Азық қоректілігінің алмасу энергиясын бағалау



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Тақырып. Азық қоректілігінің алмасу энергиясын бағалау
Сұрақтар;
1. Алмасу энергиясына түсінік
2. Азық қоректілігін алмасу энергиясымен бағалау тәсілдері
Ескерту; Тақырыпты терең зерттей отырып, конспекті және презентация жасау.
Міндетті түрде қолданылған дереккөздерді, интернет сайттарды, мақала, әдістемелік нұсқаулық, кітаптар және т.б. көрсетіңіздер
1. Алмасу энергиясына түсінік.
Малды азықтандыру рационы - азықтаңдыру нормасының, яғни организмінің мұқтаждығының көрсеткіштерін қамтамасыз ету үшін бір басына тәулігіне (айына, жылына) берілетін (жегізілетін) жемшөп мөлшері. Малды азықтандыру рационы малдың ас қорыту жүйесінің ерекшелігін ескере отырып, олардың сүйсініп жейтін жемшөбінен құрастырылады. Рациондағы ол жемшөптердің жалпы қоректілігі (азық өлшеміне алмасу энергиясы) бойынша есептелінген ара қатынасымен рацион құрылымын белгілейді. Көп қарыңды күйісті малды азықтандыру рационы аумақты арзан азықтарға (көкшөп, сүрлем, пішен, пішендеме, сабан ж.б.) негізделе отырып (жалпы қоректілігінің 40-60%) құрастырылса, бір қарынды шошқанікі құнарлы жемге (дән мен жармаларға) негізделіп (жалпы қоректілігінің 80-90%) құрастырылады. Мал мұқтаждығының барлық көрсеткішін қажетті деңгей мен сапада қамтамасыз ететін рациоңды толыққұңды малды азықтандыру рационы деп атайды. Ол үшін малға жегізілетін негізгі жемшөпке қажетті азықтық (протеиндік, минералдык, витаминдік ж.б.) қосындылар қосылады. Малды азықтандыру рационы шаруашылықтағы арзан жемшөптен құрастырылып, аз азық шығынымен мол мал мен құс өнімін ендіруді көздейді, өйткені мал мен құс өнімінің өзіндік құнын құрайтын өндірістің тікелей шығыңдарында азық пен азықтандыру шығындарының үлесі басым болады. Демек, ол шығынды азайту арқылы өнім құнын арзандатып, саланың тиімділігін арттыруға жол ашылады.
Азықтағы қоректік заттардың қоректілігі айқындалып, мал қажеттілігіне пайдаланылуы үшін олар алдымен желінуі керек. Тек желініп, ас қорыту жолына енген азықтың химиялық қосындылары қорытылып (ыдырап), қанға сіңіріліп, мал организмінің тіршілік қажеттілігі мен өнім өндіруіне пайдаланы-лады. Организм тіршілігін қамтамасыз етуге бағышталған ауыз қуысында басталып, тік ішекте аяқталатын күрделі ас қорыту үрдісі оның желінуінен басталады. Демек, мал азығының өнімдік потенциалы ең алдымен оның желіну мөлшеріне тәуелді өзгереді. Г.Богдановтың (1990) пайымдауынша азық өнімдік потенциалының 70% желінуіне, ал қалған 30% қорытылуына тәуелді келеді. Бұған В.Раймондтың (1969) азық желінуінің 10% кемуі қоректік заттар қорытылуының 6% төмеңдегендегі энергия мөлшерінің азайуымен пара-пар келетіндігі жөніндегі дерегі дәлел бола алады.
Азықтың желінуі мен оның энергиялық қуаттылығы арасында тығыз байланыстық байқалады. Малға берілген азық құрғақ затындағы энергия деңгейінің өсуі оның желіну көлемін шектейді. Құрғақ заттың қоректілік құндылығының жоғарылауы малдың энергияға мұқтаждығын қамтамасыз етуге жұмсалатын көлемін азайтады. Сондықтан жүйке-гуморальдық жүйе реттейтін азық желінуіне күрделі физиологиялық рефлекторлы үрдіс ретінде қарау керек. Ол, бір жағынан, ас қорыту жолдарының желінген азыққа механикалық түрде толып, кернелуінен, екінші жағынан, қанға сіңірілген метаболикалық алмасу өнімдерінің шоғырлану деңгейінен туындайтын тоқтық және де ол факторлардың бәсендеуінен туындайтын аштық сезімімен шектеледі.
Тоқтық пен аштық сезімдерін тудыратын қандағы метаболиттерге бір қарынды малда глюкоза түріндегі қант мөлшері жатса, қарыны көп бөлімді күйісті малда алдыңғы қарын бөлімдерінде пайда болып, тікелей қанға сіңірілетін ацетат түріндегі микробиологиялық үрдіс өнімі жатады. Қанда бұл үрдістің майлы қышқылы, кетондық денелер секілді метаболиттерінің шоғыр-лануы да мал тәбетін бұзып төмендетеді. Бұған қоректену барысындағы термо-статикалық факторлар, тоқыма мен жасушадағы су, май мөлшері, мал азықтандыру режимінің сақталуы мен шартты рефлекстерінің қайталанып, бекітілуі секілді көптеген ішкі және сыртқы жағдайлар әсер етеді.
Сыртқы жағдайлардан мал азығының желінуіне оның құрамы, мөлшері, сонымен қатар малдың дене ірілігі, тірілей салмағы, өнімділігі, күнделікті азық түрлеріне бейімділігі, азықтандыру төртібінің сақталуы, жиілігі, жемшөптің ас қорыту жолынан өту жылдамдығын жатқызуға болады. Өз ретінде, азықтың жалпы энергиясының алмасу энергиясына айналуы оның көлемін айғақтап, желінуіне тікелей ықпал ететін жасунық мөлшеріне тәуелді келеді (1-кесте).

Азық алмасу энергиясының жасунық деңгейіне сәйкес өзгеруі(1-кесте)
Жасунық мөлшері (пайызбен)
Азық құрғақ затындағы АЭ, МДжкг
АЭ\ЖЭ
Жасунық мөлшері
(пайызбен)
Азық құрғақ затындағы АЭ, МДжКг
АЭЖЭ
18
11,0-10,6
0,60
26
9,8-9,5
0,52
20
10,6-10,4
0,58
28
9,5-9,2
0,50
22
10,4-10,0
0,56
30
9,2-9,0
0,48
24
10,0-9,8
0,54
32
9,0-8,7
0,46

Кесте дерегінен жасунық көлемінің 18%-дан 32%-ға дейін көтерілуі, 1 кг азық құрғақ затындағы алмасу энергиясын (АЭ) 10,3 МДж-ден 8,8 МДж-ге төмендетіп, жалпы энергияның (ЖЭ) алмасу энергиясына айналуын 60%-дан 46%-ға дейін азайтылғанын көреміз. Осыған байланысты азық желіну көлемі желінгеннен кейінгі оның қорытылуымен де тығыз байланысты келеді.
Желінген жемшөптегі жасунықтың физиологиялық шамадан тыс мөлшері жалпы азық көлемі мен аумағын ұлғайтумен қоса өзінің де, өзімен қатар басқа да қоректік заттардың қорытылуына кедергі келтіріп, жалпы жемшөп желінуін шектейді. Өйткені жасунықты аумақты азықтың ас қорыту жолынан өту мерзімі ұзарып, қорытылуы баяулайды. Осыған байланысты мал қорытылуы жоғары бұршақ тұқымдастарды астық тұқымдастардан гөрі көбірек жей алады, ал құрғақ затымен есептегенде аумақтырақ болып келетін сүрлемді күйісті мал пішенге қарағаңда 20%-дай кем жейді.
Келтірілген деректен мал азығының құрғақ затындағы алмасу энер-гиясының шоғырлану дәрежесі өскен сайын оның күйісті мал тіршілігін қамтамасыз етуге пайдаланымы - 66%-дан 78%-ға, дене салмақ қосымына пайдаланымы - 33%-дан 66%-ға жоғарылайтынын, ал сүт өндіруге азық құрғақ затындағы алмасу энергиясының 10-12 МДжкг көлемінде шоғырланғаны тиімді екенін көреміз. Мұны К.Блекстердің сиыр азығының 1 кг құрғақ затындағы алмасу энергиясының шоғырлану дәрежесіне байланысты оның тіршілік мұқтаждығын қамтамасыз етуге пайдалану тиімділігі - 60-78%, қосымша дене салмақ қосымына пайдалану тиімділігі - 33-66%, сүт өндіруге пайдалану ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Азық құрамы
Азық құрамындағы қоректі заттардың рөлі мен маңызы малды толық құрамды азықтандыру оған қажетті қоректік заттарды анықтайтын факторлар
Жануар тектес азық
О. Кельнер тәжірибесі. Қорытылу коэффициентін есептеу
Биелерді физиологиялық мезгіліне қарай азықтандыру
Азықтардың қоректілігі. Азық қоректілігін бағалау әдістері. Қоректі заттардың мал организмі үшін маңыздылығы
Азықтың химиялық құрамы - азық қоректілігінің алғашқы кӛрсеткіші
Тұқымдық қошқарды азықтандыру
Сауын сиырларын қысқы сауым мезгілінде азықтандырудағы қажетті азықтар
Сауын сиырлар гигиенасы
Пәндер