Қиярдың өсіру технологиясы. Пайдасы және ауру түрлері



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар
Кіріспе
1) Қиярдың шығу тарихы
Негізігі бөлім
1) Қиярдың сорттары
2) Қиярдың өсіру технологиясы
3) Қиярдың пайдасы және ауру түрлері
Пайдаланылған әдебиттер

Кіріспе
Көкөніс шаруашылығы - көкөніс өсімдіктерін өсірумен айналысатын ауыл шаруашылық саласы, оларға мысалы, бақшалық дақылдар - қарбыз, қауын, асқабақ жатады. Көкөніс шаруашылығы ашық немесе жабық жерлік болуы мүмкін, ол топырағына байланысты болады. Көкөніс шаруашылығының ашық түрінде көктемгі жазғы және күзгі мезгілдерде көкөністік дақылдарды өңдейді, жабық топырақта -- маусымнан тыс кездері көкөністерді өсіреді, ол кезде климаттық жағдайлар бойынша егістіктерде көкөніс өнімін және ашық топырақ үшін көшетті екпелерді алу мүмкін болмайды.Көкөніс шаруашылығының ерекшелігі көшет отырғызу әдісін жаппай қолдану, сонымен қатар, өсімдіктерді аяғына дейін өсіру және шығару саналады.
Қияр дақылында адам ағзасының ас қорыту жүйесін реттейтін, асқазан сөлінің қышқыл-сілтілі ортасын бейтараптандыратын дәрумендер мен минералды тұздар өте көп болады. Жаңа піскен жемістері, әсіресе бүйрек ауруларының бастапқы кезеңінде, өт шығару жолдарында тұз шөгінділерінің
түзілуі барысында аса пайдалы. Қияр жемісі асқазан сөлінің қышқылдылығы жоғары адамдарға пайдасы зор. Қияр - әлемде ең көп таралған көкөніс дақылдарының бірі. Гректер қиярды аорос деп атаған. Пісіп жетпеген жемістері тағам ретінде қолданылғандықтан, бұл сөз піспеген деп аударылады. Аорос сөзі бірте-бірте аугурос сөзіне ауысып, орыс елінде огурец (қияр) деп өзгертіп айтылды. Үндістанда ежелгі мекені болып саналатын қиярды 3 мың жыл бұрын өсіріп бастаған. Қытайда қиярды өсіру біздің дәуірімізге дейін II ғасырда басталған. Біздің дәуірімізге дейін бірнеше жыл бұрын Мысыр елінің ғибадатхана қабырғаларында құрбандыққа шалынғандар арасында жемістері суреттелген қияр басқа асқабақ өсімдіктерімен өсірілгені анықталды. Сондай-ақ, ХІІ династиясының (б.д.д. 2000-1788 жж.) мазарларын қазу кезінде тасқа айналған қияр қалдықтары табылды. Бұл дақыл Ежелгі Рим, Ежелгі Грек және Месопотамияда да белгілі болған. Көне заманда қияр айтарлықтай кең таралған. Теофраст (б.д.д. 372-288 жж.), Диоскорид (б.д.д. 50 ж.), Марциал (б.д.д. 40-102 жж.) көне авторлары өздерінің шығармаларында қияр туралы бірнеше рет атап өткен. Бұл дақылдың сипаттамасын ежелгі римдік жазушы және агроном Колумнелланың (б.д.д. 60 ж.) 12 томдық ауылшаруашылық энциклопедиясында табуға болады. Ол биологиялық ерекшеліктерінен басқа, өсіру технологиясын да толығымен жазған. Мысалы, Колумнелла шақпақ таспен жабылған көшетханаларда өсірілген қиярды жыл бойы Тиберия императорының үстеліне берілгенін жазған. Сондай-ақ, ол қиярдың Африкада кең таралғандығын ескертеді. Батыс Азия (Иран, Ирак, Туркия, Сирия) елдеріне қияр 3000 жылдан аса бұрын келген. Арабтарға бұл өсімдік біздің дәуірімізге дейін кем дегенде 300-200 жыл бұрын белгілі болды. Ол туралы араб ғалымдары, Ибн-Аллавам мен Ибн-Бейтар набаттық егіншілікті сипаттағанда атап өткен [8]. Англияда ХІV ғ. қияр кәдімгі көкөніс дақылы болған, сосын ұзаққа созылған соғыс жылдары бұл дақыл қараусыз қалды. Тек 1573 жылы қайтадан өсіріле бастады. ХVІІІ ғ. Еуропада әйнектелген жылыжайларда қияр өсіріліп басталған, осыдан бастап ағылшындықтар жылыжай қиярының жаңа сорттарын шығара бастаған.
Ресейде бәрі IX-X ғғ. басталған. Оңтүстік, Орталық және Солтүстік-шығыстық аймақтардың қатты климатына қияр сорттарын бейімдеткен ежелгі суздальдық егіншілері еңбек еткен. Қияр тұқымдарының көбісі егіншілердікі болған. Қияр жүйектерін жылқы көңдерімен қосып қазған. Қияр туралы Ресейде бірінші әдебиетте 1528 жылы неміс бароны Зигмунд Герберштейнжазған. Кейіннен неміс ғалымы Адам Олеарий 1637-1639 жж. Ресейде болып, өзінің елшілік сапарында орыс қиярлары туралы түгел сипаттап мадақтаған. Измаилда I Петр жарлығымен Просяндық патшалығы бақшасы жылыжайында қиярлар мен қауындар өсіріліп бастаған.
Қазіргі уақытта қияр көкөніс дақылы ретінде бүкіл дүние жүзінде кең таралған. Шындығында бұл бүкіл халық сүйіп жейтін дақыл субтропикалықтан полярлық ендіктерге дейін өсіріледі. Қиярдың ірі және дәстүрлі территориясы Ресей Федерациясының орталық облыстары, Поволжье, Солтүстік Кавказ, Украина, Беларусь пен Молдова болып табылады. Ресей Федерациясы мен Украинада қияр егісі 120 мың га жерді алып жатыр. Жабық танапта ол 70% ауданды алып жатыр. Қазақстанда қиярды өсіру ауданы ашық алаңда 12-14 мың га (көкөніс дақылының жалпы ауданынан 10-12%), жабық алаңда 170 га дейін жетті. Қазақстанның оңтүстік-шығысында жылыжай қиярының ауданы 50 га шамасын құрап жатыр. Әлемде қиярды көбірек Қытайда жалпы ауданы - 190 мың га, Еуропа мемлекеттерінде - 200 мың га және Азияда - 300 мың га жоғары өсіреді. Қиярды әлемдік өндіру жылына 12 млн.т құрайды. Оны орташа өнімділігі 15 тга болатын 880 мың га жоғары аудандарда өсіреді. Қытайдың субтропикалық аудандарында жылына 3,9 млн. т, Жапонияда - 1 млн. т, Туркияда - 0,8 млн. т, АҚШ - 0,6 млн. т, ал Қазақстанда - 90 мың т қияр жиналады. Қияр жеткізілімі бойынша импортер-мемлекеттер арасында Иран (36%), Қытай (20%), Украина (14%), Испания (9%), Әзербайжан (8%) топбасшылар болып табылады.

Негізігі бөлім
Қияр (лат.Cucumis sativus)-асқабақ тұқымдасына жататын бір жылдық көкөніс дақылы.Жарық,ылғалды және жылы жерлерде жақсы өседі. Суыққа төзімсіз. Сабағы жатаған не өрмелегіш, бес қырлы, ұзындығы 1,5м-дей.Жапырағы кезектесіп орналасқан, ұзын сағақты, түкті. Гүлі сары, дара жынысты. Жемісі- қияр. Қиярды үзіп алысымен де, кейін тұздалған күйінде де жеуге болады. Жемісі - жеуге жарамды, тұқымы көп, шырынды және түсі жасыл болып келеді. Түріне байланысты көлемі әртүрлі болады. Бүгінгі күнге дейін осы аймақтарда қияр табиғи жағдайда өсіріледі.
Қиярдың сабағы жатаған, бұтақтанғыш келеді. Жапырақтары сағақты, солардың қолтығында мұртшалары, өркендері, жанама тамырлары және гүлдері қалыптасады. Аталық гүлдері гүл шоғырына қалқанға, аналықтары жалғыздан, кейдешоқпарбас тәрізді орналасқан.
Тамыр жүйесі. Тұқымдары егіліп, тұқым жарнақтары топырақ бетіне шығып болғанша тамыр жүйелері қалыптасады. Осы тамыр жүйелері тігінен және жан-жағына көптеп таралып, топырақ қабатына жайылып өсе бастайды. Негізгі бастапқы тамыры 1 метрге дейін болады, осы тік тамырдан жайылып таралған көптеген жанама тамырлары топырақтың жоғарғы қабатында (25-30см) орналасады. Осы тамырлардың физилогиялық функциясы қоректік қажеті ертінділерді көптеген ұсақ тамырша түктерімен өзіне сорып, топырақ бетіндегі вегетативтік және генеративтәк мүшелерін қамтамасыздандырады.
Сабақтары. Шырмауық сияқты және қысқа, ұзынды мұртшаларымен жармасып өзіне биік өскен өсімдіктертердің сабақтарымен жоғарылап өсе бастайды немесе бұндай жағдай болмағанда топырақ бетіне жайылып өркендейді. Сабақтары жұмыр-қырлы, қырлы, нәзік, орташа қатты түктерімен қалыптасып өседі. Орталық басты сабақтан бірнеше қатар, біріншіден екінші, екіншіден үшінші сабақтары қалыптасып, осылайша жалғасып, сорттарының ерекшеліктеріне байланысты (3-4 м-ге дейін) өрендей береді. Осылайша сабақтану аз, орташа, көп болуы сорттың ерекшеліктеріне , қоректік алаңның көлеміне, өсіріп-өндіру технологиясының қолайлы жағдайларына байланысты болады. Сабақтанудың түрлері: орталық бір сабақты, көп сабақты (сегізден де көп жанама сабақтар), орташа (5-8 дейін), аз(1-4 дейін). Сабақтарының ұзындығы сортына, өсіру жағдайларына қарай салқындау аймақтарда 1,5 м, ал қоңыржай жылы жақтарда 2-3 м-ге дейін өсіп-өнеді. Сабақтарының ұзындығына қарай 4 топқа бөлінеді: түптісі- 0,1 м, қысқа сабақтысы- 0,1-0,5 м, орташасы- 0,6-1,5 м, ұзын сабақтылары 1,5 м-ден де ұзынырақ болып қалыптасады. Сабақтарының жуандығы: жіңішкесі-0,5 см, ал жуандары-0,5 см-ден жуан. Қысқа сабақтылары ерте піседі, жемістері онша үлкен емес. Сабақтарының жапырақтанулары аз, орташа және көп болып бөлінеді.
Жапырақтануы. Сабағының өсіп-даму кезеңінде жапырақтары кезектесіп қалаптасады. Жапырақ алақандары тұтас, аздап қана қалақтануы болады, жапырақтарының беттері тегіс, аздаған қыртыстары бар, кедір-бұдырланған, шеттері бүтін, тұтас немесе жиектері ара тісі тәрізденіп қалаптасады. Жапырақтарының екі жақ беттері сабақтары сияқтанып түктенеді немесе түксіз де болып өседі. Жапырақтарының сыртқы түр пішіндері әр түрлі сүйірленген, сопақша, бесұшты сопақша болып қалыптасады. Жапырақ алақандарының ұзындығы қысқа (12 см-ге дейін), орташа (12-15 см), ұзын (15 м-ден де ұзын) болады. Жапырақтарының ендері: кішкене (15 см-дей), орташа (15-20 см), енділеу (20 см-ден енді).
Гүлденуі. Қияр дақылы бір үйі бөлек жынысты аталық және аналық гүлдері бөлек-бөлек немесе қос жынысты болып та қалыптасады. Гүлдері жапырақтардың қолтығында, аталық гүлдер бірнешеуден топтасып, аналық гүлдерге қарағанда бір-екі, үш тәулік ерте қалыптасып гүлдейді. Аналық гүлдері жапырақ қолтықтарында біреуден немесе қосақтасып екеуден, анда-санда үшеуден орналасады.
Қазіргі кезеңде негізінен тек аналық гүлдерін қалыптастыратын сорттар мен будандар көптеп шығарылуда, осылардың аналық түрлерін, осындай сорттар мен будандарды жан-жаққа кеңінен, жалпылай шаруашылықта пайдалану қиярдың өнімділігін екі-үш есеге дейін арттырады.
Аталық гүл шоғында тек қана күлте жапырақ болады, осы күлте ішіндегі аталық жынысында тозаңы пісіп жетіліп, аналық гүлді тозаңдандыруға 1-2 тәулікте жетіледі. Осы гүлдер жеміс бермейді, ал аналық гүлдің күлтешесінің астында кішкене болашақ жемісінің негізі болып, жапырақ қолтыңында тығыз орналасады, тап осылайша аталық гүл мен аналығының айырмашылығы көрініп тұрады, бұл заңдылық барлық асқабақ тұқымдастардың өздеріне тән бір ерекшеліктері.
Аталық және аналық гүлдерінің күлтешелері ашық сары аралармен, жәндіктермен айқас тозаңданады. Аталық гүлдері 1-2 тәулікте, ал аналықтары 3-4 тәулікте күлтешелері ашалғаннан кейін семіп кебе бастайды, ал осы кезеңде аналық гүл тозаңданбаса, семіп кеуіп түсіп қалады, егер тозаңданса, болашақ кішкентай жемістерінің 2-3 тәулігін пикули, 4-5 тәулігін корнишон деп аталады. Осы екеуін көкөнісшілер нәзіктігіне қарай уызға теңейді, 9-12 тәуліктен асырмай тағамға жинап тұру қажет, өйтпеген жағдайда қабықтары қатая бастайды.
Жемістері. Жемістерінің қысқасы 5 см-ден 10 см-ге, орташасы 11 см-ден 20см-ге, қзындары 21-ден 30 см-ге, өте ұзындары 30 см-ден де ұзын болады. Жемістері жас, қысқа болса, соғұрлым құнды болып есептеледі. Жемістерінің сыртқы пішіндері домалақ, жұмыртқа пішінді, қолорақ тәрізді болады.
Сыртқы беттері тегіс, бүршікті, кішкене бүршікті, ірі бүршікті, ал енді қияр жемістерінің өзіне тән түктері үш түрге бөлінеді: қарапайым, әдеттегідей, ақ, қара аралас (ақ-қара), күрделі бүршікті, кедір-бұдырлы қара-көк, жасылкөк, күңгірт-қоңырға дейін, ал осылардың негіздері сорттарының айырмашылықтарына және өсірілген ортаның жағдайларының технологиясына байланысты өзгеріп қалыптасады.
Өсіріп-өндіру мезгілдеріне қарай үш кезеңге бөлінеді: ерте пісетін сорттарының тұқымдары топыраққа егіліп жаппай көктеп шыққаннан кейін ауа райыныі қолайлы жағдайында жемістері 32-48 тәулікте, орташа пісетіндері 50-55 тәулікте, ал кеш пісетіндері 55-70 тәулікте тағамға пайдалануға жарамды болады. Осы кезеңдерде сорттарының жемістерін тағамға пайдаланған жақсы, өзіне тән хош иісі мен дәмділігі өте ұнамды болады. Жақсы жемістерін қалыптастыра бастаған түптен бірінші, екінші, үшінші жемістерін тағамға пайдаланып, 4-5-ші жемісін түстері сарғайып, сүттей ағарып қабығы піскенге дейін тұқымдыққа қолдану қажет, ал кейбір сорттардың өзіне тән ерекшеліктеріне қарай тұқымдық жемістерінің сырты бірнеше түрлі торланады, осындай кезінде күңгірт-қоңырға дейін түстері өзгереді. Қияр жемістері жалған жидек, осыған байланысты әрбір тұқымдық жемісте 3-тен 5-ке дейін тұқымдар пісіп жетілетін бөлімшесінде сақталады. Бір тұқымдық жемістен 100-400 дана тұқымдар алынады. 1000 дана тұқымдарының салмағы 15-35 грамға дейін. Тұқымдық жемістер әбден сарғайып, пісіп жетілгеннен кейін, жылы жерге әкеліп қойып жұмсартып, босап иісі шыға бастағанда ұзына бойына пышақпен кесіп тұқымдарын беті кілегейленіп көпіршидә, осыған жеткенде тұқымдарды таза сумен бірнеше рет жуып қағаз, картон, панераның үстіне жайып жылы көлеңке орында кептіреді. Өсімділігі 6-8 жылға сақталады.
Қияр - ежелгі көкөністік өсімдік, әлемнің барлық елдерінде өсіріледі. ТМД-да 220 мың га жерде өсіріледі. Ашық жердегі өнімділігі 100-120 цга, қорғаулы жерде орташа есеппен 16-20 кгм[2], ал 50-60кгм[2] мүмкін өнімділік.
2004 жылы қиярдың ең жоғары өнімі (286,6 цга) Солтүстік Қазақстан облысында болды. Қиярдың жоғары өнімі шаруа қожалықтарында жиналуда. Анықтама үшін: Израильде-көкөніс шаруашылығы ең жетілген елде - қиярдың өнімділігі 2500 цга. Қазақстанның солтүстігінде қиярды 2,2 мыңга жерде өсіреді.
Биологиялық ерекшеліктері. Тамаққа қиярдың піспеген жемісін - 9-12 тәуліктік көк түйнегін - жас күйінде, тұздап және маринадтап пайдаланады, 4-5 тәуліктік жемісі корнишон, ал 2-3 тәуліктік түйнегі пикуль дайындауға жарайды.
Қиярдың көк түйнегінде сұрпына байланысты 0,5-1,4 % ақуыз, 1,5-3,7 % қанттар, 10-15 % С дәрумені, әртүрлі минералды заттар және 96,8 % су болады.
Қиярда минералды заттар аз, бірақ олардың сәтті арақатынасы негіздердің мол болуына себепші болады. Осы көрсеткіш бойынша басқа көкөністер, шомырдан басқа, қиярға теңесе алмайды. Сірә, қиярдың несеп қышқылын еріте алу қабілеті негіздердің мол болуына байланысты болар. Қиярда калийдің мол болуы (1400 мгл) ағзадан сұйықтың шығарылуына ықпал етеді. Қияр шырыны парфюмерияда, косметика өнеркәсібінде кең қолданыс тапқан.Қияр топырақ пен ауаның температурасы мен ылғалдылығына жоғары талап қояды.
Тамыр жүйесі топыраққа не бәрі 25-30 см тереңдейді, ал жан-жағына 50 см. Сабағы төселіп өседі, мұртты; мұрттарымен тірегіштерге оратылады да, ол тік өсе алады.
Бұл бір жылдық, бір өсімдігінде аналық және аталық гүлдер қалыптасатын қос жынысты, ұялас өсімдік. Гүлдері жапырақ қолтығында пайда болады: аталығы - 5-7-ден, аналық гүлдері біреуден, кейде екеуден пайда болады. Соңғы кезде негізінен аналық гүлдер қалыптасатын сұрыптар шығарылуда, оларды аналық түрдегі сұрыптар дейді.
Аталық гүлдер ашылғаннан кейін аналық гүлдер пайда болады. Олар бүйірлік бірінші және екінші реттегі сабақтарда орналасады. Негізгі сабақты шеку (шырпу), бүйірлік өркендердің құрылуын тездетеді де, ерте өнім алуға ықпал жасайды, ал шырпылған өсімдіктердің жинақтылығы оларды бір алаңда көбірек орналастыруға мүмкіндік береді де, жалпы өнімді молайтады.
Қиярдың гүлдері бунақденелілермен, негізінен аралармен тозаңданады. Бірақ аналық гүлді тозаңдатусыз жеміс байлайтын партенокарптық сұрыптар бар. Оларға Зозуля буданы, Московский тепличный буданы және т.б. жатады.
Жемістердің пішіні әртүрлі - шар тәріздіден жібше шұбатылған жылан тәріздіге дейін, олардың мөлшері де ауытқымалы 5 см-ден 70 см-ге дейін болады. Сұрпына байланысты түсі сүттей ақтан қою жасылға дейін болады. Жемісі - сұрпына байланысты биологиялық пісуіне 40-60 тәулікте жетеді, оларды бұл кезеңде тұқымдықтар деп атайды. Тұқымдықтардың түсі сүттей ақтан күңгірт қоңырға дейін өзгереді, кейбір сұрыптарының тұқымдары торлы болады. Тұқымдары ұзынша эллипс пішінді, сәл сарғылттау. Мың тұқымының массасы 16-25 г.
Қияр - қысқа күннің өсімдігі. Соған қарамай жекелеген сұрыптары күннің ұзақтығынан әртүрлі әсер алады. Ашық жердің сұрыптары - Муромский 36, Вязниковский 37, Неросимый 40 және т.б. - 11-12 сағ күнде жоғары өнім береді, ал жылыжай сұрыптары - Клинский, Многоплодный -9-10 сағ қысқа күнде жемісті жақсы салады.
Қияр - жылу сүйгіш өсімдік. Тұқымдары 12-13[о]С өне бастайды. Топырақтың температурасы 10°С төмен болса олар шіриді ( көктемде салқын топыраққа сепкенде өскіндердің сирек болуы осымен түсіндіріледі). Егер тұқымды температуралық шынықтырудан өткізсе, олар +10[о]С өне алады. Өсу және жеміс салу үшін күндізгі оңтайлы температура 25-тен 32°С дейінгі, түнде - 18-ден 20°С дейінгі жылылық. Мұндай температурада өскіндер 4-5°С тәулікте пайда болады, 5-6 тәуліктен кейін, аналық типтес сұрыптардың қолтығында алғашқы жапырақтар пайда болады, бірақ олар кешірек пайда болады, көбінесе 10-15 тәулікте. Өскін пайда болғаннан 22-28 тәулік өткен соң гүлдей бастайды. Жатын тозаңданғаннан кейін тез пісетін сұрыптарда 9-12 тәулікте, орташа мерзімде пісетіндерде - 12-16 тәулікте көк түйнектері технологиялық пісуге жетеді. Дамудың оңтайлы жағдайында, ерте пісетін сұрыптарда қиярдың алғашқы жиналуы, өскін пайда болғаннан 38-40 тәулік өткен соң басталуы мүмкін.
Жылылық 14°С төмен болса қиярдың өсуі тоқтайды. Сондықтан салқын жылдары өнім күрт төмендейді. Тым жоғары температура да жеміс салуына қолайсыз: 35°С гүлдердің тозаңдары ұрықтана алмайды да жеміс байланбайды; 40°С өсімдіктің өсуі жалпы тоқтайды.
Танапта, кейде булыжайлар мен жалдарда өсірілген қиярда, жиі түйнектің қабығының, кейде мәйегінің де ащы дәмі болады. Ащылық, түйнектің қабығындағы ақуыздық қосылыстардың өнімдерінің ыдырауынан пайда болған глюкозидтердің көп болуына байланысты. Бұл әдетте жапырақта ылғал мен қоректік заттардың (негізінен азоттың) жеткіліксіздігінде, жемістердің күн көзімен күшті жарақтанғанында (сирек егістерде), сондай-ақ жеміс байлануының соңында байқалады. Қиярдың ащылануы - тұқым қуалаушылық құбылыс және өсімдіктің сұрыптық ерекшеліктеріне байланысты.
Ылғалдылыққа қатынасы. Қияр дақылының топырақтағы және ауадағы ылғалдылыққа талабы өте жоғары. Егілген тұқымдардың тез көктеп шығуы үшін құнарлы топырақтың ылғалдылығы 70-80%-дан кем болмауы керек, себебі жаңа өскіндердің және жемістенетіндердің тамыр жүйелері топырақтың жоғары қабатында жайылып орналасуы өзіне тән биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Қияр жақсы гүлдеп жемістенуі үшін және жемістерінің ащы болмауы үшін, топырақтың ылғалдылығы 75-90%, ал ауадағы салыстырмалы ылғалдылық 70-80% болуы қажет.Ауа райына байланысты екі күнде бір рет кешкілікте 18-20°С жылы сумен ылғалдандырғанды ұнатады. Қиярдың үлкен көп жапырақтары құрғақшылық аңызақ күндері шектен тыс көп буландырады, осыған байланысты топырақтағы ылғалдылық жетіспегенде жемістері әр түрлі қисық-кеміс, жағымсыз түрлерін көрсете бастайды. Тағы бір ескертетін жағдай қияр дақылын топырақтың жылуы қандай болса, сондай жылы сумен суару қажет, егер судың жылуы төмен, яғни салқын сумен суарылса, тамыр жүйелері азып-тозып шіри бастайды да, жемістенуі тежеуілденіп, жасына жетпей қартайып, өсіп-өнуі тоқтатылады. Өсіп-өну мерзімін ұзартуға кешкілікте су бүркішпен себелеп бүркіп тұрса, ауадағы салыстырмалы ылғалдылықтың мөлшері жоғары болып, көптеген жақсы әсерін тигізеді. Күннің ұзақтылығынан жапырақтары көбейіп, жемістенуі азаяды. Қиярдың ылғалды күшті буландыратын үлкен жапырақ беті бар болғандықтан, ал оның тамырының негізгі бөлігі топырақтың тез құрғайтын жоғары қабатында орналасқан. Сондықтан ол суландырудың жүйелі болғанын тілейді. Топырақтың жоғары ылғалдылығында қияр ауа құрғақшылығына төзімділік көрсетеді. Қиярды кез келген, тек қышқыл және тұзды емес топырақтарда өсіруге болады. Бірақ ең дұрысы құнарландырылған, қарашіріндіге бай, жақсы жылынатын құрылымды топырақтар. Қияр басқа көкөніс дақылдарымен салыстырғанда топырақтан қоректік заттарды аз шығындағанымен, оларды жедел сіңіреді. Өсуінің алғашқы 2 аптасында азоттық қоректің мол болғанын, сосын гүлденгенше - азотты-фосфорлы, ал жеміс салу кезеңінде қайтадан азотты тыңайтқыштардың мол болғанын тілейді.
Жарыққа қатынасы. Қияр дақылы жарыққа бейтарап қысқа күндік. Бұл қасиеті асқабақ дақылдарының ішіндегі ерекшелігі. Осыған байланысты күн сәулесі тікелей түсетін емес көлеңкелеу, шағылыспалы түсетін сәулесі бар орында жақсы өсіп-өніп, ерте көктемнен қыркүйек қазанға дейін жемістерін үздіксіз бере алады. Күннің ұзақтығынан жапырақ сабақтары көбейіп, жемістенуі азайады.
А.Е. Портянкин мен А.В. Шамшина мәліметтері бойынша, жоғары өнім алудың негізгі алғы шарттарының бірі қиярдың өсуі мен дамуы үшін қолайлы жағдай жасау болып табылады. Қиярдың өсу үрдістері басында қарқынды жүреді, ол үшін температура жоғары болу керек. Өсімдік жасының ұлғаюымен қолайлы температура төмен болады. Түнгі температура қиярдың өсуі мен жеміс беруіне едәуір әсер етеді: күндіз жиналған температурадан жоғары болған сайын, фотосинтез өнімдері тез таралады. Сондықтан, қиярлар тезірек пісуі үшін түнде температураны 21-23º С дейін көтеру керек. Бірақ бұл жағдайда өсімдіктер тез қартаяды. Түнде жоғары температуралардың ұзаққа созылуы (жеміс берудің 2-3 аптадан өте) өсімдіктерді әлсіретеді. Жаңа бүйір өркендерінашар дамып, түйіндерінің айтарлықтай бөлігі қурап, стандартты емес жемістерінің бөлігі арта түседі. Сондықтан, жеміс беру ұзақтығын қамтамасыз ету үшін өсімдік қалпына келетіндей, 7-10 күнге түнгі температураны 16-18ºС дейін төмендету керек. Мұндай температуралардың жоспарлық алмасуы өсімдіктерден, біріншіден негізгі өркендерінен, содан бүйірлерінен барынша мол өнім жинап алуға мүмкіндік береді. Ауа температурасы 25°С жоғарлауынан, аталық гүлдерінің саны ұлғая түседі. Ал 20°С төмендеткен кезде, аналық гүлдерінің саны көбейеді. Сондықтан,қиярға жақсы күтім мен суару, жақсы алғы дақылды таңдай білген жағдайда қиярдың өнімділігін айтарлықтай мөлшерде жоғарлатуға болады.
Көшет дегеніміз - ашық не қалқаланған жерге көшіріп отырғызу үшін өсірілетін жас өсімдік. Көшетті жылыжайда, парникте өсіріледі. Көшеттерді күзде немесе көктемде алу қажет. Сонан соң тамырын дымқыл топырақпен 0,5 м-ге жауып, жақсылап су себеді Шымтезек қарашірікті топырақта өсірген Көшеттің сапасы жақсы болады. Көшеттен өсірілген көкөністер (капуста, қияр, бұрыш, т.б.) тұқымынан өсіргенге қарағанда 1 - 1,5 ай ерте піседі және өнімі мол болады. Көшет өсіру көкөніс, бақ, жеміс, темекі шаруашылықтарында техникалық, дәрілік және эфир майлы дақылдар өсіруде кеңінен қолданылады. Қорғаулы жерлерде көшеттердi өсiру жəне дайындау оны өсiру тəртiптерiне байланысты болып келедi, ал егер осы тəртiптер сақталмаған жағдайда көшеттердiң сапасының нашарлауына, нəтижесінде ашық жəне қорғаулы жерлерде өсiмдiктiң өнiмдiлiгiнiң төмендеуiне жəне түсiм шығынына əкеледi. Топырақты дайындау 25-27 см тереңдікте сүдігер жүргізеді. Бұдан соң - 10-12 см тереңдікте, тырмалаумен қатар қобысыту. Көктемде тек егіс тырмалауын ғана жасайды, негізінде екі рет. Қажеттілік болған кезде сонымен қатар алаңды түзету жүргізіледі.
Саттық өнімнің айтарлықтай жоғары өнімін алу үшін, будандарды көшет арқылы кассеталарда немесе текшелерде өсіру керек. Көшет 21-25 күндік болу керек. Субстратты дән егер алдында бірнеше күн бұрын дайындау керек. Дәндер 15°С топырақ температурасы кезінде көгеріп шыға бастайды. Олардың өсуіне оңтайлы температура 25-30°С болып табылады. Бірінші суаруды жүйелік фунгицид ерітіндісімен жүргізу керек.
Өсімдікті отырғызу және күтім үшін бұл ретте егудің кез келген сызбасын пайдалануға болады, мысалы: 240+40x100 см (отырғызудың ленталық әдісі) немесе 140x100 см (кеңқатарлы отырғызу әдісі). Көшетті дайындалған жерге қолдан немесе көшетотырғызушы машинаны пайдалану арқылы егеді [18].
Қияр- тез пісіп жетілуімен, жоғары өнімділігімен, пайдалығымен ерекшеленуі барысында жылыжайдың 50-70 пайызын алып отырған қолданыс аясы кең дақыл. Қияр жемісінің құрамына жоғары құнды тағамдық заттар кіреді, сілтінің минералды қосылыстарымен бірге адам ағзасына етпен, жұмыртқамен, маймен, ұнмен және басқа тағамдармен бірге енетін бейорганикалық қышқылдарды реттейді. Бұл бейорганикалық қышқылдарды реттеу қасиеті, әсіресе, қан құрамындағы сілтілі реакциялар оңай жүріп, ақуыздың жеңіл сіңуіне қолайлы жағдай жасайды. Адам ағзасының қиярды тағамдармен бірге қабылдауының біржылдық мөлшері 13-15 кг- ды құрайды.
Қазақ картоп және көкөніс шаруашылығы ҒЗИ көкөніс дақылдарын сұрыптау бөлімінде жылыжайдағы қиярдың селекция жұмыстары 2009 жылдан басталды. 2009-2012 жж. Аралығында алыс жақын шетелдерден алынған 88 сортүлгі топтамалық көшеттікте әр түрлі шаруашылықтағы бағалы қасиеттеріне (тез пісіп жетілуі, жоғары өнімділігі, түрлі ауруларға төзімділігі т.б) бағаланып, сынақтан өтті.
Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты мен бағыты- күн көзінің жетіспеушілігіне қарамастан мол өнім беретін, ауруларға төзімді, мол жеміс салатын, партенокарпты бастапқы ата-аналық желілер таңдап алу. Бастапқы міндеттің бірі- олардың тез пісіп жетілуіне, аз бұтақталып, көп жұмыс қажет етпеуіне, дәмдік қасиетін және сыртқы пішіні мен түсін сақтауына көңіл бөлу.
Өнімді жоғарылатудың бір жолы - сыртқы орта жағдайларына (ауруларға, зиянкестерге, құрғақшылық, төменгі температура және т.б) төзімді сорттарды аудандастыру, яғни отандық жаңа шыққан сорттарды өсірілетін аймақта топырақ климат ерекшеліктеріне сәйкес агроэкологиялық сынақтан өткізу, нәтижесінде өндірісті өнімділігі жоғары, сапалы тұқымдармен қамтамасыз ету.
Қиярды ашық жерде өсіру технологиясы

Егістіктегі орыны. Қияр дақылы құнарлы борпылдақ құмдауыт, саздақ қара топырақтарда жақсы өсіп-өнеді. Ауыр топырақтарда тамыржүйелері бәсең ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жылыжайдағы қиярдың аурулары
Алматы облысы, Жамбыл ауданы жағдайында қиярдың аурулары, арамшөптері және зиянкестерімен кешенді күресу тәсілдерін жүргізу
Жылыжайда қияр өсіру технологиясы
Қиярдың жемісі
Қиярдың жалпы құрамы
Ашық және қорғаулы жерлерде өсімдіктер ауруларымен күресуге қарсы, антибиотиктер мен микроорганизмдерді қолдану мүмкіндігі
Алматы облысы Талғар ауданың табиғи климаттық жағдайы, қияр дақылын өсіру технологиясы
Тұздалған және ашытылған көкөніс өнімдерінің құрамындағы микроағзалардың түрлерін анықтау
Қауын өсіру технологиясы
Асқабақ тұқымдасының биологиялық ерекшеліктері
Пәндер