Орта мектепте лирикалық шығарманы оқыту



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны:
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Лирикалық шығарманы оқытудың орта мектеп оқушыларының адамдық және танымдық қабілеттерін дамытудағы маңыздылығын айқындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Лирикалық шығарманы оқытудың танымдық маңызы ... ... ... ... ... .
Лирикалық шығарманы оқытудың тәрбиелік маңызы және оның маңызын жоғалтып алмау үшін оқу процесінде жүргізілуі керек шаралар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген әдістерін талдау және осы әдістердің тиімділігін сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1. Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген әдістері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың заманауи әдістерінің тиімділігін сараптау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Орта мектепте қазіргі кезде оқытылуы тиіс өзекті лирикалық шығармаларды таңдау тәсілдері және таңдалған туындыларды оқыту әдістемелерінде қолдану мүмкіндіктеріне мысал келтіру ... ... .
1.Орта мектепте қазіргі кезде оқытылуы тиіс өзекті лирикалық шығармаларды таңдауда сүйену керек талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Қазақ авторларының шығармалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Танымал шетел авторларының шығармалары негізінде лириканы түсіну деңгейін тексеру әдісін ұсыну ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ...
Орта мектеп оқушылары үшін лирикалық шығармаларды оқу кезінде туындайтын түрлі қиындықтарды талдау және шешу жолдарын ұсыну ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.Лирикалық шығарманы қабылдаудағы орта мектеп оқушыларының психологиялық ерекшеліктерін талдау және осы ерекшеліктерге байланысты оқыту үдерісіндегі кедергілерді анықтау, оларды шешуге бағытталған оқыту үдерісіне енгізілуі тиіс шарттар мен әдістемелерді негіздеу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2. Орта мектеп оқушыларына лирикалық шығармаларды оқыту кезіндегі электронды құрылғыларға деген тәуелділік мәселесін шешу жолдарын ұсыну ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
3. Орта мектеп оқушыларына лириканы үйретуде олардың қызығушылығын арттыруға және сыныптағы дұрыс қарым-қатынас атмосферасын қалыптастрыуға бағытталған оқытуды ұйымдастыру жолдарын ұсыну ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Орта мектепте лирикалық шығарманы оқыту
Тақырыптың өзектілігі: Лирикалық шығармаларды оқыту қазіргі кездегі оқыту бағдарламасына кіріктірілген, алайда кей жағдайларда әдебиет пәнін, оның ішінде лириканы үйретудің маңыздылығына күмәнмен қарау кездеседі. Күмәндану орта мектеп оқушыларының және олардың ата-аналарының тарапынан байқалады, нәтижесінде оқушылардың лириканы оқуға деген ынтасы төмендеуі, лириканы оқудан гөрі нақты ғылыми пәндерді оқуды жоғары қою мен осы тақырып төңірегінде мұғалім мен білім алушылардың арасындағы келіспеушіліктер орын алуда.
Аталған жағдайдың туындауы орынсыз деуге болмайды, себебі соңғы жылдары оқу стандарттары мен оқыту саясатында күрделі өзгерістер орын алды, бірақ әдебиеттік оқыту мен лириканы үйрету осы өзгерістер шеңберінен тыс қалып қойды. Сонымен қатар, заманауи еңбек нарығында бәсекеге қабілетті маман болу үшін қойылатын талаптар қолданбалы пәндер арқылы алынатын білімді қажет етеді, ал қазақ тілінің мәртебесі көп жағдайда шет тілдерінен төмен тұруына байланысты әдебиет пен лириканы оқу қажетсіз болып қалды деген жаңсақ көзқарас қалыптасқан және осындай пікір білім алушылар ортасында кең таралуда.
Жағдайдың ушығуына орта мектепке арналған әдебиет оқулықтарын құрастыруда және мүғалімдердің оқу жоспарына сай лириканы оқыту процесінде оқушылардың қызығушылықтары ескерілмеуі мен сабақ барысында материалдың маңыздылығын оқушы санасына жеткізе алмау, сонымен қоса әлемдік білім стандартына сай келмейтін, заманауи өзектілігі жоқ, оқушы үшін түсінуге қиын шығармалардың таңдалып алынуы өз үлесін қосып жатыр.
Осы аталған факторлардың барлығы орта мектепте лириканы оқытудағы жаңа кедергілерге алып келіп қана қоймайды, оқушы мен ұстаз арасындағы қарым- қатынас пен түсіністіктің бұзылуына, стресске, оқушылардың лирикаға деген негативті көзқарасы қалыптасып қалуына, жалпы әдебиетке деген қызығушылығының өшуіне тап қылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Сондықтан осы курстық жұмыста лириканы оқытудың қолданбалы маңыздылығы аз болса да, айтыла бермейтін тәрбиелік-танымдық маңыздылығын көрсететін боламыз және орта мектеп оқушыларына лириканы қажетті де қызықты оқу элементі ретінде насихаттауға бағытталған оқыту әдістері мен өзекті лирикалық шығарма түрлерін ұсынатын боламыз. Осы ретте, орта мектеп оқушыларының жастық - психологиялық ерекшелігіне, ақпаратты қабылдау ерекшеліктеріне, концентрация төмендеуіне алып келетін жалпыға ортақ және жекелеген фактораларға, оқушылардың заманға сай қалыптасқан көзқарастары мен қызығушылықтарына тоқталып, осы аталғандардың лириканы оқыту әдістерін таңдауда ескерәлуінің маңыздылығын талдаймыз.
Курстық жұмыстың барысында алға қойылған міндеттер:
Лириканы оқытудың тәрбиелік-танымдық маңыздылығны айқындау
Лириканы оқытудағы ескерілу қажет жайттарды және оқыту процесінде туындайтын қиындықтарды, оларды шешу жолдарын талқылау
Лириканы оқытудың тиімдлігін арттыруға негізделген оқыту әдістері мен дұрыс таңдалған лирикалық шығармаларды ұсыну
Курстық жұмысты жасауда қолданылған зерттеу әдістері (курстық жұмыстың қосымшасында көрсетілген):
Ғылыми-әдістемелік ақпарат көздерін саралаау арқылы зерттеуге қажетті алғашқы ақпаратты жинау
Педагогика саласында іргелі еңбектер қалдырған ғалымдардың зерттеу нәтижелерін талдау арқылы тақырыпты терең ашу.
Сұхбат алу
Мүғалімдерден сұхбат алу арқылы қазіргі кезде орта мектептерде лирикалық шығармаларды оқытуда қолданылып жүрген әдістермен танысу.
Сауалнама жүргізу
Орта мектепте білім алушылар арасында анонимді сауалнама жүргізу арқылы олардың лирикалық шығармаларға деген шынайы көзқарасын білу және лириканы оқу кезінде туындайтын қиындықтарды сұрастырып білу.
Зерттеу кезеңдері:
Теориялық кезең:
Зерттеуге қажетті еңбектерді өзектілігі мен тақырыпты ашуға тигізетін септігіне қарай іріктеп алу
Анықтамалар мен әдістемелерден алынған ақпаратты жүйелеу арқылы зерттеу сауалдарына жауап табу
Өзім тұрып жатқан аймақтағы орта мектепте лириканы оқыту ахуалын білу мақсатымен практикалық әдістерді (сқхбат пен сауалнама) қолдану арқылы зерттеу жүргізу
Өзіндік тәуелсіз зерттеуді жүргізуді жоспарлау, зерттеу базасы ретінде өзім тұрып жатқан аймаұтағы орта мектеп оқушылары мен мұғалімдерін таңдап алу
Сауалнама мен сұхбат сұрақтарын әзірлеу
Практикалық кезең:
Орта мектепте оқушылар арасында сауалнама өткізу
Орта мектеп мғғалімдері арасында сұхбат жүргізу
Қорытындылау кезеңі:
Өткізілген зерттеудің нәтижесін талдап, қорытындыға келу

Кіріспе
Лирика (гр. Lyra - лира аспабының сүйемелдеуімен айтылатын көркем әдебиет жанрының бірі) Лириканың басты ерекшелігі - адамның көңіл-күйін, сезім дүниесін тікeлей бейнелеп көрсетеді. Лирикалық шығармалар өлеңмен жазылады, онда автордың немесе кейіпкердің дүниеге көз қарасы, оның сезімін, нақты ойі көңіл-күйін суреттеу, әсерлеп бейнелеу арқылы көрсетіледі. Әр халықтын Лирикалық өлеңдері оның ауыз әдебиетінен басталған. Мәселен, қазақ Лирикасының басы тұрмыс-салт өлеңдерінде - той бастар мен жар-жарда, сыңсу мен беташарда немесе мүңшер өлеңдерінде, қоштасу мен көңіл айтуда, естірту мен жоқтауда жатыр. Онан бергі қазақ поэзиясында Шалкніз, Махамбет толғауларында Лирикалық толғаныстар арқылы бүкіл қазақ халқының аңсаған арман-мұраттары көрсетілген. (https:adebiportal.kzkzgenresv iew147)

Негізгі бөлім
Лирикалық шығарманы оқытудың орта мектеп оқушыларының танымдық қабілеттерін дамытудағы маңыздылығын айқындау

1. Лирикалық шығарманы оқытудың танымдық маңызы
Т. И. Сильман өндірілген лирикалық жанрдың туындысы болып табылатын, лирикаға осылайша анықтама береді: "лирика субъективті ауысу парадигмасы тұлға мен оны қоршаған әлем арасындағы қарым-қатынас моделін қалыптастырады және осы қалыптасқан қатынастың шынайылығын құруға бағытталады" деген болатын [1].
Т. и. Силман, ол "кейбір жағынан лирика да "сәтті бейнелеу" ("шындықты түсіну" сәті) өнері болып табылады және эпикалық поэзияға қарағанда бейнелеу өнеріне жақынырақ"деп жазады [2].
Оқушылардың сөйлеу мәдениеті, ойлау мәдениеті және, авторға, көркем шығарма кейіпкеріне эмпатиялық қарым-қатынас, эмоционалды қайырымдылық, ӛз басынан кешкендей сезіну қабілеттері де осы орта буын сыныптарда қалыптасады [11].
5-9 сыныптарда әдебиет теориясынан түсініктерді мақсатты түрде игеруге және кӛркем шығарманың поэтикасын қарастыруға зер салынады. 5-6 сыныптарда оқушылар мәтіндегі кӛркем сӛз айшықтарын (теңеу, метафора, эпитет, метонимия т.б.) тауып қана қоймай, олардың мәнін, кӛркем мәтіннің табиғи ажарын келтірудегі қызметін ажыратып тануға ден қояды. Әртүрлі суреттерді сӛзбен бейнелеуді үйренеді, жанр ұғымын ашады, белгілі бір сӛздердің мағынасын, композиция мағынасын және оны құрайтын компоненттерін түсінеді. Осыған әңгімелесудің нәтижесі, мазмұндау, іскерлік ойындар жазбаша шығармашылық жұмыстар арқылы қол жеткізеді. 5-6 сыныптарда ауыз әдебиетін оқып үйрену арқылы оқушылар халықтың ұлттық рухын, дүниетанымын, әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерін мәдени мұра ретінде танып біледі. Халық ауыз әдебиетін оқып-үйрену оқушының рухани жетілген әлеуметтік тұлға ретінде қалыптасуына, халқының ӛткені мен бүгінін салыстырып, ой елегінен ӛткізе алуына жәрдемдеседі (Қазақ әдебиетін оқыту әдістемесі: Оқулық - Жұмақаева Б.Д., Алматы, Қыздар университеті баспасы, 2015. - 7-бет.)

2. Лирикалық шығарманы оқытудың тәрбиелік маңызы және оның маңызын жоғалтып алмау үшін оқу процесінде жүргізілуі керек шаралар
Жалпы білім беретін орта мектептердегі әдеби білім бағдарламасы екі кезеңге бағытталған: 5-9 және 10-11 сыныптар. Бұлай бӛлінуі психологтардың еңбектеріндегі оқушылардың даму кезеңдерінің сипатына байланысты [11]
Лирикалық шығарманы оқытудың тәрбиелік маңызына тоқталмас бұрын, орта мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдерде кездесетін психологиялық - тұлғалық қалыптасудың маңызды кезеңі - өтпелі кезеңнің басталатынын ескеру қажет, себебі дәл осы жаста оқушылардың тәртібіне тікелей әсер ететін шешуші факторлар орын алады. Бұл факторлардың физиологиялық және психологиялық себептерінен бөлек, мінездегі ауыспалылыыққа оң немесе теріс әсер беретін социоллогиялық факторлар да бар. Қазіргі кезде балалар тәрбиесі екі ірі институттардың - отбасы мен мектеп тәрбиесі арқылы анықталады, ал көп отбасыларда ата-аналардың үнемі бос уақыты болмауына байланысты балалар тәрбиесі мектепке тәуелді болып қалады. Әлбетте, мектеп мұғалімдерінде де оқушылар тәрбиесімен айналысатын шама жоқ, ал психологтар мен сынып жетекшілердің қызметі әдетте қағазбастылықпен және практикалық жұмысқа аз назар бөлумен анықталады. Сондықтан да әрбір сабақ ақпарат ағыны ретінде емес, қайта тәрбиелік аспектіге терең мән берілген жүйе бөлшегі ретінде жоспарлануы және іске асырылуы керек.
Сабақта тек ақпарат берумен шектелмей, алдымен сыныптағылардың жай-күйіне мән беру керек. Оқушылар арасындағы буллинг, депрессия сынды қауіпті жайттар белгілері байқалған жағдайда дереу қажетті шаралар қабылдануы керек. Әрине, бір қарағанда бұл айтылғандар лириканың тәрбиелік мәні тақырыбынан алшақ көрінуі мүмкін, бірақ іс жүзінде осы мәселелер шешілмей тұрып білім беру мен тәрбиелеу дұрыс іске асуы қиын. Оқу процесі оқушылар өмірінің барлық аспектісімен ішінара тығыз байланыста болғандықтан, олардың қауіпсіздігі, денсаулығы, психологиялық ішкі жай-күйі, отбасы жағдайы, қатарластарымен арақатынасы үнемі назардан тыс қалмауы керек. Әлі тұлға ретінде қалыптасып үлгермеген балалардың тәрбиесіндегі олқылықтар қашанда сыртқы немесе ішкі факторларға байланысты және теріс әсер ететін факторлар уақыт санап артып келеді, ал оны ескеріп жатқан ересектер кемде-кем. Міне, сондықтан жақсылыққа баулитын лирикалық шығармаларды оқытып, сонымен ғана шектелген жағдайда, бұндай сабақтың ешқандай нәтижесі болмайды. Педагогика психологиядан ажырап, оқушыға алдымен адам ретінде қарау болмаған жағдайда, сыныпта атйылған сөз бен орын алып жатқан істердің сәйкессіздігі орын алған кезде ең үздік лирикалық шығарма өз мәні мен құндылығын жоғалтып, оқушы санасында тек жаттанды құр сөз ретінде қалады. Ал өмірдегі шынайы мәселелерді қағаз бетіндегі құр сөз шешіп бере алмайтыны жасырын емес [10].
Ал енді, тікелей лириканың тәрбиелік мәнін арттыруға арналған педагогикалық әдістемелерге көшейік:
Дидактиканың негізгі алты принципі келесідей:

Ғылымдылық принципі;
білімді саналы игеру принципі;
оқытудың жүйелігі мен үздіксіздігі принципі;
оқытуды өмірмен байланыстыру принципі;
көрнекілік принципі;
білім берумен тәрбиенің байланыстылық принципі (https:kitaphana.kzrefkaz236-pe dagogika3255-didaktika.html).
Осы принциптердің ішінде ерекше назар аудартатын білімді саналы игеру принципіне тоқталайық. ХХІ ғасырда ақпарат көлемі өте көп - бұндай ақпарат ағыны бұған дейін ешқашан болмаған. Ақпараттың қолжетімділгі оқу процесі үшін маңызды, бірақ оның кемшіліктері де жоқ емес. Қолжетімді ақпараттың барлығы бірдей шынайы да қажетті болып табылмайды, ал секунд сайын толықтырылып жатқан ақпараттық ресурс көздерін қадағалау мен жүйелеу тіпті мемлекеттік деңгейде мүмкін болмай отыр. Сондықтан алынған ақпаратты іріктеу міндеті оқушының өзіне артылады. Осы ретте Еуропалық білім стандартына бой түзеген Қазақстандық ЖОО орындарында және Кембридждік стандартқа бой түзеген НЗМ бағдарламасында мұғалімдерге жаңа міндет артылған - бұл оқушыларды ақпараттың шынайылығын тексеруге, анализ арқылы тек қажетін іріктеуге, өңдеуге үйрету. Ал қатардағы орта мектеп ұстаздары көбіне бұндай міндетті атқару қажеттілігінен бейхабар, нәтижесінде орта мектеп оқушылары кез-келген ақпаратты жадыға сақтау, тексермей-ақ шын деп қабылдауға барып жатады. Бұның өзі білім сапасына орасан зор нұқсан келтіретін фактор - маңызды академиялық дағды тапшылығы.
Оқытуды өмірмен байланыстыру принципі жеке пункт болып қарастырылмаса да, оқыту ісінде бұрыннан бар. Ұстаздар тақырыпқа байланысты өмірден алынған оқиғаларды айтқанда, сынып оқушылары ұйып тыңдап, дәл сол сабақты еске сақтап қалатындығын жеке басымнан өткен тәжірибеден бірнеше рет аңғардым. Осы аталған принцип өміршең болып табылады және сол себепті оқушылардың қызығушылығын оятады. Бұл принцип тек аталған әдіспен шектелмейді, ақпаратты өмірмен байланыстыру үшін:
- лирикалық шығарманы оқушының өз өмірімен байланыстыруға
- шығармадағы құндылықтарды автордың заманы және биографиясы контекстінде қарастыруға
-лирикалық шығармада берілген ақпаратты қалайша өмірде қолдануға болатындығын мысалмен келтіруге болады.
Білім беру мен тәрбиенің байланыстылық принципіне келсек, лирикада берілген автор сезімдерін және оларға байланысты рухан қасиеттерді жеке бөліп алып, талдауға болады. Автордың айтқысы келген сөздері лирикалық туындыда күрделі бірақ көркем беріледі. Оқушылардың оны қабылдауы біркелкі емес, яғни әрқайсысы шығарма түйінін өзінше түсінуі мүмкін. Бұл заңды құбылыс, бірақ автор ойын мүлде түсінбеу немесе шамадан тыс бұрмалап түсіну орын алуы да кездеседі. Сабақта ашық сұрақтар қойып, талқылау жүргізу осындай тұстарды айқындауға және түзеуге көмектеседі.
Аталып өткен принциптердің барлығы білімнің алдымен санада пайдалы түсінік ретінде қалыптасуына, кейіннен оқушының әрекетіне өзгеріс енгізуіне ықпал етеді.
ІІ. Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген әдістерін талдау және осы әдістердің тиімділігін арттыру жолдарын сараптау
Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың қазіргі кезде кеңінен қолданылып жүрген әдістері
Қазіргі кезде білім беру стандартына және заманауи бәләм беру талаптарына сай прогорессивті оқыту саясаты іске асырылуда. Соңғы жылдары білім беру саласында, оның ішінде қазақ әдебиетін оқыту бағдарламасында педагогикалық технология мен инновация ұғымдары жиі кездеседі.
Педагогикалық технология - кешенді үдеріс. Ол өз құрамына адамдарды, идеяларды, құрал-жабдықтарды, сонымен бірге жоспарлау, қамсыздандыру, бағалау жəне білім меңгерудің барша қырлары жөніндегі проблемалардың шешімін басқаруды қамтиды. Педагогикалық технологиялар көп түрлі болуына қарамастан, олардың іске асуының екі ғана жолы бар. Біріншісі - теориялық негізде орындалуы (В. Б. Беспалько, В. В. Данилов, В. К. Дьяченко жəне т.б.), екіншісі - тəжірибе арқылы жүзеге асуы (Е. Н. Ильина, С. Н. Лысенкова, В. Ф. Шаталов жəне т.б.).
Инновациялық технологиялар - ол білім саласындағы қолданатын жаңа ақпараттық технологиялар, ғылым жетістіктеріне негізделген əдістер [12].
Əдіскер С. Көшімбетова өзінің зерттеуінде оқу-тəрбие үдерісінде оқытудың инновациялық əдіс-тəсілдерін қолданудың мынадай ерекшеліктерін атап көрсеткен: - ізгілендіру технологиясында педагогика ғылымының алдыңғы қатарлы ғылыми жаңалықтарды тəжірибеде бала - субъект, бала - объект тұрғысынан енгізіле бастайды да, ал ғылыми білімдер оның тұрмысының əлеуметтік жағдайы мен іс-əрекетінің əлеуметтік нəтижесінің бірлігінде қарастырады; - ақпараттық бағдарламалап оқыту - оқытудың мазмұнын пəнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастыру; - қоғам мен табиғат заңдылықтарын кіріктіру негізінде меңгеруі; - иллюстрациялы түсіндірмелі оқытуда адам-қоғам-табиғат үйлесімдік бағыттағы дүниетанымында жүйелі саналы мəдениет қалыптасады; - саралап деңгейлеп оқыту технологиясында оқытудың мазмұны мен əдістері шығармашылық ізденіс іс-əрекет жасау негізінде адамның инновациялық қабілеттерінің қалыптасуына бағытталады. - оқытушы білмейтін шығармашылық ізденіс негізінде өмірге келген жаңа қабілет; - дербес оқыту технологиясы оқу-тəрбие үдерісінде ғылымның негіздерін игерту үшін ізгілік, адамгершілік қасиеттерді қалыптастыра отырып, жеке тұлғаның əлеуметтік-психологиялық жауапкершілігін арттырады (Ф. Б. Бөрібекова, Н. Ж. Жанатбекова Қазіргі заманғы педагогикалық технологиялар: Оқулық. - Алматы: 2014. - 26 бет.).
Әдебиет сабақтарында біз сөз өнерін оқуға және қабылдауға қатысты педагогикалық технологияларды қолданамыз. Сондықтан біз талап етеміз
технологияны шығармашылық қызмет ретінде түсіну. Оқушының оқырманның әдеби дамуының шығармашылық технологиясы сәйкесінше талап етеді
білім, сондай - ақ оқу қасиеттерін өзектендіру мәселелерін түсіну және дамыту-бұрынғы білімді бұрын игерілген және жаңа қолдану арқылы білімді кеңейту, тереңдету. Қазіргі уақытта мұғалімдер
барлық ерекшеліктерді ескеретін осындай педагогикалық технологияларды қолдана отырып, технологиялық тәсіл негізінде оқыту жүйесін енгізуді ұсынады. Осы ғылыми негізделген жүйенің көмегімен мұғалімдер өздерінің күнделікті педагогикалық қызметінде саналы тактикалық қадамдарды жоспарлай алады.
Оқу қиялын өзектендіру технологияларын құру мен
әдебиетті оқыту процесінде біз шығармашылық технологияны әр оқушының шығармашылық әлеуетін іске асырудың жеке жолы ретінде қарастырамыз.
Әдебиет сабақтарында қиялды дамытудың шығармашылық технологиясының мүмкіндігін мұғалім оқушылармен бірге оқу кезінде көреміз
тақырыптар келесі тәсілдердің бірін таңдай алады:
бейнелі немесе логикалық
таным, тереңдетілген немесе энциклопедиялық зерттеу, таныстыру,
тақырыпты таңдамалы немесе кеңейтілген игеру [19].
Орта мектепте лирикалық шығарманы оқытудың заманауи әдістерінің тиімділігін арттыру жолдарын сараптау
Жалпы орта білім берудің базалық мазмұны оқу нәтижелеріне бағдарланады және мынадай аспектілерді ескере отырып айқындалады:
1) қазіргі қоғамның серпінді сұраныстарына және ғылымның даму деңгейлеріне сәйкес болу;
2) сын тұрғысынан, шығармашылықпен және позитивті ойлауды дамыту;
3) пәнаралық және пәнішілік байланыстар негізінде оқу пәндері мазмұнының кіріктірілуін күшейту;
4) негізгі орта білім беру және жалпы орта білім беру деңгейлері арасындағы білім мазмұнының үздіксіздігі және сабақтастығы қағидатын сақтау;
5) білім беру мазмұнының академиялық және практикалық бағыттылығы арасындағы теңгерімді сақтау;
6) оқытудың, тәрбиелеумен дамытудың біртұтастығын қамтамасыз ету [5].
Тіл мен әдебиетті оқыту әдеби тіл нормаларын меңгеру деңгейін жетілдіре түсуге, білім алушылардың сөздік қорын молайтуға және сөйлеу тілінің грамматикалық құрылымын байытуға, тілдік құбылыстар мен фактілерді және әдеби шығармаларды талдау және оларға баға беру қабілеттерін дамытуға бағытталған (https:adilet.zan.kzkazdocsV18 00017669);
Әдебиетті оқыту әдістемесі - күрделі ғылым. Оқыту заңдылықтарын қарастыратын дидактикамен, адам әрекетінің психикалық заңдылықтарын қарастыратын психологиямен, кӛркем әдебиеттің даму заңдылықтарын қарастыратын әдебиеттану ғылымымен әдебиетті оқыту әдістемесі тікелей
қатысады, жетістіктеріне сүйенеді, алайда өзіндік міндеттерін көздейді.
Әдебиетті оқыту әдістемесі барлық уақытта да ғылымының қиындығы болып келді. Оның себебі - әдебиетті оқыту әдістемесі адамға қатысты, жеке тұлға қалыптастыруға қатысты ғылым екендігінде. Ал адамтану, адам қалыптастыру қоғамдағы ең маңызды да күрделі істердің бірі. Әдебиетті оқыту әдістемесінің әдіснамалық негіздеріне педагогика, әдебиеттану ғылымдарынан басқа әлеуметтану, қоғамтану ғылымдары да кіреді [6].
Көркемдік қабылдау мәселесі " теориялық тұрғыдан ғана емес, практикалық тұрғыдан да өте маңызды,өнердің, қабылдау мәдениетінің, реципиент-оқырманның, көрерменнің тыңдаушының "біліктілігін" арттыру жолдары мен тәсілдерін әзірлеу мақсатында " (Мейлах B. C. шығармашылық процесі және көркемдік қабылдау). [7]
Әдебиетті қабылдау кезеңдері туралы айту әдеттегідей:
1) шығарманы тікелей қабылдау, яғни, шығарманың бейнелерін қайта құру және тәжірибе жасау (осы кезеңдегі жетекші үдеріс - қиял процесі);
2) шығарманың идеялық мазмұнын түсіну (бұл кезеңде жетекші болып табылатын үдеріс - бұл ойлау, бірақ, ол эмоционалды түрде бастан өткерген нәрсемен жұмыс істейтіндіктен, ол эмоционалдылықты өлтірмейді);
3) көркем әдебиеттің оқырманның шығармаларды қабылдау нәтижесінде жеке тұлғасына әсер етуі (Никифорова О. и. көркем әдебиетті қабылдау психологиясы. М., 1972. Б. 7 - 8 , Психолог О. И. Ники).
Шетелдік озық тәжірибеге сүйенсек Германияда бастауыш мектепте әдебиет оқудың басты мақсаты - оқушыларды әдеби оқумен таныстыру, олар одан ләззат алып, дамыта алатындай етіп тұрақты оқу әдеттерін қалыптастару.
Онда әдебиетпен жұмыс тәжірибесі және шығармашылық әдістер жиі қолданылады [15].
III. Орта мектепте қазіргі кезде оқытылуы тиіс өзекті лирикалық шығармаларды таңдау тәсілдері және таңдалған туындыларды оқыту әдістемелерінде қолдану мүмкіндіктеріне мысал келтіру:
1.Орта мектепте қазіргі кезде оқытылуы тиіс өзекті лирикалық шығармаларды таңдау тәсілдері:
Мұғалімдердің алдында тұрған мәселелердің бірі-оқушыларға арналған дұрыс көркем мәтінді таңдау. Қолдануға сай көркем мәтіндердің түрлері өте көп. Алайда мұғалім ол сыныпта талқылығысы келетін мәтінді таңдағанда өте сақ болу керек. Сыныпта сабақ беру үшін әдеби шығарманы таңдау оқушылардың қажеттіліктерін, олардың мотивациясын, қызығушылығын және мәдени ортасын ескеруі керек [16].
Дафф пен Мали (2007: 12-13) егер мұғалімдер олар кейбір мәселелерге назар аударса көптеген қиындықтарды жеңе алады деп санайды.
Әдеби мәтіндерді таңдауда сұрақ қоб маңызды болып табылады, мысалы:
Пән студенттерге қызықты ма?
Тілді меңгеру деңгейі дұрыс па?
Бұл ұзындық қол жетімді уақытқа сәйкес келе ме?
Бұл үшін Мәдениет немесе әдебиет туралы көп білім қажет пе?
Бұл мәдени тұрғыдан орынды ма?
Бұл мәтінді тіл үйрену мақсатында қолдануға бола ма?
(Language in India www.languageinindia.com 81 10 : 7 July 2010 Abraham Panavelil Abraham, Ph.D. Teaching Literature through Language - Some Considerations - page 81).

Әдеби шығарманы таңдауда оның атауы да маңызды, өйткені ол тақырыптытақырыпты көрсетеді. Мұғалім сыныпта өзі талқылағысы келген қалаған өлеңнің атын жариялайды және өлеңді оқымастан бұрын оқушылардан не болуы мүмкін екендігі туралы болжам жасауды сұрайды:
Мысалы, тақтаға "Қарлы кеште ормандағы аялдама"деген өлең атауын жазып, кейін мұғалім оқушылардан жауап алу үшін бірқатар сұрақтар қоя алады:
1. Өлеңнің атауы сөйлем немесе сөздер тобы ма?
2. Сіз орман деп не түсінесіз?
3. "Орман" мен "ағаш"арасындағы айырмашылық неде? [16].

Тақырыпты талқылай отырып, мұғалім енді өлеңнің көрнекі бейнесін бере алады. Мұндай жаттығу өлеңнің мазмұнын болжау үшін маңызды кеңестер бере алады.
Мұқабада иллюстрациялары бар көптеген мәтіндер бар, соның ішінде графикалық мазмұнды ұсынуға болады. Сонымен қатар, мұғалім (егер оның көркемдік таланты болса) мүмкін поэма негізінде сурет салу немесе суретші досының көмегін пайдалану.
Өлеңге Иллюстрация " орманда тоқтау..."орманды көлмен бейнелеу керек, онда су қатып қалды, өйткені бұл қыс мезгілі. Көлдің жанында саяхатшы бар жылқысын тоқтатып, әдемі көріністі тамашалады. ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Драмалық шығармалар
Әдебиетті оқыту әдістемесі
Драмалық шығармаларды оқытудың ерекшеліктері
ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІН ОҚЫТУ ӘДІСТЕМЕСІ
Көркем шығарманы талдау мен дамыту бағыттары
Әдебиетті оқыту әдістерінің топтары
КІШІ МЕКТЕП ЖАСЫНДАҒЫ ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЭСТЕТИКАЛЫҚ СЕЗІМДЕРІН ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ МЕН ҚҰРАЛДАРЫ
Лириканы оқытудың тәсілдері
Поэзиялық шығармаларды оқыту
Мектептегі әдебиет курсының мазмұны
Пәндер