Жануарлардың ішкі аурулары кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмек жайлы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы институты
Тақырыбы:
Жануарлардың ішкі аурулары кезінде көрсетілетін алғашқы ветеринарлық көмек
1. Өңештің бітелуі кезінде ауру малға жедел жәрдем көрсету әдістері.
2. Жарақаттық ретикулит дегеніміз не? Оның негізгі себептері,клиникалық көрінісі, ауру малдарды емдеу және алдын алу тәсілдері.
3. Жалбыршақ (книжка) қарын малдың қай жерінде орналасқан? Жалбыршақ қарынның бітелуі кезінде тиімді емдік-алдын алу шаралары қандай?
4. Мес қарын тимпаниясы кезінде ауру малға жедел жәрдем көрсету әдісі?
5. Шаншу (колики) түрінде өтетін жылқыларасқазаны мен ішек аурулары кезінде жалпы емдеу схемасы

1.Өңештің бітелуі кезінде ауру малға жедел жәрдем көрсету әдістері.
Өңештің бітелуі ірі қарада жиі,ал шошқа,ит,мысық және жылқыларда жалғыз-жарым кездеседі. Өңеш толық және жартылай бітелінеді, негізгі және туындаған түрлері болады.
Себептері.Ірі қарада өңеш картоп, қызылша ,шалқан,сәбіз,капустаның сабағы және басқаларымен, кейде торшасы мол,қатқыл азықтың үлкен кесегімен, бөтен заттармен, не күйіс қайтаруға шығарған жынмен келген фитобезоарымен бітеледі.Шошқаларда - өңеш тамыр жемістермен, иттерде- сүйекпен,еттің кесегімен, жылқыларда әдетте өңештің қызметі бұзылып түйілген, салданған, тарылған кездерінде сабанның құрғақ жармасымен ,сұлымен бітеледі.
Дамуы.Ірі қара малда өңешті бітейтін бөтен заттар, көбінесе өңештің жоғарғы жақ бөлігінде, жылқыларда -төменгі жағында, кардиальды сфинктердің маңында орналасады. Бөгде заттың тұрып қалған жерінде өңеш түйіледі де, оның қуысын толық не жартылай бітеп тастайды. Түйілу күші, бітелудің орналасқан жеріне байланысты болады. Мойын жағындағы түйілу әлсіз өтеді не белгісі білінбейді, кеуле жағындағысы - күштірек өтіп ұзаққа созылады. Қатты ауырсыну рефлекторлы түрде қарындардың , ұлтабардың, ішектердің қимылдық және секреторлық қызеттерін бұзады. Күйіс қайтаратын малдың өңеші толық бітелгенде кекірігін шығаруға кедергі жасалынады да іші кебеді, кепкен іш көк етке, өкпелерге, жүрекке және басқа да ағзаларға қысым түсіріп, олардың қызметтерін бұзады.
Өңеш ұзақ уақыт бітелгенде бөгде заттың тұрған орны қабынады, ісінеді, кейде кілегейлі қабығы іриді, сирек жағдайла сол жері тыртықтанып, қуысын тарылтып, жиырып тастайды.
Симптомдары. Ауру мал аяқ асты азықтан бас тартады, мазасызданады,жиі жұтынады,жұтарда басынт созады,не төмен түсіреді, күйіс қайыруы мен кекіруі тоқтайды. Аузында азық шұбырады. Ішінің кебуі үдеген сайын құйрығын бұлғақтатады, артқы аяқтарымен ішін тепкілейді, жөтеледі, ентікпе басталып үдей түседі. Тынсында кеуденің қатысы басымданады, кейде кілегейлі қабықтары көгереді.
Өңештің мойын жақ бөлігі бітелгенде ауру онша мазасызданбайды, тынысы кеткен жағдайда ол, мезгіл мезгіл қайталануымен сипатталады,тынышталған кезінде азықты жеуге әрекеттенеді. Кеуде жақ бөлігі бітелген жағдайда малдың мазасыздануы күшейіп әуелі үздіксізденіп кетеді.
Өңештің мойын жақ бөлігі бітенлгенде бөтен затты , сол жақ көк тамыр науасын жай көзбен қарап не қолмен сипап анықтайды. Байқаларлықтай ісчінгендіктен өңештің бітелген жерін сипағанда басқа , қатты бөгде зат бар екендігі сезіледі, бастапқы кезнде ауырсынбайды, кейін қабынып ісіне келе ауырсынады.
Өңештің кеуде жақ бөлігіндегі бөгде затты зонт енгізу арқылы анықтайды.Зонтты енгізгенде ,ұшының қатты денеге барып тірелгені сезіледі.Өңештің кеуде жағының толық не жартылай бітелгенін рентгенмен тексеру арқылы дәл анықтайды.
Өтуі. Малдың түріне, бөгде заттың көлеміне және қаттылығына байланысты болады. Құсқан уақытында өңештегі бөгде зат қайтадан сыртқа шығып жиі жиі жұтынғанда қарындарға өтіп кетулері мүмкін. Өңеш бөтен затпен толық бекітілгенде газ тез арада жиналып іші кебеді. Жеңіл ашитын азықтармен азықтандырғаннан кейін бітелу , малды біер сағаттың ішінде тұншықтырып өлтіріп жіберуі мүмкін. Бітелу ұзаққа созылғанда қысым түскен жері қабынып , өңештің қабырғасы іріп кетуі , жылқыларда аспирациялы пневмония дамуы мүмкін.
Балау.Ауру туралы жинаған мәліметтерді зонт енгізудің нәтижелерін еске ала отырып өңеш бекітілуінің тән белгілеріне негізделеді.Ұсақ жануарларда өңештің бітелуін рентгенге түсіру арқылы анықтауға болады.
Емі. Тез арада бөтен затты алуға әрекет жасайды, ол үшін түрлі малдың өңеш құрылысының ерекшеліктеріне сәйкестендіріп біраз тәсілдер қолданады. Алдымен өңешке 100-150 г өсімдік не вазелин майын, қайнатпалар құяды, содан соң өңештің түйілуін босаңсыту үшін тері астына атропин сульфатын , пилокарпинді 0,2пайызды ерітіндісіретінде не қан тамырына хлоралгидраттың 5 пайыздық ерітіндісін енгізедіү. Венаға 0,25 немесе 0,5пайызды новокаин ерітіндісін 1 кг дене массасына 1 және 0,5 мл есебінде енгізеді немесе бітелген жерді 2-3 пайызды новокаин ерітіндісімен шабақтайды. Осы мақсатпен өңеш маңына жылу тартады.
Өңештің мойын бөлігіндегі орналасқан бөгде затты алдымен сырт жағынан қолмен уқалап ауызға қарай итеріп сыртқа шығаруға тырысады. Кейде бөгде зат өңештің бас жағында орналасқан жағдайда оны тікелей қолмен ұстап алып сыртқа шығарып тастауға болады. Ол үшін ірі малға арнайы кергіштер қолданып, тілдің жағалаулары арқылы қолды жұтқыншаққа және өңештің басына дейін сұғып алып тастайды.
А.Л.Хохлов сыртқы жылтыр келген бөгде затты, өңеш қуысында 5пайыз новокаин ерітіндісін енгізгеннен кейін барып, қос темір ілгегі бар зонтпен іліп алып сыртқа шығаруды ұсынады. Зонтты енгізу барысын сырт жағынан қолмен қадағалайды.
Өңештің кеуде жақ бөлігінде тұрып қалған бөгде затты мес қарынға қарай серпінді зонтпен оп онай итеріп түсіреді. Бөгде затты зонтпен итергенде абайлап , қысымын бірте бірте үдете түсіп,орнынан жылжытқан жөн.Күшке салу өңешті тесіп жіберуі мүмкін.
Өңеште тұрып қалған кейбір тамыр түйнектілер кейде , жұмсарғанына не өңеш қабырғаларының босансуынан өз бетімен жылжып қарынға еніп кетуі мүмкін. Егерде, жоғарыда келтірілген әдістермен бөгде затты сыртқа шығаруда не қарынға түсіруге мүмкіндік болмаса онда тұрып қалған тамыр тенотонды қолданып қаұ айырып жарады, бірақ әрекет барысында өңештің кілегей қабықтары зақымданып, тыртықтанып, қуысын жиырып тартып тастауы мүмкін.Өңеш ағаштың кесегімен , шүберекпен , күн жарамен, фитобезоарамен ,яғни жұмсарып жібімейтін заттармен бітелген жағдайда басқа тәсілдер нәтиже бермеген кезде хирургиялық әдісті қолданып қалады. Егерде іштің кебуі тұншықтыру қаупін төндіретіндей болса , қарынын троакармен , не қуыс инемен тесіп газын шығарып бірер сағатқа қалдырып қояды.
Ұсақ малды , өңештің жоғарғы жақ бөлігінде тұрып қалған бөгде затты корынцанкпен алады немесе күре тамыр сайының манынан төменнен жоғары қарай уқалау арқылы ауызға итеріп шығарады, ал кеуде жағындағы затты зонтпен қарынға итеріп түсіреді. Тері астына құстыратын дәрілерді енгізеді: шошқаларға - апоморфин гидрохлоридін не виротринді 0,01-0,2 мөлшерде , иттерге - апоморфин гидрохлоридін 0,002-0,003, веротринді - 0,001-0,002 мөлшерде .Бөгде зат шығарылғаннан кейін , егер өңештің кілегейлі қабығы тырналып не жарақаттанса бастапқы 2-4 тәуліктер бойы резенке бөтелке арқылы қайнатпалар , суық суы микробтарға қарсы дәрілер ерітінділерін береді.
Сақтандыру шарлары. Малға тамыр түйнектілерді майдалап турап береді. Малды тамыр түйнектілер(қызылша,картоп,турнепс, капуста тб) қазылып алынған аңызға жайылуға жібенрер алдында азықтандырып алады.

2.Жарақаттық ретикулит дегеніміз не? Оның негізгі себептері,клиникалық көрінісі, ауру малдарды емдеу және алдын алу тәсілдері.
Жарақатты ретикулит - тақия қарынның жарақаттанып қабынуы және іш пердесінің қосарлана қабынуы, тақия қарын қабырғасының бөгде затпен жарақаттанып, зақымдалынған ағзаларда жайылмалы қабынудың дамуымен сипатталынатын дерт, ересек ірі қара мал арасында өте жиі , қойлар мен ешкілер арасында сирек кездеседі. Ауру жіті және созылмалы өтеді.
СЕБЕПТЕРІ. Ірі талшықты азықтар, пішен, сабан, егін қалдықтары, сусымалы құнарлы жемді ұқыпсыз сақталғанда темір терсектермен және де басқа да қатты бөгде заттармен ластанады. Ластану жағынан, әсіресе буылған пішен мен сабан қауіпті. Кейде бөгде заттар сүрлем арасында да кездеседі. Малдар жарақатты ретикулитпен жайылым кезінде де темір-терсекпен ластанған бітік шөпте, шабындықта жайылып жүргенде дерттенуі мүмкін. Құрылыс, жол, қоқыс тастайтын жердің маңдарындағы суармалы щабындықпен жайылымдар темір-терсектермен өте қатты ластанады. Мал рационында кальций және фосфор тұздарының ас тұзының, каротин және микроэлементтердің жетіспеуі сүтті сиырлар мен төлдерде жебірлік пайда болады. Түрлі нәрселерді жалау, күлді, топырақты жеу, сүйектерді кеміру бөгде заттарды жұтуға жағдай тудырады.
БЕЛГІЛЕРІ. Жіті түрде өтетін жарақатты Ретикулит және ретикулпериотинит аяқ асты пайда болуымен сипатталады. Ауру күтпеген жерден пайда болады, мазасыздану белгілері (құйрығын бұлғақтату, бүйіріне қарай беру және артқы аяқтарымен ішін тепкілеу) пайда болады. Мал ыңқылдайды, орнынан тұрарда, жатарда, несеп шығарғанда және қимылдағанда қатты ауырсыну байқалады. Дене қызуы 39,8-40,8°С-қа дейін көтеріледі. Сауын сиырлардың сүті азаяды.
АНЫҚТАУ. Ауруды дәл анықтау үшін бөгде заттың бар екенін және тақия қарынның жарақатын табу керек. Қарын қабырғасына қадалып тұрған және жын арасында еркін жатқан темірлерді Веллестенің ұсынған әдісі бойынша рентген тексерістен өткізіп анықтауға болады. Еркін жатқан темір қоспалы бөгде заттарды магнит зондтары (Меликсетианның, Коробовтың ) арқылы тауып алып сыртқа шығаруға болады.
ЕМІ. Қарындарда epкiн жатқан темір қоспалы заттарды магнит зондтары арқылы сырқы шығарады. Тақия қарнына зонд енгізу техникасы оңай және ерекше жағдайларды талап етпейді.
Іші қатқан жағдайда аз мөлшерде (200-300г) iш өткізетін тұздар тағайындайды, жылы клизма жасайды. Ауырсынуын басу мақсатымен қан тамырына 250-300 мл 25 % алкоголь, анальгин енгізеді. Шіру процесін басу үшін аузы арқылы фурациллин, окситетрациклин, ихтиол және басқаларын береді.
САҚТАНДЫРУ ШАРАЛАРЫ. Зат алмасуының бұзылуын қақпайлайтындай етіп малды сапалы азықтармен азықтандырады, қомақты азықтардағы темір-терсектерді колмен тазалайды, сусымалы жемдерді электромагнитті кондырғылармен тазалайды, ферма маңын темip-тepceктерден және басқа да металл коқтығынан жүйелі түрде тазалап түрады.

3.Жалбыршақ (книжка) қарын малдың қай жерінде орналасқан? Жалбыршақ қарынның бітелуі кезінде тиімді емдік-алдын алу шаралары қандай?
Қатпаршақ, жалбыршақ (книжка); (лат. omasum -- қатпаршақ) - күйіс қайтаратын жануарлардың (түйеден
басқаларында) көпбөлімді қарнының жұмыршақ пен ұлтабар аралығында орналасқан бөлімі. Оның жұмыршақ және ұлтабармен жалғасатын екі тесігі болады. Қатпаршақтың кілегейлі қабығы көпқабатты жалпақ мүйізделген эпителиймен астарланған. Қатпаршақ кілегейлі қабығында биіктігі әртүрлі көптеген жапырақшалар болады. Жапырақшалар беттерінде азықты сығып ұсақтауға арналған бүртіктер орналасады.
Жалбыршақ қарынның бітелуі - қатпаршактар арасындағы қуысқа азықтардың катты бөлшектерінің не құмның толып кетуі. Ipi кара мал көбірeк, кой мен ешкілер сиректеу ауырады.
СЕБЕПТЕРІ. Жалбыршақ қарыннын қатпаршақтар аралық куысы көп мезгіл бойы катты майдаланған сабанмен, топанмен, топырақпен тазаланбаған дәнді-дақылдармен, егін калдықтарымен азыктандырғанда немесе бітеу дәнді жарылған жемдерді (жарылған арпа) көп мөлшерде бергеннен кейін, сонымен қатар шырынды азықтардың мөлшерін азайтып, тарының, сулының, мактаның кауыздарын бергенде толып кетеді. Жалбыршақ карынның атониясы және оның толып кeтуi көбінeсе жүйелі түрде серуендетіліп, әсіресе, буаз күндерінің eкiгшi жартысында бой жазбайтын және қарындары созылмалы атониямен дерттелінген малда пайда болып дамитынын ескерген жөн.
БЕЛГІЛЕРІ. Жалбыршақ қарын тола бастасымен алдыңғы сағаттардың ішінде-ақ малда жалпы жабырқаулық, әлсіздік пайда болады, азыққа зауқы және күйіс қайтаруы нашарлайды немесе мүлдем жоғалып жалбыршақ қарынның толып ерте -- мес карынның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алматы қаласындағы ғылыми зерттеу орталықтары мен оқу орындарын біріктіретін ветеринарлық клиника жобасы
Дәрілік заттарды егу
Алғашқы ветеринариялық көмек
Жануарлардың азықтардан улануы
Базарлардағы ветеринариялық санитариялық қадағалауды ұйымдастыру
Ветеринария ісін ұйымдастыру
Темір жол көліктерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық – санитарлық бақылау.Басқа көлік түрлерімен тасымалдау кезіндегі ветеринарлық-санитарлық бақылаудың ерекшеліктері
Күйіктер және алғашқы ветеринариялық көмек туралы
Ауру малды емдеудің қағидаттары
Алғашқы ветеринарлық жәрдем өзге пәндермен тығыз байланыста
Пәндер