Дәрігердің кәсіби қызметінде коммуникативтік дағдылардың маңызыдылғы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

КеАҚ «Астана медицина университеті»

C:\Users\Админ\Desktop\СЛАЙД\logo-mua.png

Медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасы

СӨЖ

Тақырып: «Дәрігердің кәсіби қызметінде коммуникативтік дағдылардың маңызыдылғы» тақрыбына эссе даярлау

Топ: 111

Орындаған: Шадманов С. А

Қабылдаған: Ильясова Б. М

Факультет: Жалпы медицна

Нур-Султан 2019

Кіріспе
Похожее изображение
Дәрігердің коммуникативті дағдыларды жүргізе алу дәрежесі дәрігердің науқаспен, әріптестерімен жақсы қарым-қатынас құра алуына оң әсерін тигізері сөзсіз. Емхана дәрігері коммуникативті дағдыларды жоғары дәрежеде жүргізе алса, бұл емхананың да, дәрігердің де беделін асырады. Сол себепті, дәрігер басқа дәрігердің де, өзінің де коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалай алуы тиіс. Коммуникативті дағдыларды жүргізу дәрежесін бағалау арқылы, дәрежені одан ары арттыруға мүмкіндік аламыз Дәрігер өз міндетін атқару барысында, басқа адамдармен түрлі қарым қатынас, байланыс, сұқбат жасауға мәжбүр болады: оның ішінде - науқаспен, оның туысқандарымен, басқа медициналық қызметкерлерімен, т. б. дәрігер мен сырқат адамның қатынасының жоғары дәрежеде болуы, маманның кәсіби дамуына үздіксіз әсер етеді.

Қарым-қатынас - адамдардың жанасуы негізінде ақпаратпен алмасуы, бір бірін қабылдауы және әрекеттесуі. Дәрігер жұмысының нәтижелілігі мен деңгейі, дәрежесі, оның білімділігі мен біліктілігіне ғана емес, қарым-қатынас дағдыларына да байланысты екені анық. Коммуникативтік дағдылар - дәрігердің жұмыс барысына байланысты басқа субьектілермен (адамдармен, науқаспен, оның жақындары және туысқандарымен, әріптестерімен, т. б) тиісті дәрежеде қарым-қатынас жасай отырып, медициналық жәрдем шараларының тиімділігі мен нәтижесін арттыру. Қатынасуда субьектілер сөз, мимика және дене қимылы арқылы, бір-біріне мәлімет тасымалдап, әрекеттеседі. Вербальды коммуникация - адамдардың қатынасу үшін белгі жүйесі ретінде сөзді қолдануы. Вербальды емес коммуникация - қатынасу үшін тілден басқа белгілерді қосымша пайдалану(жест, мимика, дауыс ырғағы, көзбен жанасу) . Өзара мәлімет алмасу арқылы қарым-қатынасқа түскен адамдар сұқпаттаса келе, бірін бірі түсініп, танысады.

Науқасқа тиімді ем шараларын тағайындау үшін емдеуші дәрігер, мамандығы басқа әріптестерімен дұрыс қарым-қатынас жасауы өте маңызды болады. Дәрігердің коммуникативтік дағдылары, оның адамгершілік, психологиялық қасиеттеріне байланысты болады. Дәрігердің бұл қасиеті хирургиялық мамандықтарда, төтенше және жедел жәрдем көрсетуде маңызы өте зор. Мұнда дәрігердің жайлы мінез-құлқы, көңіл-күйі, шыдамдылығы, өркөкіректігі, жеңілтек мінезділігі оның әріптестерімен қарым-қатынас құруына, медициналық ұжымда қалыпты қызмет атқаруына талай қиыншылықтар тудырады және бұл жағдай жұмыс нәтижесін жоққа шығарады.

Ежелгі заманда дәрігерлер саны өте шамалы болағандықтан, олар бір өздері қызмет атқарып, басқа әріптестерімен көп қатынасқа түспеген. Қазіргі таңда дәрігерлер саны күрт өскендіктен, медициналық амандардың да саны артты. Диагностикалық және емдеу технологияларын, ақпараттарды қолдануға байланысты, медициналық мекемелерде көптеген техникалық мамандарда жұмыс атқарады. Сондықтан, бүгінгі таңда дәрігер жұмыс бабына орай күнделікті көптеген әріптестерімен, медициналық орта буынды қызметкерлерімен, науқас және оның жақын туыстарымен тікелей қарым-қатынаста болады. Мұндай жағдайда, дәрігер жұмысының нәтижелілігі, қарамағындағы аурулардың тағдыры, оның әріптестерімен және басқа медициналық қызметкерлермен дұрыс қатынас құруына байланысты.

Дәрігер бүркіт көзді, жылан мінезді, арыстан жүректі болуға міндетті деп Ибн Сина айтып кеткендей медицина қызметкерлерінен сезімталдық, ықыластылық, қайырымдылық, ақпейілділік, мейірімділік, қамқоршылық және жоғары кәсіби мәдениеттілік сияқты адамгершілік қасиеттер талап етіледі. Дәрігердің негізгі міндеті ауру адамды науқасынан айықтыру, оның қал-жағдайын жақсарту, аурудан сақтап, оның алдын алу жақтарымен шұғылдану болып табылады. Міне осы міндеттерді орындау барысында дәрігермен ауру адамның арасында күрделі қарым-қатынас туады. Осы қарым-қатынастың дұрыс өзекке түсуі үшін дәрігер бойында көптеген жақсы қасиеттердің болуы өте қажет. Бұл қасиеттердің бәрін бір сөзбен сипаттасақ, жақсы дәрігерде маманына сәйкес «медициналық» мінез қалыптасуы керек. Әрине, мамандық білімін жетілдіру қай салада болмасын керекті жәйт, бірақ дәрігерлік қызметте оның маңызы ерекше. Өйткені, біріншіден сіздің мамандығыңыз адамның денсаулығын және өмірімен тікелей байланысты, ал бұл өмірде олардан артық байлық жоқ екені белгілі. Екіншіден, басқа салалардан гөрі медицинада болатын өзгерістер мен жаңалықтар, жоғарыда айтылғандай, жиі болып тұрады. Сондықтан өз қызметінің жоғарғы шыңына жетемін деген үміті бар әр дәрігердің өзінің мамандығы бойынша жарыққа шыққан жаңа әдебиет сөздерін жақсылап оқып, өз саласында болып жатқан емдеу немесе диагностика жаңалықтарын өзінің күнделікті тәжірибесінде кеңінен қолданып отыруы керек А . П. Чехов былай деп жазған екен: « Дәрігердің ақыл - ойы ашық, адамгершілік жағынан таза, физикалық жағынан ұқыпты болуы керек». Осы тура айтылған ұғымды ашып қарасақ, дәрігердің білімі, тәжірибесі мен жоғары сапалы қызметіне деонтологиялық қырағылық (сақтық) қатарлас болуы қажет. Ауру адамға көмектесуде, аурудың аяғы құтты болатынына сендіру негізіндегі әңгімелерде, прогностикалық қорытындылар мен кеңес беруде сөз арқылы ауру адамға зиян келтірмеу үшін өте сақ болу керек.

Дәрігерлік практика дәрігерге медико - психологиялық баға беруде көп мәлімет береді. Сау адамға қарағанда ауру адамның келбеті өзгереді және ауру тудыратын ерекшеліктерімен толықтырылады. Сондықтан да дәрігер тек медик - маман ғана емес, сонымен бірге азамат, қоғамдық қызметкер, ол тек қана медицинада емес, сол сияқты мемлекеттің барлық сұрақтарынан жан - жақты білімді болуы керек.

Дәрігер жұмыс бабы бойынша орта және кіші буынды медициналық қызметкерлерімен де тығыз қатынаста болады. Олармен дұрыс қарым-қатынас құруы, тіл табысуы, міндеттерін бір бағытта атқаруы емдеудің нәтижесіне оң әсер беретіні ақиқат.
Диагностикалық зерттеулер және ем шараларын жүргізуде мейірбике дәрігерге көмек көрсетіп, ол ауруға күтім шараларын жүргізіп, науқастың бақылауын тікелей өзі іске асырады. Егер, дәрігер мен мейірбикенің арасында дұрыс қарым-қатынас орнамаса, тағайындалған ем шараларын мейірбике тиісті дәрежеде орындамаса, емнің нәтижелі болуы екіталай.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Коммуникативтік дағдылар түсінігін анықтау
Мектеп жасына дейінгі балаларда коммуникативтік дағдыларының ерекшеліктері
Кәсіптік деформацияның белгілері
Дәрігердің әріптестерімен коммуникативті дағдыларды қолдануын бағалау әдістері. Конструктивті сынаудың негіздері
Ақпараттық технология бойынша сабақ өткізу
Педагогтың коммуникативтік құзыреттілігі оның кәсіби іс-әрекет жетістігінің шарты ретінде
Аутистік спектрдің бұзылуы бар балалардың психологиялық - педагогикалық сипаттамасы
Дененің артық салмағы және семіздік
Білім берудегі құзыреттілік тәсіл
Психикалық белсенділік
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz