Жартылай қатты қанаттылар отряды (НEMIPTERA). Еркінмұрттылар



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Ауылшаруашылық Министрі
Қазақ Ұлттық Аграрлық Университеті
Өсімдік қорғау және карантин кафедрасы

Семестрлік жұмыс

Тақырыбы: Жартылай қатты қанаттылар отряды (НEMIPTERA). Еркінмұрттылар.

Алматы - 2019 ж
Жоспар:
I. Кіріпе:
1. Жіктелу жүйесі
2. Морфологиясы
II. Негізгі бөлім:
1. Биологиясы
2. Өсімдікті зақымдай белгісі, зақымдалатын өсімдіктің мүшесі
3. Табиғи жаулары мен аурулары
III. Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе:
Жартылай қатты қанаттылар - НEMIPTERA
Домен: Эукариоттар
Патшалық: Омыртқасыздар
Тип: Буынаяқтылар
Класс: Бөжектер
Отряд: Жартылай қатты қанаттылар
Отряд тармағы: Еркінмұрттылар
Жартылай қатты қанаттылар, қандалалар (Hemiptera) - жәндіктер класының бір отряды. Жер шарында кең тараған.
50 тұқымдасқа бірігетін 25 - 30 мыңдай (кейбір деректерде 40 мыңдай) түрі белгілі. Қазақстанда 32 тұқымдасы, 370 туысы, 1500-дей түрі бар. Құрлықтағылары өсімдікке жабысып, топырақ бетінде, ағаш қуысының астында, құм арасында, су қандалалары суда тіршілік етеді. Бұлардың қазба қалдығы юра кезеңінен белгілі. Дене тұрқы 0,7 - 120 мм. Аузы шаншуға, соруға бейім. Мұртшалары жіп тәрізді (4 - 5, кейде 1 - 3 буынды). Қысқа қанаттары екі жұп, алдыңғылары қаттылау. Аяқтары секіруге, қазуға бейімделген. Жартылай түрленіп көбейеді (4 - 5 жұмыртқа салады, дернәсілі бірден ересек қандалаға айналады). Хош иіс шығаратын безі (ересегінде - кеуде қуысында, дернәсілінде құрсағында орналасады) бар. Сілекейі улы болады. Жартылай қатты қанаттылардың көптеген түрлері өсімдік шырынын сорып, ауыл шаруашылығына және орман шаруашылығына, су қандалалары балық уылдырығын, майда шабағын жеп, балық шаруашылығына зиян келтіреді. Жыртқыш түрлері адам және жануарлар арасында әр түрлі аурулардың қоздырғыштарын таратады. Бұлардың ішінде (Anthocorіdae, Nabіdae, Mіrіdae, Petaromіdae тұқымдасының өкілдері) зиянды жәндіктер мен кенелерді құртатын, өсімдіктерді тозаңдандыратын, балыққа жем болатын пайдалы түрлері де кездеседі. Жартылай қатты қанаттыларды жою үшін дезинсекция жасалады.

1 - сурет. Жартылай қатты қанаттылар - НEMIPTERA
Денесінің үлкен - кішілігі жағынан әрқилы бөжектер. Мұртшалары жіп тәрізді 4-5 көбінесе 5 бунақтан тұрады. Ауыз мүшелері шаншып сорғыш, үш төрт бунақты тұмсығы бастың алдыңғы жағына орналасқан. Қанаттары әртекті - алдыңғы қанаттарының ұшы мөлдір жарақты болады да, қалған негізгі бөлігі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бунақденелілердің сыртқы құрылысы
Жұмыстың өзектілігі
Астық дақылының сорғыш зиянкестері
Көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестері жайлы
Бөжектердің сыртқы құрылысы
Қ.Р әр аймақ жағдайында дәнді-бұршақ дақылын зиянкестерден қорғау шаралары
Көкөніс және бақша дақылдарының зиянкестері
Дәнді-бұршақ дақылының зиянкестері
Көкеніс және бақша дақылдарының зиянкестері
Ауылшаруашылық дақылдарының зиянкестері оларға қарсы жүргізілетін қарсы шаралар,зиянкес түрлері
Пәндер