Күрішті өсіру, күту технологиялары
1.1 Күріштің жалпы сипаттамасы
Мәдени күріш немесе екпе күріш (Оrуzа sativa L.) - бір жылдық өсімдік, астық немесе коңырбас (Gramineae, Роасеае) тұқымдастығына, күріш трибасына (Оrуzeae) жатады. Күріш (Оrуzа) туыстығын алғаш анықтап сипаттаған К.Линней (1735ж.). Кейінгі жүйелеу (классификациялау) бойынша Оrуzа (күріш) туыстығында 28 түр бар. Күріш туыстығының түр құрамы әліде зерттеліп анықталуда. Күріштің егіліп жүрген түрлері Оrуzа sativa L. (екпе күріш) және Оrуzа glaberrima Steud (жылтыр күріш) - диплоидтар 1 .
Күріш дақылының таралу ареалы өте кең, үлкен. Климаттық, маусымдық өзгерістерге, топырақ жағдайына, әртүрлі суару режиміне бейімделіп және географиялық оқшаулану, табиғи сұрыпталу және селекция нәтижесінде 0.sativa туыстығы дифференцияланып, жіктеліп, әртүрлі сорттар тобына бөлінген. Олар географиялық расаларға (экорасаларға), яғни indica (индиялық), jароnіса (жапондық), jаvаnіса (явандық) түр тамақтарына бөлінеді. Екпе күріш түр тамақтарының сипаттамасы 1 - кестеде келтірілген.
ТМД елдері территориясында негізінен жапондық jароnіса (тамағына жататын: var.italica, var.zeravschanica, var.vulgaris, var.eruthroceros, var.dicroa, var.nigroapiculata, var.janthoceros түршелерінің сорттары өсіріледі 3 .
Күріш егісін ластаушы, арамшөп қатарына жататын қызыл дәнді формалары: Alef., subpyrocarpa Gust., var., desvauxii, Kazakstanica Gust., flawoactes Kara - Murza bicolota Kanevck түршелеріне жатады.
Кәдімгі күріш - біржылдық өсімдік. Тамыр жүйесі шашақты, тереңге бойламайды (0,2 - 0,25 м терендікке ғана), тамыр талшықтары әлсіз дамыған, бірақ көп 300-ге дейін. Тамырда арнайы ауа өткізгіш тканьдар барлығының арқасында күріш үнемі су жайылған жағдайда өсіп - жетілуге бейімделген. Ондай тканьдар сабағында және жапырағында да болады. Сабағының - биіктігі 0,8 - 1,2 м қуыс, түйін аралықтардан тұратын сабан. Сабақтар күшті түптенеді, 3-5 өнімді сабақ қалыптастырады. Жапырақтары сызықты - ланцетті, қырлы жүйкеленген, шеттері үшкірленіп біткен, ұзындығы 20-25 см, ені 1,5-2,0 см. Негізгі түсі - жасыл, алайда қызыл, қызғылт, қоңыр - күлгін де болады. Жапырақ саны - 10 - 1З дана. Гүл шоғыры - сіпсебас (20-30 см) қырлы орталық білігі бар, одан бірінші дәрежелі 2-3 бұтақшалар шығады, олардан екінші дәрежелі бұтақшалар бар 4 .
Күріштің морфологиялық ерекшеліктері. Масақ қауыздары қалың, ланцетті, гүл қауыздары тастай, берік, қабырғалары мен бүйірлерінен болады, астыңғылары қылтықты болуы мүмкін. Масақшалары - бір гүлді. Гүл қауыздары сарғыш, қызыл, қоңыр, қоңыр - күлгін, қара болуы мүмкін. Гүлдері басқа астық дақылдарынан 6 аталықтың барлығымен айқындалады. Күріш - өздігінше тозаңданады. Дәні қабыршақты, бастырғанда масақ және масақша қабықшаларымен бірге бүтін масақша түрінде үгітіледі. 1000 тұқымның массасы 27-38 г. қауыздылығы, 14 - 32%, шынылығы - 65 - 98% 5 .
Күріштің биологиялық ерекшелітеріКүріш - жарық сүйгіш дақыл, күн сәулесінің қарқынды болуы керек. Дақылға керек жарық деңгейі - 40-60 мың люкс (лк). Күріштің өсу уақыты (мамыр - тамыз айлары) кезінде Сыр аумағында ауаның салыстырмалы ылғалдығы төмен -29-37%, ал ең аз мөлшері 8-10 %-ға дейін төмендейді. Жаз уақытының көпшілік күндерінде аспан бұлт жоқ болып, ауа кұрғақ әрі таза болады. Нәтижесінде күріш егісіне жоғары мөлшерде фотосинтетикалық белсенді радиация (ФБР) келіп түседі.
Өсімдік күн сәулесі энергиясын қабылдап бойына сіңіруі жапырақ көлеміне байланысты. Сыр өңірінде аудандастырылған Янтарь сорты жапырағы көлемі 55-75 мың м2га, ал жапырақ аумағы индексі (ЖАИ)-5,5м2-7,5 м2 болғанда ең жоғары өнім алынады. Тығыз күріш егісі келіп түсетін радиацияның 60-90%-ын сіңіреді, 10-30%-ы ауаға кетеді, ал тек 5-10%-ы ғана егіс арасына өтіп, су мен топыраққа сіңеді. Егістікте сіңірілген күн сәулесі радиациясының 80-90%-ы жапырақ аркылы қабылданады, ал қалған 10-20%-ын сабақтар, масақтар және өсімдіктің басқа да мүшелері аркылы қабылдап бойына сіңіреді 6,7 .
Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда күріш дәндері +12°С-ден бастап +41°С аралығындағы жылылықта өніп-өсе береді. Күріш дәнінің өніп-жетілуіне өте қолайлы жылылық 27-330С, ал жылылық 410С асқан жағдайда дәннің ұрығы өле бастайды, ал өнген бүршіктері қурап қалады. Күріш тұқымдары ауа райының қолайлы кезінде 2-3 күн ішінде өніп - өседі, ал жылылық 15-180С шамасында болған жағдайда оның жетілуі 12-15 күнге созылады 8 .
Топырақтың үстіңгі қабатында температура +13-14°С болғанда себуді бастауға болады. Осы температурадан төмен болса, тұқым баяу өніп өседі, көпшілігі өнбей қалады, егіс сирек болады 9 .
Тұқымның өніп шығуына ең қолайлы температура 22-26°С. Осы температура жағдайында күріш көгі атыз суға бастырылғаннан кейін 10-12 күнде жаппай тебендеп шығады және шығымдылығы ең жоғары деңгейде болады.
Өсіру технологиясы.Күріш өсіретін аудандарда күріш тұқымын негізінде тар қатарлы (7,5 см) етіп, 1,0-1,5 см тереңдікке дән сепкішпен шашып себеді. Әдетте тұқымды сіңіру үшін сепкіш соңына жеңіл тырмалар, темір жапқыштар тіркеліп, сулы катокпен топырақ нығыздалады.
Соңғы жылдары көптеген күріш өсіретін елдерде күрішті жалға егу инновациялық тәсілі кеңінен қолданыла бастады. Оның ерекшеліктері: күріш тұқымы 2-4 қатарға, ені 60-120 см-ге дейін жалға, қатар аралығы 25-30 см етіп, гектарына 5,0 млн өнгіш дән себіледі. Қалыптасқан күріш өсіру технологиясында қолданылатын алғашқы суға бастыру кезінде 12-20 см деңгейінде ұстап тұру режимі күріштің көк өскіні пайда болғанша жүйек арқылы суару тәсілімен алмастырылады, одан әрі күріш қалыптасқан су режимімен суарылады.
Күрішті жалға егу технологиясын қолданғанда су шығыны, тұқым себу мөлшері, топырақ өңдеуге, жанар-жағар майға жұмсалатын шығындар мен қол жұмыс мөлшерлері де азаяды.
Күрішті жалға егу технологиясын көпжылдық шөптердің аударма қыртысына, мелиоративтік және күріштен кейінгі танаптарда орналастырған тиімді.
Аталмыш технологияны жүзеге асыру үшін қолданылып жүрген тұқым сепкіштерге культиватор табандарын салу арқылы, немесе арнайы Индияда дайындалған сепкіштерді немесе Қазақ су шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты шығарған тұқым сепкіштерді пайдалануға болады. Соңғы екі тұқым сепкіште минералды тыңайтқыштарды бірден топыраққа енгізіп беру қарастырылған.
Күрішті жалға егу тәсілі қалыптасқан топырақ өңдеу әдісінің негізінде жасалып, төмендегі технологиялық шараларды қамтиды:
1. Сүдігер жырту (25-27 см-ге).
2. Көктемгі тырмалау.
3. Атыз беттерін лазерлік тегістегішпен эксплуатациялық тегістеу жұмы-стары жүргізіледі.
4. Минералды тыңайтқыштар енгізу: фосфор тыңайтқышын толық (100%) азот тыңайтқышының 50-70%-н (жетілдірілген сепкіштерді қолданғанда тыңайтқышты бірден топыраққа сіңіреді); шиін, қоғаға қарсы қолданылатын жүйелі гербицидтерді тұқым себерден 2-3 күн бұрын береді.
5. Фрезамен немесе ауыр дискімен БДТ-7,0, гербицид пен тыңайтқыш берген жерлерді фрезерлеу, қопсыту жұмыстары жүргізіледі.
6. БЗТУ-1 немесе ЗИГ-ЗАГ тырмаларымен тырмалау.
7. ЗКК-6 тісті таптағыштарымен топырақ бетін таптау.
Тұқым себу мерзімі бойынша күрішті жалға егу тәсілімен қолданылып жүрген тәсілдің арасында айырмасы жоқ. Себу: Қызылорда облысының оңтүстік аймағында 20 сәуірден 10 мамырға дейін, орталық аймақта 1-20 мамырға дейін, солтүстік аймақта 10-30 мамырға дейін, соңынан тездетіп суға бастырылады.
Күрішті жалға егу тәсілін өндіріске енгізу үшін тұқым себер алдында жүргізілетін топырақ өңдеу жұмыстары өте сапалы атқарылуы тиіс, топырақтың қойтастары болмауы тиіс, атыз беті біркелкі тегіс болуы керек.
Қазақ күріш шаруашылығы ҒЗИ-ның мамандары күрішті жалға егетін арнайы сепкішті тиімді пайдалану көрсеткіштерін әзірлеген болатын. Атап айтқанда, Қазақ су шаруашылығы ҒЗИ-ның конструкторларына сепкіш арқылы төмендегі көрсеткіштерге: жалдың ені 60-70 см; биіктігі 18-20 см; қатараралығы - 15-30 см; қарықтың ені - 30-40 см; тұқым себетін тереңдік - 1,5-2,0 см, тұқымды себу мөлшері - 5 млн дана өнгіш дән, қол жеткізу қажеттілігі ұсынылды.
Осы ұсыныстар негізінде арнайы тұқым сепкіш дайындалды. Ол тұқыммен бір мезгілде тыңайтқышты сіңіре алады.
Тұқымды сепкен соң атызды жағалай тереңдігін 40 см етіп уақытша арық жасалып, суға толтырылды. Осы арықтар суға толған соң су қарықтарға жіберілді. Жұмсалған су мөлшерін анықтау үшін арнайы су өлшегіштер орналастырылды. Күріш көгі толық шыққан соң егіс Гулливер гербицидімен гектарына 25 г мөлшерінде өңделді. Тұқымды себу алдында арамшөптерге қарсы гербицид қолданғанда, күрішті үзіп суару әдісін пайдаланған тиімді: қарықтарға су жіберіліп, күріш көгін ылғалмен қаныққан топырақта алады, түптеу дәуірінде су деңгейі 5 см, түптеу дәуірінен кейін 10-12 см деңгейде ұстайды, сосын гүлдеу дәуірінде 15-20 см-ге көтереді, гүлдегеннен кейін 15 күн өткен соң дәннің қамырлану кезеңінде атыздарға су беру тоқтатылады.
1.2 Күріш асты топырақтарының құнарлық көрсеткіштерін арттыру жолдары Барлық ауыспалы егістер өзінің дақылдар құрамы мен өндіретін негізгі өнімі бойынша мынандай типтерге бөлінеді: егістік, малазықтық және арнаулы. Түрлі ауысымды егістерді жеке шаруашылықтарда тиімді үйлестіріп пайдалану - ауыспалы егістер жүйелері болып саналады.
Ауыспалы егіс көлемінің жартысынан көбіне дәнді, картоп және техникалық дақылдар егілсе, онда ол егістік (танаптық) ауыспалы егіс деп аталады.Ауыспалы егістің жартысынан көп жері мал азықтық дақылдарға арналған болса, онда ауыспалы егіс малазықтық болып саналды. Дәнді дақылдардың бұл ауыспалы егістегі үлесі аз. Малазықтық ауыспалы егістің өзі ферма жанындағы (маңайы) және шабындықты-жайылымды болып бөлінеді.
Ауыспалы егісте ерекше жағдайлар мен агротехникаларды қажет ететін дақылдар егілетін болса, ондай ауыспалы егіс арнайы болып есептеледі. Ол дақылдарға өте құнарлы топырақ, су, қоректік құбылымдар мен аумаққа оларды өте ыңғайлы қылып орналастыру, сондай-ақ тағы басқа да ерекше жағдайлар жасау керек. Мұндай дақылдарға күріш, мақта, темекі, кенепшөп, көкөністер мен тағы басқа дақылдар жатады. Мысалы, күріш дақылын өсіруде суды ұстап тұратын арнайы атыздар, су қашыртқылары және басқа да ерекше жағдайлар жасалынады. Ауыспалы егісте күріш дақылы 2 жыл қатарынан егілгеннен кейін құрғақта өсетін басқа дақылдармен алмастырып отыру қажет. Егер күріш бір жерде үш жыл немесе одан да көп жыл бойы үздіксіз егілсе, ол танаптарда күрмек, шиін, доңызқоға секілді арамшөптер көбейеді. Сонымен бірге топырақта ауа- қорек - су режимдері және осыған сәйкес физикалық қасиеті нашарлайды, қарашірік, қоректік заттар мөлшері жылдан жылға азая береді.
Топырақ құнарлылығын арттырып, оның физикалық - химиялық қасиетін ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz