі экономика субъектілерінің тарпынан осы ресурсқа деген сұраныс пен ұсыныстың ықпалын ұдайы қозғалыс үстінде болатын ақша ресурстардың жиынтығын білдіреді. Алайда ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер-қаржы нарығы емес. Ол ақша ресурстары мен шаруашылық жүргізуші субъектілер арасында тікелей қатынас орнағанда ғана пайда болады. Сонымен, қаржы нарығы-бұл ең алдымен әртүрлі экономика субъектілернің арасындағы бос ақша капиталы мен жинақтарды мәміле жасау жолымен қайта бөлу және олардың қозғалысы бойынша пайда болатын ақшалай қатынастар.
Жоғарыда айтылғандарды түйіндей келе, қаржы нарығының функциясын анықтайтын алғы шарттарға мына факторларды жатқызуға болады:
Қаржы ресурстарын қайта бөлуде мемлекеттің рөлі барынша азайту;
Монополияны шектеу және бәсекелестік дамыту мақсатында барлық меншік түріндегі шаруашылық жүргізуші субъектілердің толық дербестігін қамтамасыз ету;
Бюджет тапшылығын қаржыландыру үшін елдегі Орталық банктің ссудалық қорын пайдалануды тоқтатып, бұл мәселелерді мемкеттік зайымдарды яғни облигацияларды және басқада мінднттемелерді айналысқа шығару арқылы шешу қажет;
Бағалы қағаздарға инвестициялану мүмкін шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халықтың ақшалай табыстарын тұрақты өсуі.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақшалай қаражаттарды бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл ойнайды. Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Экономикалық категориялар ретіндегі, ақшаның мәнін, ішкі негізін айқындайтын олардың функциялары бейнеленеді.
Ақша келесідей бес функция атқарады: құн өлшемі, айналыс құралы, төлем құралы, жинақтау құралы және дүнинжүзілік ақша.
Құн өлшемі ретіндегі ақша функциясы. Ақша жалпыға ортақ эквивалент ретінде барлық товарлардың құнын өлшейді. Барлық товарлар қоғамдық қажетті еңбектің өнімі болып табылады; сондықтан құндық қасиеті бар нақты ақшалар, олардың құнының өлшемі бола алады.
Ақшамен айқындалған товар құны баға деп аталады. Оны өндіруге және өткізуге қажетті қоғамдық еңбек шығындары мен анықталады. Құн заңы - бағаға және олардың қозғалысына негізделген. Тауар бағасы нарықта қалыптасады және тауарға деген сұраныс пен ұсыныстың теңдігі кезінде ол тауар құнынан және ақша құнынан тәуелді болады. Нақты ақша қызметі кезінде тауар бағасы осы тауарлардың құнына тура пропорционалды және ақша құнына кері пропорционалды.
Айналыс құралы ретіндегі ақша функциясы. Тауарлар айналыс басталғанға дейін ақшада бағаланатын, бірінші функциямен салыстырғанда, ақшалар тауарлар айналысы кезінде нақты қатысуы керек. Тауарлық айналыс тауарды сатудан, яғни оны ақшаға айналдырудан және товарды сатып алудан, яғни ақшаны тауарға айналдырудан тұрады. (Т-А-Т). Бұл процесте ақша айналыс процесінде делдал рөлін атқарады. Айналыс құралы ретіндегі ақша функциясы кезінде ақша үнемі айырбаста қалады және оны үздіксіз қамтамасыз етіп отырады. Бұл ақшаның товар айналысына жағдай жасайтындығын көрсетеді.
Айналыс құралы ретіндегі ақшаның дамуы айырьас процесінің қайшылықтарын тұғызады. Тура товар айырбас кезінде сату және сатып алу сәкес келді және олардың арасында үзіліс болған жоқ. Товарлық айналыс екі ерікті акттен тұрады: товарды сатып алу және сату. Бұл айналыстың бұзылуының объективті мүмкіндігін құрады және кризистік жағдай тұғызады.
Айналыс құралы ретіндегі ақша ерекшелігі ақшаның айналысқа тікелнй қатысуы және айырбасқа қатысуы.
Жинақтау құралы ретіндегі ақша функциясы. Ақша жалпыға ортақ эквивалент бола отырып, яғни оның иемденушісіне кез келген товарды алуды қамтамасыз ете отырып, қоғамдық байлықтық жалпыға ортақ көріністі болады. Ақшаны жинақтау үшін ақша айналыстан шығады, яғни сату- сатып алу тоқтатылады. Бірақ ақшаны жәй жинау оның иемденушісіне ешқандай табыс әкелмейді.
Аталып өткен екі функцияға қарағанда жинақтау құралы ретіндегі ақша құнды белгілі периодқа дейін сақтау қасиетіне ие болады. Товарлық өндірістін дамуына қарай жинақтау құралы ретіндегі функцияның мәні жоғарылады. Жинақтың көмегінсіз кеңейтілген өндірісті іске асыру мүмкін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz