Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің жалпы сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі
Әл - Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті

Факультеті Ақпараттық технологиялар факультеті
Кафедрасы Жасанды интелект және Big Data

pеферат
Тақырыбы: Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің жалпы сипаттамасы

Орындаған:Момбеков Мухамеджан
Тексерген: ______________________

АиУ 18 - 10 а

Алматы 2020 ж

Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметінің жалпы сипаттамасы
Сақтандыру -- сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады.
Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері (жауапкершілікті сақтандыру). Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін (қайта сақтандыру мен өзара сақтандырудан басқа) және ҚР резиденттері болып табылатын жеке тұлғалардың мүлкін тек цақтандыру қызметін жүзеге асыруға лицензиясы бар заңды тұлғалар ғана сақтандыра алады.
Сақтандырушы сақтандыру қызметін өз агенттері мен делдалдары арқылы жүзеге асырады. Сақтандырылатын болжалды оқиға сақтандыру тәуекелдігі (қатері) болып табылады. Сақтандыру тәуекелдігі ретінде қарастырылатын оқиғаның басталуында ықтималдық пен кездейсоқтық белгілер болуға тиіс. Ол белгілі болған жағдайда сақтандырылған тұлғаға, пайда алушыдан сақтандыру өтемі түрінде немесе сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыруды қамсыздандыру түрінде сақтандыру төлемі төленеді. Сақтандыру шартында айқындалған немесе заңда белгіленген ақшалай сома сақтандыру сомасы деп аталады, осы соманың негізінде сақтандыру жарнасының немесе сақтандыру төлемінің мөлшері белгіленеді. Мүлікті сақтандыруда сақтандыру сомасы оның шарт жасасу сәтіндегі шын құнынан (сақтандыру құнынан) аспауға, ал сақтандыру жағдайы басталғанда сақтандыру өтемі сақтанушының немесе үшінші бір тұлғаның сақтандырылған мүлкіне келтірілген тікелей зиянның мөлшерінен аспауға тиіс. Жеке адамды сақтандыруда сақтандыру сомасын сақтанушы сақтандырушымен келісе отырып белгілейді. Сақтанушы сақтандыру шартына немесе заңға сәйкес сақтандырушыға төлеуге міндетті сақтандыру төлемі сақтандыру жарнасы деп аталады. Сақтандыру жарнасының мөлшерлемесі сақтандыру тарифі болып табылады. Сақтандырудың міндетті түрлері бойынша сақтандыру тарифтері міндетті сақтандыру туралы заңдарда белгіленеді. Жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандырудың ерікті түрлері бойынша сақтандыру тарифтерін сақтандырушылар дербес есептейді. Сақтандыру тарифінің нақты мөлшері тараптардың келісуімен арнаулы шартта айқындалады. [1]Неке организације имају праксу да повећају трошак износа ако клијент затражи да плаћање подели са шест месеци, квартално. Величина доприноса повећава се за 10-20%.[2]
Сақтандыру объектісін бір шарт бойынша бірнеше сақтандырушы бірлесіп сақтандыруы мүмкін (ортақ сақтандыру). Бұл орайда шартта әрбір сақтандырушының құқықтары мен міндеттерін айқындайтын уағдалы шарттар баяндалуға тиіс. Сақтандырушы тәуекелдікті сақтандыруға қабылдай отырып, теңдестірілген сақтандыру қоржынын жасау және сақтандыру операцияларының тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін ол бойынша жауапкершіліктің бір бөлігін уағдаласылған шартпен басқа бір сақтандырушыға беруі мүмкін. Мұны қайта сақтандыру дейді. Қайта сақтандыруға қатысушы тиісінше "қайта сақтанушы" (сақтандырылған тәуекелдікті ішінара қайта сақтандыруға берген сақтандырушы) және "қайта сақтандырушы" (тәуекелдікті сақтандыруға қабылдаушы) деп аталады. Сақтандырушыларда төленген жарғылық капиталдың және сақтандыру сақтық қорларының болуы, қайта сақтандыру жүйесі сақтандырушылардың қаржы тұрақтылығының негізі болып табылады. сақтандыру сақтық қорлары жеке адамды, мүлікті және жауапкершілікті сақтандыру бойынша алынған сақтандыру жарналарынан құралады.
Қазақстан аумағында сақтандыру алғаш рет Кеңес өкіметі орнағаннан кейін енгізілді. Бұл кезеңде сақтандыру мемлекеттік іске айналды. Сақтандыруды ұйымдастыру мен жүргізудің жаңа нысаны Халкомкеңестің "Мемлекеттік мүлікті сақтандыру туралы" 1921 жылы 6 қазандағы декретімен жүзеге асырылды. Қазақстанда 1926 жылы мемлекеттік сақтандыру ауыл-селода есепке алынған барлық шаруашылықтардың 34%-ын қамтыды. 1929 жылы КСРО ОАК пен Халкомкеңесінің қаулысына сәйкес мемлекеттік және кооперативтік кәсіпорындар мен ұйымдардың мүлкін ерікті сақтандыру міндетті сақтандырумен ауыстырылды, мұның өзі қоғамдастырылған сектордың мүлкін сақтандыруды арзандатып, кеңейтуге және оңайлатуға мүмкіндік берді. Сақтандыру ұжымшарлардың ұйымдық-шаруашылық жағынан нығаюына септігін тигізді. 1930 -- 40 жылдары мемлекеттік сақтандыру ісінде елеулі өзгерістер болды. КСРО Халкомкеңесінің 1930 жылғы 6 қазандағы қаулысымен өмірді жеке сақтандырудың ұзақ мерзімді түрлері жойылды. Соғыс жылдары сақтандыру қоры есебінен майдан мұқтажына республика бойынша 677,9 млн. мөлшерінде қаражат тартылды. Соғыстан кейінгі жылдар мемлекеттік сақтандырудың барлық түрлерінің тұрақты өсуімен сипатталады.
Қазақстанда мемлекеттік сақтандыру органдары КСР Министрлер Кеңесінің "Қазақ КСР-індегі мемлекеттік сақтандыру органдары туралы" 1982 жылғы қаулысымен бекітілген ережені басшылыққа алады. Сақтандыру органдарын 1987 жылға дейін Қазақ КСР-і Мемсақтандыру Бас басқармасы, ал 1987 -- 91 жылы Қазақ КСР-і Мемсақтандыру басқармасы басқарды. Кеңес Одағы ыдырап, еліміздің егемендік алуына, сондай-ақ экономиканың нарықтық қатынастарға көшуіне байланысты бұл басқарма республиканың Министрлер Кеңесінің 1991 жылғы 7 мамырдағы ғ289 қаулысымен Қазақстан Республикасының Мемлекеттік коммерциялық сақтандыру компаниясы басқармасы болып қайта құрылды. Оның құрылымында 297 бас инспекция және 116 телімдік инспекция жұмыс істеді. КСРО Мемсақтандыру ыдырағаннан кейінгі кезеңде Қазақстанда сақтандыру қызметін реформалау ісі қолға алынды. Сөйтіп, 90-жылдардың басында Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігінің жанынан сақтандыру қадағалауы ұйымдастырылды. 1998 жылы бұл қадағалау Қазақстан Республикасының Ұлттық банкіне берілді. Республикада сақтандыру ұйымдарының қаржы жөнінен тұрақты болуына қойылатын талаптарды, сақтандырудың жаңа заңдарын қалыптастыру, сақтандыру нарығының анықтығын қамтамасыз ету жұмыстары жүргізілді. 2000 жылы ҚР Ұлттық банкі Сақтандыруды қадағалау органдарының халықаралық қауымдастығына (ІАІС) толық құқылы мүше болып кірді. Сақтандыру ұйымдарының есебі мен қаржы есептілігінің жаңа стандарттары енгізілді, ІАІС ұсыныстарына сәйкес сақтандыру нарығын ұйымдастырудың жаңа қағидалары мен стандарттары әзірленді. 2000 жылы Қазақстан Республикасында 42 сақтандыру ұйымының сақтандыру қызметін жүзеге асыру құқығына лицензиясы болды, оның ішінде төрт ұйымға шетелдік сақтандыру компаниясы қатысады. Республикада сақтандыру ұйымдарының 300-ден астам бөлімшесі мен өкілдіктері жұмыс істейді. Сақтандыру агенттерінің тармақталған желісі бар. 2000 жылы сақтандыру ұйымдарының төленген жарғылық капиталының жиынтық мөлшері 3,8 млрд. теңгеге жуық болды. Қазіргі кезде (2004) сақтандыру төлемдері 4,2 млрд. теңгені құрайды, мұның өзі жалпы сақтандыру сыйақысының 14%-ы.
Cақтандырудың құқықтық табиғаты. Сақтандыру құқығы құқықтық институт ретінде табиғаты. Қарастырылатын сұрақтар: 1. Сақтандырудың құқықтық сипаттамасы. 2. Сақтандыру құқығының түсінігі және пәні. 3. Сақтандыру қатынастарының белгілері, олардың өзе қаражат қатынастарынан айырмашылығы. 4. Сақтандыру қатынастары. Материалдық сақтандыру қатынастары және сақтандыру ісін ұйымдастыру қатынастары. Сақтандырудың құқықтық сипаттамасы. Сақтандыру құқығының түсінігі және пәні. Сақтандыру қатынастарының белгілері, олардың өзе қаражат қатынастарынан айырмашылығы. Сақтандыру қатынастары. Материалдық сақтандыру қатынастары және сақтандыру ісін ұйымдастыру қатынастары.Сақтандыру -- сақтандыру ұйымдары (сақтандырушылар) мен жеке заңды тұлғалар арасындағы, сондай-ақ сақтандыру ұйымдарының өздерінің арасындағы жеке және заңды тұлғалардың мүліктік мүдделерін қорғау жөніндегі құқықтық қатынастар. Сақтандыру ерікті және міндетті нысандарда жүзеге асырылады. Ерікті сақтандыру сақтанушы мен сақтандырушы арасындағы шартқа негізделеді. Ерікті сақтандырудың ортақ шарттарын және оның жүргізілу тәртібін айқындайтын ережелерін сақтандырушы дербес айқындайды. Міндетті сақтандыру заңға сәйкес жүзеге асырылады. Сақтандыру объектілеріне Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтін мүліктік мүдделер жатады, олар: сақтанушының немесе сақтандырылған тұлғаның өмірімен, денсаулығымен, еңбек етуге қабілеттілігімен, зейнетақымен қамсыздандырылуымен байланысты мүдделер (жеке басты сақтандыру), мүлікті иеленумен, пайдаланумен, билеумен байланысты мүдделер (мүлікті сақтандыру), сақтанушының жеке адамға немесе жеке тұлғаның мүлкіне келтірген зиянын өтеумен байланысты мүдделері (жауапкершілікті сақтандыру).Сактандыру сақтандыру шартымен анықталған, сақтандыру ұйымының жеке активтері есебімен тікелей сақтандыру төлемдерін қалыптастыратын сақтандыру жағдайы немесе басқа жағдайлардың пайда болуындағы заңды және жеке тұлғалардың заңды қызығушылығын мүліктік қорғау жөнінде қатынастар кешенін ұсынады. Сақтандыру кызметі -- Қазақстан Республикасы заң, талаптарына сәйксс мемлекеттің өкілетті органының лицензиясы негізінде қалыптасатын сақтандыру шарттарын орындау және бекітумен байланысты сақтандыру ұйымдарының қызметі. Сақтандыру жағдайы -- сақтандыру шарты сақтандыру төлемін төлеуді қарастыратын жағдай. Сақтандыру жағдайы -- табиғи әсер, техногендік сипат және нақты адам әрекеті ретінде өз пайда болу себебін иемденетін жағдай. Сонымен қатар, сақтандыру жағдайы ретіндегі қарастырылатын жағдай кездейсоқтылық және ықтималдық белгілеріне имденуі қажет. Сақтандыру жағдайының түсу ықтималдығының деңгейі шарт жақтарымен өз бетінше бағаланады, сонымен қатар жағдайдың ықтималдылығы болмай қоймайтындыққа жақын болмауы қажет, соңғысы орын алса мұндай жағдай кездейсоқ болмайды. Жағдай орын алудың ықтималдылығы мен кездейсоқтығының талаптары жинақтау сақтандыру шарттары бойынша қарастырылатын фактілерге (оқиғаларға) қолданылмайды (ҚР АК 817 бабы, 3 т.). Сақтандыру жағдайларының түрі заң актілерімен (сақтандыру міндеті болып келген кезде) және шарттарымен (сақтандыру ерікті болып келген кезде) анықталады. Актуарий -- сақтандыру (кайта сақтандыру) ұйымының қажетті төлем қабілеттілігі мен қаржылық тұрактылық деңгейін қамтамасыз ету мақсатында сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша міндеттемелер мөлшерінің экономикалық-математикалық есептеулерін жүзеге асыруға байланысты қызметті атқаратын жеке тұлға; Сатып алу сомасы -- жинақтаушы сақтандыру шарты қолдану мерзімінен бұрын тоқтатылған кезде сақтанушының алуына құқығы бар ақша сомасы. Сақтандыру ережелері -- белгілі бір сақтандыру түрі бойынша сақтандыруды жүзеге асыру талаптарын айқындайтын сақтандыру ұйымының құжаты. Қайта сақтандырушы (цедент) - езі қабылдаған сақтандыру тәуекелдерін қайта сақтандыруға беруді жүзеге асыратын сақтандыру немесе қайта сақтандыру ұйымы. Қайта сақтандыру -- сақтандыру шарты бойынша сақтандыру ұйымы қабылдап, кейіннен өздерінің арасында жасалған қайта сақтандыру шартына сәйкес қайта сақтандыру ұйымына сақтаңдыру тәкеуелдерінің бәрін немесе бір бөлігін беруге байланысты қызмет және соған байланысты туындайтын қатынастар. Сақтандыру сыйақысы - сақталдырушының сақтандыру шарты мен аннуитетте анықталған мөлшерде сақтанушыға сақтандыру төлемін жүргізудің соңғы міндеттемелерін қабылдау үшін төлеуге міндетті ақша сомасы. Сақтандырушыдан алынған сақтандыру сый ақылары сақтанушының меншік құқығына жатады. Сақтандыру сомасы -- сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайының пайда болуындағы жауапкершіліктің, шектеулі келемін ұсынатын ақша сомасы. Сақтандыру төлемі -- жинақтаушы сақтандыру шартында анықталған, сақтандыру жағдайының келіп түсуінде немесе мерзімнің келіп түсуіндегі сақтандыру сомасы мөлшерінде сактандырушы мен сақтанушыға төленетін ақша сомасы. Сөйтіп сақтандыру төлемі сақтандырушы іс жүзінде төлейтін ақшалай сома болып келеді. Осыдан сақтандыру төлемінің сақтандыру сомасынан айырмашылығы көрінеді. Сақтандыру шарты - Сақтандыру шарты бойынша бір тарап (сақтанушы) сақтандыру сыйлық ақысын төлеуге міндеттенеді, ал екінші тарап (сақтандырушы) сақтандыру жағдайы басталған кезде сақтанушыға немесе шартта белгіленген сома (сақтандыру сомасы) шегінде өзінің пайдасына шарт жасалған өзге түлғаға (пайда алушы) сақтандыру төлемін төлеуге міндеттенеді. Сақтандыру шарттық қатынастарының ерекшелігі: сақтандырушы шығаратын ережелерде көрсетілген жағдайларға сақтанушы қосылу керек. Өз кезегінде сақтандырушы занның барлық 2000ж. IX желтоқсаидағы ҚР Заңындаіы ред. К.Р АК 8036., 1 гарм. талаптарының және оның қызметін тұтынушылардың мүддесін сақтау бойынша міндетін атқарады. Егер сақтанушының қызметін бақылайтын өкілетті мемлекеттік орган заңның бұзылуын ережелерде көрсе, онда ол сол немесе басқа сақтандыру қызметін жүргізуге лицензия (рұқсат) бермеудің негізі болып есептеледі. Сақтандыру ережелері сақтандырушымен сақтандырудың әр түрі үшін бөлек дайындалады және сақтандырудың тиісті түрін жүргізуі үшін лицензияны (рұқсатты) беру құқығы өкілстті мемлекеттік органымен келісуге жатқызылады. Шартта қарастырылмаған жағдайларға байланысты даулар пайда болса, онда басшылыққа сақтандыру ережелеріңдегі жағдайлар алынуы тиіс. Сақтандыру ережелері мыналарды қарастыруы керек: 1) сақтандыру объектілерінің тізімін; 2) сақтандыру сомаларын анықтаудың тәртібін; 3) сақтандыру тәуекелдерді; 4) сақтандыру жағдайларының қатарынан алып тастаулар және сақтандыруға шек қоюлар; 5) сақтандыру шарты қолданылуының мерзімі мен орнын; 6) сақтандыру шартын жасаудың тәртібін; 7) тараптардың құқықтары мен міңдеттерін; 8) сақтандыру жағдайы орын алғандағы сақтанушы жасауы тиіс әрекеттерді; 9) сақтандыру жағдайынын орын алғанын анықтайтын құжаттар тізімін; 10) сактандыру төлемдерін жасаудың жағдайлары мен тәртібін; 11) сақтандыру төлемі немесе сақтандыру төлемінен бас тарту жөнінде шешім қабылдау мерзімін; 12) сақтандыру шартты жағдайларының тоқтатылуын; 13) дауларды шешудің тәртібін; 14) сақтандыру тарифтерін және оларды экономикалық негіздеу; 15) ерекше жағдайлар. Сақтандыру ережелеріндегі жағдайларды сақтандырудың әдет ғұрып нормаларына жатқызуға болады деп айта аламыз. Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 825-1-бабы-ның 4-тармағының мазмұны осыны дәлелдейді. Келісім бойынша сақтанушы мен сақтандырушының арасында қосымша жағдайлар үш еседен көп қайталанса, сақтандырушы заңнама қарастырған тәртіпте сақтандырудың белгілі түрі бойынша ережелерді өзгертуге міндетті. Яғни, бұл жағдайлар сақтандырушының тұрақтанған тәжірибесінің бөлігі ретінде қарастырылады. Сақтандыру шартының сипаттамаларын қарастырайық. Заңнамадағы анықтамасына сәйкес сақтандыру шарты консенсуалды болып қаралады. Бірақ, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 827-6. сәйкес, сақтандыру шарты сақтанушы сақтандыру сыйлык ақысын төлеген кезден бастап, ал оны бөліп-бөліп төлеу қарастырылса, бірінші сақтандыру жарнасы төленген кезден бастап күшіне енеді және тараптар үшін міндетті болады. Осыны ескерсек іс жүзінде жалпы тәртіп бойынша сақтандыру шартының салдары болып келетіні түсінікті. Сақтандыру шартына консенсуалдық мінез тараптардың келісімімен нсмесе жеке заң актілерімен берілуі мүмкін. Сақтандыру шарты өзара шарт, оны сақтанушы мен сақтандырушының негізгі құқықтары мен міндеттеріне назар аудара отырып көруге болады. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақыларын төлеу керек, ал сақтандырушы олардың төленуін талап етуге құқылы. Тиісінше (өз кезегінде) сақтанушы сақтандырушыдан оның сактандыру төлемін жасау бойынша міндетінің орындалуын талап ете алады. Сақтандыру шарты - ақылы шарт, тараптардың әрқайсысы берілгеннің орнына мүліктік қанағат алады. Сақтандырушы тарапы сақтандыру сыйлық ақылары түрінде мүліктік қанағат алады, ал сақтанушы тарабы болса немесе пайда табушы сақтандыру төлемін алған ретте мүліктік қанағаттандыруға қол жеткізеді. Сақтандыру шартының ақылығы сақтандыру төлемі барлық жағдайларда жасалмайтынына қарамастан сақтала береді. Оның орналасуы мен алынуы сақтандыру шартын жасау кезінде тараптардың ниетімен қамтылады. Сақтандыру нарығының қызмет етуінің негізгі заңдары болып құн заңы мен сұраныс және ұсыныс заңы саналады.
Сақтандыру нарығы тауарлы шаруашылықтың даму процесінде қалыптасады және де соңғысының ажырамас элементі болып табылады. Айтылған екеуінің де пайда болуының шарты болып қоғамдық еңбек бөлінісі және әртүрлі меншік иелерінің болуы табылады. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастардағы субъектілердің дербестігін, олардың сақтандыру қызметін сату-сатып алу бойынша тең құқылы серіктестігін, көлденең және тік байланыстардың дамыған жүйесін, бәсекелестікті болжайды.
Мемлекет экономикасындағы сақтандырудың нарықтық қатынастар инфрақұрылымының қызмет етуінің негізгі элементі ретіндегі рөлі артуда. Бұл жерде экономикалық инфрақұрылымға сақтандыру механизмін енгізу мен мемлекеттегі сақтандыру нарығының өз инфрақұрылымын құру сияқты екі параллель процесс жайлы сөз болуда.
Жүргізілген зерттеулерге сәйкес, сақтандыру нарығының мәні - адамдардың, шаруашылық құрылымдардың, кәсіпкерлік және коммерциялық фирмалардың, өндірістік кәсіпорындардың әртүрлі кездейсоқ жағдайлардан сақтық қорғауға деген қажеттіліктерін қанағаттандыруда.
Сақтандыру нарығының экономикалық мәні материалдық немесе басқа да нұқсан келтіре алатын сақтандыру тәуекелінің болуымен шарттасылған қайта бөлушілік ақша қатынастарымен сипатталады.
Бір жағынан, сақтандыру қызметтерінің нарығы - бұл сақтандыру өнімін сату-сатып алумен байланысты экономикалық қатынастар жиынтығы, ал екінші жағынан, сақтандыру қызметін сату-сатып алумен байланысты бірнеше нарықтық қатынастар субъектілері арасындағы тең құқылы және жауапкершілікті серіктестік.
Сәйкесінше, нарық сақтандыру бизнесінің белсенді дамуы, көптеген сақтандыру ұйымдарының құрылуы мен қызмет етуі үшін объективті жағдайлар жасайды. Осылайша, сақтандыру нарығы белгілі бір жағдайлар жасалған кезде Қазақстанның экономикалық қатынастары мен байланыстары жүйесінде айтарлықтай маңызды рөл ойнар еді. Қазірдің өзінде сақтандыруға деген көзқарас өзгеруде. Сақтандыру қызметтері нарығында мүдделердің жаңа топтары қалыптасуда. Сақтандыру нарығы нарықтық қатынастар құралдарының ішінде aнық орын алуда.
1.2 Сақтандыру нарығының құрамы мен құрылымы

Сақтандыру нарығының мазмұнын оның түрлері, инфрақұрылымы кеңірек ашады. Ендігі кезекте сол түрлерін қарастырып өтейік.
Салалық нышаны бойынша өмірді сақтандыру нарығын (сонымен бірге сақтандырудың барлық ұзақ мерзімді түрлері: зейнетақыны, денсаулықты, аннуитет және т.б. жатады), мүлікті сақтандыру нарығын, жауапкершілікті сақтандыру және де жазатайым уақиғалардан сақтандыру нарығын бөледі. Қазақстан Республикасында сақтандырудың "өмірді сақтандыру" және "жалпы сақтандыру" сияқты екі саласы белгіленген.
Масштабы бойынша ұлттық, аймақтық және халықаралық сақтандыру нарықтарын бөледі.
Ұлттық сақтандыру нарығы - жеке мемлекеттегі сақтандыру ұйымдарының қызмет ету сферасы. Институционалды түрде ұлттық сақтандыру нарығы сақтандыру ұйымдарынан, арнайы қайта сақтандырушы ұйымдардан, сақтандыру брокерлері мен агенттерінен тұрады. Ұлттық сақтандыру нарығындағы барлық қызмет ұлттық сақтандыру заңы шегінде жүргізіледі. Бұл заңның орындалуын бақылау мемлекеттік сақтандыруды бақылау органына жүктелген. Ең ірі ұлттық сақтандыру нарықтары АҚШта, Ұлыбританияда, Германияда және басқа да бірқатар елдерде қалыптасқан. Ұлттық сақтандыру нарығында Үкіметте, бұқаралық ақпарат құралдарында, халықаралық келіссөздерде сақтандыру ұйымдарының ұжымдық мүдделерін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«МULTIMEDIA LED» ЖШС--жалпы сипаттамасы. Кәсіпорынның қаржылық қамтамассыз ету қызметінің әдістері, қайнар көздері және формалары
Қазақстан Республикасының сақтандыру қызметі
Сақтандыру пәнінен дәрістер тақырыбы
Коммерциялық ұйымдардың сипаттамасы
ҚАРЖЫЛЫҚ ҚҰҚЫҚТЫҢ ЖАЛПЫ СИПАТТАМАСЫ
МҰНАЙ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫ САҚТАНДЫРУ КОМПАНИЯСЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДА
Экологиялық құқықтың қоғамдағы ролі
Сақтандыру ұйымдардағы қаржылық менеджмент
Қазақстан Республикасындағы бағалау қызметі
Сақтандыру компанияларының саны
Пәндер