Ноғатық тез қортылатын және өте құнды азық



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Ноғатық тез қортылатын және өте құнды азық болғандықтан, оны малдың барлық түрлері жақсы жейді. Ноғатықтың жасыл масса өнімділігі жоғары қалыптасуға бейім, сондықтан ол жасыл конвейер алу үшін алмастырылмайтын қоспа болып табылады.
Солтүстік Қазақстан жағдайында ноғатықтың өсіру технологиясы толығымен зерттелмегендіктен оны аймақтық өсіруге енгізу жеткіліксіз. Сондықтан негізгі бағытта талқылап өсіру өзекті болып табылады.
Ноғатық - пішен дайындау және дән алу мақсатында өсірілетін біржылдық шөптесін өсімдік. Ноғатық - малға жақсы жемшөп, жас төлге құнарлы азық, төл тез семіреді. Ноғатық егістігі қара топырақты аймақта екпе пар, ал ылғалы мол оңтүстік аймақта аңыздық дақыл ретінде пайдаланылады. Мал азығын өндіру саласында, ноғатықтың биологияландырылуы болашақ өндірісте аса үлкен мәселелердің шешімін табады .
Қазіргі кезде мал азығы суармалы мал шаруашылығында үлкен ықпал етеді, сонымен қатар барлық елдердегі өсімдік шаруашылығы саласында маңызы зор. Бірақ зерттеулердің төмен өнімділігі мен меншікті салмағына қарай егістік аудандарында жүйелеу, бұршақ дақылының сапалы азығының дайындалуы мүмкіндігі төмен және азықтық ақуыздың проблемасы шешусіз қалады, ал орта жағдайында маңызы бар азықтық дақыл биологиялық потенциалына және белдеулік жүйесінің жер шаруашылығына маңызы жоқ. Негізгі тиімді фактордың бірі азық өңдеуді тұрақты жүргізу үшін азық өңдеу дақылдарын ұлғайту мен алмастыру қажет. Негізгі бағыттардың бірі ақуыз проблемасын шешу (азықтық ақуызды 80-90%-дан асырмау қажет) соңғы уақытта астықты бұршақ дақылдарының ұлғаюы болып табылады. Бүгінгі таңда ауыл шаруашылығында көптеген түрлі тыңайтқыштар өнімнің жақсы шығуына қамтамасыз етеді .

Ноғатықтың тарихы
Ноғатық (лат. Lathyrus) - бұршақ тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік, азықтық дақыл. Шыққан жері Жерорта теңізі жағалауы және Батыс Азия аймағы. Дүние жүзінің қоңыржай белдеулерінде 150-дей түрі кездеседі. Қазақстанның барлық аймағында өсетін 25 түрі бар. Мал азықтық жемшөп өндiруде практикалық мағынада 8 түрi бар, соның ішінде ноғатық (лат. Lathyrus), науқаны ең жайылған, тұқымының өнiмділігі мен жасыл массасының және де жемшөп қасиеттерінің арқасында басқа түрлерге қарағанда асып түседі. Қазақстанның солтүстік өңірінің орманды - далалық аймақтарының шаруашылықтарында ноғатық кеңінен өсіріледі .
Алғаш рет жаздық ноғатық танаптық дақыл ретінде Жерорта теңізінің аудандарында және де қола дәуірінде (б.д.д. 3 мың жыл) бұрын пайда болды. Б.д.д. 300 жылдың ортасында Греция көне агрономы Катон ноғатық туралы кең өңделетiн қара бидаймен және мәдени бидаймен қатарластыра жазды. Орта Еуропаға мал азығы ретінде беде мен ноғатықты енгiзгенде, бұл елде жалғыз мал азықтық дақылдарынан ноғатық ғана өсірілетін. Қазіргі уақытта ноғатық Батыс Еуропада, Кіші Азияда, Индияда, Америкада және Австралияда кеңінен таратылған .
ТМД елдерінде барлық бiр жылдық бұршақ шөптерді өңдеуде ең алғаш дүние тарихына ноғатық ие болды. Ресейде алғаш 1785 жылы Иоганн Римманың қаржының млекомножных туралы, немесе сиырларға жақсы жем ретінде қарастыру деген мақаласында ноғатық дақылы туралы әдебиетке қысқаша ескерту жазды. XIX ғасырдың басында ноғатық танаптық дақыл ретінде кеңінен енгізіле бастады және ақырын ғана таза сүрі жерде үш егiстік айналымдық жүйесінде нық орын алды. Б.з.б. жүз жылдықтың соңында мал азығын өндiруде шағын және үлкен шаруа қожалықтарында үлкен рөл атқарды.
Қазiргi уақытта ТМД елдерінде ноғатықтың тұқымдарын өндіру оңтүстiктіктен полярлық шекара аймағына дейiн созылып жатыр. Жалпы ноғатықты iс жүзiнде ТМД аумағының егiншiлiкке жарамды барлық аудандарында егуге болады.
Ноғатықтың егістік аумағының көбі Солтүстік және Оңтүстік Қазақстанда аймақтарында егуге қолайлы. Сонымен қатар ноғатықты Батыс Қазақстанда, Қостанайда, Солтүстік Қазақстанда, Көкшетауда және Ақмола аудандарында, Павлодарда, Қарағанды облыстарында және де республикамыздың оңтүстік - батыс таулы аймақтарында өсіруге болады.
Халық шаруашылығындағы маңызы.
Ноғатықты азық-түліктік, мал азықтық және техникалық дақыл ретінде өсіреді. Ол асбұршаққа қарағанда ақуызға (белок) бай, бірақ оған пісірілуі мен дәмдік сапасынан аздап жол береді. Ноғатықтың тұқымдары жоғары қоректілігімен бағаланады: белоктық заттар - 23-34 %, көмірсулары - 24-45%, май - 0,5-0,7%, күл - 2,5-3%,және клетчатка - 4,0-4,5%; олардан жарма, консерві, ұн, крахмал дайындалады. Ноғатық жоғары ақуызды мал азықтық дақыл: одан құрама жемазық, жасыл балауса, сүрлем, пішен, пішендеме дайындалады. Мал азықтық мақсатқа сұлы, асбұршақ, күнбағыс және басқа дақылдармен қоспа түрінде өсіріледі; оның пішенінде 10-11% қорытылатын протеин (ақуыз) болады. Ноғатық тұқымынан өсімдік казеині (желімдік материал) өндіріледі, ал ол өз кезегінде фанера, пластмасса, мата өндірісінде қолданылады. Оның үстіне ноғатық бал әкелетін өсімдік және көптеген дақылдарға жақсы жақсы алғы дақыл. Оны сидерат ретінде де өсіруге болады. Ноғатық дақылы аурулар мен зиянкестерден аз зардап шегетіндіктен оның шаруашылық құндылығы арта түседі. Ноғатықтың тағы бір ерекшелігі- ол астық жемірлерімен мүлде жарақаттанбайды десе де болады- улы химикаттармен егістік өңделмейді, оның үстіне астығын газациялаудың қажеті жоқ, өйткені онда зиянкестер болмайды.
Ноғатықтың шыққан жері - Оңтүстік Батыс Азия, ал ірі тұқымдылары - Жерорта теңізі орталығы.
Ноғатық - ең жақсы бір жылдық бұршақ тұқымдас мал азықтық өсімдіктердің бірі. Көк балаусасында өсімдіктің гүлдену кезеңінің басында 21-22% протеин, толық гүлденгенде ол 19-20%-ға дейін төмендейді. Ал көк балаусасында, пішенінде және дәнінде қорытылатын протеин, минерал тұздары және витаминдер көптеп кездеседі. Ноғатықтың 100 кг көк балаусасында 17 а.ө., сүрлемінде - 13,8 а.ө., дәнінде - 119 а.ө. бар. 100 кг пішенінде 46-50 а.ө және 12,3 кг қорытылатын протеин бар. Көк балаусаның а.ө. - 218 г, сүрлемінде - 167 г және дәнінде - 189 г қорытылатын протеин бар. Ағуыз құрамында барлық ауыстырылмайтын аминқышқылдары, оның ішінде лизин, триптофан бар .
Көк балаусасы мен пішенінде каротин мөлшері жоғары (1 кг-да 35-80 мг). Ноғатық көк конвейр жасауға өте тиімді өсімдік. Оның астық дақылдармен: сұлы, арпа, тритикале, күздік қара бидаймен өсірген қоспаларын жаз бойы сауын сиырларға шырынды мал азығы ретінде пайдалануға болады. Осындай егістерден жоғарғы сапалы сүрлем, пішендеме, пішен, шөп ұнын дайындайды.
Ең негізгі бұршақ тұқымдас дақылдарының көп бөлігі жайылымдық шөптер ретінде кездеседі. Азықтық шөптердің құрамында ақуыз мол болғандықтан, ол бізде құнды азық ретінде қолданылады. Ноғатық малға өте жақсы азық болып табылады: егер біз оны шапқаннан кейін ол жерде көп жатып қалмаса мал оны жақсы жейді. Көбінесе қара малдың сүтінің көп болуына ықпал етеді, бірақ жатып қалған шөп болса кейбір кезде малдың төлін тастауына себепші болады. Азыққа жасыл массасы, үстеме қорек, сүрлем, шөп ұнын, пішендеме алу үшін шикізат ретінде қолданылады .
Ноғатықты таза сүрдің орнына сүрі жер ретінде және де кейбір аймақтарда топырақты ылғалдандыру үшін қолдануға болады. Оның өсіп - өнуі басқа бір жылдық дәнді бұршақтарда сияқты шөп аралас өсімдіктермен бірге жақсы өседі. Өзінің табиғаты бойынша бұршақ тұқымдастар басқа қолданылатын дақылдармен бірге өсіп - жетілуге бейімделген. Ноғатықты көбінесе сұлымен кейбір кезде арпамен, сирек кезде бидаймен, сүрлем үшін сұлы мен күнбағысты араластырып, жүгері мен қара бидаймен, тұқымға - сұлымен және арпамен араластырылып қолданылады. Бір ноғатықта өзінде қара мал мен қойды бағуға болады, ал шошқа мен жылқылар үшін тағы қосымша азықты қажет етеді.
Ноғатықтың сабаны өте қоректі, бірақ қиын қортылады, сондықтан оны өте абайлап беру қажет, ал сабанның ұнтағын ыстық сумен бұқтырылса шошқа үшін өте жақсы қорек. Ноғатықтың сабаны құлынды бие мен құлын үшін және жарты жылдық бұзау мен қозы үшін зиянды. Бірақ басқа мал үшін оте жақсы. Ноғатықтың дақылын береді.
Биологиялық ерекшеліктері.
Ноғатық жылуға талапты, бірақ - 8ºC-ға дейінгі бозқырауды (аязды) көтере алады. Тұқымдары 1-2ºC температурада өне бастайды, алайда оңтайлы көктеуге 6-12ºC қажет, вегетативті мүшелерінің қалыптасуына 12-16ºC жылулық оңтайлы деп есептеледі, ал генеративті мүшелеріне - 17-21ºC. Жалпы өсіп-жетілу кезеңінің ұзақтығы сорттарына, өсіру ерекшеліктеріне қарай көктегеннен кейін - 70-110 тәулік, белсенді температура жиынтығы орташа мерзімде пісетіндерінде - 1700ºC. Құрғақшылыққа төзімділігі жөнінен ноқаттан ғана қалысады және Қазақстанның қуаңшылықты аудандарында астыққа, жасыл балаусаға, пішенге өсіріледі. Транспирациялық коэффициенті - 400-500.
Салқын әрі жаңбырлы жылдары ол тот, аскохитоз ауруларымен залалданады. Гүлдену кезеңі созылыңқы. Ноғатық асбұршақпен салыстырғанда топыраққа аз талап қояды, ол сортаңдау, қоңыр, жеңіл құмдақ және саздақ топырақтарда өсе алады, бірақ өте ылғалданғанды көтере алмайды, ең жақсылары- қара топырақтар. Ноғатық - ұзақ күннің өсімдігі. Солтүстік Қазақстан аймағы мен Ақтөбе облыстарында ноғатықтың Степная 287 және Кинельская 7 сорттарын өсіруге болады. .
Ноғатық - суыққа төзімді өсімдік. Жылуға аз талап етеді, 5-7°C суыққа дейін шыдайды. Тұқымы +1-2°С жылылықта өне бастайды, қысқа мерзімде 4-6°С бозқырауды жеңіл көтереді, бірақ ерте күзгі 2-4°С бозқыраудан гүлдену және дәндену кезеңдерінде өсімдік солып қалады.
Вегетациялық органдарын қалыптастыруға қолайлы температура +14-18°С, тұқымының пісуі кезеңінде 16-20°С.
Ноғатық жылуды қажет етпейді. Ол солтүстік аймақтарда да өсіп мол өнім береді. Мал азығына өсіруге оған 900°С шамасында белсенді температура жеткілікті. Тұқым алу үшін кемінде 1200-1600°С белсенді температура қажет. Ноғатықтың тұқымы +1-2°С жылулықта өсе бастайды, қысқа мерзімде 4-6°С бозқырауды жеңіл көтереді, бірақ ерте күзгі 2-4°С бозқыраудан гүлдену және дәндену кезеңдерінде өсімдік солып қалады. Бірақ жақсы өскін алу үшін топырақтың тұқым сіңірген қабатының жылуы +20-25°С болуы керек. Вегетативтік органдарын қалыптастыруға қолайлы температура +14-18°С, тұқымның пісуі кезеңінде 16-20°С .
Ноғатық бұрышты асбұршақ деп те аталады. Дақылда егістік ноғатық (Lathyrus sativus) кездеседі. Негізгі сабақтары төрт қырлы, көпшілігі жапырылмалы, шырмалмалы, кейде тік өседі, биіктігі 1,5 м дейін. Бүйір бұтақтары өскенде негізгі сабақты басып озады. Жапырақтары бір жұпты, қос қауырсынды, кейде 2-4 жұпты, ұзынша ланцетті. Көгілдір күлгін, сары, көкшіл немесе қызғылт гүлді. Ноғатық әдетте өздігінен тозаңданады. Жемісі - қосқанатты бұршаққап, 2-5 тұқымды. 1000 тұқымның массасы 160-230г.

Егістік ноғатық: 1. 2 - гүлдену-жеміссалу және дамыған егін көгі кезеңдеріндегі өсімдіктер; 3 - сабақтың жоғарғы бөлігі; 4 - жемістері; 5 - тұқымдары.
Ноғатық бұршақ тұқымдасына жатады. Кіндік тамырлы, 0,8-1,0 м кейбір жылдары 2 м тереңдікке дейін өседі.Сабағы жіңішке, төртқырлы жылтыр немесе түкті. Орташа биіктігі 50-60 см, қолайлы өсіру жылдары 100-150 см-ге жетеді.
Жапырағы қосқатарлы күрделі, ұшы ұзынша келген мұртты болады, жапырағы 4-8 жұп қосқатарлы. Жапырақтануы 45-60% дейін жетеді, және кепкен кезінде түсіп қалуға бейім келеді. Жапырағының қолтығында қысқа сабақты екі гүлі орналасқан.
Гүл шоғырында жалғыз немесе 2-3 гүл орналасқан, ұзындығы 17-20 мм және гүлдері жапырақ қойнындағы қысқа гүлсабағына бекіген. Күлте жапырақтың түсі әр түрлі: көкшіл - қарақошқыл, қызғылт, ақ болып келеді. Гүлденуі төменнен басталады да бірте - бірте жоғары қарай жүреді. Екінші күні гүлденуі аяқталады (сурет 1).

Сурет 1 - Ноғатықтың гүлденуі Сурет 2 - Ноғатықтың жемісі

Жемісі көптұқымды (4-8 дана) бұршақ, тік немесе майысқан болады (сурет 2). Тұқымы домалақ немесе ептеп қабырғасынан қысылып жапырылған және де түстері ақшыл сары, сұрғылттау, қоңыр, қаралау болып кездеседі. Бұршағында дөңгелек келген 7-9 тұқымы болады, 1000 тұқымның массасы 50-70 г.
Ноғатық - өздігінен тозаңданатын өсімдік. Гүлденуі - маусым-шілде айларында, ал жеміс беруі - шілде-тамыз айларында байқалады.
Ноғатық ылғал сүйгіш өсімдік. Әсіресе, оған шанақтанған - гүлденген кезеңдерінде көп ылғал керек. Оның транспирациялық коэффициенті 400-500 тең, осы көрсеткішімен ол асбұршаққа жақын. Ноғатық ұзақ күннің дақылы. Жарық жетіспеген аймақтарда оның өсуі баяулайды да сабағының биіктігі төмендеп, тұқым салуы нашарлайды. Ноғатықтың өнімі өсіп - жетілу кезеңінде жауын - шашын 150 мм-ден төмен болған жылдары айтарлықтай кемиді, ал мамыр - шілде айларында кем дегенде 170-200 мм жауын - шашын түскен жылдары ноғатық көк балауса мен тұқымның мол өнімін береді, сондықтан дақылды республиканың орманды дала аймағында немесе суармалы жерлерде ғана өсіруге болады. Транспирациялық коэффициенті 400-500, осы көрсеткішімен ол асбұршаққа жақын. Ноғатықтың өнімі өсіп - жетілу кезеңінде жауын - шашын 150 мм-ден төмен болған жылдары айтарлықтай кемиді, ал мамыр - шілде айларында кем дегенде 170-200 мм жауыш - шашын түскен жылдары ноғатық көк балауса мен тұқымның мол өнімін береді, сондықтан дақылды республиканың орманды дала аймағында немесе суармалы жерлерде ғана жерлерде өсіруге болады және де әр түрлi топырақтарында жақсы өнiмдерiн бередi - қара топырақтар, талшыл, саздақ, сазды жақсы болады, бiрақ тұздалған, шалшықты және қышқыл топырақтарын шығармайды. Бiр түрдегi ноғатық егiндердегi өнiмдiгiне 150-250 цга жетедi, араластыр - 250-400 цга-ға дейiн. Құнарлылығы аз топырақ топырақтарға орналастыруда фосфорлы және калий тыңайтқыштарын енгізеді. Ноғатықтың тұқымдары жақсы түсуi өсуіне талап етедi, оларды жеңiл топырақтарына кемiнде 4-5-тен тереңдiкте, 7-10 күндерден кейiн көктеулері көрiнiп қалады.
Ылғалға қатаң талапты салыстырғанда қыстайтын дәндi дақылдармен қысқа шыдамдылық төменде қатаң талапты. Сулар бәрiнен артық вегетативтi массаның уақытында қарқынды өсiп келе жатуы және жемiстердiң түсiнiң фазасында қылғиды. Ноғатық егiс негiзiн тыңайтқыштар жақсы енгізу .
Агротехникалық ерекшеліктері.
Ауыспалы егісте астыққа өсіргенде ноғатықты дақылдардан кеін орналасады, жаздық дақылдарғаоның өзі жақсы алғы дақыл. Алғы дақылдарға ноғатықтың талғамы зор. Көк балаусаға немесе пішенге өсіргенде ноғатықты ферма маңы ауыспалы егісінде орналастырады, дәнді парлы ауыспалы егісінде-пардан кейінгі үшінші-төртінші дақыл етіп отамалы дақылдардан кейін орна-ластыруға болады. Топырақ өңдеу асбұршақ егістігіне ұқсас жүргізіледі.
Тұқымға өсіргенде ең қолайлы себу мерзімі-мүмкіндігінше ерте, мал азығына-мамырдың аяғы-маусымның басы. Қатардағы әдіспен гектарына 0,7-0,8 млн. өңгіш тұқым (150-170 кгга) сепкенде барынша мол өнім жиналады. Тұқым сіңіру тереңдігі қалыпты жағдайда 6-8 см, ал қуаңшылықты жылдары 8 см-ге дейін тереде-тіледі.
Ноғатық Маңызы. Ноғатық-қуаңшылықка өте төзімді дәнді бұршақ дақылы. Оны қуаңшылық аудандарда астыққа, көкбалаусаға және пішенге өсіреді, мұндай жағдайда асбұршақты толықтырады.
Ноғатық пішенінде 10-11% қорытылатын белок, тұқымында 26-30% белок болады. Реслубликаның құрғақ дала аймақтарында орналасқан тәжірибе станцияларының көрсеткіштері бойынша құрамындағы ноғатықтың өнімі, ақуыз мөлшері жоғары (3-4%), асбұршаққа қарағанда 1,5-2,5 цга жоғары.
Ноғатық асбұршақпен салыстырғанда бұршақтың дән қоңызы және аурулармен аз зақымдалады оның бұршаққаптары жарылмайды дерлік. Сондықтан мал рационында ақуыздың жетіспеушілігін ноғатықтың астыққа және мал азығына өсірілетін егістіктерін енгізу арқылы толықтыруға болады.
Қазақстанда егістік ноғатықтың мал азығына өсіруге жіберілген аудандастырылған сорттары: Кинельская 7, 1950 (4), Степная287, 1956(2).
Өсіру технологиясы.
Ауыспалы егісте ноғатыққа жақсы алғы дақылдарға сүріден кейінгі бидай, отамалы дақылдар жатады. Ноғатық тыңайтқышты жақсы қажетсінеді: фосфор тыңайтқышын енгізгенде оның астық өнімі 3,0 цга дейін, ал толық тыңайтқыштар (NPK) кешенін қолданғанда өнімі 5,0-6,0 цга дейін артады. Ол себу алдында тұқымды нитрагин бактериалық тыңайтқышымен өңдегенді қажетсінеді. Топырақты негізгі өңдегенде 60 кгга ә.е.з. мөлшерінде фосфор, ал себу алдында ноғатық тез өсіп даму үшін 30 кгга ә.е.з. мөлшерінде азот тыңайтқышы енгізіледі.Ноғатыққа топырақ өңдеу жүйесі асбұршаққа ұқсас. Топырақ өңдеудегі негізгі мақсат - борпас топырақ қабатын жасау, ылғал жинау, арамшөптерді құрту. Топырақ өңдеу жүйесі алғы дақылға, танаптардың арамшөптермен ластану дәрежесіне және алғы дақылдың жинау мерзіміне байланысты өзгереді. Ерте көктемде топырақ бетін тегістеу, ылғал жабу және арамшөп тұқымдарын арандату мақсатында тырмалау жүргізіледі. Себу алдында арамшөптерді құртуға тұқым сіңіру тереңдігіне (5-8см) танап культивацияланады. Тұқымды себуге дайындағанда оны дәрілеу маңызды агрошара: 80%-ды ТМТД (3-4 кгга), 50%-ды фундазол (3кгга) ж.б. улы химикаттардың бірімен ылғалдандыра дәрілейді. Ноғатықты ерте жаздық астық дақылдарымен бір мерзімде жаппай қатардағы тәсілмен сепкен дұрыс. Себу мөлшері - өсірілу аймағына қарай 0,8-1,5 млнга өнгіш тұқым ылғалды қабатқа (3-8 см), жеңіл топырақтарда 10 см дейін тереңдетіледі. Егістікті күтіп-баптау-себуден соң тығыздау, егін көктегенге дейін және көктеуден кейін жеңіл тырмалармен тырмалау жұмыстарын қарастырады. Соңынан қажеттілігіне қарай егістік гербицидтерімен өңделеді. Қатты ластанған танаптарға арамшөп көгін құрту үшін ноғатыққа сепкенге дейін немесе сепкеннен кейін 50%-дық Прометрин (3-5 кгга) немесе оның бак қоспасымен егістік бүркіледі. Ноғатық асбұршақпен жасымыққа қарағанда біркелкілеу піседі, бұршаққаптары жарылмайды, ал мұның өзі оны екі кезеңді жинау тәсілімен көпшілік жемістері піскен мерзімде жинауға мүмкіндік береді. Дестеге шапқаннан кейін 2-3 тәуліктен соң қайта реттелген астық комбайндарымен бастырылады. Егер ноғаттықты дер кезінде жинамаса, онда ол жапырылып қалады.
Ноғатықты өсірудің технологиялық картасы
Жұмыстардың атауы
Өлшем бірлігі

Жұмыс істеу мерзімі
Агрегаттар құрамы
Орындалған жұмыс көлемі
Еңбек шығыны
Сыдыра жырту 6-8см тереңдікте
га

қыркүйек
МТЗ-82+ЛДГ-5А
23,4
0,30
Минералдық тыңайтқыштарды тиеу
т

қыркүйек
МТЗ-80+ПКУ-0,8А

0,02
Минералдық тың.енгізу және тасымалдау
т

қыркүйек
МТЗ-80+МВУ-5
24,6
0,28
20-22см тереңдікте жерді жырту
га

қыркүйек
МТЗ-2522+ПГП-7-40
11,9
0,59
Топырақты қопсыту 6-8 см тереңдікте
га

қыркүйек
МТЗ-1522+КШП-8

0,20
Топырақтың қопсыту 6-8 см тереңдікте
га

қазан
МТЗ-1522+КШП-8

0,20
Ерте көктемгі қопсыту
га

сәуір
МТЗ-1522+КШП-8

0,20
Себу алды жер өңдеу
га

сәуір
МТЗ-82+АКШ-3,6
17,5
0,40
Қоймалардағы тұқымдарды шығару
т

сәуір
Эл.қозғалғыш+ПШП-4А
71,4
0,10
Тұқымдарды дайындау
т

сәуір
Стационари КПС-10

0,123
Тұқымдарды қоймалардан шығару
т

сәуір
Эл.қозғалғыш+ПШП-4А
71,4
0,30
Тұқымдарды сепкіштерге тасымалдау
т

сәуір
ГАЗ-САЗ-53Б
71,4
0,10
Ноғатықты себу
га

сәуір
МТЗ-82+СПУ
16,1
0,43
Гербицидтар дайындау үшін су тасымалдау 5км 200лга
га

сәуір
ГАЗ-53+РЖУ-3,6

0,06
Гезагардоммен хим-қ өңдеу
га

сәуір
МТЗ-1221+ОП-2000С

0,17
Егістерді көктегенге дейінгі тырмалау
га

сәуір
МТЗ-80+БЗС-1
(32,8
0,19
Инсектицид хим.өңдеуге су тасымалдау
га

мамыр
ГАЗ-53+РЖУ-3,6

0,06
Бізтұмсық қоңызға қарсы хим.өңдеу
га

мамыр
МТЗ-1221+ОП-2000

0,7
Инсектицидпен өңдеу үшін су тасымалдау
га

маусым
ГАЗ-53+РЖУ-3,6

0,6
Өсімдік битіне қарсы хим.өңдеу
га

маусым
МТЗ-1221+ОП-2000

0,7
Ноғатықты ору науқаны
га

тамыз
Бизон

3,0
Тұқымдарды
т

тамыз
ГАЗ-52
6,0
3,0
Қайта тазалау
т

тамыз
Эл.қозғалғыш+ОВС-20
52,4
0,39
Тұқымдарды кептіру және
т

қыркүйек
Стационарлық КЗС -25Ш Петкус
20,4
0,34

Ноғатықтың алғы дақылы
Ауыл шаруашылық дақылдарын ғылыми алмасулармен арқылы және сүрі жерлерді уақытында егiс айналымды орналастыру. Дақылдардың дұрыс айналымын топырақтың нәрлi заттары мен тыңайтқыштарын енгізу, арамшөптермен күрес, зиян келтiрушiлермен және ауруларды тиімді қолданып, мәдени өсiмдiктерге олардың зиянды әсерiнен басым болуға толықтай мүмкiндiк бередi.
Дақылдарды егiс айналымына орналастыру жақсы фитосанитарлық шарттары қамтамасыз етедi, эрозиядан топырақты қорғаштайды, органикалық заттар қорын үлкейтiп және физикалық қасиеттi жақсартуға мүмкiндiк бередi.
Егiс айналымдарындағы құнарлылықтың шарттарын өте өнiмдi қолданылады және әрбiр агротехникалық шараның тиiмдiлiгi жоғарылайды, осының себебінен барлық дақылдар өңделмеген ауыспайтын күйiне қарағанда жоғары өнiмдер бередi. Егiс айналымы олардың өзара ықпалының есепке алуы бар ауылшаруашылық өсiмдiктердiң өсiруiн технологияны, сонымен бiрге ең жақын негiзiн салушы қолданылған әрбiр қабылдауды зардапты салуға мүмкiншiлiк бередi. Дақылдарды алмастыру тиiмдiлiгiнiң жоғарылауы сондықтан болар, тек қана егiн себетiн жерлердiң құрылымы дұрыс егiс айналымдарының шаруашылығында қолданудың шартында қамтамасыз ете алады, табиғи-климаттық шарттармен өндiрiстi нақты мамандандыру.
Ауыспалы егіс.
Ауыл шаруашылық өндірістік ғылыми зерттеулерi мәлiмдейді, егiс айналымдарындағы дақылдардың дұрыс алмасуы үшiн мәдени өсiмдiктердiң ауруларымен немесе тiкелей топырақтың агротехникамен қолданудың нәтижеде су, азық-түлiк және әуе тәртiптерi жақсартылады, егістіктегі арамшөптермен күрестердi қамтамасыз етедi.
Ауыспалы егісте ноғатықты екпе сүрі танаптарға пішен және жасыл массасын алу үшін және арнайы егістерде тұқым ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидай және қара бидай
Дақылдың биологиялық ерекшелігі
Жасымықты өсіру технологиясы
Егістік ноғатық
Бөрібұршақ және атбасбұршақтың халықтық - шаруашылық маңызы
Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері
Малазықтық дақылдар және олардың сипаттамасы
Түбегейлі жақсартуға пайдаланылатын малазықтық біржылдық дақылдар
Дәнді дақылдарды стандарттау
Алиментарлық бедеулік
Пәндер