Медициналық ЖОО-ның заманауи студентінің психологиялық портретін құрастыру



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
КеАҚ Астана медицина университеті

Медициналық психология және коммуникативтік дағдылар кафедрасы

СӨЖ
Тақырып: Медициналық ЖОО-ның заманауи студентінің психологиялық портретін құрастыру

Топ: 111
Орындаған: Шадманов С.А
Қабылдаған: Ильясова Б.М
Факультет: Жалпы медицна

Нур-Султан 2019
КІРІСПЕ
Студент термині латын сөзінен шыққан, орысшаға аударғанда іждағатты жұмыс жасайтын, әртүрлі іс-әрекеттермен шұғылданатын, яғни білім алуға ынталанған адам.

Студент белгілі жастағы адам және жеке тұлға ретінде үш жағынан сипатталуы мүмкін:

1) психологиялық жағы - психологиялық үдерістер, жағдайлар және қасиеттердің бірлігін көрсетеді. Психологиялық жағынан, ең бастысы, психикалық үдерістердің жүзеге асуына, психикалық жағдаяттардың пайда болуына, психикалық құрылымдардың көрінісіне тәуелді болатын - психикалық қасиеттер (бағыттылық, темперамент, мінез-құлық, қабілеттер). Дегенмен, нақты студентті зерттеу кезінде, әр индивидтің ерекшеліктерін, олардың психикалық үдерістерін және жағдаяттарын ескеру керек;

2) әлеуметтік жағы - студенттің белгілі әлеуметтік топтан, ұлттан шығуынан туындайтын қоғамдық қатынастарын, қасиеттерін нақты көрсетеді;

3) биологиялық жағы - жоғарғы нерв іс-әрекетінің типі, анализаторлардың құрылысы, шартсыз рефлекстер, инстинктілер, физикалық күш, дене құрылысы, бет әлпеті, терісінің және көзінің түсі, бойы және тағы басқалармен көрінеді. Бұл жағы, негізінен, тұқым қуалаушылық және туа біткен дағдылармен алдын ала анықталған, бірақ, белгілі шекара аралығында тіршілік жағдайына байланысты өзгереді.

Бұл жақтарын зерттеу студенттердің қасиеттері мен мүмкіндіктерін, оның жасына байланысты және тұлғалық ерекшеліктерін көрсетеді. Сонымен, егер студентке белгіл жастағы адам деп қарасақ, оған қарапайым, құрама және сөз сигналдары, абсолютті және әртүрлі сезім анализаторлар оптимумы, күрделі психомоторлық құрылымдардың және басқа дағдылардың иірімділігі тән болады. Басқа жастағы адамдарға қарағанда, жасөспірімдік шағында оларда үлкен жылдамдықтағы оперативтік еске сақтау, және зейіннің тез басқаға ауысуы, вербалды-логикалық есептерді шығаруы және т.б. мүмкіндіктері басым болады.

Сонымен, студенттік жас барлық алдындағы биологиялық, психологиялық, әлеуметтік даму үдерістеріне негізделген ең жоғары, шың жетістітерге жетуімен сипатталады.

Егер студент жеке тұлға ретінде зерттелсе, онда 18-20 жас - адамгершілік және эстетикалық сезімдерінің ең көрнекті дамыған, мінез-құлықтың қалыптасу мен тұрақтану кезеңі, және, ең маңыздысы, ересек адамның әлеуметтік ролінің толық кешенін игеру: азаматтық, кәсіби-еңбектік және т.б. Бұл кезең экономикалық белсенділіктің басталуымен байланысты, демографтар оны адамның жеке өндірістік іс-әрекетке кірісу, еңбек биографиясының басталу және өзінің меншікті от басын құру кезеңі деп түсінеді. Бір жағынан, мотивацияның, барлық құндылық бағдар жүйесінің өзгеруі, келесі жағынан - мамандандырылуына байланысты арнайы қабілеттердің қарқынды қалыптасуы, бұл жасты мінез-құлық пен интеллектінің тұрақтануының орталық кезеңі сипатында бөліп көрсетеді. Ол спорт рекордтарының, көркем шығармашылықтың, техникалық және ғылыми жетістіктердің уақыты. Студенттік жас - интеллектуалдық және физикалық күштің дамуының көптеген оптимумдарына жететін кезең болып сипатталады. Бірақ, кейбір кезде осы мүмкіндіктер мен олардың нақты жүзеге асуының арасында қайшылықтар қатар жүреді.
ЖОО-ның психологиялық қызмет жүйесі білім берудің барысындағы маңызды жақтардың бірі болып табылады. Қызмет әлеуметтік жағдай ме даму үрдісі бойынша өзгеріп отырады.
Қазіргі білім беру жүйесінда оқу орындарының түрлі типтері пайда болды, яғни, түрлі авторлық мектептер ашылды, олардың өз оқыту мен дамыту бағдарламалары бар. Әр бір ЖОО-ның студентінің алдына ізденіс талабын қояды: мәселеден шығуға, дағдарыс жағдайларды шешуге, мәдени шараларда, ақпарат алуда және т.б.
ЖОО-да қалыпты психологиялық қызмет жүзеге асуы үшін білікті кадрлар қажет. Олар тек білім беріп, зерттеп қана қоймайды, қажет ақпараттарды жеткізіп, кеңес берумен айналысады. Бұл іс-әрекет психологтардын дайындықты және біліктілікті талап етеді. Сондықтан ЖОО-дағы психологиялық қызметтегі психологтар студенттерлің психологиялық білімін арттырып, білімді меңгеруде сол ақпараттарды қолдануға бейімдейді, екіншіден, білім берудегі талаптарды орындап отырады. Психодиагностика мәліметтерді дұрыс қолдана алмау пайдасына қарағанда зияның көптеп тигізеді. Студенттің интеллектуалдылық деңгейін, ерекшеліктерін анықтауда қолданылыған әдістемелердің дұрыс жасалмаған, жалған қорытындысы мұғалімдердің қолына тисе тіпті күрделі мәселеге әкеп соғады.
Студенттік кезендік ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық бейімделу компоненттері
Әлеуметтік - педагогикалық қызметтің кәсіби қызметінің бағыттары
Білім берудің жаңарту жолдары
Студенттердің бейімделу мәселесінде әлеуметтік-психологиялық үрдістерді ұйымдастыру
Студенттердің ғылыми зерттеу жұмыстары жайлы
Кәсіби құзыреттілік және кәсіби құзыреттілік
Бiлiм беру жүйесi қоғамның әлеуметтiк
Жоғары мектептегі білім мен тәрбиеге қатысты мемлекеттік құжаттарды танып, білу
Жоғары мектеп психологиясы
«Жоғары мектепте тәрбие жұмыстарын ұйымдастыру бағыттары мен тәрбие жұмыстарын жоспарлау
Пәндер