Азықтың сапалық көрсеткіштері
Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық техникалық университеті
Ветеринария және мал шаруашылығы институты
10-апта
Тақырып:
Азықтың сапалық көрсеткіштері
1. Азықтың протеиндік қоректілігі Протеиннің игерілу деңгейі
2. Азықтың минералдық қоректілігі
3. Азықтың витаминдік қоректілігі
Ескерту: Аталған тақырып бойынша материалдарды терең зерттей отырып, өз ойларыңмен 2-3 беттен аспайтын конспект және 5 беттен кем емес презентация дайындаймыз.

Азықтың протеиіндік қоректілігі, желінген азық протеинінің, ас қорыту барысында мал денесі мен өнімінің белогына айналуымен бағаланады - неғұрлым толық пайдаланып, айналса, соғұрлым құнарлы, яғни биологиялық тұрғыдан толық бағалы, құнды болғаны. Бұл азық протеиннің қорытылуы, сіңірілуі, игерілуі мен биотүзуге пайдаланылуына байланысты өзгереді. Оны бағалаудың негізгі тәсілі болып, төл өсуімен өлшенетін биологиялық тәсіл табылады.
Төлдің өсуі үшін, яғни желінген протеиіннің дене белогына айналуына аминқышқылдық құрамы ықпал етеді.Оның ішінде, алдымен ауыспайтын, яғни мал организмінде түзілмейтін аминқышқылдары - лизин, метионин, триптофан,валин, гистидин, фенилаланин, лейцин, изолейцин, треонин, - ал құс үшін оларға қоса глицин болуы қажет. Олар міндетті түрде азық протеинімен жеткізілуі қажет. Сонда ғана, желінген 1 г протеинге төл салмақ қосуымен есептелінетін протеиннің биологиялық құндылығы тиімділігінің коэффиценті жоғары болмақ. Бұл коэффициент ауыспайтын амин қышқылдары толық жануар тектес азық протеинінде -2,2-3,8 болса, өсімдік тектес азық протеинінде - 0,4-1,5 болады.
Демек, азық протеинінің биологиялық құндылығы аминқышқылдық қүрамына тәуелді. Бірақ, азық протеині тиімді пайдаланылуы үшін, ас қорыту барысында ол аминқышқылдары тез сіңіріліп, дене мен өнім түзуіне біркелкі жеткізілуі керек. Биохимиялық дерек бойынша, протеиннің аминкышқылдық құрамы, сіңімділігі, оның ерігіштігіне байланысты. Мысалы, суда еритін гистон мен протамин фракцияларына азық протеинінің бүкіл лизині мен гистидині кіріп, тұзда еритін глобулиндерде глицин болмайды екен. Сондай-ақ, су мен тұзда еритін бөлігі 30-60% құрайтын астық тұкымдастар дәнініндегі 10-15% протеинде - 3,5-4,5% лизин болса, ондай еритін бөлігі 70-90% құрайтын бұршақ-тұқымдастар дәнініндегі 25-45% протеинде - 6-7% лизин болады. Сондықтан, азық протеинінің құндылығын бағалауда, оның су мен тұзда ерігіштігін ескерген жөн.
Мал азығымен биотүзуге қажет аминқышқылдары неғұрлым толық жеткізілсе, соғұрлым протеиннің игерілу коэффициенті (ПИК) жоғарылайды. Ол коэффициента Томас-Митчеллдің организм өсуі мен тіршілігін қамтамасыз етуіне желінген азық азотының пайдаланымын көрсететін, академик М.И.Дьяков өңдеген, формуласымен есептейді:
ПИК = (Азық N - Тезек N - Зәр N) : Азык N - Тезек N x 100, %
Күйіс қайыратын малға ауыспайтын аминқышқылдарын түзуге ас қорыту жолындағы микроорганизмдер себептеседі. Бірақ олардында азығында бақылауды қажет ететін үш аминқышқылын - лизин, метионин, триптофанды -шектік ауыспайтын аминқышқылдары деп атайды. Олардың барлық мал түлігінің, әсіресе шошқа мен құс азығындағы жеткіліктілігін әрқашан қатаң қадағалайды.
Организмдегі зат алмасуда биотүзуге қажетті аминқышқылдары бір кезде жеткізілуі керек. Қажетті бір аминқышқылының болмауы түзуді тежейді. Бұл аминқышқылын лимиттік амипқышқылы деп атайды. Аминқышқылдық минимум заңдылығы бойынша оның жетіспеуінен, яғни аминқышқылдары дисбалансынан түзу үрдісі тежелмеуі үшін, шектік аминқышкьшдарының арақатынасы 1 : 0,5 : 0,25, метионин цистинмен бірге анықталғанда 1 : 0,7 : 0,25 аралығында, ал жалпы ауысатын және ауыспайтын амин-қышқылдарының арақатынасы 1 : 2 болуы керек деп есептелінеді.
Көптеген дерек бойынша, қанға сіңірілген лизин мөлшеріне қатынасты
40-45% метионин,
20-25% цистин,
20-23 % - триптофан,
65-75% аргинин,
40-45% гистидин,
90-95% лейцин,
60-65% изолейцин,
45-50% фенилаланин,
55-60% треонин,
60-65% валин сіңірілуі керек. Протеиннің биологиялық құндылығын (у) жүмыртқа ағы құрамымен салыстырмалы түрде бағалауды Mitchell лимиттік аминышқылы (х) жетіспеушілігімен (%) есептеуді ұсынды:
у = 100- 0,634х
Мал қорегіндегі аминқышқылдық дисбаланстың алдын алу үшін, азықтандыруда әр түрлі азық қолданып, олардың аминқышқылдық құрамын бір-бірімен толықтыруға болады. Сонымен қатар, протеиндік алмасуға оның өз мөлшерлік және сапалық көрсеткіштерімен қатар, мал азығындағы басқа да қоректік және биологиялық пәрменді заттар ықпал ететінін ескеру қажет. Оның ішінде, минералдық заттар протеин қорытылуына әсер етсе, витаминдер қорытылған протеин игерілуіне әсер етеді екен.
Протеиндік қоректену проблемасы мал өнімінің түріне де байланысты. Мысалы, құрамында 18% белогі бар 1 кг сиыр етін түзу үшін- 220 г қорытылатын азот жұмсалса, құрамында 3,3% белогы бар 1 кг сиыр сүтін түзу үшін - 16 г қорытылатын протеин жұмсалады, яғни еттегі азот бірлігіне - 7-ден астам, ал сүттегі азот бірлігіне - 3 азық азотының бірлігі жұмсалады. Нейрот пен Бейли дерегі бойынша бір тәулікте сақа мал денсіндегі альбуминдердің 7%, жалпы белогінің 2,8% жаңарылаатын болса, Филиппович дерегі бойынша белоктары 40 тәулікте толық жаңарады. Осыны ескеріп мал азығының протеиндік құнарлылығын кемінде 36-40 тәулік өткенде бағалау қажет.
Азық протеиндік қоректілігін бағалауда көппептидтік қосынды белок, яғни таза протеин және оның құрамындағы аминқышқылдарымен қоса, азықтағы барлық азотты қосындыларды біріктіретін, "шикі" протеин құрамына басқа косындылар - жеке аминқышқылдары, аммоний тұздары, нитраттар, нитриттер, кейбір органикалық қышқылдар т.б.кіретіндігін және олардың күйісті мал протеиндік қоректенуінде өзіндік қызметін атқаратындығын ескеру қажет.
Азоттық қосындылар ыдырауынан пайда болған месқарын микрофлорасы түзу үрдісіне пайдаланып, көбейеді де, олармен сондағы микрофауна (инфузориялар) қоректеніп, олар өз ретінде жалбыршықта сығымдалып химуспен ұлтабар арқылы ішекке өткенде, протеолитикалық ферменттермен ыдыратылып, малға кұнды бактериялық белок (аминқышқылдарын) жеткізеді.
2. Азықтың минералдық қоректілігі
Минералды элементтер мал организімінде маңызды қызмет атқарады. Олар организмдегі түрлі қосындылар, мысалы: кальций, магний, калий, натрий түздары сүйек, фосфор - нуклеин қышқылдары, фосфопротеин, фосфатид-күкірт - күкіртті аминқышқылдары, хлор - қарын сөлінің тұз қышқылы,темір - гемоглобин, мыс - гемокупреин, гемоцианин,перулоплазмин, тотықтыру ферменттері, мырыш, инсулин, кобальт - цианкобаламин, йод - тироксин, йодтиреоглобулин құрамына кіреді.
Сонымен қатар, минералды элементтер түздары, коллоидтік жүйелермен организм сұйықтары мен тоқымаларының атмосфераға жететін осмостық қысымы, ал фосфатыжәне карбонатты буферлік жүйелермен қышкыл-сілтілік теңдігін қамтамасыз етуге қатысады. Na+, К+, Са++,Mq+t иондармен иондық теңдікті қалыптастырып, торша сұйығымен түрлі импульстар берілуін, энергия мен су алмасуынторшааралық мембрана өткізгіштігін реттестіреді. Бірқатар элементтер ферменттердің пәрменділігін арттыратын коферменттік қызмет атқарады.
Азық минералдық қоректілігі тіршілікке қажетті, яғни биогенді минералдық элементтердің мал мұқтаждығына жеткілігімен оңтайлы арақатынасымен бағаланады. Биогенді минералдық элементтерге азықтағы мөлшері кгге есептелетін макроэлементтер (macros... грекше... көп, үлкен) кальций, калий, натрий, магний, фосфор, күкірт, хлор және мөлшері кгмг не тіпті мкг есептелінетін микроэлементтер , (грекше... аз, кіші) темір, мыс, мырыш, марганец, кобальт, йод, т.б. жатады. Бұл элементтердің қатары жалғасуда, өйткені биосфера қабаттарында элементтердің шашыранды түрде таралуын айғақтайтын академик Вернадскийдің биогеохимиялык іліміне сәйкес, өсімдік пен жануар денесінде барлық химиялық элементтер кездесуі керек.
Бүгінгі күні жемшөп пен мал денесінің құрамында 70-ке тарта химиялық элемент табылып, бірқатарының қызметі айғақтала бастады. Олардың қатарына молибден, фтор, никель,ванадий т.б. шартты биогенді ультрамикроэлементтер жатады.
Биогендік элементтер түрлі қосындылар құрамына кіріп организмде өздеріне тән биологиялық қызмет атқарумен қатар, зат алмасуының биохимиялық үрдісіне қажетті гомеостаздық жағдай қалыптастырады. Осы жағдайларды қамтамасыз ету үшін мал азығымен минералды элементтер қажетті мөлшерде және қорытылуына ыңғайлы арақатынаста жеткізілуі керек. Өйткені минералды элементтер өзара бір-бірінің сіңіріліп, игерілуіне себептесетін синергистік немесе керісінше кедергі туғызатын антогонистік қатынаста болады. Осы тұрғыдан алғанда, жақсы сіңіріліп, игерілуі үшін
Са : Р арақатынасы 1,5-2 : 1,
Na : К арақатынасы 0,4-0,5, ал азық күлінің реакциясын айқындайтын қышқыл Р,S, СІ және сілті Са, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz