Қазақстанның несие жүйесіндегі артықшылықтар мен кемшіліктер


Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті
СӨЖ
Тақырыбы: Қазақстанның несие жүйесіндегі артықшылықтар мен
кемшіліктер
Тексеруші:
Агатаева А. А.
Орындаушы:
Табысбек Уатхан
Қазақстанның несие жүйесіндегі артықшылықтар мен
кемшіліктер
- НЕСИЕ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МӘНІ
Несиенің негізгі формалары және олардың жіктелуі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫ Қазақстанның қаржылық-несие жүйесіҚазақстандағы қазіргі несие жүйесінің құрылымы Несие жүйесі - жалпы банктердің (ұлттық және коммерциялық) және банктік операциялардың жекелеген түрлерін жүзеге асыратын банктік емес мекемелердің жиынтығы.
Несие жүйесі ұғымы банк жүйесіне қарағанда кеңірек, яғни мұнда ізге де несиелік мекемелер қамтылады. Әр елдің ізіндік ерекшелігене қарай несие немесе банк жүйесінің құрылымы қалыптасады. Қазақстан Республикасынғы несиелік жүйе екі буыннан тұрады: біріншісі - банктік жүйе, ал екіншісі - парабанктік жүйе(банктік емес мекемелер) . Қазақстан Республикасының несиелік жүйесінің құрылымы төмендегідей сызбамен берілген.
Несие жүйесінің құрылымдық элементтерінің мазмұынын сипаттамайтын.
Нарық экономикасына өту жағдайында және экономикалық дағдарысты жоюда, макроэкономикалық тұрақтылыққа қол жеткізуде Қазақстан Республикасының несие жүйесі маңызды рөл атқарады.
1) Несиенің негізгі формалары және олардың жіктелуі
Несиенің формалары, оның құрылымымен және белгілі бір дәрежеде несиелік қатынастардың мәнімен тығыз байланысты келеді.
Несиенің формасы - бұл несиелік қатынастар құрылымының, олардың негізгі қызметтерінің яғни, әр алуан сыртқы және ішкі өзгерістер барысында толық сақталатын көрінісін білдіреді .
Несие берушілер мен қарыз алушылар арасындағы байланыстар қалай өзгергенімен де, несиенің формасы сол күйінде сақталады.
Несиенің екі формасы бар: тауарлы және ақшалай . Мұндағы тауар түрінде берілетін несиені - коммерциялық , ал ақша түріндегі несиені - банктік деп атайды.
Қалған несиенің түрлері осы екі формасыың тәжірибеде қолдануынан туады.
Коммерциялық несие - бұл қарыз берушінің қарыз алушыға қарызға берген тауарын білдіреді.
Коммерциялық несие - бұл вексель айналысының пайда болуына себеп болған, экономикадағы несиелік қатынастардың алғашқы формасы. Несиенің бұл формасының басты мақсаты - тауарлардың өту процесін жеделдету, сондай-ақ одан пайда табу.
Мұнда қарыз алушы да және оны берушілер ретінде кәсіпкерлер мен бизнеспен айналысатындар бола алады. Коммерциялық несие көбіне тауарды сатып алушыда нақты ақшаның болмай қалуы барысында туындайды. Мұндай жағдайда, айналыс құралы ретінде, қарыз алушының көрсетілген соманы уақытында төлейтіндігін куәландыратын арнайы қарыздық міндеттеме - вексель қолданылады . . .
2) ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ НЕСИЕ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУЫҚызмет көрсету аясындағы банктің өнеркәсіптік кәсіпорындардан ерекшелігі оның несие беруінен байқалады. Оның негізгі өнімі “несие” болғандықтан, банкті - “несиелік мекеме” деп атаған.
Сондай-ақ, банк өнеркәсіптік кәсіпорындардан өзінің эмиссиялау сипатына да байланысты ажыратылады. Ол тек қана акциялар мен басқа да бағалы қағаздар шығарып қоймайды, сол сияқты басқа эмитенттердің бағалы қағаздарын есепке алу және сақтауға байланысты операцияларды жасайды.
Банкті сауда, делдал кәсіпорыны десе болады. Жалпы, банктің саудамен ұқсас болуы кездейсоқтық емес. Шынында да, банктер де ресурстарды сатып алып, оларды сатумен айналысады.
Сауда кәсіпорыны да өз кезегінде банкке ұқсайды, яғни ол да банктің кейбір қызметтерін көрсетеді. Мысалы ірі сауда кәсіпорындары да банк сияқты белгілі мөлшерде ақшалай немесе заттай несие беруі мүмкін. Сауда кәсіпорынынан банктің іргелі айырмашылығын оның негізінен байқауға болады. Банктің негізі деп оның басты өнімі - несие ісі түсіндіріледі.
Сонымен, қазіргі түсінікте “ коммерциялық банк ” - бұл ерекше өнім шығарумен айналысатын кәсіпорын немесе қолма-қол және қолма-қолсыз ақшада төлем айналысын реттеуді жүзеге асыратын ақша-несие институты болып табылады.
“ҚР-ғы банктер және банктік қызмет туралы” заңның 1-бабына сәйкес, “банк - осы заңға сай банктік қызметті жүзеге асыруға құқылы коммерциялық ұйым болып табылатын заңды тұлға”.
Банктік қызмет - бұл банктік операцияларды жүзеге асырумен байланысты қызметті білдіреді.
3) Қазақстанның қаржылық-несие жүйесіҚаржы саласы мемлекет үстінен басқарудың, мемлекет тағдырына тікелей әсер ету тұрғысынан маңызға ие экономикалық артықшылық, жылдам әсер етуші және тез нәтиже беруші басымдылық. Нәтижесінде бөгде концепцияға бекітілу арқылы Қазақстан сияқты әлемдегі ең бай мемлекеттің бірі кедейшілікте өмір сүруде. Шыныменде, еш асыра сілтемей-ақ, дамуға керектің барлығы өзімізде бар, ең ауқатты елдердің біріміз, бірақ дәрменсізбіз. Бізде бүкіл пайдалы қазба байлықтар, шикізат, мұнай, газ, көмір, темір, барлық металдар бар. Сонда, себеп неде? Себеп бірауыздан бекіген мақсатты-бағдарламалық концепция, идеология жоқ, аталған игіліктерді ел мүддесіне жұмсау үшін. Оның орнына жақсы ниетте көрінген мемлекеттік билік құрылымдары арқылы бөтен Басқару концепциясына жұмыс жасаудамыз. Деректерді шет елдердің құпия мұрағаттарынан іздеп керек емес, елдер мен халықтарды қаржылық отарлау тәсілдері, Доктрина егелеріне християндық Інжілдің «Второзакония - Исаии» атты сүресінде ашық та ұғынықты баяндалған:
«Өз бауырыңа, өзгеге беруге болатын, күміс, нан, не нәрсе болмасын өсімге берме, бөгдеге бер өсімге, ал өз бауырыңа өсімге берме» (Второзаконие, 23:19) .
« … көптеген елдерге өсім бересің, ал өзің өсім алмайсың және көптеген елдердің үстінен басқарасың, олар сені басқара алмайды» (Второзаконие 28:12) .
«Сонда өзге елдің ұлдары сенің құрылысыңды салады, патшалары саған қызмет етеді…, ал мойынсұнғысы келмеген елдер мен патшалықтар жойылады» (Исаия 60: 10-12)
Заңдастырылған ғаламдық қарақшылық М. Кеннадидің «Деньги без процентов и инфляции» (Lilalex, Швеция, 1993) атты еңбегінде де жақсы жазылған. Орташа статистика бойынша үстеме пайыздық механизм арқылы «дамыған» елдер «дамушы» елдерге 100 млн. доллар беріп, пайызбен қоса 200 млн. доллар қайтарып алады екен. Міне, сіздерге батыстың «экономикалық жетістігінің» құпиясы. Қазақстан бүгін осындай құлдықтың нағыз үлгісі. Бізге көмек ретінде келетін қаражат пен бізден шығатын байлықты салыстырып көрсеңіз, тікелей тонаушылықтың схемасын байқайсыз. Жаңағы «Второзаконие - Исаии» доктринасы «По благославению Святейшего Патриарха Московского и всея Руси Алексея II» атты кітапта басылып, жарық көрген.
Егер біз Құранға жүгінетін болсақ, «исламдық терроризм, фундаментализм, уахабизм» секілді қорқынышты терминдердің неге тарағанын, Исламды қаралау, жала жабу, одан үркітіп, қорқыту, хиджабқа оранған адамтектес зомби-мәңгүрттердің өзін-өзі жаруы, мұсылман әйелдерінің өмірі теледидар арқылы сұмдық болып көрсетілуі, тіпті мұсылманның сыртқы келбетіне дейін У. Бен Ладен атты қуыршақ арқылы қоқынышты көрсетілуі, бәрі… бәрі… неге екенін түсінесіз. Құран Інжілдік қас әрекеттерге қарама-қайшы. Құранда пайызға ақша беру, алу үлкен күнә. Құран: «Өсім алушылар Қиямет күні шайтан азғырғандардың қатарында оянады. Бұл олардың: «сауда да - өсім» дегендері үшін жаза. Бірақ Аллаһ сауданы адал етті де, өсімге тиым салды. Кімге ақиқат жетіп, соған сай әрекет ететін болса, Аллаһ өткен күнәларын кешіреді» (Бақара, 2:275) .
«Второзаконие - Исаии» үстеме пайыздық доктринасына негізделген несие-қаржы жүйесі тұрақты дамудың үлгісі бола алмайды. Күйзеліске ұшырау мен даму белгіленген үстемелік пайызға тікелей байланысты. Мақаламызда айтылған үстемелік пайыздың негізсіз екенін нақтылау үшін мысал келтіре кетейік, егер біреу Иса (ғ. с. ) туылған жылы 1 цент ақшаны 4% үсемелік пайыздық өсіммен қоятын болса, онда 1750 жылы ол жиылған ақшаға салмағы жер планетасымен тең шар сатып алар еді. 1999 жылы ондай шардың 8200 талына ие болар еді. Сондықтан, барлық дағдарыстар, банкроттық, соғыстар әлеуметтік жүйедегі үстеме пайыздық өсімнің кесірі.
Бұл күйзеліске әкеліп тірейтін жүйеге балама (алтернатива) жүйе бар ма? Бүгінгі таңда орыс ғалымдары Қоғамдық Қауіпсіздік Концепциясын (Концепция Общественной Безопасности) ұсынып отыр. Швецияда «Пайызсыз, инфляциясыз ақша» атты еңбек жарық көрді (орыс тіліне аударылған) . Кітапшада несие-қаржы жүйесінің методологиялық деңгейде схемасы көрсетілген. Дұрыс экономикада пайыздық үстемеге жол жоқ, тек ақшаны ұзақ сақтағандар қаражатты қолданғаны ұшін аздаған төлем төлейді. Ал ақиқаты Ислам көрсеткен қаржы жүйесі. Жоғарыда айтылған балама жүйелердің барлығы Исламда көрсетілген, айтылып кеткен. Сондықтан ба Ислам опық жеп, мұсылмандар қыспаққа алынып отыр. Мысалы, Құран бойынша әр мұсылман ерікті түрде бір жылдан артық сақтаған ақшасына 2, 5% мөлшерде мемлекетке салық төлейді.
Пайызсыз ақша жүйесі Австрияның Вергель қаласында эксперимент ретінде жүргізілді және керемет нәтижелер көрсетіп, экономика бірден көтерілген. Інжілдік концепцияның пайыздық үстеме әрекеті мемлекетіміздің беркесін қашырып отыр. Онда еңбексіз, ештеме өндірместен, қоғамға пайдалы қызмет істеместен кіріс кіргізудің көптеген модификадиялары ақшадан ақша жасауға негізделген. Концепция егелері әртүрлі сылтаулармен қоластындағы елдерге артық ақша бастырып шығартпайды, себебі барлық елдер Халықаралық Валюта Қорына мүше болып, өздері ақша басып шығармауға уағдаласқан. Есесіне өздері қарапайым қағаздан ақша басып пайызға береді де, пайыздық үстемемен қалаған дүниелерін, материалдық игіліктерді алып кете береді (орман, мұнай, газ, алтын, т. б. ) . Пайыздық үстеме - тарих барысында қалыпты жағдайға енген, мемлекет үстінен құрылымсыз басқарудың параметрі. Өз еліндегі және қарыз алушы елдегі қаражат мөлшерімен және қайтару схемасымен манипуляция жасау (басқару) арқылы қоластыдағы елдерде қалаған жағдайды (тенденция) тудыруға болады. Мысалы, экономиканы күйзелтуге (Грекия), гүлдендіруге (Швейцария) немесе буржуазиялық құндылықтарды жасанды көрме (витрина) қылуға (АҚШ) болады.
Марксизмнің өндіріс иесі мен жалдамалы жұмысшыларды құртатын пайыздық үстемені жасырып, ұзақ жылдар бойы ренішін білдіріп жүрген өндіріс иелерін абстрактілі қосымша құнмен алдандырып, Інжілдік концепция иелеріне «ғаламат» жақсылығын жасады. Негізінен бір болған басқару мен өндіріс саласын бір-біріне айдап салып, 1917 жылы болған төңкерісті қолдан жасады. Сөйтіп, су асты кемесі жалған имитатор шығарып, соңынан түскен торпеданың бағытын бұрды.
Несиелік-қаржылық жүйе арқылы мұндай, өндірісті сферасын тоқырату үшін режисура мен басқару мақсатты түрде іске асырылады. Орталық Банк (ОБ) мемлекет басқарылуынан шыға отырып, аймақтық мемлекет үстінен басқаруды іске асырады. Таңғаларлық жағдай емес, мемлекет басқару жүйесіне енгізілген, кез келген елде, кез келген Орталық Банк осы қызметті атқарады. Бұл жүйені дәл сипаттаған М. Ротшильд: «Елдің ақшасын басқаруға мүмкіндік беріңдер, кейін оның заңдарын кім шығаратынында шаруам жоқ»-деген екен.
Ұлттық Банк пайыз мөлшерінің өсу себебін инфляциямен, қайтарылмаған несиемен түсіндірген жалғандығын тоқтату керек. Керісінше, инфляция пайыздық үстеменің ұлғаюынан туындайды. Соның әсерінен тауардың өзіндік құны өсіп, капитал айналымының ұзақ мерзімді технологиялық циклін айтпағанда, жай ғана сату-сатып алу операцияларының өзінде құн жоғарылай береді.
Инфляция өскендіктен өндірістің айналым ақшасы таусылып, жұмысы тоқтайды (1991ж. және одан кейінгі жылдар) . Кейін шетелден (60-100%) несиеге (кредит) ақша алынады. Төлем қаблеті өндіріс саласынан бірден қаржы саласына өтеді. Егер басшылық, шеттен келген консультанттың көмегінсіз, қарапайым арифметиканың төрт тәсілін біліп, ақша қозғалысын есептеп көрсе, онда мұндай жағдайда өндірістің өмір сүруі теориялық тұрғыдан да мүмкін емес екенін түсінер еді. Осыдан кейін өндіріс басшыларын «әдейі өндірісті құлатты» деген жаламен жазалап, керемет өндіріс басшысын іздеу тоқтатылар еді. Мұндай тоқырату жүйесі көне уақыттағысынан айтарлықтай өзгере қойған жоқ. 1907 жылы Ресей азаматы А. Д. Нечволодова жазып кеткен екен: «… пайыздық үстеменің тым өсуі өндіріс және сауда алаңдарының, әлі күнге дейін жұмыс істеуге қабілеті бар көптеген мекемелердің жабылуына әкелді. Жағдайды түзеу үшін экономикалық саясатты өзгерту қажет»-деген екен жарықтық.
Өзіміздің төлеу құралымыздың жетіспеуінен шет ел несие ресурсын алу арқылы, Еуро-Американың концепциясын таратушы - долларға тарау кеңістігін босатып береміз. Америка еліндегі артық ақшаны жедел шығара білмегенде, баяғыда шаруасы тынар еді. Мысалы, Ресейге жылына 25млрд. доллар келеді екен, ал, бізге мөлшері 10-15млрд. келер шамасы. Ал, өндірісімізді әлсіретіп, теңгені құнсыздандыру үшін «қайта құрудың» мәні де осыдан болған. Еліміз көк ақшаға толтырылады да, пайыздық қайтарылыммен материалдық игіліктер, шикізет кете береді. Кезінде Де Голль бұл механизмді түсініп, елдегі ақшаны АҚШ-қа апарып айырбастай бастағаны үшін қызметтен қуылған екен. Ал, қу Эрхард болса тыныш, көк қағаздарды келісім бойынша кейін қайтарып отырған көрінеді, сол себепті Германия соғыстан кейін «ғажап» түрде, бірден гүлденген. 15 тамыз, 1971 жылдан бастап АҚШ-тың алтын қоры таусылған соң, алтын стандарт жойылды. Кең таралыммен басылып шығып жатқан доллар ештеңемен қамтамасыз етілмеген. Осыған байланысты АҚШ-ң сыртқа қарызы экспонентті өсіп келеді, жуырда оның көлемі (17трл. доллар) бүкіл үшініші әлем елдерінің қарыздарынан асып түседі. Біздің тауар массамыз, энергиялық ресурстарымыз долларды қамтамасыз етуге жұмсалады.
Бұл ерекше жағдай, ешбір егемен мемлекет жоспарына ұлттық қазынасын бөгделердің ақшасына сату енгізілмеген. Жер игерем деп жетім құсап келген өзгенің баласына қазақ ұлты тым болмаса нан сындырып беріп, бауырына басты емес пе, ал біз сурет салынған бір жапырақ қағазбен алданып отырмыз. Күлліәлемдік доллар пирамидасының құлауы, өз кезегінде қорқыныш туғызып, дәл осы жағдай Европаның долларға тәуелді болуының салдарынан, евроның шұғыл айналымға түсуіне, Азия және Тынықмұхиттық елдерде ортақ волютаның (Сингапурлық доллар) енуінің себебі сонда. Өз уақытында жеке валютаның бақылаусыз қамтамасыз эмиссиясы айтарлықтай бағаланған, мемлекет тақырға отырып қалуы мүмкін. Және бұл жағдайға Қазақстан халқы да ұшырауы ғажап емес.
Осыған байланысты Қазақстан өзінің мол байлығымен, энергия қуатымен араб елдерімен, Жапония сияқты кез келген елмен одақтаса алады. Мысалы, Жапон мемлекеті кең көлемді инвестицияға мүмкіндігі бар, ал Қазақстан энергоресурстары иенге энергоинвариант арқылы тұрақтылық бере алатын еді. Біз бірлесетін аймақ біздің энергоресурстар арқылы өз валютасының тұрақтылығын қамтамасыз ету мүмкіндігіне ие болады.
Адал табыс пен жетістікке жетудің бірден-бір жолы ретінде, өнеркәсіпті дамыту, оған барлық қаражатты бағыттау, тонап-азғындаушылық пен ақшаны пайызға беруге қарсы заңды кедергінің жалғыз жолы. Дәл осы үнсіздік жағдайы Жапон ғажайыптарының негізі. Жапонияда соңғы жылдары еркін пайызға ақша жалдау жойылған, ал пайыздық мөлшері 0, 5-1, 5% жылдық көрсеткіштен аспаған. 1999 жылы АҚШ-пен бәсекелестік сатысының қарқындау барысында, Жапония пайыздық жалға беру көрсеткіштерін жылына 0, 25%-дан 0, 15%-ға дейін төмендету шешімін қабылдады. 2003 жылдың ортасында үстеме пайыз мүлдем жойыла бастады. Жапония қабылдаған басқару концепциясында банктер пайыз ақша жинау мекемелері болып табылмайды, тек инвестициялық компания ретінде ғана қарастырылады. Олар кәсіпкерлермен бір ағыста ағып келе жатқан кемеге бірге отырып, тек өндірісте табыстың бір бөлігі, яғни бірлесе атқарған жұмыс нәтижесінде келіп түскен нақты пайданың белгілі бір пайызына иеленеді.
Мемлекеттік жүйені екі блоктан тұратын модель ретінде алып көрейік: біріншісі, Өндірістік-Тұтынушы Жүйесі (ӨТЖ) және Несие-Қаржылық Жүйесі (НҚЖ) . Тұтынушылардың қолданысына кажетті заттың барлығы (тұтынушылар құны) ӨТЖ жүйесінде
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz