Венчурлық капитал



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
Венчурлық капитал
Кәсіпкерлікті қаржыландырудың, қаржы салудың бірнеше жолдары бар. Әлем елдерінде қарқынды дамыған түрі - венчурлық қаржыландыру. Ол - қайта ашылатын шағын жоғарытехнологиялық перспективасы бар компанияларға ғылыми өнімдерді жасауға, өндіру, дамыту, пайда табу мақсатында салынатын тәуекелі жоғары ұзақ мерзімді жеке қаржы инвестициясы.
Венчурлық қаржыландыру стартап-жобаларды әлеуметтік, қаржылай қолдауға мүмкіндік береді. Венчурлық индустрияда әлем елдері бойынша АҚШ алдыңғы орында тұр. Дүниежүзі елдерінде венчурлық бизнес екі нұсқада жүзеге асып отыр. АҚШ пен Ұлыбританияда тәуекелшіл бизнеске ыңғайланған компания түрінде дамыған болса, Ероупаның біраз мемлекеттері мен Жапонияда венчурлық капитал мемлекет қолдауы арқылы және ішкі венчур түрінде дамиды. Бұл осы елдердегі кәсіпкерлік дәстүрлі және тәуекел мәселелері қатынасымен тығыз байланысты.
Венчурлық фирмалар - жаңа өндірісті іске қосушы. Оларды құру үшін ең басты 4 қағиданы ұстанған жөн: коммерциялық ой, қоғамдық сұраныс, венчурлық фирма құруға дайын тұлға және тәуекел капиталы. Осы 4 негізге сүйене отырып ашылған фирма ғылыми-техникалық дамуды жеделдетіп, мемлекеттің өндірістік саласын қалыптастыруға үлес қосады.
Оңтүстік-Шы - ғыс Азия, Израиль, Финляндия, Алмания секілді елдердің баламалы тәжірибелеріне сәйкес, Қазақстан Ұлттық инно - ва - ция - лық қор АҚ атынан венчурлық ка - питал нарығын экономикалық өсудің бір тетігі ретінде қарастырып, оны да - мытуға арналған мақсатты саясат жүр - гізуді қолға алды. Ұлттық ин - но - ва - циялық қордың міндеті Қазақстандағы венчурлық индустрияның өзіндік жеке сала ретінде қалыптасуына мүмкіндік беру болып табылады.
Дегенмен, елімізде венчурлық бизнестің даму қарқыны баяу. Оның дамуына кедергі болып отырған бірнеше себеп бар: экономиканы көтеруге әсер ететін бұл механизмнің әлеуеті жоғары болмай отыр, инновациялық ойлар саны жеткіліксіз, индустрияға отандық капиталдың аз тартылуы, инновациялық ортаның қалыптаспауы, тәжірибенің, венчурлық инвесторларды тартудың белсенділігінің жоқтығы, венчурлық қаржыландыру туралы білімнің жоқтығы.
Жалпы, венчурлік бизнес дегеніміз -- технологиялық жаңалықтарды енгізудің негізгі формасына айналған тәуекелге негізделген бизнес. Ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерциялауға негізделген иннновациялық салаларға салынатын тәуекелділік деңгейі жоғарылылығымен сипатталады.
Егер венчурлық бизнес дегенді тікелей аударатын болсақ-тәуекелді кәсіпорын болып шығады. Ал венчурлық компаниялар тәуекелді жобаларға салынған инвестициялар есебінен ақша табады.
Венчурлық бизнес көпшілікке таныс емес бизнес түріне жатады, тек соңғы жылдары ғана бизнестің осы түріне айрықша назар аударыла бастады. Қазақстан азаматтары венчурлық қорлардың жұмысымен толық таныс деп айта алмаймыз.Әрине,оған қорлар жұмысының ашық жұмыс істемеуінің де өз әсері бар. Енді, осы венчурлық қорларға тоқтала кетсек.
Қазақстанда ең алғашқы венчурлық қорлар 2004 жылы пайда болды. Еліміздің венчурлық инфрақұрылымын құруға бастамашы болған мемлекеттің өзі еді.Венчурлық қорларды құруға мемлекет атынан Қазақстанның даму институты- Қазына орнықты даму қорына кіретін ҰИҚ өзек болған. 2005 жылдан бастап ҰИҚ Еуропалық венчурлық капитал қауымдастығы мен венчурлық инвестициялаудың Сингапурлық қауымдастығына мүше болып табылады.
2004 жылдан бері ҰИҚ даму институты қазақстандық инвесторлармен біріге отырып 6 венчурлық қор құрды. Олар: Адвант венчурлық қоры, АҚ, Венчурлық Әрекет жоғары технологиялар қоры АҚ, Сентрас АИФРИ АҚ, Glotur Technology Fund АИФРИ АҚ, Almaty Venture capital АҚ, Logycom Perspective Innovations АИФРИ.
Венчурлық қорларды құру инновациялық қызметке жеке капиталдың тартылуына, оладың қаупінің төмендеуіне, инновациялардың коммерцияларндыру саласында мемлекет пен жеке кәсіпкерліктің өзәрә тиімді әрекет жасауына өз септігін тигізеді.
Индустриалдық дамыған елдерде экономиканың нақтылы секторы кәсіпкерлікті мемлекеттік деңгейде дамыту мақсатымен инновациялық іс-әрекеттерді жандандыру мәселелеріне үлкен көңіл бөлінуде. Сонымен қатар, кез-келген елдегі инновациялық белсенділіктің негізгі қозғаушы күші жоғары технологиялармен қаншалықты қамтамасыз етілетіндігімен анықталады.
Дағдарыстан кейінгі кезде нарықтық реформалардың нәтижелері инновациялық дамуға жаңа көзқарас қалыптастырумен анықталуда.
Венчурлік инвестициялау тәуекелді капитал салымын білдіру мақсатында қолданылатын термин. Мұндай инвестициялау технологиялық жаңа енгізілімді жүзеге асырудың негізгі үлгілерінің бірі болып табылады. Кәсіпкерліктің аталған түрі көп жағдайда перспективасы кепілдікке алынбаған, үлкен тәуекелділікке ие жоғары ғылымдық және технологиялық салада ғылыми зерттеулер қорытындыларын коммерциялизациялауға тән.
Шағын бизнес жүйесінде инновациялық процеске өз қызметін арнайтын бөлігі маңызды роль атқарады. Оған жоғары дәрежеде елдің интенсивті экономикалық өсуі және халық шаруашылығының бәсеке қабілеттілігін жоғарылату тәуелді болып табылады. Шағын инновациялық бизнеске салааралық сипат тән. Мұндай бизнестің объектісі - оны ғалымдардың шығаруынан тәжірибеге енгізуге дейінгі барлық идеялардың ғылыми қозғалысы, яғни венчурлік бизнесті жүзеге асыру кезеңдері деп ойлаймын.
Негізінен венчурлық бизнесті дамыту үшін инновациялық инфрақұрылымнан басқа,инновациясын тәуекелі жоғары жобаларға салушыларда, жоғары инновациялы жобаларды ұсынушылар да жеткілікті болуы шарт.
Венчурлік қорлар венчурлік инвестициялаудың негізгі механизмі болып табылады. Венчурлік инвестициялаудың бастапқы кезеңінде қызметті инновация жасауға және коммерциялауға бағытталған компанияларға жеке, отандық және шетелдік капиталды тарту мемлекеттің тікелей үлестік қатысуымен венчурлік қорларды құрғанда мүмкін болады. Венчурлік қорға инвестицияланатын мемлекеттік қаржылар осы қорға кіретін жеке инвестициялардың тәуекелдерін төмендетеді.
Қазақстан Республикасында инновациялық белсенділіктің өсуіне жоғары техникалық жəне ғылымды қажетсінетін өндірістерді дамытуға жəрдемдесу мақсатында ұлттық инновациялық қор құрылған. - Инновациялық қорды құру инновацияларды енгізудің тиімді жəне рыноктық тетіктерінің болмауының жүйелік проблемасын шешуі - венчурлық қаржыландыруды ынталандыруы тиіс. - Венчурлық кəсiпорындарды дамыту мен қолдаудың пəрмендh - тетiктерiнiң бiрh - бизнес-инкубация процесh - болып табылады - яғни табыстың мүмкiндiгiн айқындау əлі - күрделі - оларды дамытудың əлі - ерте - қауіпті - кезеңiнде инновациялық жобаларға қолайлы жағдай жасау - сондай-ақ технологиялық компанияларды жедел дамыту үшiн процесс болып табылады.
Венчурлық инвестициялар-бұл орташа деңгейден жоғары табыстылығы бар тәуекел инвестициялары.
Венчурлық бизнесті инновациялау:
-Идеяның,жаңа өнімнің пилоттық үлгілерін құрумен байланысты қолданбалы зерттеулер және оның коммерциялық әлеуетін бағалау;
-Алғашқы сериялық өндіріс және өнімді алғашқы сатулар;
-Өндірістің алғашқы кеңейтілімі және өнімді өткізу үшін жаңа рыноктарға шығару;
-Жалпы венчурлық бизнесті дамыту үшін келесідей шараларды атқарумыз керек:
-Елдегі инновациялық күштерді нығайту және қалыптастыру;
-Индустриялық-инновациялық дамуды халық арасында насихаттау;
-Шағын инновациялық бизнесті ынталандыру;
-Зейнетақы қорлары мен сақтандыру қорларының венчурлық бизнеске инвестициялауын ынталандыру
Венчурлік қаржыландыру алдыңғы үш деңгейде қаржыландыра алады. Ал көп қолданылатын міндеттемелік қаржыландыру тек үшінші деңгейден ғана басталады.
Венчурлық қаржыландыру басқа қаржыландырулардан, соның ішінде банктік несиелеуден қандай айырмашылығы бар ? Біріншіден, инвестор өз қаржысын акцияға сала алады. Қаржылық кеңестер беру арқылы жаңадан ашылған кәсіпорындардың жұмысын алға бастыруға көмектеседі. Екіншіден, банктер сияқты тоқсандық, жылдық пайыздық төлем талап етпейді. Венчурлық капитал беруші сәтсіздіктер орын алса, акционері ретінде жауапкершілікті өз мойнына алады. Кәсіпорынның негізін қалаушы мен инвестор әріптестікте жұмыс жасайды.
Егерде венчурлық инвестордың қаражаты жетпейтін болса, ол компаниямен бірлесе жаңа қаржы көздерін іздейді. Сосын жоғары технологиялы компания венчурлық капиталды тарту, ғылыми сыйымды өнім шығару, жоғары рентабельді болғанынша кеңеюі, жоғары пайда алып келуі мен акцияларының қор биржасында сатылып, пайда әкелуі сияқты даму кезеңінен өтеді.
Жақында венчурлық капитал мен тікелей инвестициялардың қазақстандық қауымы құрылған болатын. Бұл қауымдастықтың құрылу мақсаты-ҚР венчурлық қаржыландыруды дамытуға көмектесу, венчурлық бизнестің дамуы үшін оңтайлы жағдайлаар жасау, венчурлық қаржыландыру тетіктерін жасап шығару, отандық және шетелдік капиталдың қатысуымен венчурлық қаржыландырудың жүйесін қалыптастыру.
Бізде венчурлық бизнестің дами алмау себебі венчурлық қорлар мен ғалымдар арасын байланыстыратын мықты мамандардың болмауы. Әйтпесе венчурлық бизнес біздің мемлекет үшін өте қажет. Венчурлық бизнес бұл жаңа жобалар мен инновациялық тауарлардың кілті болып табылады. Сондықтан бизнестің бұл түрі Қазақстан үшін өте тиімді.
Ел экономикасының дамуы мен халықтың әл ауқатының жақсаруы ғылыми техникалық жетістіктердің нәтежиесі болып табылады.
Алғашқы венчурлық бизнес Қазақстанда Ұлттық инновациялық қор акционерлік қоғамын құрумен тікелей байланысты. Қоғамның жарғылық капиталы үш миллиард теңгені құрайды. Қоғамның негізгі міндеттері:
-отандық және шетелдік инвесторлармен бірігіп, венчурлық қорларды құру;
-гранттар беру жолымен жаңа технологияларды, тауарлады, жұмыстарды, қызметтер көрсетуді құруға бағытталған қолданбалы ғылыми зерттеулерді қаржыландыру;
-инновацияларды енгізуді қаржыландыру;
-ұлттық инновациялық инфрақұрылым элементтерін құруға қатысу;
-ғылыми-техникалық өнім рыногын қалыптастыруға қатысу;
-инновациялық технологияларды көшіру, халықаралық ынтымақтастықты дамыту
Біз бірақ оның жұмыс нәтежиесі туралы айта алмаймыз. Себебі, венчурлық қор бір жобаға инвестиция салып,оны аяғынан тік тұрғызып, өзі жобадан шығып кетуі үшін кем дегенде бес жылдай қажет болады. Жалпы, венчурлық қорлар қысқа мерзімдік инвестицияларды жүзеге асырады. Венчурлық капитал тәуекелге бел буған кәсіпорынның аяғынан тұруына қаржы жағынан көмектесуге жауапты.
Венчурлық бизнес еліміз үшін маңызды.Банк несиесіне қарағанда, оның өзіне тән ерекшеліктері жеткілікті. Сол себепті, венчурлық бизнес әлем үшін де, еліміз үшін де таңсық емес.
Қазақстан Республикасында концессиялық қатынастарды заңды реттеу белгілі бір деңгейде қалыптасқан. Қазақстан Республикасы мен шетелдік инвесторлар арасындағы қатынастарды реттейтін 2006 жылы Қазақстан Республикасындағы концессия туралы ҚР-ның Заңы қабылданды.
Осы Заң концессияға байланысты қоғамдық қатынастарды реттейді, концессия шарттарын жасаудың, оны орындаудың және тоқтатудың талаптары мен тәртібін айқындайды, концессионерлерді мемлекеттік қолдау кепілдіктері мен шараларын айқындайды.
Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, концессия мемлекеттің жекеменшік инвестицияға қызығушылығынан қолданылады. Қазақстанда концессияға қызығушылық артуда.Әсіресе ірі инфрақұрылымдық жобаларды іске асыруда: көлік және телекоммуникация салаларында, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Венчурлық кәсіпкерлік
Венчурлық капитал компаниялары
Венчурлық кәсіпкерліктің теориялық және ғылыми-тәжірибелік проблемаларын зерттеу, Қазақстан экономикасындағы ұлттық инновациялық жүйенің басымдықтарын анықтау, елімізде венчурлық кәсіпкерліктің дамуы мен кәсіпорынның инновациялық қызметіне талдау жасау
Венчурлық кәсіпкерлік түсінігі, маңызы және инновациялық жүйенің экономикадағы рөлі
Қазақстандағы венчурлық бизнес
Инвестициялық салықтық несие
Венчурлық бизнес
Венчурлық жобалар
Шағын компаниялардағы венчурлық жобаларды басқару
Инвестициялық қызметтің объектілері
Пәндер