Несие қатнастарының заңдылықтары



Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3.4

І ТАРАУ. Несиенің қажеттілігі және оның маңызы.
Несиенің қызметтері және экономика дамуындағы ролі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5.12
Несие ақшаларының түрлері және несие
формалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13.23

ІІ ТАРАУ. Несие қатнастарының заңдылықтары
2.1.Несиелік жүйені құру принциптері ... ... ... ... ..24.30
2.2.Қазақстан Республикасында несие.ақша жүйесінің қалыптасуы және дамуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... 31.32

3.Қортынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
КІРІСПЕ
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу уақытына сай келе бермейді, бұл – тауар несиеге сатылады деген сөз. Несиен қайтару кезінде несие ақшалары пайда болады. Демек, несие ақшалары – сатып алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүреді) құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін атқаруы.
Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер әртүрлі шаруашылық процестеріне байланысты жүргізілетін несиелік операцияларды орындауға шығарады.
Несие ақшаларының ерекшелігі – оларды шығару іс-жүзіндегі айналым қажеттілігінен туындайды. Несие операциялары нақты өнімді өндіру және оны сату процестеріне байланысты орындалады. Қарыз, әдетте, белгілі бір қорлардың құрылуын қамтамасыз ету үшін берілсе, ал оны қайтару қордағы құндылықтардың қалдығы азайғанда жүргізіледі. Осыған байланысты қарыздарға берілетін төлем құралдарының көлемі мен айналымның ақшаға нақты мұқтаждығын үйлестіруге мүмкіндік туады. Несие ақшаларының бұл ерекшелігі – оның қағаз ақшадан ең негізгі артықшылығы.
Қазіргі уақытта өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерге ақша айналысынан қағаз ақшаларды несие ақшалары ығыстырып шығаруда. Себебі; бріншіден, несие ақшалары қолдануда икемді және оларды қолдану аясын шаруашылықтың қажетіне орай тез ұлғайтуға мүмкіндік береді, екіншіден , оларды пайдалану айналыс шығындарын азайтуға өндіріс ауқымын дамытуғамүмкіндік туғызады.
Бірінші бөлімде түгелімен несиеге байланысты сауалдарды қамтиды. Несие деген не, оның экономикаға қажеттілігі неде,оның қандай нысандары мен түрлері болады, сонымен қатар, несие алушылардан
Қолданған әдебиеттер тізімі.

1. .Саниев М.С. Ақша, несие, банктер Оқу құралы.-Аматы экономика және статистика институты-2001ж. 165 бет.
2. Денги, кредит, банки Учебник/ под.ред.Г.С.Сейткасымова – изд.2-е перераб.и доп.-Аматы: экономика, 1999г.432стр.
3. .Көшенова Б.А. Ақша, несие, банктер Валюта. Оқу құралы-Алматы,Экономика. 2000ж. 348бет.
4. .Крымова В. Экономикалық теория: Кетелі оқу құралы.-Алматы: Аркайым 2003-120 бет
5. .К.М.Жеңісбаева Ипотекалық несиелердің тиімділіктері мен оны жетілдіру жолдары Каз ЭУ хабаршысы,2004 №3 (38)
6. Жаймен Ғ.А. Қазақстан Республикасының Азаматтық құқығы. Оқулық. Ерекше бөлім 2-том Алматы. Заң әдебиеті:2005-358бет
7. Сейітқасымов Ғ.С Ақша Несие Банктер. Оқулық – Алматы: Экономика 2001 ж 466-бет
8. Мақыш С.Б Ақша айналысы және несие. Оқу құралы – Алматы: ИздатМаркет, 2004 ж 248-бет
9. Ж .Серикбаева Экономиканы ақша-несилік реттеудің кейбір аспекттілері «Қаржы қаражыт» 2003 N3

Пән: Банк ісі
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 31 бет
Таңдаулыға:   
НЕСИЕ АҚШАЛАРЫ: ОЛАРДЫҢ НЕГІЗГІ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ АЙНАЛЫС ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫ
Мазмұны

Кіріспе---------------------------- ----------------------------------- ------
---3-4
І ТАРАУ. Несиенің қажеттілігі және оның маңызы.
Несиенің қызметтері және экономика дамуындағы ролі.---------------------
----------------------------------- -----------5-12
Несие ақшаларының түрлері және несие
формалары-------------------------- ----------------------------------- 13-
23
ІІ ТАРАУ. Несие қатнастарының заңдылықтары
2.1.Несиелік жүйені құру принциптері------------------24-30
2.2.Қазақстан Республикасында несие-ақша жүйесінің қалыптасуы және
дамуы.----------------------------- ------31-32
3.Қортынды------------------------- ----------------------------------- -
33
Қолданылған әдебиеттер.------------------------ -------------------34

КІРІСПЕ
Тауар айналысы дамыған сайын тауарды сату уақыты оған ақша төлеу
уақытына сай келе бермейді, бұл – тауар несиеге сатылады деген сөз. Несиен
қайтару кезінде несие ақшалары пайда болады. Демек, несие ақшалары – сатып
алушының қарызды қайтаруда пайдаланатын (толық құнды ақшаның орнына жүреді)
құнның қағаз белгісі немесе қарызды өтеудегі ақшаның төлем құралы қызметін
атқаруы.
Несие ақшалары да қағаздан жасалады, бірақ оларды, әдетте, банктер
әртүрлі шаруашылық процестеріне байланысты жүргізілетін несиелік
операцияларды орындауға шығарады.
Несие ақшаларының ерекшелігі – оларды шығару іс-жүзіндегі айналым
қажеттілігінен туындайды. Несие операциялары нақты өнімді өндіру және оны
сату процестеріне байланысты орындалады. Қарыз, әдетте, белгілі бір
қорлардың құрылуын қамтамасыз ету үшін берілсе, ал оны қайтару қордағы
құндылықтардың қалдығы азайғанда жүргізіледі. Осыған байланысты қарыздарға
берілетін төлем құралдарының көлемі мен айналымның ақшаға нақты мұқтаждығын
үйлестіруге мүмкіндік туады. Несие ақшаларының бұл ерекшелігі – оның қағаз
ақшадан ең негізгі артықшылығы.
Қазіргі уақытта өнеркәсібі өркендеген мемлекеттерге ақша
айналысынан қағаз ақшаларды несие ақшалары ығыстырып шығаруда. Себебі;
бріншіден, несие ақшалары қолдануда икемді және оларды қолдану аясын
шаруашылықтың қажетіне орай тез ұлғайтуға мүмкіндік береді, екіншіден ,
оларды пайдалану айналыс шығындарын азайтуға өндіріс ауқымын
дамытуғамүмкіндік туғызады.
Бірінші бөлімде түгелімен несиеге байланысты сауалдарды қамтиды.
Несие деген не, оның экономикаға қажеттілігі неде,оның қандай
нысандары мен түрлері болады, сонымен қатар, несие алушылардан алынатын
төлемнің қажеттілігі , оның экономикадағы атқарымы мен маңызы жан-жақты
қаралды.
Екінші бөлімде несие қатнастарының заңдылықтарын , несие жүйесінің
принциптері және Қазақстан Республикасындағы несие жүйесінің қалыптасуы
және даму кезеңдеріне арналады.

І ТАРАУ. НЕСИЕНІҢ ҚАЖЕТТІЛІГІ ЖӘНЕ ОНЫҢ МАҢЫЗЫ
1.1 НЕСИЕНІҢ ҚЫЗМЕТТЕРІ ЖӘНЕ ЭКОНОМИКА ДАМУЫНДАҒЫ РОЛІ.
Тарихтың қай кезеңінде болса да, несие, алуан түрлі
экономикалық және қоғамдық ойшылардың назарын аударатын. Экономика
ғылымы, өзінің пайда болған күнінен бастап несиенің проблемасымен
шұғылданып келеді. Ал, қазіргі нарық кезеңінде несиеге,
экономикалық санат ретінде, аса көп көңіл бөлініп отыр. Өйткені,
нарық кезінде несиелік қарым-қатынас ең жоғары ресімделуіне жетеді,
сөйтіп несие, төңірегіндегі алуан-түрлі практикалық және теориялық
саудалардың шиеленіскен түйініне айналады.
Несиенің түпкі тамыры тауарлық өндірістің пайда болған
кезінде жатыр. Содан кейінгі экономикалық даму сатыларының
әрқайсысында да несиенің маңызы зор болды. Тарихтың өткен
дәуірлерінің бәрінде де дамытпалы несие, барлық қоғамдық қарым-
қатынасты жаңартудың және түрлендірудің революциялық қозғаушы күші
болды. Ол жеке тауар өндірушілердің арасында мүлде ақиқат байланыс
орнатты, олардың мүдделерін қосып бекітті және қоғамдық өндіргіш
күштерін қайта қайта бөлүдің ұтымды әдісі болды.
Осыған байланысты болашақ экономистерге несиенің арғы негізін,
қазіргі жағдайда оны пайдаланудың керегі неде екенін түсіну керек.
Оның үстіне, әр түрлі деректерде несиенің экономикадағы маңызы, әр
түрлі түсіндіріледі. Мысалы, кейбір экономистер, несие өнімсіз шығынды
көбейтіп өндіргіш күштердің дамуына кедергі келтіреді, нарықтық
экономикаға тән қарама- қайшылықтарды шиеленістіре түседі, сондықтан
экономикалық дағдарысты жоймайды, керісінше, оны тереңдетеді, оған
тікелей себепші болады деген пікір айтады. Басқалары, керісінше, несие
экономиканың тұрақты, үздіксіз дамуына мүмкіншілік береді дейді.
Осындай қарама-қарсы пікірлер орын алған жағдайда істің жәйін түсіну
үшін алдымен несиенің қажеттілігі қайдан шығады деген сауалға жауап
беруіміз керек.
Несиенің түбірін тауарлы өндірістің пайда болған кезінен іздеу
керек, тікелей айтқанда, тауар айырбастау, оның бір қолдан екінші қолға
ауысуы, несиелік қатынастың дәл шыққан жері деуге болады.
Қоғам дамуының кейінгі кезендерінде, несиелік қатнастың пайда
болып және өркендетілуінің, нақты нақты экономикалық негізін,
капиталдың айналымы мен ауыспалы айналымы құрайды.
Өддіріс құрал-жабдықтары, құндық тұлғасында дәл бір уақытта ақшалық,
өндіргіш күштері және тауарлық нысанында бола алады. Өндіріс пен
айналым процесінде, олар бір нысаннан екінші нысанға ауысып
отырады, яғни үзбей ауыспалы айналымда жүреді. Осы ауыспалы айналым үш
сатыдан тұрады.
Айналымның бірінші сатысында құнның ақшалай нысаны өндіргіш
күші нысанына ауысады, яғни ақшаға өндіріс құрал жабдықтары сатылып
алынады.
Екінші сатыда адамның, өндіріс құрал-жабдықтарды пайдаланып
істеген әрекеттерінің нәтижесінде дайын өнім пайда болады. Енді
өндіргіш күштің нысанындағы құн тауарлық нысанға ауысады. Осы сатыда
өндіргіш құралдарының құнына, адам еңбегінің құны, яғни жаңадан пайда
болған құн қосылады.
Үшінші сатыда дайындалған өнім ақшаға сатылады. Сөйтіп, құнның
тауарлық нысаны қайтадан, өзінің бастапқы нысаны-ақша нысанына
ауысады, тек бұрынғыдан өткен мөлшерде өндірушінің таза пайдасы
қосылады.
Осыдан ауыспалы айналымның мынандай формуласы бар-
А-Т ..Өп .. Т-А-онда
А-ақша нысаны
Т-тауар нысаны
Өп-өндіріс процесі.
Т-тауар нысаны,өсісімен:
А-ақша нысаны, өсімімен:
Ақшалай қаражат ауыспалы айналыммен қатар айналымнан өтеді.
Олай деудің себебі, сатылған өнімнен түскен ақшаға қайтадан өндіріс
құрал-жабдықтары сатылып алынады, еңбек ақы төленеді т.б. Сөйтіп,
ауыспалы айналым қайтарылынады. Қаржының осындай үздіксіз қайтып
оралып отыруын оның айналымы деп атайды.
Сонымен қатар, осындай ақшаның матариалдық нысанға ауысып, одан
қайтадан ақшаға айналуы әрбір шаруашылықта бір кезде өтпейді. Бір
шаруашылық өндіріс кезеңін жаңа бастап жатса, екіншісі оның орта
шенінде жүреді, ал үшінші, оны аяқтап, енді өнімдірін сата бастайды.
Әрине, іс жүзінде әр өндіріс кезеңдерінің, тап осындай шектелуін
байқау қиын. Өйткені, өндіру мен өткізу кезеңдері үздіксіз, күнбе-күн
жүріп жатады. Дегенмен, өндірістің осындай кезеңділігінің салдарынан
кезкелген шаруашылықта ақшаның құйылу мен тартылу сәттері болып тұрады.
Өйткені, өндіріс пен айналым кезеңінің ұзақтылығы әр шаруашылықта әр
түрлі. Оған себеп, әр шаруашалықтың әртүрлі табиғи жағдайлары,
техникалық жабдықтану деңгейі, шикі заттар мен отын жеткізушілірдің
және дайын өнімді тұтынушылардың, алыс-жақындығы, жұмысшы-
қызметкерлердің мамандық дәрежесі мен өндірісті ұйымдастыру қабілетінің
деңгейі т.с.с. Кейде мүлде бірдей жағдайда істейтін екі кәсіпорынның
айналым мерзімі бірдей болмайды. Өйткені, өндірісті ұйымдастыру оны
керекті заттармен қамтамасыз етіп, шыққан өнімді өткізу деңгейлері
оларда мүлде бірдей болмайды.
Сонымен қатар, өндіру мен өткізу процесінде басқа да , айналымды
жеделдететін, немесе бәсеңдететін, кездейсоқ қозғаушы күштер пайда
болады.
Мысалы:
-Шикізаттар мен материалдық түсуінің бір қалыпты болмауы:
-Тасымалдау жағдайының қиындылығынан (мысалы, темір жол
вагодарының болмай қалуы) дайын өнімді өткізудің кідіруі.
- Өткізілген өнім үшін, немесе, көрсетілген қызмет үшін, уақытында
төленбеушілік т.с.с.
Несиенің мазмұнын анықтағанда оның әлеуметтік, экономикалық
жағын да ұмытпаған жөн. Өйткені несиенің өзі қоғамдық қажеттіліктің
туындысы болып табылады. Қоғам қандай экономикалық формацияда болса
да, несие соның мақсатына қызмет атқаруға тиіс.
Несиенің мазмұнын ашып көрсету жолында кейбір экономистер оның
сенімділігіне көбірек көңіл бөледі. Өйткені, Несие деген сөздің
орысшасы, кредитә, латынның Credere деген сөзінен шыққан. Оны, егер,
орысшаға аударса верить деген сөз, қазақша сенуболады. Бірақ, мәселені
бұл тұрғыдан қараған дұрыс емес. Несие еш уақытта құр сеніммен
берілмейді. Несие алу үшін, алдымен оның кезінде қайтаррылуын
қамтамасыз ететін кепілдемелер беру керек.Әрине , банктер кейде өзінің
өте сенімді, көп жылдан бері қарым-қатнастары нығайған, қаржы жағынан
тапшылық көрмейтін клиенттеріне сенім көрсетеді. Оларға несие сенім
несиесі деп аталады. Бірақ мұндай жағдай сирек кездеседі, әсіресе
экономикалық дағдарыс, нарықтық қарым-қатнастың жетілмеген кезеңінде.
[1;58].
Әрбір экономикалық категорияның мәні оның атқаратын қызметі басқа
категориялардан өзгешілігін анықтайтын маңызын сипаттайды.[2;96]
Айырбас процесінде уақытша бөлініп шыққан құнды кейін өзінің
алғашқы иесіне өсім ақымен қайтарып беру келісімібойынша несие
беруші мен қарыз алушының арсында несие қатнастыры пайда болады. Бұл
қайта бөлу-несиенің алғашқы қызметі.Несие арқылы( бөлу қызметінің
белгілері қандай?.) бөлінетін не? Соны анықтау қажет, яғни несиенің
қайта қызметінің белгілері қандай? Несие беруші несие мәмілесі арқылы
қарыздарға бір жағдайда уақытша қолдануға тауарлы-материалдық
құндылықтарды: ал басқа жағдайда ақша қаражытн беруі мүмкін. Екі
жағдайда да мәміленің мәні бірдей болғанымен берілетін зат әр түрлі.
Алайда заттың формасының әртүрлі болуына қарамастан, оның мазмұны
өзгермейді; қайта бөлінетін заттың құны.
Сонымен, несиенің қайта бөлу қызметіне құнды бөлуқасиеті тән.Ол
аймақтық, салалық, шаруашылық нышандарына байланысты; аймақтықаралық,
салалықаралық, слалық және шаруашылықаралық түрлерге бөлінеді. Несие
қатнастары, тұратын орнына қарамай, адамдар мен әр түрлі ұйымдар
арасында туындаса ол құнды аймақтықаралық қайта бөлу деп есептеледі. Егер
слалық банктен несие алынса, ол несиені салалық қайта бөлу, ал егер
несие беруші экономиканың бір саласында болып, қарыздар кәсіпорын басқа
слада болса, онда несиені салалықаралық қайта бөлу болады. Несиені
шаруашылықаралық қайта бөлу бір кәсіпорын деңгейінде жургізілмейді, ол
тек екі шаруашылық субъектісі арсында уақытша бос ақша қаражатын несие
көзі пайдаланғанда туындайды.
Қайта бөлуді несие ресурстарын пайдаланушы субъектілердің әр түрлі
деңгейіне байланысты да қарауға болады. Мысалы: несие қатнастарының
субъектісі ретінде кәсіпорын деңгейінде құнның қайталама айналымы және
айналымы шеңберінде ақша қаражаты мен тауарлы-материалдық құндылықтар
қайта бөлінеді. Ал халық шаруашылығы деңгейінде несиенің
қатысуыменжиынтық өнім, ұлттық табыс қайта бөлінеді. Айта кететін бірінші
жәйт, неисенің қайта меншік иесі өзгермейді, қайта бөлінетін құн несие
берушінің меншігі болып қала береді. Екінші, несиенің қайтабөлу қызметі
жалпы құнның қайта бөлінуін емес, (тек уақытша бөлініп шыққан құнның
қайта бөлінуін емес) тек уақытша бөлініп шыққан құнды қамтиды.
Несиенің келесі атқаратын қызметі- нақты ақшаны несие
операцияларымен алмастыру. Тауарлы шаруашылықта нақты ақшаның орнына
несие операцияларын жүргізу үшін қажетті жағдайлар жасалған. Сатылып
алынған тауарлармен көрсетілген қызметтер үшін қолма-қол ақшасыз есеп
айырысуға байланысты, өзара есептесу бойынша бір шоттан екіншісіне
ақша аудару қолма-қол ақша төлемін қысқартуға, ақша айналымының құрылымын
жақсартуға, төлем айналымын кеңейтуге мүмкіндік беріп, нәтижесінде
айналыс шығындарын азайтады. Қазіргі тауарлы шаруашылықта қарызға берілген
құн шаруашылық айналымында жалпы ақшаның орнына жүрмейді. Экономикалық
айналымда ақшаны тек уақытша алмастыру қызметін атқаратынын айта кету
керек. Қарыздардың қарызға алған құны шаруашылық айналымында ақшаға
тән қызметін атқарады.
Нақты ақшаны несие операцияларымен алмастыру үшін бірсыпыра алдын-
ала жасалған жағдайлар болуы шарт;
❖ дамыған банк жүйесі мен төлем айналымын ұйымдастыруда оның
маңызының жоғары болуы;
❖ Экономикада төлем тапсырмасы немесе міндеттемесібар төлем
құжаттарының еркін айналуы;
❖ Орталық банктердің несие ақшаларын эмиссиялауы.
Несиенің қызметтерін айта келіп, кейбір экономистер оның бақылау
қызметін де атап өтеді. Бірақ, біздің тұжырым бойынша, бақылау банк
мекмесінде қызмет жолайтын мамандардың саналы да мақсатты іс-
әрекеті, ал экономикалық категория сол бақылаудың негізгі және
құралы болып табылады.
Несиенің экономика дамуындағы ролі деп несиені қолдану
әдістерін пайдаланып, мемлекет пен халық үшін қол жеткізген
нәтижелерді айтады. Несиені қолдану әдістеріне: оны қайтарып беру,
белгілі бір мерзім аралығында пайдалану, пайдаланғаны үшін ақы төлеу
жатады. Несиенің бұл ерекшеліктерінің ресурстарды тиімді пайдалануда
маңызы зор.Несиенің маңызы, сонымен бірге оны қолдану аясы елдің
экономикалық жағдайына байланысты үнемі өзгеріп тұрады. Айталық,
экономиканы орталықтанған жоспарлы түрде басқарудан нарықтық
экономикаға өтуге байланысты біздің елімізде коммерциялық және
ипотекалық несиелерді пайдалану жаңғыртылды, сонымен бірге несие
қатнастары мен несиенің көлемі де өзгереді.
Акционерлік компаниялардың пайда болып, олардың акциялар
шығаруы, бюджеттің әр түрлі бағалы қағаздар тарту арқылы қаржысын
кеңейту бағалы қағаздар мен жүргізілетін несие операцияларын
дамытты. Сондай-ақ несие беру тәсілдерінің жоғары сатыға
көтерілуі несиенің маңызын арттырады. Бұрын банктік несие
орталықтан қатаң басқарылып, қарыз алушыларға белгілі бір шектеулі
сана берілетін. Қазір нарықтың экономика жағдайында жылжымайтын
мүлікті кепілдікке салып күрделі қаражат алуға мүмкіндік бар.
[3:113]


Несиенің қызметкері

Ынталандыру Орнын ауыстыру

Экономикадағы ақша айналымын Қолма-қол ақшаны несиелік ақшамен
жылдамдату арқылы экономикалық ауыстыру
процестерді жылдамдату

Бөлу

Оның көмегімен әр түрлі салалар арасында қаржыны қайта бөлу жүзеге
асарылады [4;100]

НЕСИЕ АҚШАЛАРЫНЫҢ ТҮРЛЕРІ ЖӘНЕ НЕСИЕ ФОРМАЛАРЫ

Несие ақшаларының негізгі түрлері:
1. Вексель
2. Банкнота
3. Чек
4. Несиелік карточка
1. Вексель – төлем міндеттемесі, ол несиеге алған тауардың құнын төлем
уақыты келгенде келісілген жерде өтеу үшін қарыздардың сатушыға жазбаша
түрде берген құжаты.
Ол несие және ақшалай есеп айрысу құралы болып табылады. Вексель
айналысында бір неше тұлға қатысуы мүмкін, себебі вексель төлем құралы
ретінде беріледі. Вексельді қолдану ақша айналысының шығындарын үнемдеуге
мүмкіндік береді. Бірақ қолма-қол ақшаны вексель айналысымен ауыстырудың
шекарасы болады:
➢ Вексельдің пайда болуына ықпал ететін коммерциялық несие, тек
тауар айналымының бір бөлігін, әсіресе көтерме сауданы ғана
қамтиды;
➢ Векселдік міндеттемелер талаптарын өзара есепке алу бойынша
сольдо қолма –қол ақшамен төленеді;
➢ Вексель жеке және қарыз міндеттемесі болғандықтан оның айналыс
аясы тек төлем қабілеті бар субъектілермен ғана шектеледі;
➢ Векселдер айналымы олардың белгіленген мерзімі арқылы шектеулі
болады.
Векселді шығару жағдайына байланысты мынандай түге бөлінеді:
Қаржылық вексель – ол белгілі бір соманы субъектілер бір-біріне
қарызға бергенде туындайтын қарыз міндеттемесі.
Қазыналық вексель (қазыналық бондар) – ол мемлекеттік міндеттеме. Оны
мемлекет өзшығындарын өтеу үшін 3 ай мерзімге шығарып, номинал бағасымен
банктерге сатады да, уақыты өткесін сол бағамен сатып алады.
Қола (бронзалық) немесе бос вексель – ол нақты ештеңемен қамтамасыз
етілмеген қарыз міндеттемесі.
Достық вексель – ол жеке адамдардың банктегі өз шотынан бір-біріне
қолма-қол ақша алып бергенде толтыратын төлем міндеттемесі, оны банк есепке
алады.
2. Несие ақшалардың келесі түрі – банкнота. Банкнота - әр мемлекеттің
орталық банкі шығарған және оны иемденушінің талабы бойынша төленуге тиісті
банк берген қарыз міндеттемесі.
Толық құнды ақша айналысы кезінде алтын құйма немесе алтын монета иесі
өз байлығын елдегі ең орнықты банкте сақтауға ұмтылды. Сондықтан сынамасын
анықтап және мұқият өлшегеннен кейін банк алтынды сақтауға қабылдағаны
туралы қолхат – банкнота толтырып береді. Банкнота алтынға тең, себебі кез
келген уақытта бұрын депоненттелген асыл металға айырбастауға болады.
Банкнотаның негізі коммерциялық вексель болғанымен одан өзгешеліктері
бар. Олар бір-бірінен несие беруші, кепілдігі және мерзімі бойынша
ажыратылады:
❖ Вексель бойынша несие беруші – сатушы немесе кәсіпкер, ал банкнота
бойынша – Орталық банк;
❖ Векселді айналысқа жеке кәсіпкер түсіретіндіктен векселдің жеке
кепілдігі бар, ал банкнотаны елдің орталық банкі шығаратындықтан, ол
қоғамның несие ақшасы ретінде айналыста жүреді. Банкте сақталған бүкіл
өнеркәсіп иелерінің қаржы қоры банкнотаның қоғамдық кепілдемесі болып
саналады;
❖ Вексель мерзімзі (3-6ай) төлем міндеттемесі, ал банкнота мерзімі
шектелмеген міндеттеме.
3. Несие ақшалардың келесі түрі – чек. Чек банкке ақша салу және қолма-
қол ақшасыз есеп айрысу барысында пайда болады. Чек дегеніміз – оған қол
қоюшының ағымдағы шотына қолма-қол ақшаны чек иеленушіге беру немесе басқа
бір шотқа аудару туралы банкке берген жазбаша үкімі. Чекпен есеп айрысу
несие және банк қатынастары өрістеген кезде пайда болды. Алғашқы чек 1683
ж. Ұлыбританияда қолданылды.
Чектің біріншіден, Банктегі ағымдағы шоттан қолма-қол ақша алғанда,
екіншіден, тауар сатып алу және қарызды өтегенде, үшіншіден, қолма-қол
ақшасыз есеп айрысқанда айналыс және төлем құралы ретінде жүреді.
Чектің белгілі бір формасы болыды, яғни ол кітапша түрінде
шығарылады. Чек қысқа мерзімге беріледі. Негізінен ақшалы және есеп айрысу
чектері кездеседі. Ақшалы чек иесі көрсетілген, кісі яғни атаулы чек және
иесі – оны ұсынушы кісі. Ақшалы чекпен қолма-қол ақша алады.
Есеп айрысу чегі ордерлі чек деп те аталады. Чек кітапшасынан жыртылып
алынған чектің парақтары сатылып алынған тауарлар үшін немесе көрсетілген
қызметтер үшін есеп айрысқанда қолма-қол ақшаның орнына қолданылады.
Әртүрлі банктердің клиенттері өзара есеп айрысқанда чек орталық банкке
толтырылады.
4. Несиелік (пластикалық) карточка қолма-қол ақша мен чектің орнана
жүретін, сондай-ақ иесіне банктен қысқа мерзімді қарыз алуға мүмкіндік
беретін есеп айрысу құралы. Клиенттің ағымдағы шотында қажетті ақша мөлшері
болмай қалса, онда белгілі бір лимитке дейі оған қысқа мерзімді несие
берілуі мүмкін. Плстикалық карточка негізінен бөлшек сауда айналымы мен
қызмет көрсету аясында қолданылады [3:45].
Несие карточкаларын пайдалану банк операциясының электронды есептегіш
машиналарды (ЭЕМ) қолданып, автоматтануға кеңінен жол ашты. Дегенмен ЭЕМ
қолдану, жарнама беру көптеген шығынды талап етті. Сондықтан кейбір
мемлекеттерде ЭЕМ-нің қатысуымен электронды ақша-есеп жүйесі жүргізілуде.
Қорыта айтқанда, ақша айналымына несие ақшаның көп түрлері
автоматтандырылған несие ақшасын енгізгенмен адамзат қоғамының өндірісі
тауар өндірісі болғандықтан ақшасыз шаруашылық деген ұғым құрғақ қиял
бола бермек.
Несие қатанстарының нақты көрінісін несиенің формалары мен түрлері
сипаттайды. Несиенің мазмұны мен түрі диалектикалық бірлікте болады.
Өндірістік қатнастардың өзгерүі несиенің оның қолданылатын түрін
өзгертеді. Несиенің негізгі екі формасы: коммерциялық несие және банктік
несие болады. Бұл екі несие бір-бірінен несие субъектілері, құрамы, қарыз
объектісі, динамикасы, процент мөлшері және қызмет ету аясы бойынша
ажыратылады.
Коммерциялық несие –ол тауар өндірушінің басқа тауар өндірушінің
басқа басқа тауар өндірушіге сатқан тауары үшін ақша төлеуді кейінге
қалдырып, оны қарызға беруі. Әдетте коммерциялық несиеде аударым векселі
толтырылады. Коммерциялық несие алғашқы капитал жинақтау кезінде
капиталистік ұдайы өндірістің қажетін қамтамасыз етуден пайда болып,
капиталистк несие жүйесінің негізін қалады.
Коммерциялық несиені қолдануда біраз шектеулер бар.
Олар:
❖ бұл несиенің көлемі сатылуға тиіс тауарлар қорының көлемімен
шектеледі;
❖ бұл несиенің көлемі, ел экономикасының жағдайына байланысты
өзгереді, яғни дағдарыс кезінде капиталдың кері қозғалысы
бұзылып, коммерциялық несиенің көлемі қысқарады;
❖ бұл несие тек бір бағытта қозғалыста жүреді; оны тек өндіріс
құрал-жабдықтарын шығаратын салалар оларды пайдаланатын
салаларға береді, керісінше болуы мүмкін емес.
Қорыта айтқанда коммерциялық несиенің банктік несиеден басты
ерекшелігі – ол тауар түрінде берілетін несие.
Банктік несиені экономиканың кез келген салалары пайдаланады:
өндірістің бір саласынан босаған ақша капиталы оның кез келген келесі
саласына берілуі мүмкін.
Несиенің негізгі ек формасының – коммерциялық және банктік несиелер-
әрқайсысы ұйымдастыру жағдайларына байланысты бірнеше түрге бөлінеді:
тұтыну, лизинг, ауыл шаруашылық, шаруашылықаралық, ипотекалық,
мемлекеттік,халықаралық және т.б.
Тұтыну несиесі -ол төлемін кейінге қалдырып тұтыну тауарларын
несиеге сату. Несие алушы- халық , ал несие беруші-әртүрлі өндіріс
орындары, фирмалар, банктер, мекемелер болуы мүмкін. Тұтыну несиесі
формасында беріледі. Несиенің бұл түрінде банк пен халық арасында делдал
да болуы мүмкін. Мысалы, сауда орындары халыққа белгілі бір санаға
тауарды несиеге сатады да, сол сома көлемінде банктен ақшалай несие алады.
Тұтыну несиесі жас отбасыларына да, берілген. Мұндай несие кезінде
Чехословакияда жоғары оқу орындарының студенттеріне берілген.
Лизинг несиесі-ол тауар түрінде берілетін несие Лизинг деп
маманданған қаржы компаниясының делдалдық етуімен машиналарды, құрал-
жабдықтарды, жылжымайтын мүліктерді және негізгі капиталдың басқа да
элементтерін орташа немесе ұзақ мерзімге үшінші жаққа жалға беруді айтады.
Тауар өндірушіге немесе сатушыға лизинг компаниясы оның құнын төлеп,
мүлікті меншіктеу құқына ие болады. Лизинг бойынша жалға бір өндірістік
циклда жойылмайтын кез-келген экономикалық дербес объектіні алуға болады.
Экспортты және импортты қаржыландырутұтқасы болып табылатын
халықаралық лизингте келісімге субъектілер әр түрлі елдерде болуы мүмкін.
Ауыл шаруашылық несиесі - ол ауыл шаруашылығындағы негізгі капитал
мен айналмалы капиталдың қызметін қамтамасыз ету үшін берілетін қарыз
капиталы. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік негізгі капиталдың
қалыптасуына және дамуына қозғалмайтын мүліктің кепілділігімен банк ұзақ
уақытқа күрделі қаржы несиесін береді. Ауыл шаруашылығындағы өндірістік
айналмалы капиталға және уақытша қажеттілікке қысқа мерзімді несие
қызмет етеді. Ол әдетте сол жылғы астық өнімдерін сатқаннан кейін
өтеледі.
Шаруашылықаралық несие-бұрынғы КСРО-да кен қолданылған несие түрі.
Ол – жоғарғы басшы органдардың өздеріне әкімшілік жолмен бағынатын
кәсіпорындар мен мекемелерге қаржы көмегі ретінде берілетін несие.
Банктік несиемен салыстырғанда ол несиенің көлемі және пайдаланатын
шаруашылық органдар көп болмаған. Себебі шаруашылықаралық несие
мемлекеттің қаулысымен кездесіп қалған қаржы қиындығын жою мақсатына, не
болмаса өндіріс жоспарын өзгерткенде ғана беріледі.
Шаруашылықаралық несиенің басқа несиелерден айырмашылығы; бұл несие
субъектілері, міндетті түрде, бір шаруашылық жүйесінде пайда болады:
несие тек ақша түрінде беріледі; қайтарылғанда несие үшін ақы
төленбейді;несие алғанда кепілдік берілмейді және белгілі бір мезгілді
өтеу туралы міндеттеме толтырылмайды. Кәсіпорындарда қаржы қиындығы
жойылған соң жоғарғы органның үкімімен несие қайтарылып алынады.
Соңғы уақытта шаруашылықаралық несиенің тауарлы түрі дамуда.
Мысалы;, күрделі механизмдер, станоктар және өндірісте қолданылатын
техникалар несиеге берілуде. Мұндай жағдайларда несие қатнастарының
ауқымы ұлғаяды. Несиеге, мысалы, техника берілсе, ал оны қайтару несие
алушының өндірген тауарымен өтелуі мүмкін.
Ипотекалық несие-ол жылжымайтын мүліктерді-жерді, өндірістік және
тұрғын ғимараттарды, үйлерді, пәтерлерді кепілдікке алып ұзақ мерзімге
берілетін ақшалы несие [3;105]
Ипотекалық несие тұрғын үйлер, пәтерлер сатып алуға, үйлерді күрделі
жөндеуден өткізуге 3 жылдан 15 жыл мерзімге дейін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тауар ақша қатынастары және қаржы
Қоғамдық өндіріс нысандары. Тауар және ақша
Мемлекеттік бюджеттің экономикада алатын орны жайында
Несие ақшаларының түрлері және несие формалары
Несие операцияларының сипаты
Халықаралық есеп айырысу баланстары
Мемлекеттің қаржы саясаты
Мемлекеттік бюджеттің экономикалық мәні мен рөлі туралы ақпарат
Шет елдердегі сақтандыру жағдайы
Қазақстан Республикасында нарықтық экономикадағы қаржы саясаты және қаржы жүйесін реттейтін құралдар
Пәндер