Әлемдік деңгейде мойындалған туындылар


Әлемдік деңгейде мойындалған қандай туындылар
- «Мона Лиза», Леонардо да Винчи
Мо́на Ли́за (итал. Мона Ліса) - бұл шамамен 1503 жылдары итальяндық суретші Леонардо да Винчидің салған суреті. Бұл сурет әлемдегі ең танымалы көркем суреттердің бірі болып табылады. Қайта өркендеу заманына жатады. Луврда (Франция, Париж) қойылған.
Суреттің толық атауы итал. Рітратто ді Монна Ліса дел Гіоцондо - Лиза Джокондо ханымның суреті.
Басқа ешбір суреттерде Леонардо тұманды және тереңдікті («сфумато») “Моно Лизадағыдай” соншалықты дәл бейнелемеген. Бұл орындалуы бойынша ең озық шығарманың бірі болып есептелетін секілді. «Мона Лизаның» бүкіл әлемдік атаққа ие болуы көркем қызығушылар мен мамандарды сүйсіндіретін Леонарданың сапалы жұмысына ғана байланысты емес. Сурет тарихшылар зерттеуінен өтті және суретшілермен көшірмесі жасалды. Бірақ ол ұзақ уақыт бойына тек өнер білгірлеріне ғана танымал болды (знаток), егер оның ерекше тарихы болмағанда. 1911 жылы «Мона Лиза» ұрланып, үш жылдан кейін кездейсоқ жағдайлардың әсерінен музейге қайта оралды. Осы уақыт аралығында «Мона Лиза» бүкіл әлемдегі газет пен журналдардың бірінші бетінен түспеді. Сондықтан басқа суреттерден қарағанда «Мона Лизаның» көшірмесінің көп болуы таң қаларлық жағдай емес. Сурет әлемдік классиканың шедеврі ретіндегі объектке айналды.
Суретте бейнеленген тұлғаны ұқсасын салу өте қиын. Осы күнге дейін осыған байланысты талас, тіпті ақылға сыймайтын пікірлер айтылып келді:
Флорентиялық саудагердің әйелі дель Джокондо
Екатерина Сфорца
Изабелла д’Эсте
Мінсіз әйел
Әйел киіміндегі жас бозбала
Леонардоның автопортреті
«Жұлдызды түн» Винсент Ван Гог
«Жұлдызды түн» (нидерд. Де стерреннацһт) - голланд суретшісі Винсент Ван Гогтың суреті. 1889 жылдың маусымында салынған. Суретте таң атар алдындағы мезгілдегі қала көрінісі бейнеленген. Суретші бейнелеуде өзінің Сен-Реми-де-Прованс қаласындағы үйінің шығыс әйнегінен қала көрінісін қолданған. Сурет 1941 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін Нью-Йорк қаласында Заманауи өнер мұражайында сақталады.
«Жұлдызды түн» Ван Гогтың түнгі аспанды алғаш бейнелеуі болған жоқ. Оның алдында суретші 1888 жылы ақпанда Арль қаласына көшіп, сол қалада «Рона үстіндегі жұлдызды түн» суретін салды. Ван Гог біз түнде бақылайтын аспаннан ерекше, қиялғажайып жұлдызды түнді көрсеткісі келген. Хаттардың біреуінде ол болашақ суреттің көрінісін сипаттаған - кипаристер мен жұлдызды түн, мүмкін піскен бидай алқабының үстінде. Өз ойын ол тек Сен-Ремиде жүзеге асырды. Кейбір зерттеушілердің пайымдауынша бұл кезеңде суретші қатты күйзелістерге ұшырап, осы және тағы біраз суретін борау пішінді оюлармен, сызықтармен салған.
Сальвадор Дали, «Естің тұрақтығы». 1931
Осы бір кішкентай туынды пәлсапалық символдарға толы. Мысалы, дәл ортада бейнеленген кірпіктері бар тіршілік иесі бұл ұйықтап жатқан Далидің автопортреті. Автордың айтуынша, бұл картинаны тудыруға оған ерітілген ірімшік түрткі болған екен. Қарапайым заттардан әсемдікті көре білу деп осыны айтуға болатын шығар.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz