Бағалы қағаздар нарығы. Сақтандыру және зейнетақы қызметтерінің нарықтары


Депозит нарығы. Халықтың табысы екі негізгі бөліктен: тұтынуға арналған табыс пен жинақтауға арналған табыстан тұрады. Уақытша бос ақша қаражаттар (жинақ ақша) әр түрлі салым негізінде банкке және қаржы-несие мекемелеріне (тартылған ресурстар) тартылады. Осылайша, ақшалай депозиттерде трансформацияланады, банктер ақшаны пайдаланғаны үшін иелеріне тиісті ақшалай сыйақы-пайыздар төлейді.
Несие нарығы. Депозиттер түрінде банкке түсетін қаражаттың бір бөлігі одан ары несиелер ретінде бөлінеді. Коммерциялық банктер уақытша бос ақша қаражаттарды шоғырландыру арқылы заңды және жеке тұлғаларға әр түрлі мақсаттарға несие береді. Осылайша, ақшалар нарықта несиелер ретінде айналыста болады. Қарыз алушылар бұл несиелерді пайдаланғаны үшін банкке тиісті пайыздар төлейді.
Валюта нарығына Қазақстан нарығында операциялардың бір бөлігі ұлттық валютада, ал оның басқа бір бөлігі шетелдік валютада жүзеге асырылады. Осыған орай, қаржы құралдарының айналысы екі валюта түрінде жүзеге асады. Валюта айырбастау бойынша операцияның рөлі жоғары.
Бағалы қағаздар нарығы. Басқа да қаржы құралдары секілді бағалы қағаздар тұтастай қаржы нарығына жағымды әсерін тигізеді. Бағалы қағаздар ақша ресурстарын қайта бөлудің жұмылдырылған қаражаты болып табылады. Мысалы, егер депозитке банк сертификаты рәсімделетін болса, ол одан ары айналысқа түседі. Айналым қаражатын толықтыру үшін несие алу міндетті емес. Оның үстіне, бұл несиені басқа тұлғаға жаңа келісім-шартты бекітіп барып қана бере аласың. Бұл арада борыштық міндеттемелердің біріне жататын әрі нарықта бос айналысқа түсіп, өз иесін айырбастай алатын облигацияларды шығарса жетіп жатыр. Қаржы тәуекелдіктерін сақтандыру үшін сатылатын немесе сатып алынатын бағалы қағаздардың бағасын уақыт оздырмай ескертуге мүмкіндік беретін туынды бағалы қағаздар болады, ал оларды беру (тапсыру) кейінірек жүзеге асырылады, яғни, базалық бағалы қағаздардың бағамы жоғарылағанда немесе құлдырағанда сақтандырылады. Осылайша, бағалы қағаз ақша ресурстарының еркін қайта бөлінуіне ықпал етеді.
Сақтандыру және зейнетақы қызметтерінің нарықтары. Бүгінгі таңда зейнетақы қорлары мен сақтандыру компаниялары біздің еліміздегі нарықта өз қызметін жүзеге асыратын негізгі қаржы делдалдары болып табылады. Олардағы қалыптасқан қатынастар жиынтығы олардың қаржыға қатынасы жөніндегі күмәнімізді тудырады. Сақтандыру тәуекелі батыстық қаржы теориясында кез келген кәсіпорынның қаржылық стратегияларының негізгі құраушыларының бірі, бірақ мұнда теорияның негізінде мынадай түрлер болады: әрбір субъекті өзіне жоғалған материалдық қаражаттардың, ресурстардың орнын толтыратын және оларды болдырмаудың көздерін жасап, өз тәуекелділіктерін сақтандырады, яғни тәуекелден сақтанады. Сақтандыру - бұл қайта бөлісу қатынасы. Ол әдетте барлық субъектілерді, бүкіл ел аумағын немесе аймақтықтарды толық қамтымаса да, бұлардың бір бөлігіне материалдық, не болмаса басқадай зиян шектіріп кететін кездейсоқ залалға қарсы тұру үшін туған амал. Бұл бір субъекті зиян шеге қалған жағдайда басқа сақтандырылған субъектілердің ынтымақтастығымен залалдың орнын толтыруға мүмкіндік береді. 1998 жылға дейін Қазақстандағы әлеуметтік қамсыздандыру жүйесі «жұмыс істейтін буын жұмыс істемейтін ұрпақты қамтамасыз етеді, ал алдыңғы ұрпақ еңбекке жарамсыз болғанда оның орнын өз кезегінде жаңа ұрпақ алмастыруын басты назарда ұстайтын ұрпақтар ынтымақтастығы» қағидасына негізделген болатын. Әлеуметтік қамсыздандырудың жаңа жүйесі азаматтардың дербес аударымдарына негізделген. Бұл арадағы төлем мөлшері тұлғаның салым ақшасының сомасына қарай болады. Зейнетақы және сақтандыру қорлары көптеген елдерде ақшаны өндіріске инвестициялаудың көздері болып табылады, яғни ақша ұдайы өндіріс процесіне белсенді түрде тартылады. Осылайша, сақтандыру компаниялары мен зейнетақы қорлары арқылы шоғырландырылған халықтың қаражаты түпкі есебінде ұдайы өндіріс процесіне тартылады. Сондықтан да сақтандыру және зейнетақы нарықтары, бір жағынан, нақты қызметті сату-сатып алу нарығымен көзге түссе, екіншіден - ол толық негізде қаржы нарығының құрылымына кіруі қажет.
Барлық типтегі нарықтардың өзара байланысы қаржы нарығының жұмыс істеу шартын анықтап береді, яғни:
- ретке келтірілген тауар нарығының болуы (кез келген түрдегі және бағыттағы тауарлар мен қызметтерге деген сұраныс пен ұсыныстың баланстылығы) ;
- ақша айналысын реттеу, елдің ұлттық банк тарапынан қолма-қол ақша және қолма-қолсыз ақша айналыстары бойынша эмиссияны бақылау;
- несие нарығын толық белсендендіру және коммерциялау.
Жоғарыда аталып өткен нарықтар қаржы нарығының құрамдас бөліктері болып табылады, сондықтанда әрбір «қатысушы» нарық өз қызметін ұйымдастыру барысында қаржы нарығының (атқаратын) міндеттері мен талаптарына сәйкес келуі тиіс. Қазақстан қаржы нарығының құрамдас бөліктері қазіргі таңда даму үстінде десек болады, оның нәтижесін қаржы нарығының өзінен байқауға болады.
БАҚЫЛАУ СҰРАҚТАРЫ
- Қаржы нарығы дегеніміз не? Оған анықтама беріңдер?
- Қаржы нарығына қандай функциялар тән?
- Бөлу функциясы нені білдіреді?
- Қаржы нарығының коммерциялық функциясының мағынасы неде?
- Қазақстанда қаржы нарығының ақпараттық функциясы қаншалықты толық орындалады?
- Қазақстан қаржы нарығының құрылымы қандай?
- Зейнетақы және сақтандару нарықтарын қаржы нарығының құрамына кірістіруді негіздеңдер.
- Қаржылық қатысушылар үшін осы ұйымдар рейтингісінің рөлі қандай?
ТАҚЫРЫП - 2. АҚША НАРЫҒЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰРАЛДАРЫ
АҚША НАРЫҒЫНЫҢ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ФУНКЦИЯСЫ
Ақша нарығы қаржы нарығын қалыптастырушы негізгі механизм болып табылады, себебі ақша айналысы заңы ақша нарығына тән сипатталады, ал ақша айналысы заңы негізінсіз қаржы нарығының «өмірлік» циклы қалыптаспайды.
Шаруашылық жүргізуші субъектілердің қаржылық қызметінде, яғни олардың ағымдағы өтімділігін қамтамасыз етуде тауарлар мен қызметтерді сатушылар мен сатып алушыларға ақшалай қаражатты бөлу және қайта бөлу механизмін қамтамасыз ететін ақша нарығының қаржылық құралдары маңызды рөл атқарады. . Кез келген қаржы құралының негізін ақша құрайтыны белгілі.
Эволюция процесінде олар ұдайы өзгеріп отырады әрі олардың бүгінгі күнгі жағдайын толық аяқталған кезеңіне жатқызуға болмайды. Белгілі бір сатыда құнның эквиваленттік формасы пайда болды: тауарлар жиынтығынан бір тауар жеке бөлініп алынады, осының нәтижесінде қалған басқа тауарлар өзгереді. Эквивалент - тауарға қойылатын талап әзірленді:
- бөлінушілік;
- ықшамдылық;
- біртектілік.
Жалпы эквивалент осы аталған ерекшеліктерге ие болғандықтан эквивалент тауарлардан жеке бөлінеді. Одан ары дамыту процесінде металдан тауарлардың жалпыға ортақ эквиваленті ретінде ақша бөлініп алынады, өйткені аз ғана сан үлкен құнды қамтиды.
Осылайша, тарихи ақша тауарлардың жалпы әлемінен бөлініп, ең алдымен оның өзі бір мезгілде жай және өзіндік ерекшелігі бар тауар-ақша болды. Одан арғы тарихында ақшаның тауарлық формасы жойылады да жаңа формаға көшеді.
Осы заманғы кезеңде борыштық міндеттемелер туралы тиісті жазуы бар банк ақшалары пайда болады. Оның пайда болуына тауар алмасу процесін жүзеге асыруға қажетті тауарлық қатынастардың тұрмыс-тіршілікте кеңінен қолданылуы себеп болды.
Тауар-ақша қатынасын сызба бойынша көрсетуге болады:
өндіріс құралы
Т - Д - өндіріс - Т' - Д'
жұмыс күші
Осы тауар айналымын бұлайша бөлуге ақшалай қатынастардың дамуы, жинақтау құралы және төлем құралы ретіндегі ақша функцияларының пайда болуы себепкер болды. Ақшалай қатынастардың пайда болуы мен дамуы тікелей баспа-бас операцияларын жүзеге асырудың мүмкіндіктерін бірден төмендетіп тастады. Ақшаға деген қажеттілік нақты тауар ретінде болатын еңбектің екі жақтылық сипатындағы қайшылықты жою үшін туындайды. Ол тек бір ғана жолмен - жалпыға ортақ эквиваленттегі тауарлардан ақшаны жеке бөліп алумен шешіледі.
Ақша бастапқыда әр түрлі ұлу қабыршағы, мал-мүлік және т. б. формаларында болды. Содан кейін оларды алтын, күміс және бақыр тиындар алмастырды. Ал, тиын формасын несие деп аталатын ақша алмастырады.
Несиелік ақшаның ең алғашқы тарихи түрі - вексель. Ол иесіне (беруші жақ) қарыз алушылардан белгіленген мерзім ішінде осы аты аталған ақшалай соманы төлеуін талап етуіне құқық беретін борыштық міндеттеме ретінде болды. Вексель, сондай-ақ, басқа тұлғаға да берілуі мүмкін. Ол осылайша белгілі бір ақша түрінде болады, алайда мұнда жалпыға ортақ эквивалент рөлін атқармайды.
XIV ғасырдың соңында алтын монометаллизм жағдайында банкир векселі ретінде болатын несие ақшасының әр түрлілігі ретінде банкнот пайда болды. Банкнот эмиссиясын бастапқыда кез келген банк жүзеге асыратын, алайда эмитент рөлін мемлекет өз мойнына алды.
XVI-XVII ғасырларда қолма-қолсыз ақша есеп айырысу қолданысқа ене бастады. Сонымен бірге, несие ақшасының жаңа формасы - белгілі бір ақша сомасын чек иесіне төлеу немесе оның атына аудару турасындағы банк шоты иесінің жазбаша бұйрығын білдіретін чек пайда болды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz