Сойыс малдарын өткізу және қабылдау тәртібі: қоңдылықты анықтау мен ветеринарлық бақылау


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

СӨЖ

Тақырыбы: Сойыс малдарын өткізу және қабылдау реті.

Орындаған: Социалов Е. С.

Тексерген: Ақкөзова А. С.

Ет өндірісінде ең бірінші етке арнайы бағылған мал пайдаланылады. Етке арнайы өсірілген етті тұқымды малдан алынған еттің сапасы жоғары болады. Мал сою орындарына түсетін малды сойыс мал деп атайды.

Сойыс малына: ірі қара, жылқы, түйе, шошқа, ешкі және үй құстарының барлығы дерлік жатқызылады. Сойғаннан кейінгі жүретін биохимиялық өзгерістердің ерекшеліктеріне байланысты туғанына 14 күн толмаған төлді сойыс малына жатқызбаймыз. Малды союға дайындау ұжымшар, кеңшардың арнайы фермада бордақылау кешендерінде, кооператив мекемелеріне, құс фабрикаларында тағы басқа орындарда жүргізіледі.

Ет сапасы, сеңімділігі, жалпы биологиялық тиімділігі малдың қоңдылығына байланысты. Сондықтан да сойыс малдарын етке тапсырар алдында оны жайып, семіртеді.

Мал дәрігері малды қабылдау, союға дайындау және олардың қоңын анықтау, малханадағы жұмыс тәртібін толық меңгеруі қажет. Мал қасапханада немесе арнайы белгіленген жерде сойылуы керек.

Сойыс малдарын өткізу кезінде оның қоңдылығын ажыратуда мал тапсырушы мен қабылдаушының арасында келіспеушілік тууы мүмкін. Мұндай жағдайда сойыс малының қоңдылығын ажырату үшін тексеру сойысы жүргізіледі. Тексеру сойысы мал мал тапсырылған немесе келесі күні мал тапсырушы мекеменің өкілінің қатысуымен жүргізіледі. Ол үшін мал соятын мекеме, тапсырушы мекемеге күні ілгері хабарлауға тиіс. Ал тапсырушының өкілі келмеген жағдайда, ол хаттамада көрсетіліп, малдың қоңдылығын, ұшаның қоңдылық дәрежесі бойынша өндірістік мал дәрігерлік бақылау бөлімі қызметкерлерінің анықтауы бойынша хаттама толтырылады. Оның бір данасы мал тапсырушы мекемеге жіберіледі.

Сойыс малдарын қабылдау. Малды мал өңдеу кәсіпорындарында олардың тікелей массасы бойынша, ал негізінен еттің шығымы мен сапасы бойынша қабылдайды. Етке өткізілетін мал шаруашылықта арнаулы дайындаудан өтеді. Оны кәсіпорынға жіберер алдында арнайы дәрігерлік бақылаудан өтеді. Малдың дене қызуы өлшенеді. Малдың түрі, сырғасының нөмері немесе таңбасы, ал бордақылауда болған малға бөлімшенің нөмері көрсетілген тізбе дайындалады. Емдеу немесе аурудың алдын алу мақсатында антибиотик берілген малды, дәрінің ветеринарияда қолданылуы туралы нұсқау қағазында көрсетілген мерзімге дейін союға жіберуге рұқсат етілмейді. Пестицидтермен өңделген малды - малды шыбын-шіркей, құрт-құмырсқаға қарсы өңдеуге ұсынылған химиялық заттардың тізімінде көрсетілген уақыт ішінде союға рұқсат етілмейді. Сонымен қатар малға балық қалдықтарын, балық ұнын жегізгеннен кейін 30 күнге дейін мал өңдеу кәсіпорындарына жіберілмейді.

Егілген малды бірден союға болмайды — новости на сайте Ак Жайык

МАЛ ӨНІМДЕРІ АРҚЫЛЫ ЖҰҒАТЫН АУРУЛАР - Әділет газеті

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Сойыс малдарын қабылдау, союға дайындау және қоңдылықты бағалау тәртібі
Тасымалдауға байланысты мал аурулары және сойыс малдарын өткізу мен қабылдау тәртібі
Сойыс малдарын ет өндіру кәсіпорындарына қабылдау: тәртіп, тасымалдау және ветеринариялық-санитарлық бақылау
Сойыс малдарын тасымалдауға дайындау, тасымалдау көліктеріне қойылатын талаптар және малдың қоңдылығын анықтау
Малды қабылдау және тапсыру тәртібі мен ветеринарлық талаптар
Сойыс малдарын тасымалдауға дайындау және тасымалдау технологиясы мен ветеринариялық-санитариялық талаптары
Лептоспироз кезінде сойыс өнімдерін ветеринарлық-санитарлық бағалау
Ауыл шаруашылық малдарының сойыс өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау
Лептоспироз кезіндегі сойыс өнімдерін ветеринарлық-санитарлық сараптау және бағалау
Сойыс малдарының сипаттамасы, союға дайындау және ет сапасын ветеринарлық санитариялық бағалау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz