Жүрек бұлшық етіндегі түрлік ерекшелік


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті

Ветеринарлық медицина және мал шаруашылығы институты

13-апта

Тақырыбы: Жүрек бұлшық етіндегі түрлік ерекшелікті талдап, суреттеп көрсетіңіз

Жүрек - көкірек қуысында орналасқан іші қуыс етті орган. Қалың ет пердесі оны оң жəне сол бөлімге бөледі. Көлденең пердемен жүрек жүрекше мен қарыншаға бөлінеді. Сонымен, жоғары сатыдағы омыртқалы жануарларда жүрек төрт камерадан: екі жүрекшеден жəне екі қарыншадан тұрады.

09959208.jpg

Жүрек қабырғасы үш қабаттан тұрады. Ішкі қабаты - эндокард, ортаңғысы - миокард, ал сыртқысы - эпикард деп аталады.

slide-4.jpg

Эндокард - жүрек қабырғасының ішкі беткейін астарлап жатқан жұқа қабықша. Ол бірыңғай салалы ет ұлпасы мен сер пімді талшықтардан түзілген.

Миокард - жүректің ет қабаты. Оның қалыңдығы жүрек каме раларының атқаратын қызметіне байланысты. Қарыншалар қабырғасы жүрекшелер қабырғасынан, сол қарынша миокарды оң қарынша миокардынан қалыңдау. Ол жүрек камерасының атқаратын қызметіне байланысты.

Эпикард - жүректің сыртын жауып жатқан жұқа қабықша. Ол жүрек табанында жүректі сыртынан қаптайтын берік дəнекер ұлпадан түзілген жүрек қабына - үлпершекке (перикардқа) айналады. Үлпершек пен эпикард аралығындағы қуыста үлпершек сұйығы болады. Ол жүрек жұмысы кезінде қабықшалардың өзара үйкелісін азайтады. Перикард жүрек етінің шамадан тыс босаңсуына мүмкіндік бермейді.

Жүрек етінің құрылымдық ерекшеліктері

Жүрек еті екі түрлі ет талшықтарынан тұрады. Оның бірі жүректің жиырылуын қамтамасыз ететін миокардтың негізгі талшықтары, ал екіншісі - жүрекше мен қарынша еттерінің үйлесімді жиырылуын қамтамасыз ететін бейқалып ет талшықтар. Миокард құрылысы жағынан қаңқа етін құрайтын көлденең жолақ еттерге ұқсас. Оның талшықтары (миофибриллалары) саркоплазмада орналасқан актин жəне миозин жіпшелерінен (миофиламенттерден) құралады, бірақ оларда саркоплазмалық тор (ретикулум) сиректеу болады. Бұл екі ет талшықтарына да жиырылу процесі кезінде саркоплазмалық тордан кальций ионының саркоплазмаға шығуы тəн. Миокардта бұл иондар саркоплазмадан кері бағытта да өте алады. Саркоплазмадағы кальций иондары жүректің ет талшықтарының жиырылу күшін арттырады. Жүрек 71 еті қаңқа еттерімен салыстырғанда баяуырақ жиырылады жəне онда аэробты процестер басымырақ. Мио кард талшықтары ерекше тарамдалып, бір-бірімен ендірме та бақша - нексус арқылы қосылады да, біртұтас тор немесе синцитий құрайды . Ендірме табақшалардың электрлік кедергісі өте төмен, сондықтан бір торшада пайда болған қозу көрші торшаға оңай өтеді. Осының нəтижесінде миокардта біртұтастық қасиет пайда болады. Жүректе жиырылу əрекетін ат қаратын талшықтардан басқа жү рек ше мен қарыншаның үйлесімді жиырылуын қамтамасыз ететін ерекше өткізгіш талшықтар болатынын айтып өттік. Бұл құрылымның өзіне тəн ерекшеліктері болады: көлденең жолақтары сиректеу, гликогені, сар коплазмасы мол, негізгі ет талшық тарынан дəнекер ұлпалы қабықпен шектеледі. Осы бейқалып (атиптік) ұлпа элементтері жүректе түйін мен шоқтар құрып, өткізгіш жүйе түзеді. Бірінші - бастаушы түйін оң жү рекшенің қабырғасында, эпикард ас тында, жоғарғы жəне төменгі қуыс веналар түйіскен жерде орналасқан. Оны синус (Кис-Фляк) түйіні деп атайды. Екінші түйін де оң жақ жүрекшенің қабырғасында, эпи кард тың астында, жүрекше мен қарынша арасындағы сі ңірлі са қинаға жақын орналасқан. Ол жүрекше-қарыншалық немесе Ашофф-Тавар түйіні. Бұл түйіннен тө мендей қарынша аралық пер де гешық тарына айналады да, бүкіл қарынша еттеріне жайылады. Жүрекшелер мен қарыншалар жиырылуындағы үй ле сім дік осы өткізгіш жүйе арқылы ға на қалыптасады, өйткені жүрекше лер мен қарыншалардың арасын тікелей бай ланыстыратын ет талшығы жоқ. Кейінгі кезде жүректегі қабырға лық (интрамуральдық) жүй ке түй ін дерінің құрылысы мен қыз ме ті не ерекше көңіл бөлініп жүр. Бұл түй індер ең алғаш рет 1838 жылы Ремак еңбектерінде, кейінірек Людвиг (1848), Биддер (1852), Догель (1895) зерттеу лерінде суреттелген. Олар жү рекше қабырғаларында, жүрекше ара лық пердеде жəне қарынша еттерінің жоғарғы бөлігінде ор наласқан. Атал ған түйіндер кезеген жүйкемен тығыз байланысты жəне қозғағыш, не сезім талдық қызмет атқарады. Догель зерт теулеріне сəйкес бұл түйіндер үш түр лі торшалардан құралған: біріншісі - көп өсінділі торшалар, олар миокардқа ене жатып, қозғағыш қызмет атқарады. Екіншісі - сезімталдық қызмет атқаратын ірі нейрондар. Үшіншісі - осылардың аралық қасиеттерімен сипатталатын байланыстырушы торшалар. Демек, жүректе бірімен-бірі синапс арқылы байланысатын жүйке торшаларынан құрылған ерекше жүйке аппараты болады. Бұл нейрондардың өсінділері тек миокардты ғана емес, сонымен қатар жүрек қан тамырларын жүйкелендіреді. Осы аталған жүйке түйіндері организмнен оқшауланған немесе жүйкелену жағдайы бұзылған жүректің жұмысын реттеуде үлкен рөл атқарады.

slide-4 (1).jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ет сапасына әсер ететін табиғи факторлардың тізімі. Еттің сапа көрсеткіштеріне түрлік фактордың әсері
Жабайы жануарларды инфекциялық аурулар кезінде санитариялық сараптау және бағалау
«Өсімдік, балық және ара шаруашылығы өнімдерін ветеринариялық санитариялық сараптау»
Жүрек автоматиясы
Үй құстары мен жабайы құс еті
Адреномиметикалық заттардың сипаттамасын
Еттің химиялық құрамы. Жаркент базарына түскен қой етінің физико-химиялық көрсеткішін анықтау
Жылқы етінің химилық құрамы
Функционалдық ет өнімдерінің технологиясы
Құс етіне жалпы сипаттама
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz