Жүгерінің биологиялық ерекшіліктері, ауыл шаруашылығында қолданылуы
Кіріспе
Елімізде, оның ішінде Қазақстанда азық-түлік программасын орындауда жүгерінің адамға да, малға да азықтық қасиеті орынды бағаланып отыр. Сондайақ өнеркəсіпте бағалы шикізат есебінде əр түрлі мақсаттарға пайдаланылуы біздің республикамызда жүгеріні кең көлемде өсіру қажеттігі мен мүмкіншіліктерін айқындады.
Республикамызда тың жəне тыңайған жерлердің игерілуі қуатты егіншілігі мен мал шаруашылығы дамыған ірі шаруашылықтар құруға негіз болды. Ауыл шаруашылығының интенсивті дамуы мал шаруашылығы үшін қажетті құнарлы да мол мал азығын дайындауды қажет етті. Осындай бірден-бір дақыл жүгері болып табылады.
Қазіргі уақытта жыл сайын республиканың барлық аймақтарында ол - сүрлем үшін 2,8 миллион гектарға, оңтүстік жəне оңтүстік-шығыс облыстарында - дəндік жүгері есебінде 140 мың гектарға өсіріліп келеді.
Оңтүстікте дəндік, сүрлемдік жүгеріден тұрақты мол өнім алынып жүр. Ал, солтүстік аудандарда жылы кезең қысқа болатындықтан, жүгерінің бапталу, өсу мерзімі 95-100 күннен аспайды. Сондықтан, мұнда жүгерінің ерте пісетін бұдаң жəне сортты тұқымдары сүрлем үшін егіледі.
Ол гектарына 150 -- 300 центнерге дейін сүрлемдік көк балауса береді. Солтүстік аудандардағы азықтық сапасы жөнінен жоғары мұндай өнімді басқа дақылдардың бір де біреуі бере алмайды.
Елімізде пайдаланылатын егістік жерлердің көлемі жылдан жылға тұрақталып келеді. Осыған байланысты астық дақылдарының өнімін молайту, оның сапасын жақсартудың басты шарты - əр түрлі тыңайтқыштарды тиімді қолдану болып табылады.
Оңтүстік Қазақстан өңірінде жүгері негізінен суармалы жерлерде өсіріледі. Өнімділігі жағынан барлық далалық алқаптарда егілетін дақылдардан дәнге өсірген жағдайда да, көк балауса өсіру мақсатында ең жоғарғы сапалы мал азықтықөлшем бірлігінің жиынтығын алуға болады.
Астық тұқымдасы - жер шарында кең тараған. 650-дей туысы, 10 мыңнан аса түрі белгілі. Қазақстанның барлық облыстарына тараған 83 туысы, 418 түрі бар. Астық тұқымдасының тамырлары шашақты келеді, ал сабағы жұмыр, іші қуыс, бунақтармен бөлінген. Кейбіреуінің буын аралықтары жұмсақ ұлпалы (мыс., қант қамысы, жүгері, т.б.). Сабақтарының ұзындығы 1 - 2 см-ден 30 - 40 м-ге дейін, ал жуандығы 0,5 мм-ден 20 - 30 см-ге дейін жетеді. Сабаққа екі қатар кезектесіп орналасқан жапырақтары - жіңішке таспа, қандауыр, жұмыртқа тәрізді. Астық тұқымдасының гүлі көбінесе қос жынысты, кейбіреулері ғана дара жынысты (жүгері) болады. Олардың гүл құрылысы басқа өсімдіктерден өзгеше келеді. Көбіне гүлінің сыртын гүл қабыршағы қоршап тұрады. Бір немесе бірнеше гүлдерден топталған масақшадан - шашақбас, айдар, масақ, собық, сыпыртқы бас, яғни күрделі гүлшоғыры құралады. Астық тұқымдасының көбі жел арқылы тозаңданады. Жемісі - бір тұқымды дәнек, кейде жаңғақша. Жеміс қабығы (қауызы) тұқымға жабысып тұтасып біткен. Астық тұқымдасы түптену түрлеріне байланысты тамыр сабақты, селдір түпті және тығыз түпті болып үш топқа бөлінеді. Тамыр сабақты Астық тұқымдасының түп өскіндері түптену буынына тік (перпендикуляр) бағытта шығып, өсімдік сабағына қатарласа өседі (мыс., бидайық, айрауық, қамыс, т.б.). Селдір түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетіне жақын орналасады (мыс., арпабас, сұлыбас). Тығыз түпті Астық тұқымдасының түптену буыны топырақ бетінде өседі (мыс., бетеге, қау, селдірек). Астық тұқымдасы шабындық пен жайылымдықтарда өсімдіктердің 13 бөлігін, орманды және далалы аймақтарда мал азығының 12 бөлігін құрайды. Астық тұқымдасының дәнді (мыс.: бидай, күріш, сұлы, арпа, тары, т.б.), мал азықтық түрлері де (мыс., шалғындық қоңырбас, жүгері, селеу, т.б.), арамшөптері де (мыс., қарасұлы, жасыл қонақ, түлкіқұйрық, т.б.) кездеседі. Астық тұқымдасытары сабандарын қағаз, тоқыма, химия өндірістері мен құрылыста қолданады. Сондай-ақ оларды мәдени орындарды көгалдандыру және құм тоқтату үшін де өсіреді.
Астық тұқымдас масақты дәнді дақылдар - бидай, қарабидай, күріш, қарақұмық, тары, сұлы, арпа, жүгері. Дәнді дақылдар өздерінің морфологиялық және биологиялық ерекшеліктеріне қарай екі түрге бөлінеді, бірінші топтағы және екінші топтағы дәнді дақылдар.
Бірінші топқа бидай, қарабидай, арпа және сұлы жатады. Олардың негізгі ерекшеліктері - дәндерінің бауыр жағында тілігі болады, дән тамыршалары 3-8 дана, масақшаның төменгі гүлдері жақсы дамыған. Өсіп-дамуы үшін жылуды аз мөлшерде, ал ылғалды көбірек талап етеді, сабақтарының іші қуыс болып келеді. Олар ұзақ күннің өсімдіктері, сондықтан вегетациясының алғашқы кезеңінде тезірек дамып, арамшөптермен шамалы ластанады.
Бірінші топтағы дәнді дақылдардың екі түрі бар.
Күздік дәнді дақылдар - күздік бидай, қарабидай, күздік арпа.
Бұл дақылдардың биологиялық ерекшеліктері - алғашқы даму кезеңінде оларға 1 айдай 1-10°С-тай төмен температура қажет. Сондықтан оларды тұрақты суық түскенге дейін 55-60 күн қалғанда себу қажет. Күздік дәнді дақылдар жаздықтарға қарағанда өнімді артық береді. Оның себебі, олар күзгі және көктемдегі жауын-шашынды тиімді пайдаланады, күзде жақсы түптенеді, ал ерте көктемде тез өсіп-дамып, ерте піседі. Күздік дәнді дақылдардың өнімділігі олардың қыстың қолайсыз жағдайынан жақсы шығуына тікелей байланысты. Себебі, күзде, қыста және көктемде күздік дәнді дақылдар әр түрлі қолайсыз жағдайларға ұшырайды (қатты суық, қардың жұқа түсуі, ауа температурасының күрт өзгеруі және т.б.). Осы аталған қолайсыз жағдайларға төзімді болу үшін, күздік дәнді дақылдар шынығу сатысынан толық өтуі керек.
Жаздық дәнді дақылдар - жаздық бидай, арпа, сұлы, күріш, жүгері, қарақұмық, тары, қонақ жүгері. Жаздық дәнді дақылдар өздерінің жылу сүйгіштігіне қарай екі топқа бөлінеді:
Ерте себілетін - жаздық бидай, арпа, сұлы. Оларды ерте көктемде, топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 5-7°С-қа жылыған кезде себеді.
Кеш себілетіндер - күріш, жүгері, тары. Бұл дақылдарды топырақтың тұқым сіңірілетін тереңдігі 10-12°С-қа қызған кезден бастап себеді.
Екінші топтағы дәнді дақылдарға тары, жүгері, күріш, қонақ жүгері жатады. Оларды дәндерінің бауыр жағында тілігі жоқ, масақшаның жоғарғы гүлдері жақсы дамыған. Бұлар бірінші топтың дақылдарына қарағанда жылуды көп, ал ылғалды, күріштен басқасы, аз талап етеді. Жүгері мен қонақ жүгерінің сабақтары өзекшемен толтырылған. Екінші топ дақылдары - қысқа күннің өсімдіктері және олардың күздік түрлері болмайды.
Астық дақылдары дәндерінің құрамында су, ақуыз, май, крахмал, жасұнық және күл болады. Олар дәндерінің химиялық құрамы жағынан бір-бірінен ерекшеленеді. Мысалы, дәндегі ақуыз мөлшері қатты бидайда 13,8-20,0% болса, ал күріш дәнінде 6,7-7,6% ғана болады. Астық дақылдарының дәндерінде майдың мөлшері 1,5-3,0%, ал көмірсутегі 67,8-80,9% шамасында болады. Дәннің химиялық құрамы аймақтың топырақ-климат жағдайына қолданылатын агротехникалық шараларға тікелей байланысты. Қазақстанның қуаң далалық аймағында өсірілетін жаздық бидай дәніндегі ақуыздың мөлшері басқа өңірлермен салыстырғанда біршама көбірек болады, сондықтан олар жақсы бағаланады.
1. Жүгерінің шығу тегі, халық шаруашылығындағы маңызы
Жүгерінің Отаны -- Америка. Оның Мексика жəне Гватемала тропикалықсубтропикалық аймақтары. Жүгері дəнінің алғашқы үлгілері ХV-ғасырдың аяғында Европаға əкелінді. Алғашында сирек кездесетін сəнді өсімдік ретінде, содан соң астық жəне мал азығы ретінде бағаланды. Жоғары өнімділігі, өсіру технологиясының қарапайымдылығы, оның бағасын арттырады.Лезде жер шарының барлық түпкірлеріне, оның ішінде мал шаруашылығы дамыған елдерге тарады. Жүгері бұл күндері алпыстан астам мемлекетте өсіріледі.
Америка ғалымы Мак-Милен жүгеріні кез-келген қазба байлықтан алынатын шикізаттардан артық деп бағалаған. Қазба байлықтар үнемі пайдаланғанда қорын сарқады, өсімдіктер, оның ішінде жүгері өзінің қорын кемітпейді. Қазіргі кезде жүгері егістігінің көлемін ұлғайту -- оны əртүрлі мақсаттарға пайдалануға мүмкіншілік туғызды.
Дүние жүзі бойынша шетелге шығарылатын жалпы дəнді дақылдардың ішінде дəндік жүгерінің үлес салмағы 26 процентке жетті (бидай 52, күріш -- 7, арпа -- 7 процент). Жүгері дəнін шетелге шығарушы негізгі ел -- Америка, бұл жерде оның үлес салмағы -- 52 процент. 1965 -- 1967 жылдары Америкада жүгері дəнінің шығымдылығы гектарына 45 центнерден келсе, басқа дəнді да-қылдардың шығымдылығы гектарына 20,8 центнер болды. Яғни, жүгерінің əр гектардан алынатын өнімділік мөлшеріне ешқандай дəнді дақыл теңдесе алмайды. Америкада мал азығына берілетің жемнің 73 проценті -- жүгері дəні. Қазіргі кезде Америка Құрама Штаттары жер жүзіндегі өндірілетін жүгерінің 44 %береді.Сүрлем үшін өсірілетін жүгерінің аумағы барлық егіс көлемінің 8 % тең, оның əр гектарынан 200 -- 230 центнерден өнім алынады.
Мәдениет үшін сұрыпталатын экзотикалық жүгері түрі
Жүгері -- өте жақсы алғы дақыл. Аңыздық егістіктерде желден қорғау жəне қар тоқтатуда ықтырмалы өсімдіктер ретіндегі жүгерінің маңызы ерекше. Жүгері егістігі басқа дəнді дақылдар секілді оттегі қорын молайтып, қоршаған ортаның ауасын жақсартады.
Жүгері егістігі алғы дақылдарды онша көп таңдамайды. Басқа дəнді дақылдардан ерекшелігі сол, ол отамалы дақыл ретінде топырақтардың бірнеше рет өңделуіне байланысты, əртүрлі тыңайтқыштар, гербицид жеткілікті беріліп, агротехникалық шаралар мен суару дер кезінде жүргізілген жағдайда ауыспалы егісте жəне бір орынға қатарынан бірнеше жыл егілген жүгері егістігінің өнімдері жоғары жəне бірдей болады.
Жүгері егістігін молайту басқа дақылдарға қарағанда зкономикалық жағынан тиімді. Жүгерінің əр гектарынаң 30 -- 35 центнер құрғақ дəн жəне 210 центнер қосымша сабан алынады. Мұны мал азықтық өлшемге шаққанда 6750 болады екен.
2. Жүгерінің ботаникалық сипаттамасы
Өсіп-өну жəне даму. Жүгері дəнді дақылдар тобына жатады. Тамыр жүйесі шашақты, ұзын, торкөзді, 3 метр терендікке дейін, ал жан-жағына 1 метрге дейін жайылып өседі. Тамыр системасының 60 проценті топырақтың айдалатын қабатында болады. Жүгері тамыры топырақтың үлкен аумағынан қоректік заттар мен ылғал əкеліп жатады. Нəтижеде жүгері топырақтағы қоректік элементтерді басқа дəнді дақылдардан гөрі жақсырақ пайдаланады. Басқа дақылдардан айырмашылығы жүгері өсімдігінің төрт түрлі тамыры болады. Олар: ұрық тамыры, алғашқы буын тамыр, негізгі тамыр жəне тіреуіш тамыр. Кейінгі қосымша тіреуіш топырақтан жер бетіне шығып тұрады. Жүгерінің алғашқы даму кезінде тамыр жүйесі өте тез өседі. Е. Амантаев., Н. Нечипоренко мəліметтері бойынша көгеріп шыққаннан кейін 7 -- 8 күнде жүгеорі тамыры 25 сантиметр тереңдікке дейін барады.
Әйтседе ең алғашқы егілген күндері жүгерінің өніп өсуі өте баяу болады. Бірақ, өсуіне қолайлы жағдайларда əсіресе, шашақтану кезінде бір тəулікте 10 -- 12 сантиметрге дейін өседі. Ал гүлденгеннен кейін есуі тоқтайды. ІІІашақтану кезінде, он күннен кейінгі гүлдену дəуірінде жүгері өзінің жалпы органикалық массасының 75 процентін жинақтайды. Жүгерінің тамыр жүйесі көлемінің тəуліктік ұлғаюы 7, 12, 13 жапырақтарды шығару сатыларына жеткенде ерекше байқалады. Өсіп-өну сатыларындағы жүгерінің ең қажетті кезеңдері сабағының қалыптасуына əсер ететін 2 -- 3 жапырақты шығару сатысы, сондай-ақ собығының қалыптасуына əсер ететін 6 -- 7 жапырақтар шығарған кезі болып саналады (Н. М. Третьяков, 1979).
Жүгері дақылының сыртқы құрылысы
Жүгері 5 жапырақты болғанда оның тамыры жан-жаққа 11 -- 13 - сантиметрге дейін тарамданып өседі. Жүгерінің басқа дəнді дақылдардан ерекшелігі сол сабағы біреу болады да, сорт өзгешеліктеріне қарай биіктігі 0,6 -- 6 метрге жетеді. Жүгері -- бір ұялы жəне қос жынысты өсімдік. Аталығы түбірінің жоғары жағында шашағында орналасқан, аналық жынысы собығында, жапырақтар қабығымен қоршалған. Шыққан сабағы жуан, цилиндр тəрізді, қалыңдығы 2 -- 7 см, жақсы жапырақтанады, жапырақтарының саны 13 пен 28 арасында болады. Жүгері жер шарының солтүстік ендігінің 58 градусынан оңтүстік ендіктің 40 градусына дейінгі аралықта -- ойпаттарда, қыратта да, тіпті тау бөктерлерінде де өсіріледі. Мұның өзі жүгерінің топырақ - климат жағдайлары əр түрлі жерге өсуге бейімділігін, өміршеңдігін көрсетеді. Əйтсе де, бұл дақылдың бейімділігіне қарамастан, əр түрлі өсіп-өну, даму сатыларында оған қоршаған ортаның əсерін білу жүгерінің биологиясын жетік меңгеруімізге, тиімді агротехникалық шараларды жүзеге асыруымызға мүмкіндік береді.
3. Дақылдың биологиялық ерекшеліктері
Ылғалға талабы. Топырақ құрамында ылғал неғұрлым көп болса, маусым-тамыз айларыңда жаңбыр неғұрлым көп жауса, өсімдік соғұрлым ылғалды тиімді пайдаланады және жедел өседі. Қуаңшылық жылдары, жаңбыр аз жауғанда жүгері өсімдігі бір өлшемдік құрғақ затын құрау үшін көп су жасайды.
Өзінің вегетациялық дамуы кезінде жүгері ылғалды бірқалыпты пайдаланбайды. Алғашқы өсу дəуірінде жүгеріге ылғал онша қажет емес. Өйткені, бұл кезде ол өте баяу жетіледі. Осынау биологиялық ерекшеліктеріне қарай кеш жəне орта мерзімде пісетін жүгері сорттары мен будандары құрғақшылыққа төзімді келеді. Əйтсе де бұл кездегі топырақ ылғалының аздығы дақылдың алғашқы дамуына, күш жинауына, қалыптасуына, сайып келгенде, мол өнім беруіне айтарлықтай кері əсер етуі мүмкін.
Вегетациялық дамуының екінші кезеңінде жүгері ылғалды көп қажет етеді. Əсіресе, күлтеленуіне 10 күн қалғанда су өте көп қажет бола бастайды. Бұл қажеттілік дақыл шашақтанып болғаннан кейінгі 20 күн ішінде өсе түседі. Осы кезеңде дақылдың органикалық заттарының 70 -- 80 проценті кұрылады. Егер дəл осы мерзімде қажетті ылғал жетіспесе өнім азаяды. Кез-келген өсімдік өзінің даму кезеңдері əр басқа, топырақ ылғалдылығы əртүрлі болуына байланысты қоректік заттарды əртүрлі пайдаланады.
Топыраққа талабы. Жүгері егістігінен алынатын жоғары өнімдер топырақтың физикалық жəне химиялық қасиеттерімен қатар топырақтың органикалық жəне қоректі заттарға бай болуына байланысты. Қышқылды ортасы 5,5 -- 7 аралығында болса жақсы өнім алынады. Егер қышқылды ортасы рН -- 5- тен төмен болса, ондай топырақтарда жүгері өспейді. Жүгері дəні топыраққа түскеннен бастап, оттегін көп керек етеді. Жақсы өнім алу үшін топырақ құрамында 18 -- 20 процент оттегі болуға тиісті, егер ол 10 процентке түсіп кетсе жүгерінің тамыры есуін баяулатады, 5 процентке төмендесе тіпті өспейді. Топырақ тығыздығы 1,1 -- 1,3 гсм аспау керек.
Жылуды қажет етуі. Ауыл шаруашылығының көптеген басқа дақылдарына қарағанда жүгері жылылықты сүйеді. Өніп, өскеннен кейінгі ауа температурасының күрт төмендеуі жүгеріге өте зиянды. Жүгері тұқымының өнуі үшін топырақ жылылығы 8 -- 10 градус болса жеткілікті. Кейбір суыққа төзімді сорттар сынап бағанасы 6 градусты, тіпті одан да төмен температураны көрсеткеннің өзінде өне береді. Ауаның температурасы төмен болған сайын тұқым баяу əрі сирек өнеді. Соның салдарынан өсімдік ауруға шалдығады немесе топырақты жарып шыға алмай, өледі. Демек, жүгерінің өніп шығуы үшін топырақтың температурасы тұқымның өнуіне қажетті жылылықтан 2 -- 3 градус жоғары болуға тиіс. Жүгері өсірілетін аудандардың пайдалы температурасының жиынтығы 1700° -- 3120°С аралығында болады.
Жарықты қажет етуі. Жүгері жарық пен жылуды сүйетін дақыл болып саналады. Жүгерінің өз дамуы барысында жарық пен, оның қуатын қаншалықты көлемде пайдаланатыны, жарық пен қысқа толқынды сəуле жүгері дамуына игі əсер ететіні анықталды. Ал кешкіліктегі көгілдір түсті жарық жүгерінің оңтүстікке бейімделген сорттарының дамуына кедергі келтіреді.
Әлемдегі өндіріс
2007 жылғы алғашқы он жүгері өндіруші елдер
Ел
Өндіріс (тонна)
АҚШ
332.092.180
Қытай
151.970.000
Бразилия
51.589.721
Мексика
22.500.000
Аргентина
21.755.364
Үндістан
16.780.000
Франция
13.107.000
Индонезия
12.381.561
Канада
10.554.500
Италия
9.891.362
World
784.786.580
Жүгерінің өсіп - жетілу кезеңдері мен өсруге рұқсат етілген будандары. Жүгерінің өсіп даму үрдісінде көктеу, 3-жапырақ кезеңі, бұтақтану, түтікке шығу, шашақтану, шашақтың гүлденуі, собықтың гүлденуі, дәннің сүттене пісуі, дәннің толық пісуі, барлығы 11 кезең ажыратылады. Оның өсіп-даму (вегетациялық) кезеңінің ұзақтығы пісу топтарына байланысты 75-180 тәулікке созылады. Жүгері будандары пісу мерзіміне қарай төмендегідей топтарға бөлінеді:
- ерте пісетіндер, вегетациялық кезеңінің ұзақтығы ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz