Қазақтың ұлттық ою-өрнегі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі

Орындаған Баянова Дана ТК-701

Тексерген Асем Азатқызы

Қазақтың ұлттық ою-өрнегі - қазақ жерін мекендеген көшпелі тайпалар өнері әсерімен ғасырлар бойы қалыптасып, белгілі бір жүйеге келген ою-өрнек түрлері.

Қазақтың алғашқы ою-өрнек үлгілері Андронов мәдениеті мен байырғы сақ, гұн, ұйсін өнері мұраларынан геометриялық, зооморфтық (жан-жануарлардың табиғи және фантастикалық бейнерлері), көгеріс өрнек пен қиял-ғажайып ою-өрнектер (аспанның, жердің символы) ретінде кездеседі.

Олар негізінен малгершілік, саятшылық, әдет-ғүрып, үй іші жабдықтары мен сән-салтанат бұйымдарын, батырлық қару-құралдарын әсемдеуге қолданылған. Тартымды жасалып, биязы көркемделген өнердің көне мұралары (алтын тәтілер, ағаштан қыштан, өнделген теріден жасалған ыдыстар, түкті кілемдер мен кестелі заттар т. б. )

ою-өрнек деген сөзіміз латын тілінен алынған «орнамент» деген ұғымды білдіреді. Мағынасы әсемдеу, сәндеу деген сөзінен шыққан. Әсемдеудің кең таралған бір түрі - жан-жануарлар, өсімдіктер немесе геометриялық фигура элементтерімен үнемі ырғақты қайталанып келуі десе болады. Ою өрнек өнеріне тұрмықтық жабдықтар мен қатар аң аулауға, мал өсіруге және егіншілікке қажет құрал-жабдықтар да кіреді. Қазақ ою-өрнек атауларын халықтың мәдени-әлеуемттік өміріне байланысты өзгеріп отырады. Қазақ халқының қол өнерінде ою-өрнек салмай жасаған бұйымдарды көре алмайсың. Оларды киіз басудың өзінде киіздің үстіне басқа түсті жүн жабыстыру арқылы басқан. Ши тоқудың өзінде ою-өрнекті қолданған немесе киіз бетіне басқа матамен ою салып сырып тіккен. Кесте өнеріндегі текемет, аяққап, қоржын сияқты бұйымдарды кестелеудің өзінде ою-өрнек қолданамыз. Ою-өрнек салып жасалған бұйымдар көздің жауын алады, өте әдемі көрінеді.

Ұлттық ою-өрнек туралы мәлімет беру:
Ұлттық ою - өрнектерді төрт топқа бөлген:
- Зооморфтық - жануарларға, малдың денесіне, ізіне байланысты өрнектер;
- Өсімдік бейнелі - жапырақты гүлдер, ағаш, шыршық, жетігүл өрнектер;

- Космогониялық - ай, күн, жұлдыз және аспан әлеміне байланысты өрнектер;

- Геометриялық - ромбылар, иректер, жұлдызшалар, үшбұрыштар және көпбұрыштар.

Зооморфтық өрнекте төрт түлік малдың абстракциялық пішіні ерекше орын алады. Оған мысал ретінде қошқармүйіз, төртқұлақ, түйетабан, ботамойын, түлкібас, құсқанат және тағы басқа оюларын атауға болады.

1385355888 (1).jpg Тұмарша көне дәуірден тіл көзден кесір-кесапаттан сақтайтын киелі ұғым болып қалыптасқан бұйым. Тұмарша ою-өрнегі үшбұрыш үлгілес болып келеді. Кілем бұйымдарының жиегінде киіз, кілем, текеметтің орта тұсын көмкеруде кездеседі.
1385356108.jpg Қос дөңгелек. Қазақ ою-өрнегінде геометриялық үлгінің жекеленген түрлері өте көне заманнан бері сақталған. Ол негізінен аспан әлемінде Күн мен Ай сынды ғаламшарлардың тылсымынан туған болуы керек.
1385357033.jpg Қос дөңгелек. Қазақ ою-өрнегінде геометриялық үлгінің жекеленген түрлері өте көне заманнан бері сақталған. Ол негізінен аспан әлемінде Күн мен Ай сынды ғаламшарлардың тылсымынан туған болуы керек.

1385359828.jpg Қарға табан. Қарға түскен небір айшықты іздердің негізінде пайда болған. Түскиіздер мен алашаларда жиі кездесетін бұл өрнек геометриялық және зооморфтық үлгідегі ою бедерлерін біріктіру негізінде қолданылады. Негізінен көк, сары, қызылы, қоңы түстерге боялады.

1385360391.jpg Ит құйрық. Ит құйрық табиғат түрлерін шығармашылықпен бейнелеу үлгісінен туған. Мұндай оюлар төрт түлік малға, мал күту рәсіміне байналысты бұйымдарда, шығармаларда қолданылып жатады.
1385360544.jpg Гүл ою-өрнегі барлық гүл түрін тұспалдайды. Бұл өрнектің түрі қолөнер бұйымдарында үш жапырақтан басталып, он екі жапырақты ою-өрнекке дейін кездеседі Кесте тіккенде және киім-кешектердің жағасына, қалтасына, жиектеріне салады.
1385360858.jpg Ирек, су. "Бұлақ көрсең - көзін аш" деп өсиет қалдырған ата-бабамыз суды өмір нәрі, тіршілік көзі деп түсінген. Бұл өрнек те сол қадір-қасиеттің айғағы. Ирек, су өрнегі көбіне көгілдір, көк сия түстерге боялады.
1385361039.jpg Ботакөз. Ботаның көзі іспеттес келетін бұл өрнек көбіне оюлы бұйымдардың жиектері көмкеруде қолданылады. Әсем өрнек композицияның орталық бөлігінде де кездесе береді, ою бірнеше рет қайталанғанда жиектеме түзейді.
1385361363.jpg Бес таңба. Оюдың бұл түрі дүниенің төрт бұрышын шартты түрде бейнелеу ұғымын білдіреді. Сондықтан да, дүние жүзі халықтарының шығармалары және ТМД халықтарының еңбектеріне қойылып жатады.
1385362198.jpg Омыртқа - жалпы дене бітіміндегі ең негізгі мүше. Қиымл, іс-әрекеттің барлығы дерлік осы арқылы жасалады. Осы анатомиялық қасиеттер өрнекте сақталып қалған.

Яғни, ою композицияның орталығында да, жиегінде де кездесе береді.

Новый-рисунок-3.jpg

Новый-рисунок-4.jpg

Новый-рисунок-5.jpg

Новый-рисунок-6.jpg

Новый-рисунок-7.jpg

img_user_file_546782f46611f_4.jpg Табақша өрнек

Өсімдік_тектес_ою_-_өрнек.jpg Өсімдік тектес ою - өрнек .

5085_html_m76c9f13c.jpg Төртқұлақ - өрнектің ортасы жіліншік өрнегі тектес болып келетін, төрт тармағына мүйіз өрнегі қондырылған ең көне ою - өрнек түріне жатады.

slide-4.jpg slide-5.jpg

slide-11.jpg slide-8.jpg

slide-13.jpg slide-15.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Космогониялық өрнек
Қазақтың дәстүрлі қоңыр ою – өрнектері
«Ұлттық ырғақтар» композициясында ою-өрнектерді тиімді қолдану әдістері
Қазақ оюларының сырлары
Мектепке дейінгі ұйымдарда қазақ бейнелеу өнерінің шығармаларын үйрету
Мектеп жасына дейінгі балаларды қазактың сәндік-қолданбалы өнері және ұлттық өрнектері туралы түсінік берудің маңызы
Қазақы оюлардың магиялық күші
Қазақтың ою - өрнегінің мәні мен мағынасы
Сақ өнерінің кейбір белгілері
Қазақ ою-өрнектері арқылы оқушылардың іскерлігін қалыптастыру үрдісіндегі педагогикалық шарттарды анықтау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz