Нематодтар немесе жұмыр құрттар класы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ҚЫЗДАР ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Таихи

СӨЖ

Тақырыбы: Нематодтар немесе жұмыр құрттар класы.

Орындаған: Аутен Әсел Үсенқызы
Тобы: 6B01508-химия-биология
Тексерген: Айтжанова Мира Онланбековна

Жұмыр құрттар, нематодтар (Nemathelmіnthes) - төменгі сатыдағы құрттар типі. Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта, биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан оларды космополиттік жануарлар қатарына жатқызады. Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар (Nematoda); құрсақ кірпікшелілер (Gastrotrіcha); киноринхалар (Kіnorhyncha); түкті құрттар (Nematorpha); коловраткалар (Rotatorіa). 27 мыңдай түрі белгілі. Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы - ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады. Денесі жіп тәрізді (грек. nematos - жіп) созылыңқы келеді. Ұзындығы 1 мм-ден 8 м-ге (Рlacentonema gіgantіssіma) жетеді. Бұлардың денесінің сырты қалың кутикула қабатымен қапталған. Ұзын, ұршық тәрізді бұлшық еті жиырылғыш келеді әрі қозу толқынын (импульсін) қабылдап, бір бұлшық еттен екіншіге өткізеді. Тері-бұлшық ет қапшығы мен ішектің арасындағы дененің алғашқы қуысы (іші сұйық затқа толы) оның жұмырлығын тұрақты түрде сақтайды, денесінің тірегі болып, зат алмасу процесіне қатысады. Ас қорыту жүйесі ұзына бойына созылған тік түтік тәрізді алдыңғы, ортаңғы және артқы ішектен тұрады. Ауыз қуысы дененің алдыңғы ұшында орналасқан, ол өңешке ұласады. Зәр шығару жүйесі протонефридиялды (зәрді тері бездері арқылы шығарады). Қан айналу және тыныс алу жүйесі дамымаған. Жүйке жүйесінің орталық бөлімін жұтқыншақ маңындағы жүйке сақинасы мен бірнеше жүйке бағаналары (ұзына бойына созылған) құрайды. Жүйке клеткалары жүйке бағаналарымен байланыса жекелеген ганглияларды құрмай, тек құрсақ жүйке бағанасында құрсақ тізбегін құрай дамыған. Сезім мүшелері нашар дамыған. Дара жыныстылар, арасында гермафродиттер де кездеседі. Жұмыртқалары жатынның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмыр құрттар типі
Нағыз жұмыр құрттар класы (Nematoda)
Қызыл балдырлар. Жұмыр құрттар
НАҒЫЗ Ж¥МЫР Қ¥РТТАР немесе НЕМАТОДТАР КЛАСЫ - NEMATODA
Бұрышқа зиян келтіретін бунақденелердің биологиясы, зияндылығы, таралуы
Жалпақ құрттар типіне жататын жәндіктер
ОМЫРТҚАСЫЗДАР ЗООЛОГИЯСЫ
Зоология пәні мен оның міндеттері
Адам және шошқа аскаридозы
Нематодтар туралы
Пәндер