Патент түрі мен оны қорғаудың мерзімі



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Есмагулов Ерназ Жаксыгалиевич ТПР31
Патент (лат. patents - ашылым)
Мемлекеттің жеке адамға (фирмаға) беретін және онын өнертапкыштыкты белгілі бір мерзім ішінде пайдалануына ерекше құқықты мойындауды қамтамасыз ететін құжат.
Салық төлеушілердің жекелеген топтары үшін жеңілдетілген салық режимін тағайындайтын құжат; белгіленген шарттарды сақтау мен төлемді енгізу (патенттік алым) кезінде, белгілі бір қолөнер кәсібі немесе тірлікпен (сауда, тауарды сатып алу және т.б.) айналысуға рұқсат беретін құжат.
Патенттік құқық (ағылш. patent right;) Патентті беру жолымен -- өнертапкыштыктың -- техникалық және басқа шешімдерінің құқығын қорғау жүйесін бекітетін құқықтық нормалардың жиынтығы. Патенттік құқық дербес сала болып саналмайды. Пагенттік құқықтың негізгі көзі -- өнертапкыштық зияткерлік меншіктің басқа нысандарымен байланысты құқықтық қағынастарды реттейтін арнайы зандар болып саналады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Патент заңы
Патент заңы (ағылш. patent law;) Осы Заңмен енеркәсіптік меншік объектілерін жасауға, құқықтық қорғау мен пайдалануға байланысты мүліктік, сондай-ақ оларға байланысты жеке мүліктік емес қатынастар реттеледі.
Интеллектуалдық меншіктін өзге объектілерін (селекциялық жетістіктер, интегралдық микротәсім топологиялары, тауар таңбалары, қызмет көрсету таңбалары, тауар шығарылатын жерлердін атаулары және басқалар) қорғау өзге заң актілерімен реттеледі.
Патенттеу ойлап тапқан дүниеңізді бөтен біреудің қолдануына тыйым салу құқығын береді. Патент оны қорғайды және патент иесіне белгілі бір уақыт аралығында оны пайдаланудың айрықша құқығын береді.
Патент түрі мен оны қорғаудың мерзімі
Қазақстанда түрлі өнеркәсіптік үлгі мен нысандар қорғалады және патенттің бірнеше түрі беріледі. Егер сіздің зерттемеңізде техникалық шешім болса, ол өнертабыс немесе пайдалы үлгі ретінде қорғалуы мүмкін. Егер зерттеме сыртқы көрініс бұйымына жатса, онда өнеркәсіптік үлгі ретінде қорғалады.
Өнертабыс патенті өтінім берген күннен бастап 20 жылға жарамды. Қолданылуына Қазақстан Республикасында рұқсаттар және хабарламалар туралы заңнамада бекітілген рұқсат алу тәртібі талап етілетін дәрілік затқа, пестицид (улы химикатқа) жататын өнертабысқа келер болсақ, патент құқығын растайтын және айрықша құқық беру мерзімі патент иесінің өтінішхатымен ең көп дегенде 5 жылға ұзартылуы мүмкін.
Өнертабыс үшін патент қағаз түрінде сараптама және өнеркәсіптік қолданылуы, әлемдік жаңалық және өнертабыс деңгейі патенттік қабілетінің шарттараына сәйкестігіне қатысты өтінім сараптамасын жүргізгеннен кейін беріледі.
Өнертабыс ретінде кез келген саладағы өнімге (құрал, зат, микроағза штаммасы, өсімдіктер немесе жануарлар жасушасының өсіріндісі), тәсіл (материалдық құралдардың көмегімен материалдық нысанға әрекет жасау процестер), сондай-ақ танымал өнімдерді немесе тәсілдерді жаңа мақсатта немесе жаңа өнімді белгілі бір бекітуде қолдануға жататын техникалық шешімдер қорғалады.
Қазақстан Республикасында пайдалы үлгіге берілетін патент 5 жылға жарамды және патент күшін сақтау үшін төлем беру шартымен 3 жыл мерзімін ұзартуға болады (барлығы 8 жыл). Пайдалы үлгіге патент әлемдік жаңалық, өнеркәсіптік қолданылу паттенттік қабілеті шартына сәйкестігі тексерілместен, көрсетілген талаптарға қатысты өтінім берушінің тәуекелі мен жауапкершілігі жүктеліп беріледі.
Пайдалы үлгі ретінде адамдар мен жануарларды емдеудің диагностикалық, терапиялық және хирургиялық тәсілдерінен өзге өнімге (құрал, зат, микроағза штаммасы, өсімдіктер немесе жануарлар жасушасының өсіріндісі), тәсіл (материалдық құралдардың көмегімен материалдық нысанға әрекет жасау процесстер), сондай-ақ танымал өнімдерді немесе тәсілдерді жаңа мақсатта немесе жаңа өнімді белгілі бір бекітуде қолдануға жататын техникалық шешімдер қорғалады.
Өнертабыс және пайдалы үлгіге патентті бірыңғай өнертабыс ойымен өзара байланыстырылған техникалық шешімнің бірнеше нұсқасына алуға болады. Кез келген зерттемені өнетабыс немесе пайдалы үлгі ретінде патенттей алмайтындығын түсіну керек.
Өнертабыс және пайдалы үлгі ретінде танылмайтындар:
ашылым, ғылыми теориялар мен математикалық әдістер;
шаруашылықты ұйымдастыру және басқару әдістері;
шартты белгілер, кесте, ереже;
ақыл-ой перациясын орындау, ойын өткізу ережесі мен әдістері;
есептеу машиналарына арналған бағдарламалар және сол сияқты алгоритмдер;
құрылыс, ғимарат, аумақты жоспарлаудың жобасы мен сызбанұсқасы;
бұйымның сыртқы келбетіне ғана қатысты ұсыныстар;
қоғамдық тәртіпке, адамгершілік пен моральдың қағидатқа қарсы келетін ұсыныстар.
Өнеркәсіптік үлгіге берілген патент өтінім берген күннен бастап 15 жыл бойы жарамды және 5 жылға ұзартуға болады (барлығы 20 жыл). Өнеркәсіптік үлгіге қағаз жүзінде сараптама және әлемдік жаңалық, түпнұсқалық патенттік қабілеттілігі шарттарына сәйкестігі өтінімі бойынша сараптама жасалғаннан кейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Өнеркәсіптік меншік объектілеріне құқықты құқықтық реттеудің мәселелері
Интеллектуалдық қызмет нәтижелеріне жалпы сипаттама
Интеллектуалдық меншік құқығы туралы
Қазақстан Республикасындағы жаңа нарықтық экономикаға байланысты зияткерлік меншіктің түсінігі мен ерекшеліктері, Қазақстан Республикасында зияткерлік меншік құқығын қорғау жүйесі
Патент негізіндегі арнаулы салық режимдері
Интеллектуалдық меншік құқығының түсінігі
Патент негізінде жұмыс жасайтын кәсіпкерлік қызметте салық салудың экономикалық мәні
Қазақстан Республикасындағы патенттеу жүйесі
ПАТЕНТ ҚҰҚЫҒЫНЫҢ ОБЪЕКТІЛЕРІ
Патенттік құқық және Қазақстан Республикасынан тыс жерде тауар таңбаларын қорғау
Пәндер